Ақпан айында шетелдік валютадағы жеке тұлғалардың депозит көлемі 0,6%-ға төмендеп, 2,89 трлн теңгені, ал заңды тұлғаларды депозиті 6%-ға төмендеп, 3,24 трлн теңгені құрады.
Өз кезегінде ұлттық валютадағы жеке тұлғалардың депозит көлемі 0,7%-ға көбейіп, 1,38 трлн теңгені, ал заңды тұлғалардың депозиті 2,8%-ға көбейіп, 3,73 трлн теңгені құрады.
Жалпы 2015 жылдың ақпан айындағы депозит көлемі 0,8%-ға төмендеді. Жыл басынан бері төмендеу мөлшері 3,7% деп белгіленді.
Ал банкаралық депозиттер көлемі 23,2%-ға көбейіп, 2,12 трлн теңгені құраған. Тенге түрінде салынған жинақ көлемі - 84 млрд теңге.
Доллар күйінде салынған жинақ көлемі 16,1 млрд долларды құрайды (жалпы мөлшердің 95,1%-ы). Орта есептегі сыйақы көлемі бұрынғы 0,07% көлемінде сақталған.
Өткен айда жалпы салынған банкаралық депозиттердің ішіндегі шетелдік валютадағы банкаралық депозиттердің үлесі 0,6%-ға көбейді. Ал резидент емес банктерде салынған шетелдік валютадағы депозит көлемі 0,9%-ға ұлғайған. Ұлттық банк арқылы тартылған депозиттер көлемі 2015 жылдың ақпан айында 33,1 млрд теңгені құрады.





