
Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Эгилс Левитсті Латвия президенті лауазымына сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Біздің бірлескен күш-жігерімізді достық пен әріптестікке, тарих пен құндылықтар ортақтығына негізделген Қазақстан – Латвия қарым-қатынастарын нығайтуға бағыттайтынымызға сенімдімін", - делінген жеделхатта.
Сондай – ақ Тоқаев Латвия Президентіне қызметте табыс, ал халыққа-бақ-береке мен өркендеу тіледі.
Еске сала кетейік, Латвия Парламенті 29 мамыр күні заңгер Эгилс Левитсті ел президенті етіп сайлаған болатын. Инаугурация 8 шілдеде өтеді
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025