Соңғы үш ай ішіндегі барлық жол-көлік апаттарының 30%-ы Алматыда болған
2015 жылдың қаңтары мен наурызы аралығында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жол-көлік апаттарының деңгейі 3%-ға төмендеді деп хабарлайды Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі.
Еліміздің жолдарында 3686 жол-көлік оқиғасы (ЖКО) болған, 5112 адам зардап шеккен, ал өткен жылдың бірінші тоқсанында 3782 ЖКО болып, 5111 адамның денсаулығына зақым келген.
ЖКО салдарынан жарақат алғандардың саны да төмендеген, 2014 жылдың бірінші тоқсанында 4728, осы жылғы көрсеткіш - 4672.
Барлық ЖКО-ның 30%-ы Алматыда болған. Бұл ретте аймақтағы жол апаттарының саны төмендеген, олардың саны 1163 ЖКО. Солтүстік Қазақстан облысында апат көрсеткіші ең төмен - 44 ЖКО.
Сондай-ақ Ақмола (өткен жылғы көрсеткіш 127, қазіргі - 72) және Қостанай (өткен жылғы көрсеткіш 136, қазіргі - 102) облыстарындағы ЖКО саны азайған.
Ал Астана қаласы (өткен жылғы көрсеткіш 121, қазіргі - 159) мен Жамбыл облысында (өткен жылғы көрсеткіш 220, қазіргі - 241) ЖКО өсімі байқалады.
ЖКО салдарынан зардап шеккендердің саны бойынша да Алматы бірінші орында, мұнда бұл көрсеткіш өткен жылғы 1531 адамнан 1386 адамға дейін төмендеген. ЖКО-да зардап шеккендер саны төмендеген аймақтардың қатарында Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары бар.
Ал Астанада, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында осы жылы ЖКО-да зардап шеккендердің саны өскен.
Статистикаға сүйенсек, апаттардың себептері өзгеріссіз. Бұрынғыша, апаттардың 90%-ы жүргізушілердің жол жүру ережелерін дөрекі түрде бұзуларына байланысты болып отыр. Осылайша, олардың кәнісінен 3468 апат болған, соның ішінде 93 жүргізуші алкогольдік немесе наркотикалық мастық жағдайында болған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024