Нарыққа көшу өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүние жүзінің көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді.
Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңи тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық қаржы-кредит институттарымен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап, трансферт және өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл - валюталық есеп-қисап жүйесі ортақтастыратын резиденттердің бейрезиденттермен, елдің экономикалық агенттерінің "басқа дүниемен" (Ұлттық шоттар жүйесінің түсіндірмесі бойынша) қатынастары. Бұл қатынастарда және сыртқы экономикалық байланыстар жүйесінде қаржы үлкен рөл атқарады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық құралы ретінде Қазақстанды дүниежүзілік экономикаға ықпалдасуды (интегаиялауды) жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Халықаралық экономикалық байланыстар сферасында қалыптасып отырған қаржы механизмі Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы саласында мемлекеттік қаржы саясатын іске асырудың құралы болып табылады (1 сызбаны қараңыз).
Іс-әрекет етудің айрықша нысаны ретіндегі сыртқы экономикалық қызметтің қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валютада ғана емес, сондай-ақ шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарда нақты түрде көрінеді. Бөлгіштік қатынастардың міндетті суъбекгілері шетел мемлекеті, халықаралық ұйым, фирма және басқалары арқылы шетелдік әріптестер болып табылады. Қаржы қатынастары ұлттық экономикалардың шекарасы-нан шығып кетеді және халықаралық ықпалдастық процестің дамуы мен тереңдей түсуіне жәрдемдесе отырып, оны жүзеге асырады.
Халықаралық байланыстарды дамытудағы қаржының рөлі үш бағыт бойынша көрінеді:
қаржы көздерін іздестіру және халықаралық ынтымақтастықтың әр түрлі бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыру;
халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу;
халықаралық қатынастардың әрбір түрін және бұл қатынастардың тікелей қатысушыларын ынталандыру.
Дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар жатады:
1) сыртқы сауда;
2) шетелдік инвестициялау:
бірлескен кәсіпкерлік, соның ішінде заңи тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік қатысу;
3) концессиялар - елдің аумағында шаруашылық және өзге қызметті жүзеге асыру үшін мемлекет меншігіндегі табиғи ресурстарды, әр түрлі объектілерді пайдалануға мүлік құқықтарын алу, меншікті жалдау;
4)Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы-кредит ұйымдарына қатысуы; сыртқы экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік кредиттер мен қарыздарды беру байланысты және халықаралық қаржы және басқа ұйымдарға жарналар төленеді;
5) ғылым, техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынтымақтастық;
6)шет елдерде елшілікгерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді ұстау жөніндегі есеп-қисаптарды жүргізу.
Сыртқы экономикалық қызметке сонымен бірге шетелдік активтерге: бағалы қағаздарға, шетелде өнеркөсіп және басқа объектілер салуға капитал жұмсау нысанындағы сыртқы инвестициялау жатады; алайда, қызметтің бұл түрі Қазақстанда қаржылық және материалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігінен нашар дамыған. Мұндай активтер айтарлықтай дәрежеде шетке "капиталдың кемуі" болып табылады.
Арнаулы (еркін) экономикалық аймақтарды - айрықша құқықтық және экономикалық режімі бар арнайы бөлінген аумақтарды қалыптастыру қызметтің ерекше түрі болып табылады, олар аймақты жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін шетелдік капиталды, прогресивті шетелдік технологиялар мен басқару тәжірбиесін тарту мақсатымен құрылады.
Аталған сыртқы экономикалық байланыстарды дамьпу республиканың шетелдермен валюта-қаржы, есеп-қисап және кредит қатынастарының негізіне қойылған (2 сызбаны қараңыз).
Сыртқы сауда экспорт пен импортты қамтиды. Өндірістің қазіргі қалыптасып отырған құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі өзірше шикізатқа, түсті металдарға, материалдарға, отынға, астыққа және шала фабрикаттарға тиіп отыр.
Сонымен бірге қазіргі кезде өндірістің қалыптасқан құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі минералдық өнімдерге- 50% тиеді, оның үстіне мұнай мен газ конденсатының үлес салмағы 50% құрайды. Металлургия өнеркәсібінің өнімі 22,4% , химия өнеркесібінің өнімі 5%, азық-түлік тауарлары мен оларды өндіруге арналған шикізат 7% алады. Агроөнеркөсіп кешенінің негізгі баптары мақта талшығы, астық және былғары шикізаты болып қалуда.
Қаржы практикасында экспорттың бюджеттік тиімділігі -валюталық түсім-ақша мен шығындардың (өнім өндіруге жұмсалынған шығындардың, ішкі бағалардағы оның құны және қосымша шығыстар - көлік, жүкті ауыстырып тиеу, порттарда, стансаларда сақтау шығындарының) ара салмағы ұғымы қолданылады.
Валюталық түсім-ақша Ұлттық банктің бағамымен теңгеге қайта саналады. Экспорттың тиімділігі оның құрылымын жетілдіруді арттыру, яғни машина жасау өнімін, қызметтің еңбекті және ғылымды көп қажетсінетін түрлерін көбейту жолымен мүмкін болады.
Импортта негізгі баптар машиналар, құрал-жабдық, көлік құралдары, приборлар - 41%, химия өнімдері, пластмассалар, каучук - 15% , минералдық өнімдер - 13%, асыл емес металдар мен оларды өндіруге арналған шикізат - 9%, басқадай баптар -11% болып табылады.
Макроэкономикалық теорияға сәйкес экспорттың импорттан асып түсуі таза экспорт таза ұлттық өнім көлеміне (19.2 бөлімді қараңыз) оның мультификациялануы (көбеюі) әсеріне байланысты ұлттық экономиканы дамытудың қолайлы факторы деп есептеледі. Сонымен бірге бұл асып түсу елдің төлем балансының (ондағы сауда балансының едәуір ара салмағы жағдайында) оң айырмасын тудыруы мүмкін. Жалпы валюталық қаражат-тардың экспорттық түсімдері есебінен елдің импорты қаржыланады. Қысқа мерзімді жоспарда импорттың экспорттан асып түсуі қолайсыз фактор болып табылмайды, өйткені отандық тұтынушылар қажетті тауарларды, әсіресе олардың меншікті рыноктағы тапшылығы кезінде көп алады. Алайда ұзақ мерзімде бұл құбылыс төлем балансының пассивін теңестіру үшін пайда-ланылатын ресми валюталық резервтердің сарқылуына ұрындыруы мүмкін. Төлем баланстарының орнықты және ұзақ тапшылықтары экономиканы күрделі қайта құруды, сауда тосқауылдары мен басқа шектеулерді қажет етеді, ұлттық валютаның құнсыздануына, елдің сыртқы берешегінің көбеюіне соқтырады.
Экспорт-импорт операцияларын жүргізуде республиканың негізгі әріптестері жақын шетелдер, дамыған капиталистік елдер болып отыр.
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі - шетел инвесторларының қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым міндеттерін шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту және экспорттық әлуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Сыртқы кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резервтері жасалған, олар сонымен бірге ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді қамтамсыз етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың қорлары болып табылады.
Шетел капиталы елге кредит, дамуға ресми көмек, инвестициялар сияқты үш әр түрлі нысанда түседі. Алғашқы екі нысан туралы баяндалған болатын.
Инвестициялардың екі түрі болады: тура жөне портфелдік. Тура инвестициялар дегеніміз шетелдік капиталды оның егесінің өз тәуекелдігімен пайда алу үшін басқа елдің экономикасына жұмсауы. Портфелдік инвестициялар - қаражаттарды жалған капиталға - басқа елдің заңи және жеке тұлғалары шығаратын бағалы қағаздарға жұмсау.
Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:
1) шетелдік инвесторлардың қызметімен байланысты әкімшілік рәсімдерді ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік және шекаралық бақылаудан өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама беру және т.б.;
2) елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру (жеңілдетілген мөлшерлемелер, инвестицияларға немесе кредиттерге салықтық шегерімдер, жеңілдетілген баждар, жеделдетілген амортизация (өтелім) жене басқалары);
3) жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын қамтасасыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;
4) пайда өкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру.
Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвсстиция ұғымын ала келді. Бұл өркениетгі әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына айналып кеткен ұғым болып табылады. Әу баста елімізге келген шетелдік инвесторлар мұнай мен газ саласына көбірек қаржы құйғаны мәлім. Қазіргі уақытта да инвестицияның басым бөлігі кен-қазба байлықтарын құрайды. Өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі істері елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзеге асырыла бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына мүмкіндік береді. 1993 жылдан 2003 жыпға дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасына 25,8 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел инвестициясы тартылды. Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура инвестициялардың 80 пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр. Дүниежүзілік банк біздің елімізді "инвестициялар әкелуге ете қолайлы 20 елдің қатарына қосты. Халықаралық "Moody's Investors Service" рейтинг агенттігі Қазақстанға қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары рейтингін берді. Бұл Қаржы министірлігіне төмен пайызбен, біріншіден, кредиттер алуына мүмкіндік береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық банктерінің тиісті рейтингтері жоғарылайды. Енді бұған Қазақстанның нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси тұрлаулылықты, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытга дамып келе жатқанын танып отырғаны тұлғаланып шығады.
Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Бүкіл дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта қүру және даму банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы институттарымен, басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен іс-әрекетті үйлестірудің үлкен мәні бар. Сонымен бірге Қазақстан Респуб-ликасы бүгінде дүние жүзіндегі үлкенді-кішілі 80 халықаралық ұйымға мүше болып табылады, олардың 61-іне қаржылық міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сәйкес республика халықаралық қаржы-кредит және басқа ұйымдарға қатысудан туындайтын мүшелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша қажетті төлемдерді жүзеге асырады. Айта кету керек, 1992 жылдан бергі уақыт ішінде Қазақстанның халықаралық ұйымдарға берешегі 21 миллион АҚШ доллары көлеміне жеткен.
Туризм әлемнің көптеген елдерінде экономика мен қоршаған ортаға әсер ететін маңызды әрі кешенді фактор болып табылады. Дүниежүзілік туризм ұйымының мөлшерлеуінше, әлемдік экономиканың бір саласы турзм жалпы ұлттық өнімнің 10 пайызын, халықаралық инвестицияның 11 пайызын береді екен. Бұл туризмнен түсетін пайданың мұнай мен көлік тасымалынан кейінгі үшінші орынды мығым иеленіп отырғанын көрсетеді.
Ел экономикасын дамытуға үлес қосуға тиіс туризмді өркендету Қазақстанда арнайы зандастырылғаны мәлім. Статистика жөніндегі республикалық агенттік мәліметтері бойынша 2003 жылы елімізде 713 туристік фирмалар мен агенттіктер жұмыс істеп, 229 мың туристер мен экскурсанттар қызметін пайдаланған. Туристік фирмалардың негізгі кіріс көздері жолсапарлық туризм болып табылады, оның үлесі 61,2 % құрайды.
Соңғы кездері шетелден келетін туристерді ынталандыру жөніндегі бірқатар мәселелер өз шешімін тапты: туристік қызмет көрсету экспортына салынатын қосымша құн салығы алынып тасталды, туроператорлық қызметті жүзеге асыратын туристік ұйымдарға мемлекеттік қолдау көрсету "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет көрсету туралы" Заңмен бекітілді және т.б.
Сонымен қатар, бүгінгі танда республикада туристік саланы дамытудың шешілмей отырған бірқатар проблемалары бар. Бірқатар шынайы факторлар саланың қалыптасуын тежеп отыр. Бұл ең алдымен туристік индустрияның өзіндегі, онымен сабақтас салалардағы менеджменттің әлсіздігі, туристік инфрақұрылым нысандарының негізгі қорының тозуы.
Шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді ұстауды және олардың жүмысын қаржыландыру дамудың кезіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстар қызметінің бірі болып отыр.
Тәуелсіз даму жылдарында еліміздің сыртқы саясатын белгілейтін Президенттің тікелей басшылығымен Қазақстан дипломатиясы ойдағыдай дамып, ол біздің мемлекеттің әлемдік қауымдастықтан өзінің лайықты орын алуына жақсы қызмет етті. Осы уақыт ішінде қатынас орнатқан елдеріміздің жалпы саны 121 болды. Бүгінде Қазақстанның БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ секілді 64 халықаралық ұйымда өкілдігі бар. Шет елде 50 шетелдік мекеме, соның ішінде 32 елшілік, 4 тұрақты өкілдік, 2 дипломатиялық миссия, 3 бас консулдық, 10 консулдық және 1 төлқұжат- виза қызметі жұмыс істейді. Көптеген елдерде Қазақстанның елшілері қосымша елшілік қызмет атқарады.
Сыртқы экономикалық қызметті дамытудың негізі көптеген шаруашылық заңдарында қаланған. Бұл қызметті кеңейту өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен бәйгелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономиканы қалыптастыруды қажет етеді.
Сыртқы экономикалық қызметті жетілдірудің негізіне сыртқы рынокта республика кәсіпорындарының, ұйымдарының және аймақшарының дербестігін кеңейту идеясы, коммерциялық операцияларды шаруашылық жүргізуші субъектілерге бере отырып сыртқы экономикалық қызметті мемлекет иелігінен алу және орталықсыздандыру қойылған (олардың іскерлік дербестігін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың функцияларын бұл операцияларды реттеу мен ынталандыруға шоғырландыру кезінде). Сыртқы экономикалық қызметті басқару негізінен құқықтық және экономикалық тұтқаларға (кеден баждары, салықтар, валюта бағамы, банк пайызы) аударылып отыр. Сыртқы экономикаяық қызметтің стратегиялық бағыты - ұлттық валютаның тұрақты жұмыс істеуі және валюта рыногын дамыту. Валютаның нарықтық бағамы экспортты кеңейту мен импортты оңтайландыру (рационализациялау) жөніндегі сыртқы экономикалық қызметті ынталандыру мен реттеудің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Көсіпорындардың валюталық дербестігін кеңейту үшін нарықтық бағамдар бойынша оны еркін сатып алу-сатудың валюталық ішкі рыногы құрылған. Қалыптасқан валюта бағамының негізінде валюта биржасында сауда-саттықты жүргізгенде валютаға сұраным мен ұсынымның ағымдағы ара салмағының негізінде Ұлттық банк валюталардың бағамын белгілейді. Валюта және кредит операцияларына коммерциялық банктер шығады, шаруашылық жүргізуші субъектілер мүлікті кепілдікке салып шетелдік кредиттерді өздігінше тартуға құқық алады.
Компаниялардың, фирмалардың, ұйымдардың, банктердің сыртқы экономикалық кепілдіктерін сақтандырудың жүйесі құрылуда.
Дамудың бағдарламаларына сәйкес сыртқы экономикалық саясат сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға бағытталған. Дүниежүзілік конъюнктура мен шетелдік бәсекенің қолайсыз дамуынан ұлттық рыноктың мүдделерін қорғау үшін импорттық тауарлардың түсуін реттеу мақсатына сәйес импорттық баждар қайта қаралады. Ортақ мүдделері бар елдердің біртұтас экономикалық кеңестігінің шекарасындағы сыртқы экономикалық қатынастардың негізгі мәселелері жөніндегі ұлттық заңнама сәйкестендіріледі.
ТМД елдерімен сыртқы экономикалық қатынастар бөлігінде стратегиялық курс экономикалық одақты сақтау және тәртіпке келтіру, бұл елдердің кәсіпорындары арасында қалыптасқан кооперацияны қолдау, әскери өндірістерді; көлік, байланыс, энергетика, ғылыми-техникалық прогресс, кадрларды дайындау сферасында, экологиялық проблемаларды шешуде, қорғанысты қайта бағдарлау жөніндегі күш-жігерді біріктіру болып табылады.
Сыртқы экономикалық қызмет қалыпты жүзеге асырылуы үшін дамыған сыртқы экономикалық инфрақурылым қажет. Осы мақсатпен Үкіметтің, Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің, Ұлттық банктің құрылымында сыртқы байланыстарды басқарудың органдары құрылған. Валюталық операциялар жасауға лицензиясы бар коммерциялық банктердің, мамандандырылған тауар биржаларының желісі жұмыс істейді.
Сыртқы экономикалық байланыстарды басқару органдарының аса маңызды функциясы валюталық қатынастарды реттеу болып табылады. Валюталық реттеу - нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту, ақпарат жинау, валюта заңнамасының сақталуын бақылау және заңдарда көзделгсн санкцияларды қолдану.
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық банкі, Қаржы министрлігі заңдарға сәйкес валюталық реттеу функцияларын жүзеге асыратын негізгі валюталық реттеу органдары болып табылады. Үкімет және өзге де мемлекеттік органдар зандарға сәйкес оз құзырының шегінде валюталық реттеуді жүзеге асырады. Бұл органдар сонымен бірге валюталық бақылауды да жүзеге асырады. Мұндай фукнцияны сондай-ақ валюталық бақылаудың агенттері - уәкілетті банктер мен уәкілетті бейбанктік қаржы мекемелері де орындайды, оларға алынған лицензияларға сәйкес операциялар жүргізген кезде валюта заңнамасының сақталуына бақылау жасау міндеті жүктелінген.
1.2 Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әр түрлі нысандар мен әдістерді қамтиды. Реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:
1) сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;
2) салық салу;
3) инвсстициялау;
4) сыртқы қарыз алу;
5) сыртқы берешек
6) экспортты қаражаттандыру
Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, сондай-ақ жанама әдістерді кіріктіреді.
Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар жатады. Экспорт пен импортты лицензиялау мен квоталау шикізат ресурстары мен тауар қорларының шектеулігі жағдайында ішкі рынокты толтырып, тұрақтандыру мақсатымен уақытша шаралар ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке (сыртқы саудаға, валюталық операцияларға және басқаларға) мемлекеттік монополия қойылуы мүмкін.
Реттеменің жанама немесе экономикстық әдістері неғұрлым пәрменді және дамыған сыртқы экономикалық қатынастарға сай болып табылады. Бұларға салықтар, соның ішінде кеден баждары, валюта бағамы, дуниежүзілік баға, сыртқы кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, облигациялардың, басқа бағалы қағаздар мен төлем қаражаттарының бағамы жатады.
Валюта бағамы немесе басқа елдің валютасының ақша бірлігінде тұлғаланатын ұлттық ақша бірлігінің бағасы барлық ішкі бағаларды басқа елдің бағаларымен байланыстырады. Валюта бағамының ауытқуы отандық тұтынушылар үшін басқа елдің тауарларының бағасын өзгертеді және, керісінше, отандық тауарлардың бағасы басқа елдің тұтынушылары үшін өзгереді. Сөйтіп, бұл өзгерістер экспорт пен импорттың тартымдылығына әсер етеді; ұлттық валюта бағамының басқа елдің салыстырмалы валютасынан азаюы жағдайында экспорт дами бастайды, кері жағдайда импорт дамиды, өйткені бірінші жағдайда отандық тауарлар шетелдіктер үшін арзандайды және бұл тауарларға олардың тарапынан сураным ұлғая түседі; екінші жағдайда импорттық тауарлар арзандайды және өздерінің елінде бұл тауарларға сұраным ұлғая түседі екінші жағдайда импорттық тауарлар арзандайды және өздерінің елінде бұл тауарларға сұраным артады.
Мемлекеттің валюта бағамдарының жүйесі икемді (құбылмалы) немесе тіркелген валюта бағамдары түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.
Икемді бағамдар жүйесі кезіндс айырбас валюталардың сұранымы мен ұсынымы негізінде жүзеге асырылады, тіркелген бағамдар жүйесі кезінде ұлттық валютаның алтынға немесе басқатұрлаулы валютаға белгілі бір қатынасы белгілінеді; екінші жағдайда мемлекет бұл ара қатынасты реттеп отырады, сөйтіп елдің төлем балансының теңгерімділігіне жету мақсатында валюта рыногының қызметіне араласады. Бұл орайда шетелдік валюта ба-ғамының кемуі экспорт кезінде құнның импорт кезіңде өтелінетін шығасын тудырады және керісінше, бұл бағамның көтерілуі кезінде ысыраптар импорт кезінде пайда болады, бұл қосымша экспортпен жабылуы тиіс (1 кестені, А бөлімін қараңыз).
1 кесте. Валюта бағамдары өзгерісінің экспорт пен импорттың көлеміне әсері (шетелдік ақша өлшемдерінде шетелдік ақша өлшемі және ұлттық ақша өлшемінде - ұлт. ақша өлш.)
КӨРСЕТКІШТЕР | Бағамдар нұсқалары | ||||||
1-қалыпты | 2-төмендетілген | 3-көтеріңкі | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | ||||
Бағамдардың арақатынасы (шет. ақша өлш.: ұлт. ақша өлш.) Ақшаның бастапқы сомасы (мың ұлт. өлш.) А. Тіркелген бағамдар Экспорт Алынған экспорттық түсім-ақша (мың шет. ақша өлш.) | 1:150 10000 100 | 1:140 100 | 1:180 100 | ||||
Белгіленген бағам бойынша қайта саналған экспорттық түсім-ақша (мың ұлт. ақша өлш.) | 1500 | 1400 | 1600 | ||||
Валюталардың қалыпты бағамының шарттарынан ауытқу (мың ұлт. өлш.) | -100 | 100 | |||||
Импорт 1. Отандық импортшы үшін: Шетелдік валютаға қайта саналған ақшаның сомасы (импорт құны, мың шет. ақша өлш.) | 66,7 | 71,4 | 62,5 | ||||
Ішкі рыноктағы сатудың көлемі (рыноктық шарттар бойынша мың ұлт. өлш. 1:150) | 10000 | 10710 | 93,75 | ||||
Валюталардың қалыпты бағамының шарттарынан ауытқу (мың. ұлт. өлш.) | - | 710 | - 625 | ||||
2. Шетелдік импортшы үшін: Жеткізілім келемі (мың. шет. өлш.) | 100 | 100 | 100 | ||||
Әткізуден алынған табыс (мың ұлт. өлш.) | 1500 | 1500 | 15000 | ||||
Шетелдік валютаға қайта саналган өткізуден алынған табыс (мың ұлт. өлш.) Шетелдік импортшы үшін ауытқу (мың шет. өлш.) | 100 | 107,1 7,1 | 93,7 -6,3 | ||||
Б. Икемді бағамдар Экспорт Жеткізілім көлемі (мың ұлт. өлш.) | 10000 | 10000 | 10000 | ||||
Шетел рыноктарында сату (мың ұлт. өлш.) Еркін бағам бойынша ұлт. өлш. қайта саналған өткізуден алынған табыс (мың ұлт. өлш.) | 66,7 10000 | 71,4 10000 | 62,5 1000 | ||||
Импорт 1. Отандық импортшы үшін: Валютаға қайта саналған қаражаттардың сомасы және сатып алу көлемі (мың шет. өлш.) | 66,7 | 71,4 | 62,5 | ||||
Ішкі рыноктағы сатудың көлемі (мың ұлт. өлш.) | - 10000 | 10000 | 1000 | ||||
2. Шетелдік импортшы үшін: Шетелдік өлшемдегі жеткізілім көлемі (мың шет. өлш.) | 100 | 100 | 100 | ||||
Өткізуден алынған табыс (мың шет. өлш.) | 1500 | 1400 | 1600 | ||||
Валютаға қайта саналган өткізуден алынған түсім-ақша (мың шет. өлш.) | 100 | 100 | 100 | ||||
Импорт кезінде (шетелдік импортшы үшін) шетел валютасы бағамының жергілікті валютаға салыстырмалы төмендеуі жергілікгі рынокта мүмкіндіктердің кеңейгендігін білдіреді (2-нұсқа) және керісінше, бұл бағамның артуы импортталатын тауарларға бағаның өсуіне байланысты рыноктың тұқыруына ұрындырады (3-нүсқа).
Отандық импортшылар үшін бағамдардың ауытқулары шетел тауарларын сатып алу жөніндегі мүмкіндіктерінің өзгеруін білдіреді.
Сөйтіп, валюта бағамы экспорт пен импорттың көлеміне әсер етеді. ол, өз кезегінде, қаржы құралдары - экспорт мен импортқа салынатын салықтар, кеден баждары арқылы алынатын және бөлінген қаржы ресурстарының мөлшеріне және мемлекеттің де, сондай-ақ экспорттық өнімді, тауарды, қызметтерді өндірушілердің де немесе оларды тұтынушылардың да қаржы жағдайына ықпал жасайды.
Дағдарысты ахуалдар кезінде: өндірістің едәуір құлдырауы мен қанағаттанғысыз сұраным тудырған инфляция кезінде сыртқы экономикалық тепе-теңдікті айқындайтын микроэкономикалық үйлесімдер мен қағидаттар бұзылады әрі бұрмаланады. Бұл тұтыншыларды импортқа жалпыға бірдей бағдарлаумен, өскелең импортты жабу үшін экспорттық валюталық түсім-ақшаның жетіспеушілігімен, ұлттық валютаның тұрлаулы валютаға қара-ғанда бірден қүнсыздануымен қосарлана жүреді. Орталық банк валюта резервтерінен айырыла отырып немесе халықаралық қаржы ұйымдарына қолдауды өтіне отырып, өзінің ақша бірлігінің бағамын қолдап отыру үшін валюталық басқыншылықтар жүргізуге мүдделі болады. Дағдарыстың одан әрі дамуы мемлекетті едцің өмірлік тіршілігіне сондай қажет болып отырған импортты да шектеуге мәжбүр етеді, өйткені оны төлеуге ақшасы жоқ. Экономикасы шикізатқа бағдарланып отырған елдерде ұзаққа созылған дағдарыстар экспорттың бірден-бір көзі болып отырған табиғи ресурстардың сарқылуына, экономикалық, тіпті саяси тәуелсіздікті болуы мүмкін жоғалтуға жеткізеді.
Салықтар сыртқы экономикалық қатынастардың маңызды реттегіші болып табылады; бұл жерде әңгіме жалпымемлекеттік салықтар, сондай-ақ арнаулы - бірлескен кәсіпорындардың пайдасына салынатын салықтар, кеден баждары (экспорт пен импортқа салынатын салықтар) жөнінде болып отыр.
Көптеген мемлекеттерде экспорт пен импортты кедендік-тарифтік реттеу жүргізіледі.
Кеден кодексі кеден аумағының, кеден баждарының және кеден алымдарының бірлігі негізінде кеден ісінің қағидаттарының (яғни тауарлар мен өзге де заттардың кеден шекарасы арқылы өту тәртібін, кеден салығын салуды, ресімдеуді, бақылауды және кеден саясатын жүзеге асырудың басқа құралдарын) белгілейді.
Кеден тарифі ішкі рыноктағы шетелдік бөсекені реттейді. Кеден тарифі кеден баждары мөлшерлемелерінің жүйеленілген жиынтығы болып табылады, олар республиканың кеден аумағына әкелінетін және бұл аумақ шегінен әкетілетін тауарлар мен езге де заттарға салынады.
Кеден ісін жүзеге асыру кезінде кеден органдары алатын, заңнамада белгіленген және мөлшерлемелерін Үкімет белгілейтін кеден төлемдерінің басты түрлерінің бірі кеден баждары - ұлттық шекара арқылы тасылатын тауардан кеден тарифінде қарастырылған мөлшерлемелер бойынша мемлекет алатын салықтар (2 кестені қараңыз). Отандық практикада баж салығының адвалорлық, айрықшалықты және құрамдастырылған мөлшерлемелері кең тараған: адвалорлық- салық салынатын тауарлардың құнына пайызбен, айрықшалықты - бөлгіленген мөлшерде салық салынатын тауарлардың немесе заттардың өлшеміне, ал құрамдастырылған мөлшерлемелер - салық салудың екі түрінің ұштасуы жолымен есептелінетін мөлшерлемелер. Әкелім, әкетілім, транзиттік, маусымдық, арнаулы, демпингке қарсы, өтемдік, протекционистік (қолдампаздық), пұрсаттылықты (преференциалдық) кеден баждары болып ажыратылады. Қазақстанда импорттық(әкелімдік), маусымдық, арнаулы, демпингке қарсы, өтемдік баждар қолданылады.
1996 жылға дейін Қазақстанда экспорттық баждар жұмыс істеді. Экспорттық кеден баждары үкімет анықтайтын тізбе бойынша тауарлардың жеке түрлеріне салынды. Экспорттық баждар меншік нысанына және тіркеу орнына қарамастан занды тұлғалардан, сондай-ақ тауарларды экспортқа шығаратын жеке тұлғалардан өндіріп алынды. Экспорттық баждарды шетелдік валютада экспортерлер төлейді және тауарлар мен қызметтер көрсетудің кеден құнына есептеледі. Бартерлік (тауар айырбасы) операция-лары бойынша тауарлардың өкетілімі кезінде баждың мөлшерлемесі сақталады. Экспорттық кеден баждары көптеген мемлекеттерде қолданылады және сыртқы сауда айналымының, дүниежүзілік рыноктардағы тауарлар бағасының, олардың бәсекеге жарамдылығының шынайы реттеуіші болып қалуда және жалпы бүл рыноктардың конъюнктурасына әсер етеді.
Экспорттық кеден баждарының экономикалық мәні - абсолюттік рента. Оны шетелдік сатып алушы төлейді.
2 кесте. Кеден баждарынын түрлері
Алу әдісі бойынша | Айрықшалықты | Адвалорлық | Құрамдастырылған |
Салық салу обьектісі бойынша Сипаты бойынша Шығу тегі бойынша Мөлшерлемелердің типтері бойынша Есептеп шығару одісі бойынша | Импортгық Маусымдық Дербес Тұрақты Атаулы (номиналдық) | Экспорттық Демпингке қарсы Конвенциялық Ауыспалы Тиімді | Транзитгік Өгемдік Пұрсаттылықты - - |
Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру, елдің импорттық саясатын тиімді жүзеге асыру, сыртқы экономикалық қызметтен мемлекеттік бюджеттің кірістерін көбейту мақсатымен Қазақстанда импорттық кеден тарифі енгізілді. Импорттық кеден тарифі қарастырған кеден баждары құнына пайызбен белгіленген және теңгемен (Ұлттық банк белгілейтін теңгенің бағамы бойынша кедендік құнды қайта есептей отырып) немесе импортшының таңдауы бойынша еркін айырбасталымды валютамен төленеді.
Тауардың кедендік құны - кеден шекарасын кесіп өткен мезеттегі нақты төленген баға. Оған фактура-шотқа сәйкес тауардың бағасы, сондай-ақ фактура-шотқа кірмеген нақты шығыстар қосылады.
Импорттық кеден баждарының жүйесі ұлттық өндірісті шетелдік өнім экспансиясынан қорғайды: отандық тауарлармен бәсекелесетін тауарларға жоғары импорттық баждар,жоқ немесе ел ішінде жеткіліксіз көлемде өндірілетін тауарларға төмен баждар салынады. Бұл қағидат бір мезгілде мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толтыру жөніндегі мемлекеттің фискалдық мүдделерін қамтамасыз етеді.
Қазақстанның кеден шекарасы арқьшы тауарлар алып өткен кезде және оның кеден заңнамасында белгіленген басқа да жағдайларда кеден баждарынан басқа кеден төлемдерінің мынадай түрлері төленеді:
кеден ресімдеуі үшін кеден алымы;
тауарларды сақтау үшін кеден алымы;
кедендік ілесіп алып жүру үшін кеден алымы;
Қазақстан Республикасы кеден органдарының лицензия беру алымы;
кеден ресімдеуі жөніңцегі маманның біліктілік аттестатын беру алымы;
алдын ала шешім үшін төлемдер және т.б.
Қаржы министрлігі мен оның Кедендік бақылау комитеті кеден төлемдерін алудың тәртібін анықтайды, ал оның органдары кедендік мағлұмдамаға сәйкес тауарларды кедендік бақылауға ұсынған кезде төлемдерді төлеуді тексереді.
ТМД мемлекетінде өнім жекізілімі үшін кеден баждарын төлеу қолданыстағы заңнамаға және осы елдермен жасасқан үкіметаралық келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
ІІ Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржыларды талдау
2.1 Валюта ресуростарының қалыптасуы
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады. Сырт-қы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюта түсімдерінің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта - теңгені нығайту үшін бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде де орталықтандырылған валюта қорлары құрылады.
Мемлекеттің, мемлекеттік емес сектордың валюта ресурстары валюталық операциялар жасалынған кезде қалыптасып, пайдаланылады. Валюталық операциялар - бұл: меншік құқығының және өзге құқықтардың валюталық құндылықтарға өтуіне байланысты, соның ішінде шетел валютасы төлемдері мен шетел валютасындағы төлем құралдарын қаражат ретінде пайдалануға байланысты мәмілелер; валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен елге немесе елден әкелу әкету және жөнелту; ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен (немесе) құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен бейрезиденттердің арасындағы мәмілелер.
Валюталық операциялар ағымдағы және капитал қозғалысына байланысты операцияларға бөлінеді.
Ағымдағы операцияларға мыналар жатады:
тауарлар мен қызметтерге төлем мерзімі ұзартылмаған есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін ақша аудару;
экспорт-импорт мәмілелері бойынша 180 күннен аспайтын мерзімге кредит беруге байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру;
180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру жене кредиттер алу;
депозиттер, инвестициялар, қарыз және өзге де операциялар бойынша ақша аудару және дивидендтер, пайыздар, тағы басқа кірістер алу;
сауда түріне жатпайтын ақша аударымдары, оған қоса гранттар, мұрагерлік сомалардың аударымдары, жалақы, зейнетақылар, алименттер және өзге операциялар.Капитал қозгалысына байланысты операциялар мыналарды қамтиды:
инвестициялар;
жылжымайтын мүліктің мүліктік және басқа да құқықтарына төленетін ақша аударымдары;
180 күннен астам мерзімге экспорттық-импорттық мәмілелер бойынша кредит беру және алу.
Валюталық операциялар: экспорт, импорт, қызметтер көрсету, капиталды инвестициялау, халықаралық, мемлекеттік және коммерциялық кредит, экономикалық көмек көрсету, елдің алтын- валюта резервтерінің қозғалысы, дипломатиялық және басқа органдарды ұстау, шетелдік іссапарлар, туризм, халықтың миграциясы, мемлекетаралық трансферттер, мәдени, ғылыми, тех-никалық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызметтің басқа түрлері кезінде жасалады.
Елдегі пайдаланылатын барлық валюталық ресурстардың түсу көздері болуы тиіс, сондықтан сыртқы экономикалық қызметтің аталған түрлерінің көбісі валюталық ресурстардың орнын толтырады, одан қаржыланады.
Валюталық ресурстар қаржы ресурстарының құрамды бөлігі болып табылады және ұқсас орталықтандырылған (мемлекеттік) және орталықтандырылмаған (шаруашылық жүргізуші субъектілердің ресурстары) болып бөлінеді.
Мемлекеттік валюта ресурстары мыналардың есебінен қалыптасады:
экономиканың мемлекеттік секторының-кәсіпорыңдардың, ұйымдардың, компаниялардың, фирмалардың, қоғамдардың және т.б. өнімін, тауарларын және қызметін экспортқа шығарудан түскен түсім- ақшадан;
тауарлар мен жүктердің кеден шекарасы арқылы қозғалысы жөніндегі операцияларды дайындау кезіндегі шетел валютасындағы кеден баждарынан, басқа төлемдерінен;
келісімшарттардың, мәмілелердің, контракттардың шетелдік қатынасушылары төлейтін салықтардан, бонустардан, роялтилерден түсетін түсімдерден;
валюталық заңды бұзғаны үшін шетелдік валютада төленген айыппұлдар мен өсімнен;
шетел банктеріне және басқа қаржы ұйымдарына депозиттерді орналастырудан түсетін түсімдерден, сондай-ақ шетелдердегі мүлік пен активтерді пайдаланғаннан алынған табыстардан;
шетел мемлекеттерінің, банктерінің, халықаралық және мемлекетаралық қаржы ұйымдарының кредиттері мен қарыздарынан;
валютадағы гранттар мен тегін көмек түріндегі түсімдерден.
Валюталық ресурстар көбінесе мемлекеттің қарамағына шо-ғырландырылады. Басым мәселелерді орындау үшін немесе жалпы мемлекеттік ресурстардың бір бөлігі жергілікті органдарға берілуі мүмкін. Бұдан басқа, биліктің жергілікті органдары валютаны валюта рыногында сатып ала алады. Мемлекетгің уәкілетті органдары мен оның қаржы агенттері де банкаралық биржада валютаны сатып алушылар бола алады.
Мемлекеттің валюта ресурстары былайша пайдаланылады:
1) Ұлттық банк: " валюталық басқыншылықтарды" - елдегі тұрақты ақша айналысын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің стратегиялық жоспарлармен анықталатын, реттелетін деңгейде ұлттық валюта бағамын қолдап отыру мақсатында валютаны сатуды жүзеге асыру үшін; Ұлттық банктің қарыздары мен басқа міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін;
2) Қаржы министірлігі: қарыздар туралы келісімшартпен белгіленген уақытта сыртқы берешекті өтеу графигі бойынша жабу үшін; халықаралық ұйымдардағы мүшелік үшін жарналар төлеу; елшіліктердің, консульдықтардың, өкілдіктердің және басқа елдердегі осындай органдардың жұмысын қаржыландыру үшін;
3) Үкімет органдары: мемлекеттік қажеттерді - тауарлар мен көпшілік қолды бұйымдарды импорттау жөніндегі орталықтандырылған сатып алуды қанағаттандыру үшін;
4) Басқарудың жергілікті органдары - коммуналдық шаруашылықтың, өндірістік емес сфераның қажеттіліктерін, аймақтардың жергілікті инфрақұрылымын дамытуды, халықтың түрлі елеулі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін.
Меншіктің барлық нысандары компанияларының, фирмаларының және ұйымдарының валюта ресурстарының негізгі көзі экспортталатын өнімнен алынған валюталық түсім-ақша болып табылады. Бұрын валюталық түсім-ақшаның бір бөлігін кәсіпорын салықтар мен кеден баждарын төлегеннен кейін Ұлттық банкке оның белгілейтін бағамы бойынша сатуға, ал бір бөлігін уәкілетті банктер арқылы Ұлттық банк белгілейтін тәртіпке сәйкес ішкі валюта рыногында сатуға міндетті болатын. Қолданыстағы тәртіп бойынша заң жүзінде белгіленген салықтар мен баждарды төлегеннен кейін қалған валюта заңи тұлғалардың қарамағында қалады және иегердің немесе құрылтайшының қарап шешуі бойынша жұмсалады.Экспорттық өнім өндірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер және валютаға мұқтаждары, оны валюта рыноктарында ұлттық валютаны айырбастау жолымен сатып алады. Осылайша барлық ұйымдық- құқықтық түрлердің шаруашылық органдары валюта қорларын көбейте алады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта ресурстарын қалыптастырудың келесі көзі - банктердің валюта кредиттері. Өнім өндірумен немесе қызмет көрсетумен айналысатын, басымдық сипаты бар, саланы, аймақты, жалпыұлттық шаруашылықты дамыту тұрғысынан маңызды немесе дамудың тиісті бағдарламалырын жүзеге асыруға қатысатын компаниялар, фирмалар үшін шетел банктерінен алынған кредиттерді елдің үкіметі кепілдендіре алады; Қазақстанда мұндай практика коммерциялық есеп қағидатын дамыту қажеттігімен және қарыз қаражаттарын тиімді пайдалану үшін жауаптылықтың оларды пайдалаушыларға ауысуымен байланысты бірте-бірте шектеліп келеді. Өндірістің осыған ұқсас бағыттарын қаржыландыру үшін валюта қаражаттары компанияларға, фирмаларға үкімет шешімімен орталықтандырылған валюта ресурстарынан бөлінуі мүмкін.
Үлестік негіздерде әрекет ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін (акционерлік, бірлескен, кооперативтік) валюта ресурстарын толықтыруға осы шаруашылық құрылымдары қатысушыларының валютадагы косымша салымдары есебінен жетуге болады.
Валюта қаражаттары түсімдерінің мүмкін болатын көзі келісім шарттарды, арбитраж органдары белгілеген контракттар бойынша міндеттемелерді, басқа елдердің сақтық органдары тарапынан болатын валютадағы сақтық өтемдерді орындамағаны үшін алынатын компенсациялар болып табылады.
Қайта бөлу ретіндегі валюта қаражаттары басқарудың жоғарғы буыны тарапынан төменгі шаруашылық бөліністерге бөлінуі мүмкін (басқарудың бұл деңгейінде валюта қорларын жасау кезінде).
Валюта ресурстарының аталған көздерінің қаражаттары жиынтығында шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта қорларын құрады, бұл қорлар субъектілер ұжымдарының өндірістік және әлеуметтік дамуының әр түрлі мақсаттарына пайдаланылады (“Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары” бөлімін қараңыз). Валюта қорларын пайдаланудың мүмкін бағыттары мыналар болып табылады:
1) дүниежүзілік рыноктарда жұмыс істейтін компаниялардың, фирмалардың экспорттық әлуетін ұлғайту;
2) импортты алмастыратын өнім өндіруді ұйымдастыру немесе мұндай өнімнің қолданыстағы өндірісін ұлғайту; бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін валюталық ресурстар есебінен құрал-жабдық, саймандар, материалдар, технологиялар, лицензиялар, ноу-хау сатып алынады, негізгі құралдардың лизингі жөніндегі операциялар жүргізіледі, шетел мамандары шақырылады, кадрларды оқытады.
3) валюталық кредитгерді және оларды пайдаланғаны үшін пайыздар өтеу;
4)мамандандырылған сыртқы экономикалық ұйымдарға сыртқы рыноктерде операциялар жасауға жәрдемдесу жөніндегі қызметтері үшін комиссиялық сыйақылар төлеу;
5) капиталға қатысу ретінде шетелдік компаниялардың, фирмалардың қаржы және кредит мекемелерінің бағалы қағаздарын сатып алуға жұмсау;
6)сыртқы экономикалық міндеттемелер бойынша келісімдердің шарттарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, өтемақылар төлеу;
7) ішкі қажеттілікгерді қамтамсыз ету үшін ұлттық валютаны сатып алу;
8) ұйым ұжымдарының қажетгіліктерін қанағаттандыру үшін тұтыну және мәдени-тұрмыстық арналымның шетелдік тауарларын, дәрілік заттарды, медициналық жабдық пен саймандарды сатып алу (белгіленген нормативтерге сәйкес).
Иегерлердің немесе құрылтайшылардың қарап шешуі бойынша қаржы ресурстарының басқаша пайдалануы да мүмкін.
Заңи тұлғалар өздеріне қарасты валюта қорларын дамудың: өндірістік инфрақұрылымның, бірігіп пайдаланудың объектілері құрылысының, ғылыми зерттеулер жүргізудің және ғылыми зерттемелерді өндіріске енгізудің, келешекке арналған жобаларды, ақпараттық жүйелерді, маркетинттік зерттеулерді қаржыландырудың және т.б. жалпы міндеттерін орындау үшін біріктіруге құқылы.
2.2 Елдің төлем балансы
Кез келген елдің дүниежүзінің басқа елдерімен экономикалық байланыстары оның төлем балансында қамтып көрсетіледі. Төлем балансы дегеніміз уақыттың белгілі бір межелдемесінде бір елдің дүние жүзінің басқа елдерімен шаруашылық операцияларды жалпы қорытып көрсететін көрсеткіштердің жүйесі. Ол мына бөлімдерді қамтиды: ағымдағы шот (сауда балансы);
капиталмен және қаржылармен болатын операциялардың шоты (күрделі шот); резервтік акгивтер; таза қателер мен рұқсатнамалар.
Капиталмен және қаржылармен жасалынатын операциялардың шоттары тура шетелдік инвестицияларды тартуды немесе капиталдың шетелге қайтуын, портфелді инвестицияларды, мигранттардың (жылыстау және құйылым) трансферттерін, коммерциялық кредиттерді, қарыздарды, басқа инвестицияларды (депозиттерді, валютаны және т.б.) бейнелеп көрсетеді.Ағымдагы шот мыналарды қамтып көрсетеді: тауарлармен жасалынатын операцияларды - экспорт пен импортты; қызметтер көрсетуді - жүк, жолаушылар тасымалы, байланыс, туризм қызметгері; техникалық көмек; қарыздардан, кредиттерден алынатын табыстар; трансферттер; ізгілікгі көмек; техникалық жәрдемдесу; гранттар. Қызметтер көрсету факторлық және факторлық емес болып бөлінеді. Факторлық қызметтер көрсету өндіріс факгорларын - еңбек пен капиталды пайдаланудан алынған та-быстардан тұрады, бұл қызметшілерге берілетін өтемақылар, инвестициялар мен резервтерден түсетін табыстар; капиталдан түсетін табыстар дивидендтер, пайыздар, басқадай табыстар түрінде болуы мүмкін. Факторлық емес қызметтер көрсету жүк және жолаушылар тасымалдарын, байланысты, туризмді, көрсететін консультациялық және оқыту қызметтер түріндегі техникалық көмекті және бірқатар қызметтер көрсетуді кіріктіреді.
Ағымдағы операциялар шоты және капиталмен жасалатын шот өзара байланысты: біріншінің тапшылығы сырттан капиталдың құйылымы есебінен жабылады; ағымдағы операциялардың актив шоты жағдайы кезінде капитал мен кредиттер жылыстайды.
Резервтік активтердің жайғасымы монетарлық алтынды, қарыз алудың арнаулы құқықтарын, шетелдік валютадағы талаптарды қамтиды; басқа елдерге қатысты міндеттемелерді шегергеннен кейін таза алтын резервтері жасалады. Бұл жайғасым екі шотты - ағымдағы операциялардың және капиталмен жасалатын операциялардың шоттарын теңестіреді.
Қателер мен рұқсатнамалар "көлеңкелі бизнесті" қоса алғанда, бейрезиденттермен жасалынатын ресми есепке алынбаған операцияларды сипаттайды.
Төлем балансының ерекшелігі сол, онда босалқы қорлар мен қорланымдар емес, қаражаттардың ағыны, олардың кезең ішіндегі өзгерісі қамтып көрсетіледі. Түрлі валюталарға атауланылған операцияларды, соманы аударуды құндық бағалау бірыңғай валютаға келтіріледі (Қазақстанда - АҚШ долларында). Экономикалық құндылықтармен жасалатын операцияларды тіркеу, оларды жасау, трансформациялау, айырбастау, аудару немесе өтеу, меншік иесінің (резиденттің немесе бейрезиденттің) аусымы мезетінде жүргізіледі.
Операциялар қосарлы жазба жүйесі бойынша - дебет және кредит бойынша екі мөлшер теңдігімен, бірақ қарама-қарсылық белгілермен қамтып көрсетіледі. Кредит жазбаларының сомасы дебет сомасына тең болуы тиіс, ал таза баланс нөлге тең болады. Бұл орайда ағымдағы операциялардың шотындағы оң сальдо (кредит жазбаларының асып түсуі) тауарлар мен қызметтерді көрсетудің экспортын, табыстар мен трансферттердің түсуін білдіреді; теріс сальдо (дебет жазбаларының асып түсуі) тауарлар мен қызметтер көрсетудің импортын, табыстар мен трансферттерді төлеуді білдіреді. Күрделі шотта оң мөлшер бейрезиденттер алдында міндеттемелердің өсуін және резиденттер тарапынан бейрезиденттер талаптарды қысқартуды сипаттайды; теріс мөлшер бейрезиденттер алдында елдің міндеттемелерінің қысқаруын және резиденттер тарапынан бейрезиденттерге талаптың өсуін білдіреді.
Төлем балансының жай-күйі ең алдымен сауда балансының жай-күйімен айқындалады. Сондықтан сыртқы экономикалық кызметтегі мемлекеттің іс-қимылдарының аса маңызды мақсаты тауарлар экспорты мен факторлық және факторлық емес қызметтер көрсетуді ұлғайту есебінен төлем балансын сауықтыру болып табылады. Мұндай міндетті шешу ұлттық шаруашылықты тұтынушының орнына "өндіруші тұрпатындағы" экономика арнасына қайта бағдарлау жөнінде едәуір күш жұмсауды және шикізат өндіруші сектордың экспорттық әлуетін ғана емес, сонымен бірге өндірістің кейінгі технологиялық өзгертіп жасау салаларының өнімі бойынша да ұлғайтуды талап етеді. Пайдаланылған әдебиеттер
- Қ.Қ. Ілясов, С.Құлпыбаев “Қаржы”- Алматы, 2005-495 бет.
- Н.Назарбаев “Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму стратегиясы”, -Алматы, 1997 ж.
- Н.Назарбаев “Елдегі жағдай, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы: жаңа ғасырда қоғамды демократияландыру, экономикалық және саяси реформа ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы” .- Алматы, 1998.
- Черняк В.З. Основы экономики в схемах и таблицах. Москва, 2003.
- ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериасы, № 5. 2006
- Қазақ елі 2004, 21 сәуір.
- Мақыш С.Б. “Ақша айналысы және несие ” - Алматы, 2000.
- Брю С.Л. “Экономикс”-Бишкек, 1998.
- Егемен Қазақстан. 2006, 6 маусым.
- Егемен Қазақстан. 2006, 11 мамыр.
- Құлпыбаев С. “Қаржы”. Алматы, 2003.
- Егемен Қазақстан 2004, 19 мамыр.
- Егемен Қазақстан “Қаржы”.2006 . 29 қараша.
- Интернет w.w.w. Coolge kz.
- Н.Ә. Назарбаев Қазақстан -2030. Қазақстан Халқына жолдауы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024