Осы жылы АҚШ-қа көшкен қытайлық миллионерлер саны рекордтық көрсеткіш орнатып отыр. Бұл жөнінде New York Post, хабарлайды.
Биыл АҚШ экономикасына инвестиция құйып, ақшасын сақтап қалғысы келетіндердің саны біршама өскен. EB-5 визасын ала отырып, олар елден көшеді де америкалық "якорлық бизнесті" инвестициялауға аттанады. Ондай виза алу үшін инвестор америка экономикасына 500 мың доллар құйып, АҚШ-та тұрақты тұратындар үшін 10 жұмыс орнын ашу керек. Басқаларға қарағанда мұндай бизнеспен айналысуға ниетті қытайлар саны жыл сайын артып келеді. Өткен жылы ЕВ-5 визасын алып, Қытайдан келгендер саны барлық шетелдіктердің 85,4%-ын (9128) құраған болатын. Ал, одан бір жыл бұрынғы көрсеткіш 32% (6900) болған. Америкалық құнды қағаздарға инвестиция салудан бөлек, қытай инвесторлары 2000 жылдан бері бизнес пен салтанатты жылжымайтын мүлікке 46 млрд доллар жұмсаған.Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024