Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Өткен айдағы валюталы депозиттер көлемі 3,4%-ға азайды

Өткен айдағы валюталы депозиттер көлемі 3,4%-ға азайды

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердегі валюталы депозиттердің көлемі өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 3,4%-ға төмендеді. Ұлттық валютадағы депозит көлемі 2,3%-ға өсіп, 5,11 трлн теңгені құрады деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз-қызметі.

Ақпан айында шетелдік валютадағы жеке тұлғалардың депозит көлемі 0,6%-ға төмендеп, 2,89 трлн теңгені, ал заңды тұлғаларды депозиті 6%-ға төмендеп, 3,24 трлн теңгені құрады.

Өз кезегінде ұлттық валютадағы жеке тұлғалардың депозит көлемі 0,7%-ға көбейіп, 1,38 трлн теңгені, ал заңды тұлғалардың депозиті 2,8%-ға көбейіп, 3,73 трлн теңгені құрады.

Жалпы 2015 жылдың ақпан айындағы депозит көлемі 0,8%-ға төмендеді. Жыл басынан бері төмендеу мөлшері 3,7% деп белгіленді.

Ал банкаралық депозиттер көлемі 23,2%-ға көбейіп, 2,12 трлн теңгені құраған. Тенге түрінде салынған жинақ көлемі  - 84 млрд теңге.

Доллар күйінде салынған жинақ көлемі 16,1 млрд долларды құрайды (жалпы мөлшердің 95,1%-ы). Орта есептегі сыйақы көлемі бұрынғы 0,07% көлемінде сақталған.

Өткен айда жалпы салынған банкаралық депозиттердің ішіндегі шетелдік валютадағы банкаралық депозиттердің үлесі 0,6%-ға көбейді. Ал резидент емес банктерде салынған шетелдік валютадағы депозит көлемі 0,9%-ға ұлғайған. Ұлттық банк арқылы тартылған депозиттер көлемі 2015 жылдың ақпан айында 33,1 млрд теңгені құрады.

 

Похожие материалы