Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Өздерін нвестициялық компания ретінде таныстыратын алаяқ топтар көбейді – Ұлттық Банк

Өздерін нвестициялық компания ретінде таныстыратын алаяқ топтар көбейді – Ұлттық Банк

Алматы. 19 тамыз. 7kun.kz – ҚР Ұлттық Банкі өздерін инвестициялық компания ретінде таныстыратын алаяқ топтардың белсенді әрекетке көшкенін хабарлады.

Қаскөйлер түлі сайт құрып, жарнамалық роликтер, сондай-ақ, құрылғыға қондырып алуды ұсынатын мобильді қосымшалар жасауға бейімделген.

Алаяқтықпен айналысатын мұндай ресурстар екінші деңгейлі банктермен, ҚҰБ-пен немесе басқа да мемлекеттік органдармен әзірленген жеке тұлғалардың қаражатын басқаруға салу секілді бағдарламаларға қатысуға үндейді.

«Ұлттық Банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жасаспайды, сол сияқты табыс табуға негізделген қандай да бір платформаларды әзірлеуге қатыспайды», – делінген ҰБ хабарламасында.

Алаяқтардың сайтында өтініш қалдырған кез келген интернет-қолданушы ақшасынан айырылатындай тәуекелге барады: алаяқтар оның жеке деректерін қолға түсіреді, телефон арқылы хабарласып, ақшаны өз реквизиттеріне аударып алудың айласына кіріседі. Ал, олардың қолына түскен қаражатты кері қайтару процедурасы ұзақ та күрделі болады, ал кей жағдайда қайтпай қалып жатады. Сөйте тұра, салынған сомманы кері қайтару үшін алаяқтар қолданушыны қосымша ақша салуға тағы мәжбүрлеуі мүмкін.

Алаяқтарды қалай анықтауға болады:

  • ондай сайттар аз уақыт ішінде инвестициядан көп әрі тұрақты пайда табуға кепілдік береді;
  • қандай да бір байланыс дерегі болмайды;
  • ресми мемлекеттік тұлғалардың, мемлекеттік органдар мен ұлттық компания басшыларының фотосуреттері мен ойдан құрастырылған мәлімдемелері келтіріледі; жалған лицензияларды немесе құқық белгілейтін құжаттарды пайдаланады;
  • мемлекеттік органдардың, екінші деңгейлі банктердің немесе ұлттық компаниялардың логотиптері мен атаулары шын болуы мүмкін. Алайда, ол заңды тұлғалардың, оның ішінде Ұлттық Банктің мұндай алаяқтардың платформасына қатысы жоқ.

Жарияланған ақпаратты, сырттан түсетін сұрауларды немесе қандайда да бір әрекетке қойылатын талаптарды тексеру үшін қаржы институтының немесе банктің ресми нөміріне қоңырау шалу керек, ал күмән күшейген жағдайда қаржы мекемесіне барып, оның қызметкерімен сөйлесу керек.

Активтерді инвестициялық басқаруға лицензиясы бар ұйымдардың тізімі Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында жарияланған.

Похожие материалы