Дағдарыс салдарынан жарнамалық табыстары азайған Ресейлік телеарналар штатты қысқартып, контентке жұмсалатын шығынды азайтуға мәжбүр болып отыр. Енді ресейлік көрермендер жаңа үлкен премьералар мен шетелдік бағдарламаларды көре алмауы әбден мүмкін.
Ресей телеарналары 2014 жылдың күзінде басталған жарнамалық табыстың құлдырауын қысқартулар арқылы өтеуге тырысып бағуда. 2014 жылдың қорытындысы бойынша тележарнама нарығының көлемі 159,8 млрд. рубль болды. Алайда оң динамика алғашқы тоғыз айда ғана байқалды. Бұл кезеңде телеарналар 112,6 млрд руб. тартқан, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4%-ға артық. Экономикадағы жылпы дағдарыс пен рубльдің девальвациясына байланысты қазан айында нарық біраз әлсіреді, нәтижесінде жылдық өсім тек 2% болды. Бұл ретте долларлық бағамда тележарнама нарығы 5–7% қысқарған.
Телеарналар енді шығындарды қысқарту жолдарын іздестіріп жатыр. Бірінші кезекте теледидарда қызметкерлерді оңтайландыру және жаппай қайта ұйымдастыру болып өтті. Атап айтқанда «Газпром-Медиа Холдинг», «Ред Медиа» мен «НТВ-Плюс»-ті біріктіру туралы шешімге келді. Дағдарысқа байланысты Жалпыресейлік мемлекеттік телевизиялық және радио хабар тарату компаниясы (ЖМТРХК, орысша "ВГТРК") мен "Ростелеком" "Ред Медианы" сатып алудан бас тартты, бұдан кейін"Газпром-Медиа" басшылығы өзінің кабельдік активтерін біріктіру туралы шешім қабылдады.
РБК-ТВ қызметкерлері де құрамын қысқартудан жапа шегіп үлгерді. Телеарна штаттың 5-6%-ын "оңтайландырған". 2015 жылы "СТС-Медиа" да қызметкерлердің шамамен 7%-ын қысқартпақ. Бірақ холдингтің өзінде мұны дағдарыспен емес, команияның функцияларын орталықтандырумен байланыстырып отыр.
Медиатоптардың шығын азайту жолындағы тағы бір әрекете контентке жұмсалатын қаражатты азайту. Бірінші арна, "СТС-Медиа" және "Газпром-Медиа" құрамындағы НТВ мен ТНТ арналары осы бағыттағы жұмыстарын жүзеге асыруда.
Мәселе, Бірінші арнада контентті сатып алуға жұмсалатын рубльдік шығындар 15%-ға төмендеген.
Ал, СТС және СТС Love каналдары 2014 жылы контент шығындарын 11%-ға азайтқан, алдағы уақытта сатып алуларды оңтайландыру және ресейлік контент үлесін арттыру есебінен шығындар одан әрі төмендетілмек.
НТВ телеарнасы да 2015 жылы контентті сатып алу бағасын төмендетуді жоспарлап отыр, бірақ оның қаншалықты төмендейтіндігі беймәлім.
2014 жылдың желтоқсанында ТНТ тобының бас директоры Игорь Мишин бірқатар арналар контентті дайындау шығындарын 20%-ға қысқартатындығын хабарлаған еді. Бұл алдағы уақытта одан әрі ұлғаюы мүмкін.
"Ең жағымсыз болжамдар бойынша 2015 жылы тележарнама нарығының көлемі рубльдік өлшеммен 40-50% түсу қаупі бар. Бұл арналар одан әрі контентті өндіру мен сатып алуда үнемдейді деген сөз. Бірінші кезекте таңғы және күндізгі уақытта жүретін фильмдер мен бағдарламалар зардап шегеді, себебі кез келген телеарна прайм-таймдағы контент сапасын ойлайды", - дейді продюсер Александр Роднянский.
Оның айтуынша, каналдар шетелдік контентті сатып алу көлемін төмендетеді, себебі оның бағасы рубльдің девальвациясына байланысты өсіп келеді.
"Премьераларды саны да азаяды, себебі арналар өз қорынан алынған материалдарды жиі қолдануда. Ал жаңа жобалар төмен өндірістік бюджеттерді алып, танымалдығы жоғарыдан төмен актерлерді пайдалана бастайтындығы анық", - деді А.Роднянский.
Телевизиялық жобалар үшін атақты актерлер мен режиссерлер қалталарына шақ келмеуі мүмкін, себебі олар өз қаламақыларын доллармен алып, жоба табысты болған жағдайда үстеме қаржыны талап етуі мүмкін. Ал жаңа тұлғалар көрермендер үшін бірден ұнай қалуы белгісіз. Нәтижесінде арналар жоспарлаған жобаларын жауып, рейтингілік бағдарламаларды қайталай бастауы мүмкін.
KVG Research есептеріне сүйенсек, 2014/15 телевизиялық маусымының басынан ресейлік ең ірі жеті эфирлік федералдық арнасы шамамен 250 премьералық жобаларды көрсеткен, олардың шамамен 100-і маусым жаңалықтары болған. 2014 жылы 750-ден астам кино мен телехикаялар болған. Роднянскийдің пікірінше, бұл эфирді келесі күзге дейін толтыруға мүмкіндік береді, алайда арналардың табысы одан әрі түсе берген жағдайда жаңа контентті табу қиын болады. "Ары қарай жағдайдың қандай боларына болжам жасау қиын" дейді мамандар. "Осы жылға болжам жасау мүмкін емес, себебі жарнама берушілердің көбісі жоспарлаудың жылдық деңгейінен қысқа деңгейге - тоқсан бойынша немесе айлап жоспарлауға көшті. Жағдай кез келген мезетте өзгеруі мүмкін", - дейді J'son & Partners Consulting ТВ және контент департаментінің директоры Дмитрий Колесов.
Мамандардың болжамынша бірінші жартыжылдықта компаниялардың тележарнамаға жұмасалатын шығындары 15-17%-ға төмендейді. Бұған қоса, телеарналардың жылдық жарнама келісім-шарттарының қысқаруы шығын келтіруі мүмкін, себебі олардың көбісінде бұл бюджеттің 80%-ын қамтиды.
Жаңалық тарататын арналардың өзі проблемадан құтыла алмайды. Russia Today бас редакторы Маргарита Симоньян контент шығыны мен қызметкерлер жалақысы телеарналардың жалпы бюджетінің тек бестен бір бөлігін құрайтындығын айтты. «Алайда барлық қаражаттың шамамен 60%-ы каналды шетелге таратуға кетеді, ал бұларың барлығы валюталық келісімдер. Сондықтан біз барлық контент сатып алуларын тоқтаттық та осы жылы қайталаумен жұмыс істейміз», — деп қорытындылады ол.
Дағдарыс тек телеарналарға да салқынын тигізіп отырған жоқ. Бұған дейін ресейлік газеттердің басшылары В.Путинге хат жазып, дағдарыс кезінде қолдауын сұраған еді. Олар егер мемлекет көмектеспесе, газеттердің тең жартысы жабылуы мүмкін деген қауіп білдірген еді.
Ақпарат көзі: газета.ru
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024