
Алматы. 8 сәуір. 7kun.kz – Британдық Virgin Media компаниясының сарапшысы сымсыз интернеттің жылдамдығын арттырудың тәсілдерін атады. Бұл туралы РИА Новости The Sun-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтқанда, пайдаланушылар өз интернет-браузерінің кэшін үнемі тазалауы керек, өйткені бұл оның жұмысының жылдамдығын арттыруы мүмкін. Сонымен қатар, браузер нұсқасына назар аударып, мүмкіндігінше жаңартуларды жүктеу керек.
Сондай-ақ, сарапшы интернет жұмысының жылдамдығына антивирустық бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ) әсер ететінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл жағдайда тек сапалы БҚ таңдау керек.
Тағы бір тәсілі – интернет жылдамдығына теріс әсер етуі мүмкін фондық қосымшаларды тоқтату.
Сонымен қатар, Wi-Fi роутердің орналасуына да назар аудару қажет. Байланыс жылдамдығын арттыру үшін оны мүмкіндігінше жоғары орнатуға немесе ол жақсы жұмыс істейтін басқа бөлмелерге орналастыруға болады.
Роутерді терезелердің жанында орнатудың қажеті жоқ – бұл жағдайда үй-жайдың ішіндегі сигнал қуаты төмен болады.
Үй желісіне құпия сөзді орнату туралы да ұмытпау керек, деп еске салды сарапшы. Әйтпесе, басқа пайдаланушылар оған кедергісіз қосыла алады, соның нәтижесінде қосылу жылдамдығы төмендейді.