Алматы. 3 шілде. 7kun.kz – Total Eren француз мұнай-газ компаниясының еншілес кәсіпорны Қызылорда және Жамбыл облыстарында жалпы қуаты 128 МВт болатын екі фотоэлектр станциясын салады. Жобаның құны 59,7 млрд теңгені құрайды.
Бір станция Жалағаш кентінің маңында (28 МВт), екіншісі – Шу ауылының жанында (100 МВт) орналасады, деп хабарлайды Total Eren баспасөз қызметі.
Жобалар ішінара Еуропа қайта құру және даму банкінің (31,3 млрд теңге) және Азия даму банкінің (11,3 млрд теңге) кредиттік қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Қазақстан тарапынан электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания (KEGOK) жобаның операторы болып табылады.
Екі жоба да ағымдағы жылдың соңына дейін іске қосылады.
Екі жобаның құрылысы кезеңінде 580 адамға дейін жұмыс істейтін болады деп күтілуде, олардың басым бөлігін жергілікті мамандар құрайды.
Станциялардың қуаты шамамен 40 мың адамды электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024