Дональд Трамптың экономикалық стратегиясы негізінен дұрыс емес. Жаңадан сайланған АҚШ президенті үнемдеудің созылмалы тапшылығы бар елде мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру есебінен экономикалық өсуді қалпына келтіруге ниеттеніп отыр. Бұл қазірдің өзінде нормадан әлдеқайда жоғары сауда тапшылығын еріксіз арттыруға апаратын ұлттық жинақ ақшасының одан әрі азаюына апарады.
Бұл динамика «Трампономиканың» осал жерін ашып көрсетеді: экономикалық өсуді сақтап қалу үшін шетел валютасындағы жинақтар және сауда тапшылығына Американың тәуелділігіне қайшы келетін тұрпайы протекционистік үрдіс.
Трамптың әкімшілігі күшті де тұрақты да емес американдық экономиканыны мұраға алады. Ұлы құлдыраудан кейін қалпына келтіру қарқыны қалыпты циклдік жаңғыртудың тек жартысындай ғана - және бұл 2008-2009 жылдардағы айтарлықтай қысқартулар аясында орын алуда. Және өкінішке орай, болашақтағы экономикалық өсудің «егіс дәні» болып табылатын жинақтар тапшылығы жалғасуда. Ұлттық жинақтардың таза мөлшерлемесі - кәсіпорындар, үй шаруашылығы және мемлекеттің жинақтары, девальвацияны ескере отырғанда, 2016 жылдың бірінші жартысында ұлттық табыстың тек 2,4%-ын құрады. Ол 2008-2011 жылдарда жинақтар бойынша теріс позициямен салыстырғанда, жақсару болып саналса да, ХХ ғасырдың соңғы үш онжылдығында болған 6,3% орташа мәннен айтарлықтау артта қалып отыр.
Бұл өте маңызды, өйткені Трамп қарсы шыққан деструктивті сауда тапшылығының себебін түсіндіреді. Жинақтар тапшылығы және экономикалық өсу ынтасы тұрғысынан, АҚШ жетіспейтін жинақтарды шетелден импорттауы керек. Ағымдағы төлем мен сауда теңгерімінің теріс сальдосы - шетелдік капиталды тартудың жалғыз жолы.
Бұл сандармен расталады: 2000 жылы ұлттық жинақтар деңгейі орташа көрсеткіштен айтарлықтай төмендегенде, ағымдағы төлем теңгерімінің теріс сальдосы ЖІӨ-нің 3,8% -ын құрайтын орташа мәнге дейін өсті, бұл 1970 жылдан 1999 жылға дейінгі кезеңдегі 1% -бен салыстырғанда шамамен төрт есе артық. Сол сияқты, таза сауда тапшылығы - елдің сауда теңгерімсіздігінің ең толық көрсеткіші - 2000 жылдан бері ЖІӨ-нің 4% -ын құрады, салыстыру үшін - ХХ ғасырдың соңғы үш онжылдығанда орташа мәні 1,1% болған.
«Трампономиканың» даму динамикасының осындай кейін бұруына себеп-салдары бар. Ол Қытай мен Мексика тәрізді, сауда тапшылығы туындайтын елдерге ерекше көңіл бөліп, осы екіжақты тапшылық Америкада әлдеқайда тереңірек жинақтау мәселесінің белгісі екенін назардан тыс қалдыруда. Бір сәтке делік, АҚШ, сауда тапшылығының ең ірі бірінші және төртінші компоненттері Қытай және Мексикамен тарифтер мен басқа да протекционистік шаралар арқылы саудасын тоқтатты деп ойлап көрейік (Солтүстік Америка еркін сауда жүйесіне (НАФТА) қатысты ұсынылған қайта келіссөздер жүргізу және Мексика қаржыландыратын шекара дауалын салуды қоса алғанда). Американың созылмалы жинақ тапшылығы проблемасын шешпей, сауда тапшылығының Қытай және Мексика компоненттері жай ғана басқа елдерге қайта бөлінеді және олар жоғары шығынды өндірушілер болуы ықтимал. Нәтижесі мүшкіл халде жүрген американдық орта тапты отбасыларға салынатын салықтарды арттырудың функционалдық баламасы болады.
Бір сөзбен айтқанда, екі жақты іс-шаралармен көп жақты проблемалары шешіле алмайды. 2015 жылы АҚШ-тың 101 елмен сауда тапшылығы болды -бұл жинақ тапшылығының нәтижесі болып табылатын көп жақты мәселе және жеке елдерге сәйкес келген «құралдар» көмегімен тиімді шешілуі мүмкін емес. Бұл АҚШ сауда әріптестері міндеттерін жауапсыз орындады және олар жазаланауы керек деу емес. Алайда, Америка Құрама Штаттары, қайтадан жинақтарын толтыра бастамаса бұл теңгерімсіздік салдары болып табылатын, елдегі айқын созылмалы сауда тапшылығы мен жұмыспен қамтамасыз ету проблемаларын шешу үшін аз үміт бар дегенді білдіреді.
Өкінішке қарай, сценарий күрделінуде. «Трампономика» да алдағы жылдары АҚШ қорларының тапшылығы проблемасын қоздыратындай. Tax Policy Center, the Tax Foundation, және Moody’s Analytics жасаған талдауларға сәйкес, алдағы он жылда, Трамп экономикалық жоспарын жүзеге асырса, федералдық бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің кем дегенде 7% -ына оралады деп көрсетеді. Трамптың экономикалық саясат бойынша аға кеңесшілері Питер Наварро және Уилбур Росс қыркүйекте жасалған өз позициясын көрсету меморандумда олар бұл болжау жарамсыз екенін айтты, себебі ол нормативтік және энергетикалық реформалардан алынатын «өсуді ынталандыратын күтпеген пайданы» немесе Американың сауда тапшылығын күрт қысқарту нәтижесінде алынатын қосымша табысты ескермейді деді.
Шынында, Наварро-Росс талдауы «Трампономикадан» түскен күтпеген, табыс өсуін ынталандыратын пайданың толық 73%-ын алдағы онжылдықта жалпы сауда балансында жаппай дамуға тіркейді. Дегенмен, ұлттық жинақтарда ғажайып өсу толқыны орын алмаса бұның бәрі екіталай. Креативті есептің ұсыныс экономикасының басты өнімі ретінде бұрын алды мұндай қиялы бай емес еді.
Мұнда «Трампономиканың» ең айқын үйлеспейтін жағы жатыр. Ұлттық үнемдеу бұрын-соңды болмаған үлкен қысымға таяп қалған уақытта сауданы қатаңдату шараларын іске асыру ешбір ойға сыймайды. Мемлекеттік бюджет тапшылығының ең шамалы есептемелеріне қарағанда қазірдің өзінде қатты азайған таза ұлттық жинақ коэффициенті 2018-2019 жылдарының бір кезеңінде қайта теріс секторға кіруі мүмкін. Яғни, бұл ағымдағы төлем және сауда балансының теріс сальдосына жаңа қысым көрсетіп, жұмыс орындары және табыстан айрылуды қайта қалпына келтіруді қиындата түседі, саясаткерлер болса бұл үшін тез арада Американың сауда әріптестері кінәлі деп жариялайды.
Қызығы, алдағы жинақтау корларының қысқару дәуірінде, АҚШ шетелден келетін артық қаражат жинақтарына барған сайын тәуелді болады. Трамп әкімшілігі ірі шетелдік кредиторларға - атап айтқанда, Қытайға көзделсе - оның стратегиясы тез уақытта кері нәтиже беруі мүмкін. Кем дегенде, Американың шетелден қарыз алу шарттарына кері әсері болуы мүмкін; қазірдің өзінде айқын болып табылатын жоғары пайыздық мөлшерлемелер орын алып және түбінде долларды түсіретін қысым болуы мүмкін. Және, әрине, ғаламдық сауда соғысының ушығуы орын алатын ең нашар сценарий де бар.
Протекционизм, әлсіз жинақтау және мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру аса «улы коктейльді» құрайды. «Трампономика» барысында, Американың ұлылыған қайта қайтару өте қиын болады.
Автор туралы: Стивен Роач, Йель университетінің қызметкері және Morgan Stanley Азияның бұрынғы төрағасы, Теңгерімсіздік: Америка мен Қытайдың ортақ тәуелділігі кітабының авторы.
Copyright Project Syndicate © Материалды көшіріп басуға авторлық құқық иеcі тиым салған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024