Мен Сабитова Нұрсұлу Ұзақбайқызы БҚО, Теректі ауданы, Шағатай ауылынанмын. 2012 жылы белгілі бір банктен (белгілі себептермен банк атауі көрсетілмейді) төрт жылға кредит алдым. Оның үш жылын төледім. Төртінші жылы бір-екі ай төлеп, ары қарай төлей алмадым. 2016 жылдың мамыр айында біту керек еді. Төлей алмаған соң жұмыс орнымнан хабарласып, жұмыстан шығарамыз деп қорқытады. Мектепте күзетші болып жұмыс істеймін. Мектеп директоры болса мені шақырып алып, облыстық білім басқармасына сот орындаушыдан «Сабитова алты айдан бері жұмыс істемеймін деп бухгалтерден қағаз әкеліп берді, бірақ бұл жалған ақпарат, ол кісі жұмыс істейді» деп екі рет хат келгенін айтады. Осылай 6 ай бойы мазалады. Жаңа жылдан кейін директорға тағы «Сабитова соңғы екі айда жалақы алмаймын деп ақпарат берді» деп хабарласқан. Осылайша маған облыстық білім беру басқармасына келсін деген. Бардым. Ал ондағылар біз ешкімге хабарласпадық дейді. Мен жалақы алмаймын деп ешкандай ақпарат берген жоқпын. Бухгалтерден ешқандай кағаз алмадым да. Банктегілер «сізді сотқа береміз, сот болған соң мемлекеттік қызметке алмайды, сіз сотталған болып есептелесіз, жалақыңыздың бәрін кілттеп тастаймыз» деп қорқытады. Ал директорым болса жоғарыдан жұмыстан шығар деген қағаз келетін болса шығарамын дейді. Бұл дұрыс па?
Әлеуметтік желі арқылы жолданды
Нұрсұлу, сізбен банктің арасында қарыз алу шарты жасалған. Осы шарттың талаптарына сәйкес сізге банк несиені белгілі бір мерзімге, ай сайынғы төлемдермен тізім жасап берген. Сонымен қатар банктің және банк қызметкерлерінің барлық іс әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмеуі тиіс, ал қайшы келген жағдайды тиісті жауапқа тартылады.
Сіздің сұрағыңыз бойынша банк қызметкерлерінің мұндай іс әрекеттері заңсыз болып есептеледі. Тіпті жалған ақпарат таратып, сіздің несиеңізге қатысты банктік құпияны үшінші тұлғаларға таратқаны үшін қылмыстық жаза көрсетілген. Мұндай іс әрекеттері үшін шара қолданылсын деп Ұлттық банк пен Прокуратура органдарына шағымдансаңыз болады. Сонымен қатар сіздің жұмыс берушіңіз несие төлемегеніңіз үшін сізді жұмыстан шығаруға құқығы жоқ, себебі еңбек қатынастарына банктегі несиенің ешқандай қатысы жоқ, яғни жұмыс оныңызда өз қызметтік міндеттеріңізді атқарсаңыз болғаны.
Алайда сіздің айлық алатын картшотыңызды банк жартылай бұғатқа қойып қоюы мүмкін, бірақ есіңізде болсын тек жартылай, толық жабуы заңсыз болады. Толық жабылса бірденен сотқа талап арызбен, ал Ұлттық банкке шағыммен жүгініңіз.
Басқа да түсінбеген сұрақтарыңызбен жұмыс күндері осы телефон арқылы хабарласа аласыз:8 701 887 55 81
Сұраққа жауап берген «Заң Ақиқат» заңгерлік компаниясының заңгері — Жанат Маликбаевич Бутинбаев.
Құрметті оқырман! Егер банктерге қатысты (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына немесе WhatsApp арқылы +7 700 973 8377 телефон нөміріне жолдауды сұраймыз.
Тэги:
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024