Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев Латвияның президентін құттықтады

Тоқаев Латвияның президентін құттықтады

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz  - Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Эгилс Левитсті Латвия президенті лауазымына сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Біздің бірлескен күш-жігерімізді достық пен әріптестікке, тарих пен құндылықтар ортақтығына негізделген Қазақстан – Латвия қарым-қатынастарын нығайтуға бағыттайтынымызға сенімдімін", - делінген жеделхатта.

Сондай – ақ Тоқаев Латвия Президентіне қызметте табыс, ал халыққа-бақ-береке мен өркендеу тіледі.

Еске  сала кетейік, Латвия Парламенті 29 мамыр күні заңгер Эгилс Левитсті ел президенті етіп сайлаған болатын. Инаугурация 8 шілдеде өтеді

Похожие материалы