Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытай "ұшатын пойыз" жасап шығарады

Қытай "ұшатын пойыз" жасап шығарады

Пекин. 31 тамыз. 7kun.kz - Қытай аэроғарыш ғылым және өнеркәсіп корпорациясы (CASIC) 1000-ден 4000 км/сағ жылдамдықпен қатынайтын пойыз жобасын жасап жатыр. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

30 тамызда Қытайдың Ухань қаласында өткен Коммерциялық ғарыш жөніндегі 3-ші Қытай халықаралық форумында CASIC директорының орынбасары Лю Шикуан «ұшатын пойыз» жобасын жасап жатқандықтарын хабарлады.

Оның сөзінше, бұл жоба дәстүрлі жоғары жылдамдықты көлік қозғалысын 10 есеге және  қолданыстағы азаматтық ұшақтың жылдамдығын  5 есеге дейін арттыруға қауқарды.

Бағдарлама 3 кезең бойынша іске асырылады. Бірінші кезекте 1000 км/сағ жылдамдықта жүретін «ұшатын поездар» үшін өңірлік қалааралық желі салынады. Екінші кезекте 2000 км/с жылдамдықта қатынайтын поездар үшін Қытайдың ірі қалалары арасында  көлік желісінің құрылысы жүргізілуі тиіс. Содан кейін 4000 км/сағ жылдамдықпен «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдерді жалғайтын көлік құрылысы басталады. Жобаны әзірлеуге қытай және шетелдік ғылыми-зерттеу мекемелерінен 20 маман қатысып жатыр. Осы мақсатта тиісті салалардағы 200-ден аса патент сатып аланған.

https://youtu.be/ixFoIiXszhw

Похожие материалы