Тұрмыстағы ең көп қолданысқа ие заттар гаджеттерге айналғаны рас. Смартфонды сағаттап пайдаланамыз. Ал жұмыс барысында қаншалықты пайдаланамыз? 7kun.kz медиа және іскерлік орта өкілдерінің жұмыс орнындағы, сөмкелеріндегі гаджеттерімен танысып шықты.
Айбек Қуатбаев, «Bugin Group» компаниясының құрылтайшысы:
Өзіммен бірге үнемі алып жүретін гаджет - макбук. Оны бір уақыт болсын тастап кете алмаймын. Барлық жұмыстарымды осы құрылғы арқылы бітіремін. Сатып алғаныма 2 жыл болды. Ал смартфонға келсек - iPhone 5S. Осы телефон арқылы күніне 100-ге жуық қоңырау шалынады. Ұстап жүргеніме 1 жылдан асты. Қазіргі кезде қосымша қуаттағыш та бірге жүретін болды. Бұл өте тиімді. Қаншама адаммен хабарласып жүргенде, телефон өшіп қалады деп алаңдамаймын.
Блокнотты көп қолданбаймын. Қажетті жазбаларды телефонға жазып аламын. Бірақ сөмкемде жүре береді. Арнайы тайм-менедмент құрылған. Компанияда 21 адам жұмыс істейді. Барлығымыз таңғы 10:00-ден түнгі 10:00-ге дейін өзімізге қатысты компьютерлік бағдарлама жұмыстарын бітіреміз.
Ал әмиян әмбебап зат. Барлығы қолданады. Визит картасы іс-сапар кезінде немесе бір іс-шараларда танысқан адамдарға өзім жайлы ақпарат беру үшін қажет. Әлеуметтік желілерден Фейсбукты көп қолданамын. Бірақ жиі сурет салмаймын. Инстаграмда да жазбалар бар. Ал ВКонтакте мен үшін үшінші орында.
Newreporter.org сайтының қазақша бөлімінің редакторы, медиа-тренер Назгүл Қожабекова.
Әрдайым жанымда ноутбук жүреді. Қазіргі ноутбукті қолданып келе жатқаныма 3 жылдай болады. Қосымша қуаттандырғыш, модем де әрдайым өзіммен бірге. Смартфон - "Samsung". Соңғы 5 жыл бойы тек осы маркалы смартфонды ұстаймын. Ыңғайлы, журналистер үшін нағыз керегі осы деп білемін. Телефондағы ақпараттың барлығы Google поштамен синхрондалған. Соңғы жыл ішінде 4 смартфон ауыстырсам да, номерлерімді жоғалтып алу деген мәселе туындамапты.
Қойын дәптер жеке жазбаларым мен қаржы есеп-қисабы үшін ғана керек. Қаржыны есептеуге көмек беретін қосымшалар туралы өзгелерге түсіндіргеніммен, өзіме қойын дәптерге жазған ыңғайлырақ. Құпия сөздерім де сол жерде жазулы.
Іс-сапарға шықсам, басқа жұмыстарды сапардың графигіне байланысты реттеу тырысамын. Ал күнделікті жұмысым сайтқа материалдарымды салумен, қосымша бағдарламалар үйренумен өтеді. Тайм-менеджмент деген менде мүлдем жоқ. Қазірдің өзінде 7 сайттың админ аккаунты бар. Интернетте, әлеуметтік желіде үздіксіз отыруға тура келеді. Бірақ қанша дегенмен негізгі жұмысым -балаларым, отбасым.
Фейсбукті күнделікті пайдаланамын. Кезекке тұрсам, біреуді күтіп тұрсам, таксиде болсам - фейсбукті парақтап отырамын. Инстаграм да жеке жазбаларамы жарияланады. "Мой мир" мен Soundcloud-ке музыка тыңдау үшін ғана кіремін. Ұзақ жылдан бері жинақтап қойған арнайы плейлистім бар.
"TMax" студиясының директоры, фотограф Мақсат Тұрсынбайұлы
Көп жағдайда рюкзакпен жүремін. Оның ішінде міндетті түрде фотоаппарат болады. Себебі, түстен кейін болсын немесе кешке қарай түсірілімдер болып қалады. Еш жоспар жоқ деген күннің өзінде бір фотоаппарат сыятын кішкене сөмкемен жүремін. Рюкзагым болса, демек ішінде екі құрылғы бар деген сөз.
Мен өзі бәрін қос-қостап ұстап жүргенді жақсы көремін. Екі фотоаппарат міндетті түрде болады. Әр жағдайға байланысты түсіресіз. Бірі бұзылса, екіншісі бар. Жұмысыңызға зияны тимейді. Қуаттағыш, батарейкалар қорабымен, флешкалар (бұлардың саны екеуден бірнеше есе көп), қатқыл диск, тіпті телефон да екеу.
Жұмысыма кедергі болуы мүмкін жағдайларды барынша алдын аламын. Рюкзагымның ішінде бар байлығым жүреді. Оларға зияны тимес үшін су өткізбейтін қаппен қаптап қоямын. Фотоаппаратқа түсірілген суреттердің жады өте ауыр, көп орын алады. Сол себепті флешкаларым өте көп. Хард дискім үшеу. Бірі жұмыста, екіншісі - өзіммен бірге және үшіншісі үйде тұрады. Мына Canon 5D MarkІІІ фотоаппаратының бір жақсысы - ішіне екі флешка салынады. Файлдар екеуіне қатар құйыла береді де, бірі бұзылса, екіншісінде сақталады. Сақтықта қорлық жоқ деген.
Үйден шыққанда ұмытпауым керек дүние - телефон. Ұялы телефонды 2-3 жылда бір ауыстырамын. Қолдануға ыңғайлы болу үшін Samsung-ты таңдаймын. Бір суретті не басқа файлды компьютерге салуыңыз қажет болса, мәселе туындамайды. USB арқылы жалғап, ала бересіз. Смартфонмен бірге қолданатын бір аксессуарым - обьектив. Ол - балық көзі деп аталады. Мәселен, селфи түсіргіңіз келеді, бірақ адамдар сыймай жатады. Сондайда мына обьективтің көмегі зор болады.
Қойын дәптер дегенге үйрене алмай қойдым. Жаңасын ала береміз, ақыры бір-екі бетінен кейін қайда қалғаны белгісіз. Телефоным үнемі қол астында жүретіндіктен, ескертпелердің бәрін осы жерге жазып қоямын.
Өзім жақсы көретінім - Instagram желісі. Бірақ тапсырыс берушілерге ыңғайлы болу үшін барлық желіде бармын. Бірақ, тапсырыс берушілерге барлық желіде қолжетімдіміз. Бірі Facebook, VKontakte қолдануы мүмкін. Бізді іздесе, таппай қалмасын дейміз. Ал, WhatsApp-тың жөні тіптен бөлек. Екі телефон ұстайтын себебім - қуаты таусылса, байланыссыз қалмауы үшін керек.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024