Пекин. 31 тамыз. 7kun.kz - Қытай аэроғарыш ғылым және өнеркәсіп корпорациясы (CASIC) 1000-ден 4000 км/сағ жылдамдықпен қатынайтын пойыз жобасын жасап жатыр. Бұл туралы inform.kz хабарлады.
30 тамызда Қытайдың Ухань қаласында өткен Коммерциялық ғарыш жөніндегі 3-ші Қытай халықаралық форумында CASIC директорының орынбасары Лю Шикуан «ұшатын пойыз» жобасын жасап жатқандықтарын хабарлады.
Оның сөзінше, бұл жоба дәстүрлі жоғары жылдамдықты көлік қозғалысын 10 есеге және қолданыстағы азаматтық ұшақтың жылдамдығын 5 есеге дейін арттыруға қауқарды.
Бағдарлама 3 кезең бойынша іске асырылады. Бірінші кезекте 1000 км/сағ жылдамдықта жүретін «ұшатын поездар» үшін өңірлік қалааралық желі салынады. Екінші кезекте 2000 км/с жылдамдықта қатынайтын поездар үшін Қытайдың ірі қалалары арасында көлік желісінің құрылысы жүргізілуі тиіс. Содан кейін 4000 км/сағ жылдамдықпен «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдерді жалғайтын көлік құрылысы басталады. Жобаны әзірлеуге қытай және шетелдік ғылыми-зерттеу мекемелерінен 20 маман қатысып жатыр. Осы мақсатта тиісті салалардағы 200-ден аса патент сатып аланған.
https://youtu.be/ixFoIiXszhwПохожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024