«Бизнес – үлкен құмарлық пен аз ғана ережеден тұратын өте қызықты ойын» - деп Билл Гейтс айтқандай, бизнесте бірде тосын сыйларымен қуансаңыз, енді бірде жеңіліске ұшырап, күтпеген жағдайларға тап боласыз. Бизнес - сонысымен бизнес. Мұнда тіпті өзіңіз бастап, ашып, дамытқан кезде кәсібіңізден айырылып қалуыңыз да мүмкін. Осы орайда, сіздерге өздері негізін салған бизнестен кетуге мәжбүр болған үш адам туралы дерек ұсынамыз.
[caption id="attachment_75553" align="aligncenter" width="960"] Фото: secretmag.ru[/caption]Павел Дуров - ресейлік ірі «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің негізін қалаған тұлға. 2006 жылдан бастап компанияның бас директоры қызметін атқарған. 2014 жылы 24 қаңтарда Дуров өзінің «ВКонтакте»-дегі 12 пайыз акциясын «Мегафон» компаниясының бас директоры Иван Таринге сатып жіберді. Сол жылдың 18 наурызында «Вконтакте»-де 39,99 пайызға ие Mail.ru Group Иван Тариндегі акцияларды сатып алды. Қалған UCP қорына тиесілі 48 пайыздық акцияны да иеменденуге әрекет жасауға кірісті. Осы уақытта Дуров пен акционерлер арасындағы қарым-қатынас әлсіреп, кикілжің туа бастады.
[caption id="attachment_75555" align="aligncenter" width="804"] Фото: htstatic.imgsmail.ru[/caption]Павел Дуров 1 сәуір күні өзінің парақшасында «билігінің» әлсірегеніне байланысты компаниядағы орнынан кететіндігін мәлімдеді. Ал 3 сәуірде оның тек 1 сәуірлік әзіл екенін жазды. Бірақ 21 сәуірде «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің атқарушы директоры Дмитрий Сергеев Дуровтың алдын-ала жіберген жұмыстан кету туралы өтініші іс жүзінде қайтарылмағандықтан, оны қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 16 қыркүйекте Mail.ru Group қалған үлестің барлығын сатып алып, «Вконтакте»-нің жалғыз басшысына айналды.
Шон Паркер көптеген жобалардың басы-қасында болған интернет-кәсіпкер. Олардың қатарында Facebook, Spotify, Plaxo және т.б. ірі жобалар бар. Дегенмен, америкалық кәсіпкер өзінің ең алғашқы жобасы Napster-дегі қызметінен босатылған болатын.
[caption id="attachment_75556" align="aligncenter" width="960"] Фото: secretmag.ru[/caption]Шон Паркер әріптесі Шон Фэннингпен
1998 жылы 19 жасар Шон Паркер хакерлік қызмет атқарып жүріп, ғаламтор арқылы болашақ әріптесі Шон Фэннингпен танысты. 1999 жылы жобаларына бастапқы 50 мың доллар қаражатты құйып, бірлесе отырып өлең алмасуға арналған Napster сервисінің негізін қалаған. Бір жылдың ішінде аталмыш сервисті 10 миллион адам қолданып, тағы бірнеше айдың ішінде қолданушылар саны 2 есе өсті.
[caption id="attachment_75557" align="aligncenter" width="794"] Фото: metalinjection.net[/caption]Паркер мен Фэннинг жобасы АҚШ студенттері арасында ерекше танымалдылыққа ие болды. Кейбір оқу-орындар өлеңді көшіруге интернет-трафиктің 60 пайызы кетеді деп наразылығын да білдірді. Одан бөлек Napster қызметкерлері әншілердің туындыларын сервис ішінде қолдануға рұқсат сұрамайтын. Сондықтан кейбірі сотқа шағымданып, сервис құрастырушыларын авторлық құқықты бұзғандықтары және бопсалаушылықтары үшін кінәлады. Олардың шағымдары қанағаттандырылып, сервис өзінің жүз мыңнан аса юзерін өшіруге мәжбүр болды. Ал 2000 жылдың аяғында RIAA (Америкалық дыбыс жазу компанияларының ассоциациясы) авторлық құқық бұзушылықты толығымен тоқтату мақсатында өзіндік зерттеу жұмыстарына кірісті. Сервистің жұмысына аз қалғандығын түсінген Napster қолданушылары тегін әндерді көбірек көшіріп алуға ниеттенген. Соның салдарынан 2001 жылы көктемде Napster атақ-абыройдың шарықтау шегіне жетті. Сервисті қолданушылардың саны 80 миллион адамды құрады.
[caption id="attachment_75559" align="aligncenter" width="680"] Фото: news.images.itv.com[/caption]Napster-дің негізін қалаушылардың бірі - Шон Паркер
Бірінші орында болған пираттық сервис Паркер мен Фэннингті инвестициядан да құр қалдырмады. 2000 жылы наурызда Hummer Winblad Venture Partners қоры Napster-ге 15 миллион доллар қаражат құйды. Дегенмен, Паркер мен Фэннинг одан монетизация жасап үлгермеді. Соттық процесс негізінде 36 миллион доллар айыппұл төлеуге және сервисті жабуға міндетті болды. Өзіндік пайда табысы аз болғандықтан, инвестициялық қаражатты да соған жұмсады.
Шон Паркердің электронды хабарларының бірі көпшіліктің дау-дамайына түскендіктен, компаниядан бірінші болып шығарылды. Ол хатында Napster қолданушыларын «қарақшылар» деп атаған. Компания банкроттыққа ұшырағаннан кейін, бренд және логотипке деген құқық аукционда сатылымға түсті. Соның салдарынан иегерлері бірнеше рет ауысты. Ал қазіргі таңда ақылы ақындық сервис «Rhaosody»-ге тиесілі.
Стив Джобстың оқиғасы - ел аузында жиі айтылатын бизнес саласындағы танымал оқиғалардың бірі. 1985 жылы директорлар кеңесі мен Джон Скалли Джобстың көмегінен бас тартуға шешім қабылдады. Айта кету керек, Стив Джобс бизнесмен Джон Скаллиді «PepsiCo» компаниясынан өзі шақырған болатын. Алайда компаниядағы кризис олардың іскерлік қарым-қатынасының әлсіреуіне түрткі болды.
[caption id="attachment_75560" align="aligncenter" width="576"] Фото: macdigger.ru[/caption]Стив Джобс әріптесі Джон Скаллимен
Джобстың өз компаниясынан шығарылуының басты себебі, үлкен үміт күттірткен Macintosh технологиясының сәтсіздікке ұшырауы. Графикалық интерфейсі бар компьютерді шығаруға бел буған Джобстың бұл - екінші құлдыраған жобасы. Біріншісі - Lisa жобасы болатын. Бағасының қымбат болуы мен сапасының жоғары деңгейде болмауы сұранысты қанағаттандыра алмады.
Кейіннен осы оқиғаларды еске алғанда Стив Джобс: «Ол кезде түсінбегенімен Apple-дан кету - менің өмірімде болған ең жақсы жағдаяттардың бірі. Бұл оқиға мені барлығынан босатып, ғұмырымның шығармашылық кезеңінің жаңа бастамасына айналды» деген болатын.
[caption id="attachment_75561" align="aligncenter" width="640"] Фото: incimages.com[/caption]Apple-дан кете сала, Джобс NeXT компаниясының негізін қалады. Алайда жаңа компания құрастырған компьютердің бағасы қымбат болып, сатылым көлемі төмен болды. Ол уақытта Apple жағдайы да нашарлады. Жаңа қосымша құрылғылар шығарғанымен, одан да ешқандай пайда түспеді. 1995-1996 жылдары олардың шығыны 2 миллиард доллар шамасын құраған екен.
[caption id="attachment_75562" align="aligncenter" width="800"] Фото: macdigger.ru[/caption]Бұл қиындықтар 1997 жылы Apple компаниясының NeXT-ті сатып алуына әсер етті. Оған 429 миллион доллар қаражат жұмсаған екен. Келісім негізінде Стив Джобс Apple-дің бас директор қызметіне қайта отырып, 1,5 миллион долларлық компания акцияларын иемденді. Сәтсіздікке ұшыраған барлық жобаны жауып, 3 мыңнан астам жұмысшыны қызметінен босатты. Джобс жаңа компьютер және жаңа операциялық жүйені құрастыруға кірісті. Соның арқасында шыққан «iMac» бірден бестселлерге айналды. Сатылымға шыққан сәттен бастап жарты жылдың ішінде Apple табысты компания деңгейіне көтерілді. Артынша Apple «MacBook», «iPod», «iPhone», «iPad» сынды жаңа құрылғыларды шығарып, әлем ықыласына бөленді.