Нұр-Сұлтан. 15 маусым. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қазақстандағы орыс тілінің ахуалы туралы айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
"Менің ойымша, Қазақстандағы орыс тілінің позициясы бәсеңдеді, тарылды және одан бетер кемшілікке ұшырады дейтіндер шындыққа қарсы келуде. Мұның бәрі жағдайды басқаша бұру мақсатындағы пайымдаулар. Бұл не үшін жасалады? Бұл басқа мәселе. Мен оның жауабын білемін. Бірақ қазір бұл біздің әңгімеміздің тақырыбы емес. Жалпы, Қазақстанда орыс тілінің жағдайы нашарлаған жоқ. Мен бұған сенімдімін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, қазақ тілінде білім алуға сұраныс артып келеді.
«Орыс тілі болмаса, әрине, географиялық тұрғыдан қазақтарға өте қиын болатынын анық түсінеміз», – деді мемлекет басшысы.
Президент бұған дейін Қазақстан-Ресей шекарасының ұзақтығын атап өткеніне назар аударды.
«Біз құдай берген көршіміз, қазақтар орыс тілін жетік білуі керек, бірақ сонымен бірге өз ана тілін білуі керек», - деп түйіндеді президент.