Астана. 20 қыркүйек. 7kun.kz – Ішкі істер министрлігі тұрғылықты жері бойынша тіркелмегендерге айыппұл салынатын еске салады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Тұрғылықты жері бойынша ресми тіркеусіз тұру фактілері жиілеп кетті. Заң бойынша әрбір азамат жеке тұрғын үй болсын, жалға берілетін немесе тұрақты тұратын басқа тұрғын үй болсын, өзі тұратын жерде тіркелуі керек. Әйтпесе, тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі жоқ адамдарға кейбір мемлекеттік қызметтерді пайдалану кезінде шектеулер қолданылады», – деді ІІМ көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов.
Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеусіз тұрғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 492-бабында 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға дейін жауапкершілік көзделген. Қазір оның көлемі 21 мыңнан теңгеден асады.