Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытайлық миллионерлер АҚШ-қа жаппай көшіп жатыр

Қытайлық миллионерлер АҚШ-қа жаппай көшіп жатыр

Осы жылы АҚШ-қа көшкен қытайлық миллионерлер саны рекордтық көрсеткіш орнатып отыр. Бұл жөнінде New York Post, хабарлайды.

Биыл АҚШ экономикасына инвестиция құйып, ақшасын сақтап қалғысы келетіндердің саны біршама өскен. EB-5 визасын ала отырып, олар елден көшеді де америкалық "якорлық бизнесті" инвестициялауға аттанады. Ондай виза алу үшін инвестор америка экономикасына 500 мың доллар құйып, АҚШ-та тұрақты тұратындар үшін 10 жұмыс орнын ашу керек. Басқаларға қарағанда мұндай бизнеспен айналысуға ниетті қытайлар саны жыл сайын артып келеді. Өткен жылы ЕВ-5 визасын алып, Қытайдан келгендер саны барлық шетелдіктердің 85,4%-ын (9128) құраған болатын. Ал, одан бір жыл бұрынғы көрсеткіш 32% (6900) болған. Америкалық құнды қағаздарға инвестиция салудан бөлек, қытай инвесторлары 2000 жылдан бері бизнес пен салтанатты жылжымайтын мүлікке 46 млрд доллар жұмсаған.

Похожие материалы