Алматы. 26 маусым. 7kun.kz – 2018 жылдың 26 маусымындағы Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында курста орташа өлшемді бағамы 338,88 теңгені құрады. 25 маусымдағы таңғы сессиямен салыстырғанда ұлттық валюта 0,77 теңгеге қымбаттады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 338,45 теңге, ең жоғары – 339,15 теңге деңгейінде болды, жабылу курсы бір долларға 339,10 теңгені құрады. Доллар бойынша сауда көлемі 29 млн 950 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 70.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 340 теңге, Алматыда – 340,3 теңге деңгейінде сақталды.
АҚШ долларына шаққандағы теңгенің ресми бағамы Қазақстандық қор биржасының екі сессияның қорытындысы бойынша бекітіледі.