Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері

Шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері

Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде алатын орны зор. Қазіргі экономикалық өркениетті дүниенің қрылымдық даму жүйесіндегі болашағы келтірмейтін салалардың бірі – шағын кәсіпкерлік болып табылады.

Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі. Оның негізгі маңыздылығын ҚР-ы Президентінің «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына жолдауында: «еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басым бағыты шағын кәсіпкерлік» деп аталынған. Сондықтан шағын кәсіпкерлікті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады. Оның стратегиялық маңыздылығын бағалау үшін Қазақстан экономикасының мынадай ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет:-айқын көрініс алған шикізаттық бағыт; -қайта өңдеу өнеркәсібінің нашар дамуы; -импортқа тәуелділігі; -инфрақұрылымның нашар дамуы; -аймақтар бойынша өндіргіш күштердің біркелкі орналаспауы. Бұл аталған біздің экономикамыздың мұндай зардаптарын шағын және орта бизнестің даму жолдарымен ғана жеңуге болады. Себебі, шағын кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығы мемлекеттің экономикалық жетілуіне ықпал етуі және өндіріс, халықтың жұмыспен қамтылуына жеткілікті түрде қамтамасыз ете алуы жатады. Сол үшін кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет. Осыған байланысты мемлекетте кәсіпкерліктің жан-жақты қолдау мен қорғау табуын тек шағын кәсіпкерлікті дамытумен бірге оның нарықтық экономиканы дамытуда қосар үлесі де аз болмайды. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай шағын дамып отырған нарықтық шаруашылықтың бөлінбес, ажырамас бір элементі болып табылады.Шағын кәсіпкерлік экономикалық өсу деңгейінің, ұлттық табыс көлемінің деңгейін де анықтайды. Әлеуметтік  жағынан да функциясы – жаңа қосымша жұмыс орындарын құру сияқты дәйекті мәселелер оның актуалдылығын көрсетеді. Сондықтан, шағын кәсіпкерліктің мемлекеттегі нарықтық экономикалық қатынастарды құруда алатын манызды роліне байланысты бұл жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамытуды басқару  мен оны қолдау мәселелерін зерттеу болып табылады, яғни қолдау оның даму үрдістерін айқындаумен оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін негіздеуді талдау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселелер анықталды:

  • кәсіпкерліктің теориялық негіздері мен оның даму эволюциясы сипатталынды;
  • әлемдік тәжірибелер негізінде шағын кәсіпкерліктің экономикадағы ролі мен орны анықталды;
  • Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру тенденциялары мен жағдайы зерттелінді;
  • ҚР-ғы шағын кәсіпкерліктің даму үрдістері айқындалған;
  • ҚР-ғы шағын кәсіпкерлердің және шағын кәсіпорындардың қызметін ұйымдастырудағы проблемалары анықталынып, оларға сипаттамалар жасалынды;
  • Кәсіпкерлік қызметтің ынталандыру жұмыстарына тоқтала отырып, талдау арқылы мәні ашылды.

І-ТАРАУ. Шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері

1.1 Кәсіпкерліктің мәні және маңызы

Кәсіпкерлік ұғымының тарихи орта ғасырдан басталады. Тіпті сол кезеңдерде саудагерлер, қолөнершілер, үгіттеушілер бастаушы кәсіпкерлер ретінде болған. Орта ғасырларда «кәсіпкер» деген термин одан да бұрынғы «антрепренер», яғни француз сөзі «делдалдық» екі мағынада қолданылды: 1) түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы; 2) өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы. Ал «кәсіпкерлік» ұғымын ең алғаш ХVIII ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Контильон (1680-1734жж) енгізген. Ол «кәсіпкер» деп нарық жағдайында әрекет жасайтын адамды айтқан.

Егер "кәсіпкерлік" терминінің эволюциясының қалай қалыптасқанын қарастыратын болсақ:

1723ж : Парижде басылып шыққан «коммерцияның жалпылай сөздігінде» ең алғаш "кәсіпкер" ұғымы, яғни "обьектіні өндіру немесе құруда өзіне міндеттеме алатын адам" пайда болған;

1725ж.: Р. Контильон : кәсіпкер – ол нарық жағдайында тәуекел етуімен байланысты іс-әрекеттер жиынтығын жүзеге асыратын адам;

1776ж.: Адам Смит, кәсіпкерлік – кәсіпорынның меншік иесі;

1797ж : К. Бодо, кәсіпкер – ол белгілі бір жүзеге асырылатын іске жауапкершілігі бар адам;

1803ж : Ж.Б.Сей, кәсіпкерлік – екі өндіріс факторлары еңбек пен капиталдың тәуекел жағдайындағы шығармашылық үйлесуі;

1876ж : Ф. Уокер, кәсіпкер -  ол өзін ұйымдастырушылық қабілеттілігі мен пайда табатын адам;

1934ж : И. Шумпетер, кәсіпкер – ол инновациялардың көзі және дамудың қозғаушы күші, новаторлар;

1964ж : П. Друкер, кәсіпкер -  белгілі бір мүмкіндіктерден мейлінше көп пайда түсіретін адам;

1975ж : А. Шапиро, кәсіпкер – ол әлеуметтік экономикалық механизмдерді ұйымдастырушы.

Қазіргі кездегі кәсіпкер деп – пайда табуға бағытталған және тауарларға ( қызмет, өнім) сұранысты қанағаттандыру арқылы өз атынан жүзеге асыратын жауапкершілікті, инициативті қызметті атқарушы азаматтар.

Бұл тұрасында ҚР-дың Азаматтық Кодексінің 10-ші бабында: «меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға ( жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттындыру арқылы пайда табуға бағытталған ынталы қызмет» және ол кәсіпкердің өз атынан, оның тәуекелдері мен мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады делінген.

Кәсіпкерліктің бірнешінеше анықтамаларын қарастыру негізінде бұл ұғымның негізгі құрамдас бөліктерін атауға болады:

  • жауапкершілік, тәуекел, инициатива;
  • жоспарлау, ұйымдастыру,бақылау;
  • құралдарды іске асыру еркіндігі;
  • жаңа шешімдерді,идеалдарды іздеу.

Жоғарыдағы кәсіпкерліктің құрамдас бөліктері менеджмент фукнкцияларымен байланыстыеркіндігін көтеруге болады. Сонымен, кәсіпкерлік дегеніміз – ол жеке бизнесті ұйымдастыра білу және осы жеке бизнесті жүзеге асырумен байланысты функцияларды табысты, тиімді түрде іске асыру болып табылады.

Жалпы кәсіпкерлік қатнастарды қарастырудың алғашқы сипаты – олардың субьектісі мен обьектісі. Кәсіпкерліктің субьектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелерді, алдымен жеке дара индивиттерді жатқызамыз, содан соң кәсіпкерлік қызметті бір топ адамдар жүзеге асыратын ұйымдар, яғни акционерлік қоғамдар, кооперативтер, шаруашылық серіктестіктер.

Ал кәсіпкерліктің обьектісі – ол адамның белгілі бір қызметі, нақты жағдайда: новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы өндіріс, айырбас, бөлудің әртүрлі факторларын қосу. Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі - өндірілген өнім мен қызмет.

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті процесс ретінде қарастыруға болады, ол төрт сатыдан тұрады:

  • жаңа идеяларды іздестіру мен бағалау;
  • бизнес-жоспарды құру;
  • қажетті ресурстарды іздеу;
  • құрылған кәсіпорынды басқару.

Бұл аталған сатылар бір –бірімен тығыз байланысты. Бірінші кезеңде , барынша көп табыс келтіру - кәсіпкерліктің ең қозғаушы факторы. Кәсіпкерлер өзіне тиімді өзгерістер, яғни жұмыстарына жаңалықтарды енгізеді, мақсаты – пайда табу. Нарыққа жаңа тауар ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі бір уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және іске шығармашылықпен қарау іскерлік әлемде жоғары бағаланады.

Екінші кезеңде, ең күрделі мәселе – бизнес-жоспарды құру методологиясы жатады, яғни өзіне нарық сигменттерін қосатын, оның көлемін және негізгі сипаттамаларын, маркетинг жоспарларын, өндіріс және қаржылық жоспарларды қамтамасыз ету.

Үшінші кезеңде, ең бастысы қандай ресурстар қажеттігін нақты бағалау; бастапқы деңгейден қайталама деңгейді ажырата білу; ресурстар жетіспеушілігімен байланысты теріс зардаптады бағалу жұмыстары жүзеге асырылады.

Төртінші кезеңде, пайда болған кәсіпорынды басқару. Ол нақтыланған өнім стилінің басқарушысынан тұрады, ұйымдық құрылым құруды ұйымдастыру, табыстың шешуші тетіктерін және де әлсіз жақтарын табу арқылы қызметтің бағалануы арқылы шешім қабылдаудан тұрады.

Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше негізгі белгілері бар. Оның ішінде ең негізгілердің бірі – шаруашылық субьектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететін тәртіп қалыптастырады. Жалпы бизнестің негізгі талабы – экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлілігіне қарай іздеу мен таңдау еркіндігі. Әрбір қызметші өзі істей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Алайда қандай  еркіндік болмасын көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы ортамен  субьектілер әрекетінің нәтижесінен шығады. Дегенмен, кәсіпкерлік қызметтің басты шарты – барлық мүмкіндіктер деңгейі тұрғысынан шешім қабылдау өзбеттілігі мен еркіндігі болып табылады.

Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат шаруашылық жүргізудегі тәуекелге баруы. Тәуекел – жоспар немесе болжауды қаратырылған нұсқалармен салыстырғанда табыс ала алмау немесе зиян шегудің ықтималдылығы. Шаруашылық тәуекелді негізінде мүмкін болатын және шығындар мен нәтижелердің ара – қатнасы жатады.

Кәсіпкерлік қызметтің келесі белгісі – ол толық экономикалық жауапкершілік және бұл мүліктік және кәсіпкердің өз атынан жүзеге асырылуы. Кәсіпкерлер өз міндеттері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлкіне жауап береді. Сонымен қатар, өзіне тиесілі өндіріс құралдарын тиімді пайдалану; қоршаған ортаны ластамау; өндірістің қауіпсіздік ережелерін бұзбауға; санитарлық гигиеналық нормаларды сақтауға міндетті кәсіпкерліктің жүзеге асырушыларының ерекше белгілері ретінде жаңашылдық; шығармашылық ізденіс; жауапкершілік; іскерлік этикет әрекеттері; жеке қабілеттер мен қасиеттерін жатқызуға болады. Міне осы қабілет - әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және жағдайға шығармашылықпен қарау іскерлік әлемде жоғары бағаланады және нәтижелі сипатта болады.

Кәсіпкер – қызметінің сферасына байланыссыз өз қабілеттерін келесі функцияларды орындау арқылы жүзеге асырылады:

  • нарықты зерттеу арқылы төлем қабілеті сұранысы бар тауарлар мен қызметтерді іздеу;
  • тауарды өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті ресурстарды бағалау;
  • төмен бағалы ресурстар нарығын іздеу;
  • бизнесті жаңа техника, технология және менеджмент негізінде ұйымдастыру және оларды басқару;
  • маркетингтің қазіргі заманғы принциптерін пайдалану арқылы тауарлар мен қызметтерді сату, тарату;
  • табыстарды тұтыну және жинақтау қорлары арасында, т.б. бөлу.

1.2. Шағын кәсіпкерліктің қызметтері мен бағалау әдістері.

Жалпы кәсіпкерлік бірнеше қызметтер атқарады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, басқарушылық қызметтері бар. Енді әрқайсысына жеке – жеке тоқталып мәнін ашатын болсақ:

Өндірістік қызметі өндіріс пен материалдарды – техникалық қамтамасыз етуді және шаруашылық қызметке қажетті шикізат, құрал – жабдықтар және тағы да басқалармен өзара байланыстылығын қарастырады және өндірістік сипатта жүзеге асады.

Кәсіпкерліктің коммерциялық қызметі тұтынушылардың қажеттіліктерін анықтау және кәсіпорындар мен нарықтық контрегенттер арасындағы айырбас процестерін басқаруды жүзеге асырады. Сонымен қатар, тауар ақша және сауда – айырбас операциялары бойынша келісімдер арқылы да жүзеге асырылады.

Ал кәсіпкерліктің қаржылық қызметі келеі функцияларды іске асырудан тұрады: қаржы есебінің енгізілуі; инвесторлар мен кредиторлар есебінен капиталдың мобилизациялануы; сатудан түскен табыстарды жинақтау, ақша нарығы, банктер, инвесторлар, бағалы қағаздармен өзара байланыста қалыптастыру; сатып алушыларды іздеу мен анықтау және тартуға байланысты маркетингтік қызметтер және тағы басқалар.

Келесі кәсіпкерліктің қызметі – ол басқарушылық функциясы  кезінде кәсіпорындар мен қоғамдық құрылымдар немесе ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатнастардын басқару; кәсіпкерлік идеялар, инициативалық талаптарды және басқару тәжірибелерін қалыптастырып, тарату; капиталдар мен табыстардың қолданылуын басқару; ғылыми зерттеу жұмыстары мен жобалық жұмыстарды  тиімді пайдалану; бизнес қажеттліктеріне сәйкес жұмысшыларды тарату, таңдау, жұмысқа алу сияқты қызметтер атқару.

Сонымен кәсіпкерлік қызметінің сферасына байланыссыз өз қабілеттіліктерін келесі функциялардыорындау арқылы жүзеге асырады.

Сонымен қатар, шағын кәсіпкерліктің қызметін бағалаудың бірнеше бағыты бар, шағын кәсіпкерлікті анықтаудың сандық, сапалық және аралас әдістері бар.

Сандық көрсеткіштер негізінде жалпы кәсіпорындардың шағын бизнес секторына кіретіндігін анықтау үшін: персонал саны, жалпы өнімнің көлемі, өндірістік қорлардың көлемі; өндіріспен сату көлемі; активтердің баланстық құны сияқты сандық көрсеткіштермен анықталады: ал шағын кәсіпкерлікті анықтауда сапалық көрсеткіштерге негізінен субьективті сипаттар мен тәжірибе;

Аралас әдіс «экономикалық» және «статистикалық» тәсілдерді қолдануды ұсынады: нарықтағы үлесі; тәуелсіздік, жалпы ұлттық өнімдегі үлесі; бірқалыпты басқару айналымы.

Дамыған елдерде негізгі критериялардың есебінде шағын кәсіпорындардың анықтауы негізінен шаруашылық айналымның көлемдері мен жұмысшылар саны жатады.

Сонымен қатар, «шағын бизнес», ағылшын елдерінде айтылады, ал Япония және Батыс Еуропада «ұсақ кәсіпорындар» деп пайдаланылады.

Әлемнің дамыған елдерінде шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың басты мақсаты – қолайлы орта қалыптастыру. Бұл негізде мемлекеттің экономикалық саясатының тұрақтылығы, нарық инфрақұрылымының дамуы, интелектуалды меншікті қорғаудың тиімді әдісі; жеңілдетілген әкімшілік шаралары; салық демалыстары және тағы басқалай басты нысанаға алынады.

ІІ-ТАРАУ. ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму              тенденциялары

2.1 ҚР-да шағын кәсіпкерліктің дамуын талдау

Қазастандағы шағын кәсіпкерлік субьектілерінің санының тұрақты өсуі және онда жұмыс істейтіндердің көлемінің артуына қарамастан шағын бизнес секторы мемлекет экономикасының мәселелерін шешуде айтарлықтай үлесі көп емес. Ол осы  экономика секторының проблемаларымен түсіндіріледі: салық салу, несиелендіру, мемлекеттік органдармен өзара әрекеті және тағы басқа салалардағы мәселелер. Сондықтан кәсіпкерлер алдында несиені алу кезіндегі немесе қаржылық көмек жағдайында әртүрлі кедергілер орын алады. Сол проблеманың ең бастыларының  бірі – заң шығарушылық базаның тұрақсыздығы, иә, заңдар қабылданған, мысалы: «жеке кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға байланысты заңы (04.07.92жыл); «шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заңы» ( 19.06.97 ж); «шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР-нің Президентінің Жарлығы бойынша ( 06.03.97ж), және бүгінгі күніде қабылдануда. Бірақ бұл нормативтік құқытық актілер іс жүзінде толық жүзеге асырылмағандықтан кәсіпкерлер үшін біршама қиындықтар туады. Ол нормативті – құқықтық акілердің орындалмауы, шағын кәсіпорындардың ісіне араласу, көптеген тексеруші және қадағалаушы басқару органдарының тексерушілік қызметтері шағын кәсіпкерлер жұмысының тоқталуына әсерін тигізеді. Бұл кедергілермен қатар, кәсіпкерлік қызметті бақылайтын салық инспекциясы, жергілікті әкімшілік бөлімдері, санитарлық – экологиялық инспекциялар, өрттен қорғау бөлімшелері, тұтынушылардың құқығын қорғау орталықтары жән е тағы басқасы кәсіпкерлердің мүдделері мен көзқарасына кеміте отырып көп жағдайда заңдық және заң шығарушылық пен сот органдарының функциялары мен өкілеттіліктеріне иемденіп алды. Бұл өз кезегінде бюрократизмге ұштасады, яғни ол дегеніміз заңсыз ақша талап етудің тиімді құралы болып табылады. Ауыр салық екі түрде жүргілізеді: жартылай жария және жасырын. Жартылай жарияға, жергілікті үкіметтің бастамасымен жүргізілетін кәсіпорындарға заң щеңберінен шығып кететін шекте, ақшалай сомада салық салу. Екінші форма – жасырын ауыр салық, нақтылы шенеуніктердің қалтасына тікелей пара ретінде түседі. Ол өз деңгейінде кәсіпкеерлерге теріс ықпал етіп, олардың жұмысын жүзеге асыруға кедергі болады.

Келесі негізгі мәселе – ол тиімді қаржылық қолдау, яғни кәсіпкерлердің инвестициялық несиелерді алуы болып табылады. кәсіпкерлер республиканың банк жүйесінен; шағын кәсіпкерлікті дамыту қорынан; Европалық Қайта құру және Дамыту банкісінің ашық несиелік тізбегінен; шағын кәсіпкерлікті қолдайтын басқа да қаржы көздерінен ала алады. Бірақ шағын бизнесті қолдау көздері анықталғанымен, оны қолдану инвестициялау механизмінің жетілдіруін қажет етеді. Бұл тұрғыда несие алу кәсіпкерлер алдында жиі кездесетін кедергілерге;

І – жоғары пайыз мөлшерлемесі;

ІІ – несиені қайтарудың қысқамерзімділігі;

ІІІ – несие алудағы құжаттар санының көптігі;

ІV – кепілдікпен қамтамасыз ету проблемалары.

Жоғарыдағы несие алудың негізгі мәселелерін келесі факторлар да толықтырады:

  • несие алу кезіндегі банктерге тапсыратын құжаттарды толтыру білімінің жетілмеуі;
  • ақпаратпен толық қамтылмауы;
  • бизнес-жоспар жасаудың толықсыздығы;
  • елдегі шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған несиелердің көздері туралы шетелдік, олардың бағдарламаларды ақпаратпен қамтамасыз етпеуі;

Аталған барлық факторлар кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне несие алуға кедергі келтіреді.

Бүгінгі таңдауда еліміздегі шағын кәсіпкерлердің қаражат көздерінің 75% жеке жинақтары мен туыстарының қаржы құралдарынан, 15% сыртқы көздер, 10% банктерден құралады.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы негізгі проблемаларының ең маңыздыларының бірі – салық саясатының жетілмеуі болып табылады. Бұл мәселе заңдылық нормативті актілердің жиі өзгеруі, салық салу қойлымдарының жоғары болуы, салық түрлерінің өте көп жақтылығы және салықтар мен төлемдерді жинаудың күрделі жүйесін жатқызуға болады. Ал шағын және орта бизнесті дамытуда салықтың маңызы зор. Қазіргі кездегі шағын кәсіпорындардың 40% 1992-1993 жж. да салықтық жеңілдіктер мен несиелендіру мүмкіндіктеріне ие болған уақытта құрылған. Салық кодексін қабылданғаннан кейін бұл кәсіпорындардың құрылуы мен жүзеге асырылуы қысқартылды. Негізгі себеп- кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру бойынша шаралар жүйесінің жоқтығы болды.

Қазақстан Республикасының Салық Кодексі бойынша салықтардың он бір түрі, ал алымдардың соммалық көлемі 45-50% құрайды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметтің салықтық реттелуінде, елімізде заңдардың, яғни салық туралы заңдар жүйесінің шексіз өзгертіліп отырылуы негізгі проблемалардың бірі болып табылады. Салық жүйесін белгілейтін заңның 24.06.95ж. енгізілгеннен кейін, оған толықтырулар мен өзгертулер он алты рет болған, сондықтан бұл мәселе кәсіпкерлер үшін салық заңдарының шығарылуына орай тұрақсыздық тұдырады.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудығы кедергілер

Мүмкін болатын факторлар Сұранғандарға %-ін
Жоғары  мөлшерлемелі салықтар   63,6
Несилелердің жоғары  құндылығы   55,6
Бақылаушы органдармен қатынас   36,5
Халықтық тұтыну сұранысы төмен   22,2
Төмен ақпараттық қамтылу   22,2
Нарықтағы жоғары бәсеке   14,3
Білікті мамандардың аздығы   9,5

2.2. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың бағыттары.

Дамыған елдерде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саясатының жалпы мақсаты – ол шағын кәсіпкерлікке қолайлы ортаны қалыптастыру болып табылады, яғни экономикалы саясаттың тұрақтылығы, нарықтық инфрақұрлымның дамуы, интеллектуалды меншікті қолдаудың тиімді жүйесі, жеңілдетілген әкімшілік талаптар, жеке бастамшылыққа дем беретін идеологиялық жағдайлар және тағы басқалар. Мысалы, АҚШ-та шағын бизнес мәселелерін шешетін арнайы ұйым шағын бизнес админстрациясы бар. Японияда жергілікті билік органдары қарызды кепілдендіру жөніндегі ассоциация құрған және ұйымдастырған. Канада да бизнесті дамытудың федералды банк арқылы кәсіпкерлерді несиемен, соның ішінде кепілдемемен қамтамасыз етеді.

Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті қолдау мәселесі алғаш рет 1992ж 4-ші шілдеде қабылданған. «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» заңында көрініс тапты. Соңғы уақытта шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында  елімізде ҚР Президенттінің бастамасымен  5 заң заңды күші бар 7 қаулысы, бірнеше бағдаламалар қабылданды ( шағын бизнесті дамыту мен қолдаудың 1999-2000, 2001-2002жж арналған бағдарламалар). Сондықтан, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен ынталандыру бүгінгі күні мемлекетіміздің алдындағы өзекті мәселелердің бірі. Бұл тұрғыдағы негізгі мақсат – шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімінің неғұрлым ұзаруына ықпал ету болып табылады.

Бүгінде, ҚР-нің аса назар аударып жатқан аясы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаумен оны материалдық, құқықтық қамтамасыз етудің өзекті проблемалардың мүмкінігінше шешу болып табылады. Ол үшін мемлекеттің көмегі қажет:

Біріншіден, құқықтық реттеудің ұтымды түрлері мен шегін белгілеу;

Екіншіден, кәсіпкерліктің қарқынын төмендетпеуге назар аудару;

Үшіншіден, салық салу жүйесін шешу жолдарын дамыту;

Төртіншіден, бақылау органдарының кәсіпкерлік обьектілерінің тексеру жөніндегі қызметтерін бәсеңдету.

Сондықтан бұл мәселе тіпті ҚР-дің Президентінің «Қазақстан – 2030» бағдарламасында да көрініс тапқан: мұндай экномикалық өсу стратегиясының принципі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың мақсаты -  оны даыту үшін қолайлы жағдай  жасау. Негізгі басымдықтар:

  • мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өзара іс-қимылы;
  • несиелендірудің тиімді және қол жеткізілетін жүйелерін қалыптастыру;
  • шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын дамыту;

Белгіленген шараларды іске асырудың нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілері санының өсуі, жаңа жұмыс орындарының құрылуы, шағын бизнес саласында жұмыс істейтіндер санының артуы, нақты бәсекелестік орта құру, қоғамның орта негізі ретінде меншік иелерінің жаппай жігін қалыптастыру күтіп отыр.

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру мақсатында елімізде 2001-2002 ж.ж. шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың Мемлекетік бағдарламасы қабылданған (07.05.01ж.). Бұл бағдарлама шағын бизнесті қабылдау, бәсекені және табиғи монополияны реттеу жөніндегі ҚР-ның Агенттігі негізінде жүзеге асқан. Негізгі мақсаты – шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының дамуының қамтамасыз етуінің белгілейтін мемлекеттік қолдау саясатын ынталандыру.

Бағдарламаның негізгі бағыттарына:

  • шағын кәсіпкерлікті қолдау бағытында құрылған инфрақұрылымды пайдаланудың тиімділігін көтеру;
  • шағын кәсіпкерлікті қолдау саясатының қаржылай несие және инвестициялық механизмдерін дамыту;
  • шағынкәсіпкерлікті кадрлық, ғылыми-методикалық жәнеақпараттық қамтамасыз ету;
  • шағын кәсіпкерлікті аймақтық дамыту;

Бұл бағдарламаның нәтижесінде екі жылдан кейін шағын кәсіпкерліктің жалпы ұлттық өнімдегі үлесі 22% -ке дейін өседі деп болжам жасайды.

ҚР-дағы шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік шараларарының бірі «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жетілдіру жөніндегі шаралар туралы». ҚР-ның Президентінің жарлығы (06.03.97 ж). Бұл жарлық бойынша :

  • шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау институты құрылды: ҚР-ның экономика және сауда Министрлігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау Департаменті : (бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті қолдау функциясы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелген ) ;
  • «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы », «Жеке кәсіпкерлік туралы» және басқа заңдар қабылданды;
  • мемлекеттік тексеруші органдар саны азйтылды;
  • шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры құрылды;
  • екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субьектілеріне минималды көлеміне несиелендіру бекітілді.(банктің несиелік портфелінің неізгі қаражаттарының / қарызының 10% кем емес мөлшерде);

Сонымен қатар, Қазақстандағы шгағы кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлкеттік саясатының негізгі үйлестірушісі мен серігі болып 1997 жылы мамырда құрылған Шағын кәсіпкерлікті қолдау департаменті болып табылады. Оның құрамында екі сараптау кеңесі құрылған:

Біріншісі – нормативті және құқықтық актілерді зерттеу үшін шағын бизнесті қолдау жөніндегі кәсіпкерлік құрылымын өкілдерінен;

Екіншісі - кәсіпкерлік қызметі жандандыру жөніндегі Президент жарлықтарын жүзеге асырумен айналысатын ведомствоаралық, министрлік өкілдерімен;

Жоғарыдағы аталған кәсіпкерліктің дамуына мол сенім, мемлкет тарапынан кепіл, экономикалық негіз ретіндегі заңдар мен құқықтық – нормативтік құжаттар мен қатар қаржылай, салықтық, инветициялық және тағы басқадай қолдаудың түрлері бар. Ақша несие саясатын ынталандырудың кәсіпкерлік қызметінің жүзеге асуына ықпалы өте маңызды. Шағын кәсіпкерліктідамыту мен қолдау туралы мәселе қозғалғанда несие мәселесі маңызды, өйткені несие кәсіпкерлер үшін басты қаржы көзі. Республикада шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше жолдары қалыптасқан. Бұл тұрғыда кәсіпкерлік субьектілері банктердің несиелері мен халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік арнайы бағдарламаларына сүйенеді. Еліміздегі қырықтан астам банктердің несие саясаты негізінде шағын кәсіпкерлік субьектілерін несиелеу жүйесі жүзеге асырыған. Мысалы, «Казкоммерцбанк» жеке тұлғаларға 500 доллардан жоғары көлемде және мерзімі 12 айдан асатын уақытқа белігілі бір пайыз мөлшерлемесімен несие беруді жүзеге асырады. Сонымен қатар, Еуропалық Қайта құрумен Даму Банкі Қазақстан Републикасының шағын бизнесі қолдау қорымен бірлесе отырып шағын бизенсті несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыруда. Бұл Бағдарламаның мақсаты шағын және орта кәсіпорындарға орта мерзімді несиелер беру арқылы бәсекелі жеке секторды кеңейту және жақсартуға ықпал ету.

Несиелік линия көлемі 775млн. долл. Сонымен қатар, несиенің үш түрін беруді ұсынады:

  • mikro ( 10 мың доллорға дейін) – бұл теңгемен шетел валютасымен беріледі; 12 айға дейін беріледі;
  • large – mikro ( 10 нан 30 мың долларға дейін) – шетел валютасымен 12 айға дейін, теңгемен 18 айға дейін беріледі;

Бұл бағдарлама бойынша келесі банктер жұмыстар атқарады: «БанкЦентрКредит», «Казкоммерцбанк», «ТуранАлемБанк», тағы басқа.

Жалпы шағын кәсіпорындарға несие берушілердің:

  • 37%-ті коммерциялық банктер;
  • 21%-жеке қарыз берушілер (достары, туыстары);
  • 18% Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау қоры;
  • 12% Ұлттық Банк қаражаттары құрайды;

1998-99жж облыс бойынша 3750 адам 119,6 млн. теңге саласында микронесиелер алған. Сол сияқты әр облыстар мен қалада тиісінше кәсіпкерлерді қаржылық қолдау жұмыстары жүзеге асырылуда.

Осыған байланысты нарықтық экономикадағы сектордың негізгі бөлігі болып келетін жеке меншік кәсіпкерлік қызметінің мемлекеттік тиімді кірісуін қажет етеді. Сонымен қатар, еліміздегі кәсіпкерлік қызметінің дамуы үшін оған қолайлы жағдай тұғызып, ынталандыру жұмыстары атқарылуы тиіс. Ол үшін мемлкет тарапынан тиісті іс шаралар, әртүрлі бағдарламалар мен реформалардың кәсіпкерлік қызметінің бағыттарының жандануына ықпал етуі тиіс. Соның бір дәлелінің бірі ретінде – шағын кәсіпкерлікті дамытуға және ынталандыруға бағытталған несиелендіру бағдарламасының ұйымдары қалыптасуда: «Кәсіпкерлерге қызмет ететін Қазақстандық Қор» қоғамдық ұйым. Бұл қор 1999 жылы коммерциялық емес ұйым ретінде және ауылшарушылығын несиелендіру жүйесі шеңберінде пайда болған ұйым. Қордың негізгі қызметінің мәні микронесиелер беру арқылы фермерлік шаруашылықтарға қаржылық қолдау  көрсету болып табылады.

ІІІ-ТАРАУ. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік тәжірибелері

3.1 АҚШ-та шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері

Бүкіл дүние жүзінде шағын және орта бизнестің экономика құрылымындағы  үлесі жоғары.  Сол шағын кәсіпкерліктің даму деңгейіне елдің экономикалық дамуының өсуі тәуелді болады. Әсіресе соңғы кезеңдерде АҚШ-та шағын кәсіпкерліктің кеңінен дамуы орын алып отырғандығы байқалып отыр. АҚШ-та шағын бизнеске жұмыскерлер саны 50 адамға дейінгі шағын және орта фирмалардың жиынтығына тең формалар болып табылады. Бұл фирмалар американдық фирмалардың 99% қамтиды. Бұлардың негізгі бөлігі ұсақ, көбінесе жанұялық немесе жеке кәсіпорындар. Мұндай фирмалардың 87% саны 20-дан аспайтын, ал 80% 10-нан аспайтын адамдар жұмыс істейді. 1980 жылдардың аяғында АҚШ-та шағын фирмалардың өсуі сандық және сапалық жағынанда ерекше байқалады. Мысалы үшін тек 1988 жылдардың өзінде ғана 1млн. шағын кәсіпорындар пайда болса, ал 1999 жылы 1,3 млн. шағын фирмалар құрылды. Мұның алдындағы жылдары жыл сайын 600 мыңға жуық қана шағын кәсіпорындар өмірге келіп отыратын болатын. АҚШ-та шағын және орта фирмалар жалпы ұлттық өнімнің 40% өндіреді, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте 21%, құрылыста 80%, көтерме саудада 86%, қызмет көрсету саласында 81% құрайды.

АҚШ экномикасында олар ғылыми – техникалық прогресс сферасына жататын барлық жаңалықтарды жасаудың, игерудің және өндіріске енгізу тең жартысына жуығын қаматамасыз етеді. Өндіріске  жұмсалған әрбір доллар шығынға олар ірі кәсіпорындармен салыстырғанда орташа есеппен алғанда 17 еседен көп ғылыми жаңалықтар енгізуде. Шағын инновациялы өндіріс мұнда ғалымдар және инжинерлер, сол сияқты тапқырлардың еңбегінде ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда жыл сайын құрылатын 600-700 мың фирмалардың 1/8 бөлігін ғылыми-техникалық жаңашылдық өндірісінде мамандандырылған, сонымен қатар, АҚШ-тың инновациялық саясатының негізгі бағыттарының бірі – ол қаржы түсімдерін реттеу болып табылады. Ол екі бағытта құрылады:

  • бюжеттен мақсатты бағытталған субсидияландыру арқылы;
  • қаржыландыру үшін жеке капиталдарды тарту;

Бұл бағытты іске асыруда АҚШ-та шағын бизнестің әкімшілігі

( ШБӘ) құрылған және ол шағын кәсіпкерлікке қаржылық, консультациялық, материалдық көмектеседі, кәсіпкерлерді оқыту мен дайындауды жүзеге асырады. Шағын бизнес әкімшілігі шеңберінде АҚШ-та келесі бағдарламалар жүзеге асырылады:

  • халықаралық саудаға көмектер;
  • зерттелу мен жобаларды жасауға көмектері және қаржыландыру;
  • ұлттық кәсіпкерлікті дамыту;
  • әйел кәсіпкерлерге жағдай жасау;
  • ардагер - кәсіпкерлерге көмектер;

Сонымен қатар, АҚШ-та шағын кәсіпкерліктің субьектілеріне қаржы ресурстарын қамтамасыз ету келесі бағыттарды қарастырады:

  • шағын кәсіпкерлікті инвестициялауды компаниялардың конкурстық негізде несиелермен қамтылуы;
  • қарыздар мен несиелер негізінде мемлекеттік іс ұсынылуы (ШБӘ 25 жылға дейін 750 мың долларға дейінгі саудалар береді;
  • қошаған ортаны қорғауға байланысты шағын бизнесті қаржыландыру ( бұл жағдайда ШБӘ максималды деңгейі бір млн. доллар мөлшерінде сауда береді).

Сонымен қатар, АҚШ-та қолдау жұмыстары шағын кәсіпкерлік субьектілеріне салықтық жеңілдіктер берумен ерекшелінеді. Мысалы, табысы 50 мың доллар кәсіпорындарға 15% салық мөлшерлемесі бекітілген, 70 мың долларға дейін табысы бар шағын фирма салық нормасы 25 %; ал ең жоғарғы мөлшері 34%. Барлық федералды ведомоствалар мен 12 шағын бизнесті дамыту мекемелерінің 100млн. долларлық бюджетінен шағын ғылыми зерттеу фирмалар қызметін қаржыландыруға өздерінің 1,25% қаржы ресурстарын бөлуге міндетті болып табылады.

Өтпелі кезең экономикасында шағын кәсіпкерлік мәселесі дамыған мемлекеттер тәжірибелерін талдау маңызы өседі. Дамыған капиталистік мемлекеттердің тәжірибелерге талдау көпшілігінде шағын және орта фирмалардың жалпы жұмысбастылықтағы үлесінің артуын көрсетеді.

ЖҰӨ-гі шағын кәсіпорындар үлесі, 1998 ж.

Мемлекет Шағын кәсіпорындар саны Жұмысбасы Шағын кәсіпорындар үлесі
Мың бір. Мың адамға Мың адам Жұмысбастылық үлесі, % ЖҰӨ, %
Япония 6450 49,6 39,5 78 52-55
АҚШ 19300 74,2 70,2 54 50-52
Еуропа елдері 15770 45 68,0 72 63-67
Германия 2590 37,0 18,5 46 50-54
Ресей 870,6 5,9 8,5 10,1 10-12

Сонымен қатар, мемлекеттерде шағын бизнестің ұйымдастырылуы әр түрлі қаржыландыру көздері арқылы, техникалық және технологиялық көмек көрсетуге, бюджетті – қаржылай жеңілдіктер болуы, инфраструктуралық қолдау шаралары және шағын кәсіпкерлікті қолдау, дамыту іс-шаралары жатады.

3.2 Германиядағы шағын кәсіпкерліктің даму тетіктері

Германияда шағын және орта кәсіпкерліктің басты сипаттамасы ең алдымен меншік құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады. Екінші сипаттама - кәсіпорынды тікелей басқарудың айқындылығы, яғни кәсіпорын қызметінің айқындылығы: оның көлемінің шектеулілігі қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынастар сипаттарын білдіріп, өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей мүдделігін, ынталылығын тудырады.

Үшіншіден, кәсіпорындар өмірінде басқарушы рөлінің ерекше маңыздылығы: ол шаруашылықтың нәтижелілігіне тек қана мүлік иесі болғандықтан тәуекелге бел буатындығынан ғана емес, сонымен бірге оның өзінің де өндіріспен тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді.

Төртінші – істі жанұялық негізде жүргізу, кәсіпорындар қызметін нәтижелі жүргізу, ұйымдастыруға атадан балаға мұра ретінде машықтану.

Бесіншіден – шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипатты белгісі ретінде кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін айтуға болады.

Егер «алыптар» қажетті ресурстарды негізінен капиталдар нарығы (қор биржалары) арқылы алатын болса, ал шағын және орта кәсіпорындар банктердің аздаған несиесіне арқа сүиейді, сондықтан да олар үшін қаржылындыру мәселесі басты проблема болып табылады.

Шағын кәсіпкерліктің жоғарыдағы аталған сапалық жақтарымен бірге сандық жағынан да сипаттамалары бар. Олар екі көрсеткішке негізделеді: жылдық айналым сапасы мен еңбекпен қамтылғандар саны. Германияда қабылданған есептеу методологиясына сәйкес халық шаруашылығының бұл секторына мыналар жатқызылады:

  1. Белгілі бір жағдайда өзіндік фирма түріндегі – барлық жеке еркін мамандық иелері (дәрігер, нотариустар, салық пен жарнама бойынша консультанттар, аудиторлар, өз бетінше дербес әрекет ететін инженерлер, педогогтар, баспасөз, өнер қызметкерлері және тағы басқалар ).
  2. Жұмыс істейтіндер саны 1-ден 43 адамға дейінгі және жылдық айналымы 1 млн. маркаға дейінгі ұсақ кәсіпорындар;
  3. Жұмыс істейтіндер саны 50-ден 499 адамға дейінгі және жылдық айналымы 1 млн.-нан 10млн. маркаға дейінгі орта кәсіпорындар.

Германияда 1980 ж. аяғына қарай жоғарыда көрсетілеген сипаттың статистикалық есептеу тәртібіне байланысты 1.9 млн. шағын және орта кәсіпорындар жұмыс істеп, олар халық шаруашылығының салалары бойынша мынадай негізде бөлінеді (мың есебінде):

  • қолөнерде – 537,
  • саудада – 225,
  • өнеркәсіпте – 108,
  • қызмет көрсету саласында – 665,
  • еркін мамандық секторы – 360.

Германиядағы шағын бизнестің экономикалық маңызы, біріншіден барлық еңбекке жарамды халықтың 2/3 бөлігін қамтып отырған жұмыс беруші ретіндегі, екіншіден елдің жалпы ішкі өнімінің жартысына жуығын құрайтын өнім өндіруші мен қызмет көрсетуші ретіндегі; үшіншіден барлық инвестициялар мен  тіркелген потенттердің жартысынан артығының өндіріске еңгізудегі үлесіне 2/5 бөлігі келетін ғылыми-техникалық  прогрестің катализаторы ретіндегі; төртіншіден Германиядағы барлық өндірістік оқу орындарының 85 процентін қамтитын кадрлар дайындау көзі ретіндегі рольмен анықталады.

Шағын кәсіпкерліктің барлық кешенді ішкі және сыртқы проблемалары олардың өз күшімен шешілуі мүмкін емес. Қазіргі кезеңде Германияда бірқатар жағдайлар шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау жүйесінің қажеттілігінің өте бір маңызды, көкейтесті мәселеге айналып отыр. Олардың ішінде:

  1. Европалық қауымдастық шеңберінде 1993 жылдың басынан бастап бәсеке жағдайын шегіне жеткізе шиеленістіретін тауарлар, қызметтер, жұмыс күші және капиталдар қозғалысы жолындағы барлық кедергілерді алып тастау;
  2. «Таза » технология мен табиғатты сақтау шараларына байланысты заңдық нормалардың қатаңдатылуы оларға жұмсалатын күрделі қаржы барынша арттыруды талап етеді;
  3. Заңды негізде жұмыс уақытын одан әрі қысқарту және оны пайдаланудың икемділігін күшейту.

Германияда шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты принцип өздігінен, мүмкіндігінше өз бетінше дамуы барынша ынталандыратын негізде көмек беру болып табылады. Бағдарламаның жалпы мақсаты – ол шағын кәсіпкерліктің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Қазіргі кезде бірінші орынға  арнайы шаралардың жиынтығы мен нақты бағдарламалардың өмірге келуіне талап етіп отырған Германияның жаңа аймақтарындағы шағын және орта кәсіпорындарды ынталандыру проблемасы қойылып отыр. Осыған   орай мынандай шараларды атап өтуге болады: Гермианияның федералді өкіметі іс жүзіне асырып отырған құрылымдық-саяси шаралар. Олар шағын фирмалар үшін қалыпты бәсеке жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған бұл жердегі басты тетік 1957 жылы заңды түрде бекітілген және шағын фирмалардың позицияарын нығайтуға байланысты бірінші рет қайта қарасытрылған- картелдік  құқық. Картельдердің қызметін қадағалаушы ведомство ( біздіңше , монополияға қарсы комитет), біріншіден, ірі фирмалардың бір-біріне қосылып кетуін қатаң бақылап отырады, екіншіден, орынсыз тыйым салуларды алып тастап , шағын кәсіпорындардың кооперациялануына жеңілдік жасайды.

Шағын кәсіпкерлікке қолдау жасауға құрылымдық-саяси шаралардң екінші бір құрамды бөлігі – мемлекеттік келісім шарттарды бөлуге қатысудағы олардың құқықтық бұлардың құқықтық  жағынан тңдегін қамтамасыз ету. 1976 жылдан бастап Германияда мемлекеттік тапсырмаларды бөлу шағын және орта фирмалардың да міндетті түрде қатысуын реттейтін ерекше ережесі бар.

Германиядағы салық салу жеңілдіктер. Германияның жаңа аймақтарында қазіргі кезде кеңінен пайдаланып жүрген бұл инстументің басты үш түрі  бар:

  1. амортизациялық аударымдардың арнайы нормалары;
  2. пайданың салық салынбайтын резервтерін жасау;
  3. салық ведомаствалары төлейтін инвестициялық үстемелер.

Енді арқайсысына жекелеп тоқталсақ:

Амортизациялық аударымдардың арнайы нормалары барлық инвестицияларға қолданылып, жаңа жұмыс орнын ашуға, қоршаған ортаны қорғауға, техникалық жағынан алдыңғы қатарлы өнім өндіруге, сыртқа тауар шығаруға бағытталады. Жұмсалған қаражаттар үш жыл ішінде есеп ретінде шығарылады, бірінші жылы жұмсалған капиталдың 50% амортизацияланады, екінші жылы 30% және үшінші жылы 20%. Салықтан босатылған пайда резервтерін жасауға қол өнері өндірісінде, саудада, өнеркәсіпте, еркін мамандық секторларында, сондай-ақ мүліктерді жалдау мен жалға беру қызметі сферасында қолдануға рұқсат етілген. Резерв бір жыл ішінде түскен пайданың 20% дейінгі мөлшерін құрауы мүмкін.

Қаржы жағынан қолдау. Федералдық өкімет тарапынан берілетін салыстырмалы түрде процент ставкасы төмен және жеңілдік жағдайын падалана отырып, ақшаны қайтаруға мүмкіндіктер тудыратын несиелер – шағын бизнес үшін қамқорлық болып саналады. Қазіргі кезде бұл шағын кәсіпкерлікке қаржы бөлудің негізгі көзі федералдық бюджет, оның қорлары;

«Кредитонитальт фюр Видерауфбау»(Маин);

 «Дойче асглейхсбанк» (Бонн);

«Берлиндер индустри банк» (Берлин) сияқты үш арнайы банк арқылы бөлінеді.

Қорытынды

Жалпы қорытындылай келе, шағын кәсіпкерлік қай ел болмасын экономиканың дамуының негізгі тұтқасы деуге болады.Ол өркениетті елдерде бұл саланы дамыту басты назардағы мселені құрайды. Мысалы, АҚШ-та шағын кәсіпкерлікпен айналысатындар саны 53%, Германияда 63%, Жапонияда 73%, Ұлыбританияда 75%, Италияда 80% жетіп отыр. Ал бұл салада қазір Ресейде 10%, Беларусияда 8% шамасында, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 6%-дан аспай отыр. Жалпы бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті дамыту мен оны қолдау ел экономикасының реформалаудың басым бағыттарының бірі. Сондықтан, бұл жұмыстар шағын кәсіпкерліктің дамыған, өркениеттегі елдердегі даму сипаты мен барысын сипаттай келіп, оның негізгі ұйымдастыру шаралары мен әдістері кеңінен талқыланды. Сонымен бірге, АҚШ-та және Германиядағы шағын кәсіпкерліктің дамуы мен қалыптасуы туралы мәселелер жүзеге асырылуы мен іске асыруы сияқты маңызды шаралар зерттелінді. Бұл елдердегі шағын кәсіпкерлікке көрсетілетін қолдау іс шараларының қалыптасу ерекшеліктері мен оның тиімділігі қарастырылды. Оған мысалы, АҚШ-ғы әртүрлі шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қорғауға байланысты бағдарламалар мен атқару жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге, ол шағын бизнестің әкімшілігі арқылы қолдау табатындығы айқындалды.

Сонымен қорыта айтқанда шағын кәсіпкерлік – ел экономикасының дамуының негізгі тұтқасы деуге болады. Өркениетті елдерде бұл саланы дамытуға басты назар аударады және шағын кәсіпкерлік негізгі саланы құрайды. Дегенмен, бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті дамыту мен оны қолдау Қазақстан Республикасының экономикалық реформаларының басым бағыттарының бірі болып саналады. Сондықтан, бұл жұмыста еліміздегі шағын кәсіпкерліктің даму барысын, оның қалыптасудағы кездесетін негізгі бөкеттері мен оны мемлекеттік қолдау саясатынның маңызды бағыттары сипатталып, басқару тұрғысынан талданды. Сонымен қатар, осы ғылыми жұмыстың қолданбалы мәнділігі шағын кәсіпкерлік қызметті ғылыми негізде жүзеге асыру арқылы еліміздің экономикасына байланыстыру мәселесі кең талқыланды. Бұл тұрғыда:

  • қызметтің тиімділігі мен ұтымдылығын арттыру;
  • шағын кәсіпорындар қызметінің барлық істерінің нормативтік құқықтық актілерін қалыптастыратын базаны құру;
  • салық салу жүйесін тиімді тұрақтандыру;
  • шағын кәсіпкерлік субьектілерінің қызметін мейлінше бақылап, басқару арқылы проблемаларын шешу, яғни тиімді менеджментті іске асыру сияқты мәселелер жатыр.

Қорытындылай келе, дамыған елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуші бір факторы шағын бизнесті жан-жақты дамыту болып табылады. Кәсіпорындардың жалпы санының ішінде шағын және орта фирмалардың үлесі 80-нен 99%-ға дейін мөлшерін қамтып, жалпы ұлттық өнімнің 50%-тен астам жуығын өндіруді қамтамасыз етіп отыр. Шағын кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуде икемділігі оларды ғылыми – техникалық прогрестің негшізгі бір қозғаушы күшіне айналуда. Сондықтан да олар нарыққа өте икемді болғандықтан Қазақстанда да осы кәсіп түрін алға бастыруымыз біздің қолымызда.

Пайдаланылған әдебиеттер көздері

  1. Под ред. Жатканбаева Е. Б. «Малое предпринимательство» , Алматы 2001 г.
  2. Казахстан и мировой опыт рыночной трансформации, Арынов Е. М. – 2003 ж.
  3. Ғылыми-практикалық халықаралық конференция материалдары боиынша; Алматы – 1999 ж. және 2001ж.
  4. Жатқанбаев Е. Б. «Основы смешанной экономики» Алматы-1992 г.
  5. Катенова С.Д. «Факторы и особенности развития малого предпринимательство» (Материалы международной научно – практической конференции Алматы КазГУМО 1999 г.)
  6. Назарбаев Н. А. «Қазақстан - 2030» Алматы 2002 г.
  7. «Вестник предпринимателя» 2004г.
  8. «Аль-Пари» журнал 2000ж.
  9. ҚР-ның статистикалық жылнамалар жинағы 1997-2001 ж.ж.
  10. Берденалиев «Экономиканың басқару негіздері » Алм. 2002ж.
  11. Бусыгин А.В. «Предпринимательство» Москва 2001
  12. «Малый и средний бизнес»: законодательство РК, сборник законодательно-правовых актов. – Алм. 2003
  13. «Континент» журнал 2005
  14. «Казахстанская правда» газета 2001ж
  15. «Қаржы-қаражат» 1999

Похожие материалы