Алматы. 12 қаңтар. 7kun.kz – 2017 жылы Қазақстанда 702,8 млрд теңгеге байланыс қызметтері көрсетілді, бұл салыстырмалы бағамен 2016 жылға қарағанда 3,3 пайызға артық, деп хабарлайды LS.
Статистика жөніндегі комитеттің мәліметтері бойынша, қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерінің көлемі жыл ішінде 30 млрд теңгені құрады. Бұл салыстырмалы бағамен 2016 жылмен салыстырғанда 8,7 пайызға аз. Жергілікті телефон байланысы қызметтері 40,9 млрд теңге (6,5 пайызға төмен) табыс тапқанда, Интернетке кеңжолақты қосылыс 228,6 млрд теңгеге (11,8 пайызға көп), ал ұялы байланыс қызметтерінде 220,9 млрд теңгеге (тиісінше 0,3 пайызға көп) табысты болды.
Байланыс қызметтерінің жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес интернет желісіне (32,5 пайыз), ұялы байланысқа (31,5 пайыз), телекоммуникация қызметтеріне (17 пайыз), жергілікті телефон байланысына (5,8 пайыз), қалааралық және халықаралық телефон байланысына (4,3 пайыз) тиесілі.
2017 жылғы желтоқсанда анықталған телефон желілерінің саны шамамен 3,7 млн бірлікті құрады (бір жыл ішінде 5,9 пайызға қысқарды), ұялы байланыс абоненттері 26,4 млн (өсім 4,2 пайыз), интернетке қосылу мүмкіндігі бар ұялы байланыс абоненттері 13,8 млн адам (15,1 пайызға өсті), тіркелген интернет-абоненттері 2,6 млн-ды құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024