Елімізде «Кедейлік және жұмыссыздық» проблемасы толастар емес, бұлар ең басты мәселелердің бірі болғандықтан 2006 жылы Үкімет қаулысымен 2008-2010 жылдарға арналған кедейлік және жұмыссыздықпен күрес бағдарламасын бекітті. Алға қойған мақсатқа жету үшін жұмысбастылық және табысы аз азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің белсенді саясаты іске асырылды.
Бағдарламаның басымды бағыттарының бірі қоғамдық – саяси тұрақтылық және елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының негізінде ел халқының өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады. Бағдарламада кедейлік көлемін қысқарту, жұмыссыздық деңгейін төмендету, зейнетақы мөлшерін арттыру, зейнетақы жүйесін жетілдіру көзделді.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев «2008-2010» ауыл жылы бағдарламасын бекітті. Яғни экономикалық даму ауылдан бастау алады. Ауылдағы халықтарға барынша қолдау көрсету, әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесі белсенді сипатқа ие болады. Ауылдағы жастарды жұмысқа тарту, оларды жұмыспен қамтамасыз ету әлеуметтік экономикалық жақсаруға, сонымен қоса артуына алып келеді.
Қазақстан Үкіметі кедейлікті азайту жөнінде міндеттеме қабылдады. Мыңжылдық дамуының екі мақсатында, Қазақстан қазірдің өзінде қол жеткізіп үлгерді, олар: жалпыға бірдей бастауыш білімі мен қамту және ер балалар мен қыздар үшін білім алудың тең мүмкіндігімен қамтамасыз ету. Өзге екі мақсат – күнкөріс минимумынан төмен табыстағы тұрғын халықтың үлесін сан жағынан азайту мен қаупсіз ауыз суға қолдары жетпейтін жұртшылықтың үлесін кеміту – дұрысы, 2015 жылға дейін орындалса керек.
Жұмыссыздық және Кедейлік мәселесінің маңыздылығын түсіне отырып, Қазақстан Үкіметі әлеуметтік саланың дамуына көп назар аударуда: ол денсаулық сақтау, білім беру және халықты әлеуметтік қорғау салаларында қаржыландыру жүйесін жетілдіруге бағытталған орта мерзімді програмалар дайындалуда.
Кедейлік дегеніміз – күрделі құбылыс, оның әлеуметтік-экономикалық және мәдени психалогиялық терең тамырлары бар. Кендейлік уақытпен кеңістікке қарай салыстырмалы. Кедейлікке баға берумен өлшеуді әр елдің дамуындағы тарихи жағдайларды ескеру арқылы жүргізу керек.
Кедейліктің негізгі себептері жұмыссыздықпен төмен деңгейдегі жалақы болып табылады. Рыноктағы жағдай жұмыспен қамту ауқымдарының артуы мен табыстарының ұлғайуына қарамастан кедейлікті азайтуға ықпал етпейді. Есеп деректері бойынша, 2006 жылы 17,7 пайыздан астам қызметкерлер төмен жалақы алған, ол жалақы қызметкерлердің өздерінің де, олардың отбасылары туралы баламалы тұрмыс деңгейін қамтамасыз етпеген, оның үстіне төмен ақы төленетін қызметкерлер үлесі азды-көпті тұрақты күйде қалып отыр. Жалақының сатып алушылық қабілеті экономикалық көпшілік секторларында төменнен орташаға дейін құбылады. Тек қаржы және кен өндіру секторларында ғана жалақының жоғары сатып алу қабілеті байқалады. Өздерін-өздері жұмыспен қамтитын халықтың үлесі 36 пайызға дейін, яғни 2690 мың адамға ұлғайды. Өздерін жұмыспен қамтитын халық санының едәуір өсуі даму саласындағы жағдайды қиындатады, өйткені олар, қағида бойынша, төмен жалақы еншілейді және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне көбірек мөлшерде енгізілуі керек.
Жұмыссыздық күрделі әлеуметтік-экономикалық проблема ретінде қалып отыр. Жұмыссыздық деңгейін төмендеуіне қарамастан жастар мен әйелдер арасындағы жұмыспен қамтылу, ауылдағы жұмыссыздық пен созылыңқы жұмыссыздық зәру проблемалар қалпында қалды.
Дипломдық жұмысытың мақсаты мен міндеттері:
Тұрғындардың әлеуметтік экономикалық мәселелері өзгермелі, көп сипатты болғандықтан әлеуметтік сфераның халықтың жұмысбастылығы, өмір деңгейі, әл-ауқаты сияқты аса маңызды мәселелерге терең зерттеу және анықтау болып табылады. Осы мақсатта мынадай міндет туындайды, яғни жұмыссыздық мәселесін әлемдік дәрежедегі зерттеушілер еңбегін пайдалана отырып, белгілі бір нәтижеге жеткізе білу. Бұған себеп экономикалық тұрақсыздық емес, жұмысбастылықтың аздығы, халық арасында қылмыстың көптігі, жалақының аздығы, инфляция деңгейінің әліде болса жоғары мәртебеге ие болуы және парақорлықтың басылмауы.
Дипломдық жұмысытың құрылымы мен көлемі:
Дипломдық зерттеу кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН КЕДЕЙШІЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ Әлеуметтік әл-ауқаттың мәні, мағынасы және оны сипаттайтын көрсеткіштер
Әлеуметтік экономикалық саясат тұрғындардың әл-ауқатын реттеуге, өмір сүру деңгейін реттеп бағалауға арналған. Әлеуметтік экономикалық әл-ауқатты сипаттайтын көрсеткіштер:
- тұрғындардың жұмыспен қамтылуы;
- жұмыссыздық;
- кедейшілік;
- тұрғындардың табысы, жалақысы, зейнетақысы, ең аз күнкөріс шамасы, жәрдемақы және т.б.
Әлеуметтік экономикалыиқ көрсеткіштердің әрқайсысына жеке тоқталып өтетін болсақ;
Халықтың жұмыспен қамтылуы
Тұрғындардың жұмыспен қамтылған бөлігі, яғни басында жұмысы бар, табысы бар, өзін-өзі қамтамасыз ететін тұрғындар.
Еңбек ресурстарына халықтың жұмыс істеуге қабілетті бөлігі жатады. Еңбек ресурстарының қалыптасу бөлігін сипаттайтын негізгі құрамдас бөліктері – бұл еңбекке қабілетті жастағы еңбекке қабілетті халық. Еңбек ресурстары өзіне экономикалық белсенді, өндірістен қол үзіп оқитын еңбек істемейтін және іздемейтін еңбекке қабілетті адамдардың басқа сипаттарын қосады.
Белсенді халықтар екіге бөлінеді, экономикалық тұрғыдан белсенді және белсенді емес халық. Ал экономикада жұмыспен қамтылғандар жалданып жұмыс істеуші және жалданбай жұмыс істеушілер болып бөлінеді.
Жұмыс күшінің жоғарғы ұтқырлығы (мобильділігі) еңбектің жаңа формаларының дамуымен, жұмыскерлердің ірі және орта кәсіпорындардан шағын бизнес саласына өтуімен, салааралық қайта бөлумен байланысты. Жаңа жұмыс орындарын қалпына келтіру және қайта қалыптастыру соңғы жылдардағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Еңбек нарығындағы бүгінгі күндегі ең маңызды мәселелер – ол халықтың жұмысы мен жұмыссыздығы. Еңбекке жарамды жастағы халықты, жұмыспен қамту және оны экономика салаларында пайдалану немесе іске асыру, бүгінгі нарықтық жағдайдың өзекті мәселелері.
Экономикадағы жұмыспен қамтылған тұрғындар өздерін - өздері асыраушылар немесе өз қажеттілігін қанағаттандырушылар, әл – ауқатын жақсартушылар, олар әр отбасында екі – үш адамды тамақпен, қажеттіліктермен қамтамасыз ететіндер.
Жұмыссыздық
Жұмыссыздар олар республикамыздың ұлттық заңында қабылданған белгілі бір жасқа жеткен, яғни 15 және одан асқан адамдар, қарастырылып отырған кезде оларда жұмыс болмаған, жұмыспен қамтылу қызметінің көмегімен және өз бетінше жұмыс іздегендер, табылған жағдайда дереу кірісуге әзір адамдар. Жұмыссыздарға жатқызған кезде мына үш өлшем сақталуы тиіс:
- 15 жас және одан асқан ересек адамдар;
- жұмысы болмаған, бірақ жұмыс істеуге әзір адамдар;
- жұмыспен қамту қызметінің көмегімен және өз бетінше жұмыс іздеген және оны дереу істеуге дайын адамдар;
Ресми жұмыссыздық деңгейі – жұмыспен қамту қызметінде тіркелген жұмыссыздар санының, есепті жылдың аяғындағы экономикалық белсенді халық санына қатынасы.
Жәрдемақы алатын жұмыссыздар саны – жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақы жұмыспен қамтылу қызметінде тіркелген және жұмыссыздық мәртебесі бар азаматтарға төленеді. Жұмыссыздар деп танылған адамдар ұсынылған лайықты жұмыспен негізсіз бас тартқан, қайта тіркеудің тәртібін бұзған және де т.б. жағдайларда жәрдемақы ала алмайды.
Кедейшіліктің өсуі, жұмыссыздыққа, қоғамның әлеуметтік жағына өз әсерін тигізеді. Кедейшілік бірте – бірте қоғамның тұрақты сипатына айнала отырып, әлеуметтік құрлымның тоқтауына, әлсіреуіне алып келіп соқтырады.
Тұрғындар дағдарыстық жағдайды әртүрлі қабырлдайды, өмірден өтуі, жағдайдың нашарлауы т.б. Маңызды экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін мемлекет басты кепіл болып есептеледі.
Жұмыссыздықтың өсуі, жұмыстылықтың қысқаруы, кедейшілік, жоқшылық – қоғамдық өмірдің көрінісі, ол экономикалық әлеуметтік және саяси салаларда өз орнын қалдырған және мүлдем жоғалмайтын із. Кедейлер болып әртүрлі категориядағы адамдар саналады; әйелдер, балалар, жастар, мүгедектер, зейнеткерлер, эмигранттар, босқындар тағы басқа кедейшіліктің туындауы әртүрлі себептерге байланысты; жұмыстан айырылуына, кедейлікке, төмен төленетін жалақы, дамыған елдердің кедейлігі және тағыда басқа. Планетамыздағы 7,0 млрд. адамдардың 1,5 млрд. кедейшілікпен күресуде, яғни кедей халық олардың көбісі жұмыссыздар немесе мүлдем жұмыс орнына тіркелмегендер. (700 млн) – халық жұмыспен қамтылып, ауыр жұмыс істесе де қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды, өз шығыстарын жабуға мүмкіншілігі жоқ. Кедейшіліктің күшеюі әлеуметтік - экономикалық жағдайлардың тұрақсыздығынан, жұмыссыздық проблемасы әсіресе орта және жоғарғы оқу орындарын бітірген жастар арасында өте қиынға түсуде, ауыр. Кедейлікті өлшеудің бірнеше тәсілдері бар, олар: абсалютті, салыстырмалы және субъективті тәсілдер. 2007 жылдағы адам дамуы туралы Баяндамада БҰҰ даму Бағдарламасы кедейлікті адам дамуы көзқарасы тұрғысынан қарауды ұсынды. Осы контексте табыс деңгейі, күнкөріс минимумы және сатып алу қабілеті сияқты дәстүрлі көрсеткіштермен қатар адам дамуының көрсеткіштері (болжамды өмір ұзақтығы, жұмыссыздық нәрестелердің шетінеуі мен аналар өлімі және т.б.) қолданылады. Адам дамуының көрсеткіштері Мыңжылдық дамуының барлық Мақсаттары мен міндеттерін қамтиды. Соған сәйкес, есепте Қазақстандағы кедейлік өлшемі индикаторларының жаппай қамтитын тізбесін пайдалану ұсынылады.
Кедейшілік дегеніміз – күрделі құбылыс, оның әлеуметтік – экономикалық және мәдени – психалогиялық терең тамырлары бар. Кедейлік уақытпен кеңістікке қарай салыстырмалы. Кедейлікке баға берумен өлшеуді әр елдің дамуындағы тарихи жағдайларды ескеру арқылы жүргізу қажет.
Күнкөріс минимумы – кедейлікті азайту жөніндегі мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды құралы. Шын мәнінде әлемде ол абсалюттік кедейліктің критерийі ретінде пайдаланылады да, «кедейшілік шегі» аталады, ол адамның негізгі мұқтаждарын қанағаттандыруға жарамды ең төменгі табыс деңгейі ұғымын білдіреді. Қазақстанда да күнкөріс минимумы содай-ақ абсалютті кедейлік деңгейін өлшеу үшін қолданылады. Алайда кедейлік экономикалық теңсіздікпен тығыз байланысты, міне, ол осы тұрғыда қоғамның барлық жіктерінің һәл – ауқаты деңгейіндегі контексттен қаралуы тиіс. Есепте Қазақстандағы кедейлікті азайту жөніндегі іс – шараларды тек абсалютті кедейлік кешетіндерге ғана емес, сонымен қатар кедейлік қауіпіндегі абсалютті кедейлікке түсуі мүмкін, тұрғын халықтың алдын алу үшін де жұмылдыру ұсынылады. Қауіп аймағындағыларды анықтау үшін күнкөріс минимумының екі өлшеміндегі шектікті пайдалану ұсынылады, өйткені ең төменгі шекті пайдалану ұсынылу, ол ең төменгі деңгейден жоғары болатын осындай табыс деңгейі лайықты тұрмыс деңгейі үшін қажет адамның дене және ақыл – ой қабілеттерін демеуге мүмкіндік жасайды.
- Жұмыссыздықтың түсінігі мен түрлері. Экономикалық әл-әуқатты сипаттайтын көрсеткіш жұмыссыздықтың түрлері. Жұмысшы күші мөлшерінің артуы, яғни еңбек ұсынысының жұмыс орны санынан артуы жұмыссыздыққа алып келеді.
Жұмыссыздықтың негізгі түрлері:
- Фрикциондық;
- Құрылымдық;
- Табиғи;
- Циклдық;
Жаңа жұмыс іздеп жүрген немесе жұмыс орнын ауыстыратын адамдарды, яғни уақытша жұмыссыздық бұл - фрикционды жұмыссыздық.
Құрылымдық жұмыссыздық - экономика құрылымның өзгеруіне байланысты, кәсіби – біліктілік сипаты бойынша еңбек күшіне сұраныс пен ұсыныстың сай келмеген кездегі жұмыссыздық.
Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықтың қосындысы табиғи жұмыссыздықты білдіреді.
Табиғи жұмыссыздықтың деңгейі мыналарға байланысты:
- жұмысшы күшінің құрамы;
- жұмыссыздық фактіге негізделген деңгейі;
- жалақы ставкасының номиналды болуы;
- жұмыссыздық бойынша пособия мөлшеріне енуі.
Экономиканың циклдық дамуы циклдық жұмыссыздықты тудырады.
Экономикалық өсу кезінде өндіріс көлемі артуы қосымша жұмысшы күшін талап етеді, нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі қысқарады.
Әлеуметтік теңдік пен теңсіздік деңгейі жан басына шаққандағы табысы, жалақы, зейнетақы мен өмір сүру деңгейі сияқты көптеген көрсеткіштермен өлшенеді. Саясаттың әлеуметтік бағыттылығы деп жүргеніміз белгілі топтар тарапынан туындайтын өзгермейтін және құбылмалы түсініктер мен мүдделердің күрделі жүйесінің нысаны. Мемлекеттің қоғамдағы орны, ондағы қарым - қатынастарды халықтық мүддеге орайластыра отырып құқықтық реттеу барысымен айқындала түседі. Халықтың әлеуметтік экономикалық мәнінің төркіні оның тұрмыс деңгейін көрсетуде жатыр.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев (2008-2010 жж) өз еңбектерінде еліміздің әлеуметтік экономикалық даму стартегиясын нақтылап өткен болатын. Айталық:
- ең алдымен еңбекке қабілетсіз және жағдайы нашар жіктерді зейнеткерлерді, мүгедектерді, көп балалы отбасыларын оқушы жастарды мемлекеттік қолдау және әлеуметтік жебеу жүйесін құру;
- ғылымға, мәдениетке, білім беруге және денсаулық сақтауға мемлекеттік қолдау;
- жұмыссыздық жөнінде әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету;
- кедейліктің алдын алу;
- күнкөріс көздері болып табылатын әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерді көтеру.
Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының негізгі мақсаты инфляцияның төменгі деңгейі кезінде тұрақты экономикалық өсуге өту, инвестициялық ахуалды жақсарту, халықтың ахуалын көтеру, оларды жұмыспен қамту болып табылады. Үкімет халықтың тұрмыс деңгейін одан әрі жақсарту, келеңсіз демографиялық үрдістерді біртіндеп еңсеру мақсатымен әлеуметтік саланы дамытуға ықпал жасауды күшейтеді.
Нарықтық экономикаға өткеннен кейін қоғамда диффенциация пайда болды, табыстың әр түрлі деңгейіне ие болатын халықтың категориялары біртін - біртін етек жайды. Өршіп келе жатқан әлеуметтік проблемалар Қазақстан Республикасының 2007-2030 жылға дейін әлеуметтік экономикалық даму стратегиясына сәйкес, әлеуметтік қорғау жүйесін бірте – бірте реформалауды қарастыратын іс-шаралар кешенін жасау және оны іске асыруды талап етті.
Экономикалық белсенді халық - жұмыспен қамтылған халықты (белгілі бір жастағы ересек, есепті кезеңде ақы төленетін жұмыста болған, өздігінен жұмыспен қамтылған немесе жұмыс істеген, бірақ жалдамалы жұмыскерлер болмаған халық) және жұмыссыз халықты (белгілі бір жастан үлкен адамдар, олар есепті кезеңде жұмыссыз болған, жұмысты бастауға мүмкіндіктері болмаған және жұмыс іздеген) қосқанда, ел халқының бір бөлігі (тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру үшін қол жететін еңбек ресурстары). Қазақстанда жұмысшы күші 15 жастағы ересек адамдарды қосады.
Экономикалық белсенділік деңгейі тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін мүмкіндікті елдегі жұмыс ресурстарын көрсетеді. Ол еңбекке қабілетті (жарамды) халықтың жалпы санындағы экономикалық белсенді халықтың үлесі ретінде өлшенеді (15 жастағылар және оданда жасы үлкендер).
Жұмыспен қамтылу азаматтардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет табыс немесе кіріс әкелетін қызметі.
Толық қамтылу – жұмыс істегісі келгендердің барлығы жұмыспен қамтамасыз етілген кездегі жұмыспен қамтылу деңгейі уақытша жұмыссыздықты бастан кешіп жатқандар есепке алынбайды. Толық жұмыспен қамтылу кезінде елдің барлық ресурстары әрекетке қосылған болып ұйғарылады. Өздігінен қамтылу адамның сыйақысы тауарлар мен қызмет көрсетулер өндірісіне түсетін алынатын пайдаға тікелей қатысты болатын жұмыс мұнда өз тұтынуы табыстың бір бөлігі ретінде қарастырылады.
Жұмыспен қатылу деңгейі экономикалық белсенді халықтан есептелген пайыздардағы жұмыспен қамтылған халықтың үлесін көрсетеді.
Жұмыссыздық эканомикалық белсенді халықтың бір бөлігінің еңбек рыногында талап етілмеулерінен туындайтын әлеуметтік – экономикалық құбылыс: адамдар жұмыс істеуге қабілетті және жұмыс істегілері келетін, бірақ жұмыс табылмайтын хал жағдай.
Жалпы жұмыссыздық – үш крийтериге қатар жауап беретін адам жұмыссыз болып есептелетін кездегі жұмыссыздық. Олар;
а) істейтін жұмыс (табысты жұмыс жоқ)
б) белсенді түрде іздеп жүр
в) бегілі бір уақыт аралығында жұмысқа кірісуге даяр (қағида бойынша екі аптаның ішінде)
Ресми жұмыссыздық – маусымдық ауытқуларға түзетусіз, мемлекеттік органдарда тіркелген жұмыссыздарды жалпы саны. Осы көрсеткіштерде жасырын бүркемелі жұмыссыздықтың ауқымдары көрсетілген жоқ.
Жасырын (бүркемелі) жұмыссыздық – жұмыс істегілері келетін бірақ жұмыссыз ретінде тіркелуде, әдетте жәрдемақылы құқылы еместігінен пайдасыз көретін жұмыссыздардың жалпы саны.
Созылынқы жұмыссыздық – 12 айға және одан ұзақ уақытқа созылатын жұмыссыздық.
Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың үлесін көрсетеді.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі - жұмыс күшінен пайыздық есептердегі жұмыссыздар үлесі экономикалық белсенді халық денгейі жұмыспен қамтылу мәселелері бойынша халықты ішінара тексеру негізінде есептеледі, тексеруді ХЕҰ - әдіснамасын пайдалану арқылы ҚР статистика жөніндегі агенттігі жүргізеді. Аптасына ең кемі 1 сағат жұмыс істеседе ол адам жұмыспен қамтылған болып саналады.
Ресми тіркелетін жұмыссыздық деңгейі – эканомикалық белсенді халықтан пайыздарға шаққандағы меммлекеттік жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар үлесі.
Жұмыссыздықтың орташа ұзақтығы адамның қанша ай жұмыссыз жүрген уақытын көрсетеді.
Жасқа қарай жұмыссыздық индикатор белгілі бір жас топтарына қарай жұмыссыздарды бөлуді қамтиды. Қазақстанда осы индикатор сол жастағы халықтың жалпы санындағы белгілі бір жастағы жұмыссыздардың үлесі ретінде есептеледі.
Білім деңгейі бойынша жұмыссыздық индикатор білімінің түрлі деңгейлері бойынша жұмыссыздарды бөлуді қарастырады. Қазақстанда осы индикатор сондай білім деңгейдегі халықтың жалпы санындағы, белділі бір білім деңгейіндегі жұмыссыздардың үлесі ретінде есептеледі.
Жастар жұмыссыздығы индикатор жеке төрт көрсеткіштен тұратын олардың әр қайсысы жастар жұмыссыздығы проблемасының түрлі аспектілерін көрсетеді. Төрт көрсеткішке кіретіндер:
а) жастар жұмыссыздығының деңгейі (жастар жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыз жастардың үлесі).
б) жастар жұмыссыздығы деңгейінің ересек халық арасындағы жұмыссыздық деңгейіне қатынасы.
в) жалпы жұмыссыздар санындағы жұмыссыз жастардың үлесі.
г) жалпы жастар санындағы жұмыссыздар үлесі.
Жастар термині астарындағы индикаторды есептеу кезінде 15-24 жастағы халық ұсынылады.
«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңнан
11-бап. Жұмысқа қабылдауға рұқсат етілген жас
- жеке еңбек шартын он алты жасқа жеткен адамдармен жасауға рұқсат етіледі.
- орта білім алған немесе жалпы білім беретін оқу мекемелерін тастаған жағдайларда жеке еңбек шартын он бес жасқа толған адамдар ата – аналарының немесе қамқоршыларының келісімі арқылы жасалады.
- ата – ананың біреуінің (қамқоршысының) келісімі арқылы жеке еңбек шартын оқудан бос уақытта, денсаулыққа зиян келтірмейтін және оқу үдерісін бұзбайтын жұмыстарды орындау үшін он төрт жасқа толған оқушылармен жасасуға болады.
- ауыр дене жұмыстарымен зианды және қауіпті еңбек жағдайларында бекітілген жұмыстарға он сегіз жасқа толмаған адамдарды қабылдауға рұқсат етілмейді.
45-бап. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы
- жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс.
46-бап. Жұмыскерлердің жеке санаттарына арналған
жұмыс уақытын қысқартылған ұзақтығы.
- жұмыскерлердің жеке санаттары үшін жұмыс уақытының
қысқартылған ұзақтығы белгіленеді
- он төрттен он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін аптасына 24 сағаттан аспайтын уақыт; он алтыдан он сегіз жасқа дейінгілерді аптасына 36 сағаттан аспайтын уақыт.
- ауыр дене жұмыстарын істейтін және зианды еңбек жағдайларындағы жұмыстар мен шұғылданатын жұмыскерлер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын уақыт.
47-бап. Бес күндік немесе күндік жұмыс аптасы және күнделікті жұмыстың ұзақтығы.
Жұмыскерлер үшін екі күн демалыс берілетін бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Өндірістер сипаты мен жұмыс жағдағдайлары бойынша бес күндік жұмыс аптасын енгізу пайдасыз болатын ұйымдарда бір күндік демалысы бар алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді.
60-бап. Төлем жасалатын жыл сайынғы еңбек демалысы.
- төлем жасалатын жыл сайынғы еңбек демалысы
жұмыскерлерге егер өзге нормативтік құқықтық актілер арқылы басқасы көзделмесе, он сегіз күн тізбелік күннен кем емес ұзақтық беріледі.
71-бап. Жалақының мөлшері.
Жалақының мөлшерін жұмыс беруші өз бетінше белгілейді және ол ҚР заңнамасы белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен аз болмауы тиіс.
1.3. Кедейшіліктің ұғымы және мөлшері
Кез келген мемлекеттің әлеуметтік даму, іске асырылатын экономикалық даму үлгісіне тәуелсіз, белгілі бір себептерге қарай (экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, физикалық, психологиялық және т.б.) қоғамнан «тысқары» қалған халық арасындағы топтардың тұрмыс деңгейі бойынша сарапталады, оған қоғамда қабылданған тіршілік стандарттарын (тамақ ішуге, киінуге, бос уақыт өткізуге және т.б.) тіпті ең төменгі деңгейде ұстауға шамалары келмейтіндер де жатады. Ондай адамдарды кедей деп те атайды.
Кедейшілік ұғымына және сараптауға қолданылатын дәстүрлі қалыптасқан абсолютті және салыстырмалы тәсілдер ең алдымен адамның табыстарын немесе оның тұтыну деңгейін қарайды. Адам егер организмнің физиологиялық мұқтаждарынан туындайтын деңгейде өз қажеттіліктері мен ең төменгі әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ете алмаса, онда мұндай тұрмыс жағдайлары «абсолютті кедейшілік» деп атайды, «салыстырмалы кедейшілік» кезінде қоғамда ең көп тараған стандарттарға сай өмір сүруге материалдық мүмкіндіктері жоқ адамдарды жатқызады.
1 кесте. Кейбір елдердегі абсолютті кедейшілік 2005 жыл
Ел | Абсолюттік кедейшілік деңгейі, % |
Германия |
11,5 |
Франция | 12,0 |
Ұлыбритания |
13,1 |
АҚШ | 14,1 |
Ресей | 27,3 |
Қазақстан | 21,4 |
Қырғыстан | 84,0 |
Одан басқа, кедейшілік адамдардың тұтынуға қажет деңгейі туралы пікірлерінің негізінде бағалауы мүмкін, осындай жағдайда олар өздерін кедеймін деп санамайды. Бұл жағдайда әңгіме «субъективті кедейшілік» туралы қозғалады.
2007 жылы адам даму туралы БҰҰ ДБ баяндамасына кедейшілікті адам әлеуетінің контексінде қарау ұсынылды, ол тұрғыдағы кедейшілік адам дамуы үшін базалық мүмкіндіктердің болуымен және оның таңдау шектеулігімен анықталады, олар: ұзақ, салауатты және баянды өмір сүруге, лайықты тұрмыс деңгейін иеленуге, жеке қадір – қасиетін сезіміне қысым жасаусыз еркіндіктен ләззат алуға, өзгелердің тарапынан сый құрметке бөленуге шамалардың жоқтығы. Проблемаға адам даму көз қарасы тұрғысынан қарау кедейшілікітің көп аспекті әлеуметтік құбылыс ретінде пайымдауға мүмкіндік береді.
Әлемдегі кедейшіліктің кейбір фактілері:
- Әлемдегі 1,2 млн адам күніне 1 доллардан кем ақшаға күнелтеді, ал 2,8 млн адам күніне 2 долларға жетпейтін деңгейде тұрмыс кешеді.
- Планетадағы 790 млн - ға жуық адам шала тамақтанудан зардап шегеді.
- Дүние жүзіндегі 880 млн. адамның денсаулық сақтау қызмет көрсетулеріне мүмкіндіктері жоқ, 2,6 млн. – ға жуық жұрт қалыпты санитарлық жағдайларсыз тіршілік жасайды. Прогресстің ағымдағы қарқындарына қарай 2015 жылға дейін төмен табысты халықтың 3/1 бөлігі 900 млн. адам қалыпты санитарлық жағдайларда тұруға қолдары жетпейді.
- Оңтүстік Азияда 46 млн. балалар мекетепке бармайды. Болжам бойынша бүкіл дүние жүзіндегі,12 жасқа дейінгі, 250 млн. бала жұмыс істеуге мәжбүр. 340 млн.-ға жуық әйелдер 40 жасқа дейін өмір сүрмеулері мүмкін. Дүние жүзіндегі ересек адамның төртеуінің біреуі сауатсыз, солардың 3/2 әйелдер.
- 2006 жылы 48 млн. – нан астам адамдар, солардың көпшілігі кедей тұрмыстылар, АИВ жұқтырған. АИВ / ЖИТС ауруы ең көп тараған елдерде нәрестелер шетінеуінің деңгейі 2015 жылға дейін 75% -ға, ал 5 жасқа дейінгі балалар өлімі 100%-ға өсуі мүмкін.
- ЖИТС –пен ауыратын жетімдер саны 2006 жылғы 8,2 млн. – нан 2015 жылы 40 млн. –ға дейін ұлғаюы ықтимал. АИВ/ЖИТС кеселі ең көп тараған елдерде болжалды, орташа өмір ұзақтығының 2006 жылғы 10 жылға, 2024ж. 7 жасқа ұзаруы мүмкін[1]. Экономикалық теңсіздік пен кедейшілік өлшемі
Кедейшілік пен экономикалық теңсіздікке сан және сапа жөнінен баға берудің мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын әзірлеу үшін үлкен маңызы бар.
Табыс (кіріс) бойынша кедейшілікті өлшеу үшін пайдаланылатын ең көп тараған көрсеткіштер – елдегі бүкіл халықтың ішіндегі кедей тұрмыстылар үлесі, кедейшіліктің тереңділігімен өткірлігі.
Кедейшіліктің деңгейі немесе кедей тұрмысты халықтың үлесі – табысы немесе тұтынуы әдетте күнкөріс минимумына теңгерілетін елде белгіленген (кедейшілік шегінен) төмен деңгейде күнелтетін адамдар үлесі. Кедейшілік ауқымдарын сараптау үшін күнкөріс минимумын қолданудың екі қасиеті бар. Біріншіден, күнкөріс минимумы адамға белгілі бір ең төменгі деңгейде қажет тауарлар мен қызмет көрсетулерді тұтынумен анықталады, ол елдің дәстүрлері мен климаттық жағдайларына сәйкес тамақ пен киімге қатысты ұлттық ерекшеліктерді көрсетеді. Екіншіден, күнкөріс минимумын қолдану түрлері елдер және уақыт бойынша адамдардың тұрмыс деңгейін салыстыруға мүмкіндік жасайды. Қазақстанда, кедейшілік деңгейі немесе кедей тұрмыстық халықтың үлесі «күнкөріс минимумы деңгейінен төмен табыстағы халықтың пайыздық үлесімен» анықталады, яғни олар ең аз тұтыну себетімен тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға мүмкіндіктері жоқ адамдар. Бұдан бөлек, Қазақстанда «азық - түлік кедейшілігінің» деңгейі немесе азық-түлік себеті деңгейінен төмен табыстағы халықтың үлесі есептелінеді. Елдегі кедейшілік ауқымдарын сипаттай отырып, кедейшілік деңгейінің көрсеткіші соған қарамастан кедей тұрмысты халықтың жағдайларындағы өзгерістерді (нашарлау / жақсару) көрсетпейді. Табыс бойынша кедейшілікке тереңдетілген сапалы сипаттама беру үшін кедейшіліктің тереңдік және өткірлік индекстерін қолданады.
Кедейшілік тереңдігі кедей адамның қаншалықты (кедей) екендігін көрсетеді және кедей тұрмысты халықтың табыстары мен кедейшілік шегіне «Қазақстандағы күнкөріс минимумы» сәйкес ең аз қажеттіліктегі табыстар деңгейі арасындағы айырмашылықты білдіреді. Кедейшілік тереңдігі осылайша кедей тұрмысты халық табыстарының тапшылығын сипаттайды. Кедей тұрмысты халық табыстарының тапшылығы мен кедейшілік шегіне сәйкестігін табыстардың қатынасы кедейшілік тереңдігінің индексін көрсетеді. Кедейшілік өткірлігі қоғамдағы ең кедей адамның қаншалықты «кедей» екендігін көрсетеді, яғни кедей тұрмысты халықтың арасындағы теңсіздікті сипаттайды. Кедейшілік өткірлігінің индексі де салыстырмалы көрсеткіш болып табылады және ол кедейшілік тереңдігі индексінің негізінде есептелінеді. Кедейшілік тереңдігі мен өткірлігі индекстері белгілерінің ұлғаюы кедей тұрмысты адамдардың жағдайларының нашарлауы туралы айғақтайды. Осы индекстерді қолдану кедей тұрмыстылар табыстарының тапшылығынан арылу үшін қажет қаржылай қаражаттардың көлемдерін белгілеуге мүмкіндік туғызады. Кедейшіліктің өткірлік және тереңдік индекстері сондай-ақ ең кедей тұрмысты халыққа мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмек жүйесін ұйымдастыру кезінде де пайдаланулары мүмкін.
Кедейшілікті экономикалық даму деңгейі мен және қоғамның барлық жіктерінің әл-ауқат деңгейімен өзара байланысты қарау қажет, яғни қоғамдағы экономикалық теңсіздікпен сабақтастыру керек. Қоғамдағы экономикалық теңсіздік онда салыстырмалы кедейшіліктің болуы туралы айғақтайды бірақ абсолютті кедейшіліктің орын алуын міндетті түрде білдірмейді. Қоғамдағы экономикалық теңсіздік деңгейіне ықпал ететін факторларды бірнеше топқа бөлуге болады:
- Табыстар деңгейіндегі бойынша айырмашылықтар. Осы топқа жеке меншік мөлшерлерінен болатын, сондай-ақ адамдардың әркелкі санаттарының байлық жинаулары деңгейіне байланысты айырмашылықтарды қосуға болады;
- Білім деңгейіндегі айырмашылықтар. Осы топқа сондай-ақ білімнің деңгейі мен сапасына өзгерістерді, жеке жетістіктер және шығу тегі мен сабақтасатын айырмашылықтарды қосады;
- Адамдардың жастарына қарай және физиологиялық айырмашылықтары, сондай-ақ түрлі материалдық игіліктердің мүмкіндігі.
Осы фактордың ықпал етуімен қоғамның негізгі әлеуметтік жіктері қалыптасып, олар материалдық молшылық пен тұтыну әрекеттеріне қарай бөлінеді. Тұрмыс деңгейі бүкіл Ресейлік мамандар халықтың тұтыну жүйесін әзірледі, жүйе әл-ауқат, тұрмыс деңгейіндегі белгілі бір критерийлерге сүйене отырып, елдегі бүкіл тұрғын халықты нақты топтарға бөлуге мүмкіндік жасайды. Осы жүйе негізгі үш әлеуметтік стандартты (нормативті) қамтиды, олар: күнкөріс минимумы (КМ), ең төменгі тұтыну бюджеті (ТТБ) және жоғары молшылық бюджеті (ЖМБ).
Күнкөріс минимумы, бұрын айтылғандай, адамның абсолютті кедейшілігінің жігін белгілейді және кедейшілікпен күрес жүргізудегі мемлекет саясатымен байланысты маңызды әлеуметтік нормативтер болып табылады. Қазақстанда күнкөріс минимумы ҚР «Күнкөріс минимумы туралы» Заңымен белгіленеді және ол бір адамға ең төменгі тұтыну себеті құнының шамасымен бірдей және де дамудың осы кезеңінде қоғам қабылдаған адамның ең аз қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге қажет ең аз мөлшердегі ақшалай табысты көрсетеді. Ең төменгі тұтыну себетінің құнына ең аз азық-түлік себетінің құны мен азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызмет көрсетулерге жұмсалатын шығындар кіреді. Ең аз азық-түлік себетінің құны тамақ өнімдерін тұтыну нормаларын, облыстарда айдың ортасында қалыптасқан орташа бағаларға көбейту арқылы ай сайын есептеліп отырады. Тамақ өнімдерін тұтыну нормалары республика халқы үшін бірыңғай және оларды Қазақстанның тамақ Академиясы әзірледі, академия энергетикалық құндылықты қамтамасыз ету мен физиологиялық деңгейде негізгі тамақ заттарын тұтыну тұжырымдамасына сүйенеді. Сонымен қатар, бағалар күнкөріс минимумының шамасына ықпал ететін негізгі факторлар болып табылады, өйткені тамақ өнімдерін тұтыну нормалары мен азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын шығыстар арасындағы ара-қатынас біршама тұрақты шамалар.
Ең төменгі тұтыну бюджеті (ТТБ) адамдар тұтынуын қалпына келтіретін деңгейді қамтамасыз ететін жоғары әлеуметтік санатттарды көрсетеді. Ең төменгі тұтыну бюджеті күнкөріс минимумын екі мөлшеріне тең және ол адамның дене және парасат күштерін қалпына келтіру, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және дене дамуы, зейнеткерлердің белсенді әлеуметтік және дене жай күйлерін демеу үшін қажет халықтың негізгі материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру тиіс.
Жоғары молшылық бюджеті (ЖМБ) адамның физиологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерін толық және орынды негізделген қанағаттандыру мен қамтамасыз етеін игіліктер мен қызмет көрсетулердің оңтайлы жиынтығының болуын ұйғарады, ол сондай-ақ міндетті төлемдер мен алымдарға жұмсалатын жұмыстарды, бюджеттің осы үлгісін ұстау үшін жинақ ақшалар жасауға қажет шығыстарды қамтиды. Жоғары молшылық бюджеті адамның тұтынудың дамушы деңгейін емдеуіне жағдай жасайды немесе басқаша айтқанда, адамның жаң-жақты дамуын қамтамасыз ететін таңдау мүмкіндігін ұлғайтуды, ұзақ мерзімді және салауатты өмір сүруді, білім алу мен лайықты тұрмыс құруды қосқандағы игіліктерді пайдалану мүмкіндігі.
Тұтыну бюджеттерінің жүйесіне сүйене отырып, елдегі бүкіл халықты шартты түрде 4 әлеуметтік жікке бөлуге болады. Кедей тұрмыстағылардан ең жоғары қамтамасыздандарылған адамдарға дейін.
2 кесте. Қоғамның тұтыну бюджеттері жүйесіндегі әлеуметтік жіктері
Әлеуметтік жік | Критерий |
Кедей тұрмыстылар | Табыстары күнкөріс минимумынан төмен ( КМ) |
Төмен тұрмыстылар | Табыстары күнкөріс минимумынан жоғары, бірақ ең төменгі тұтыну бюджетінен төмен (2 КМ) |
Орташа тұрмыстылар | Табыстары ең төменгі тұтыну бюджетінен жоғары, бірақ жоғары молшылық бюджетінен төмен (7 КМ) |
Жоғары тұрмыстылар | Табыстары жоғары молшылық бюджетінен көп, тұтынудың дамушы деңгейін қамтамасыз етеді |
Қоғамдағы экономикалық теңсіздікті сараптау үшін табыстарды шоғырландыру мен сараптау коэффициенттері кеңінен қолданылады. Қорлар коэффициенті (табыстарды саралау коэффициенті) ең көп және ең аз қамтамсыздандырылған халық топтарының табыстарын салыстыруға мүмкіндік жасайды, ол ең жоғары және ең төмен тұрмысты халықтың 10%, 20% ақшалай табыстарының белгілерінің арақатынасын көрсетеді. Оны төмендегі кестеден көруге болады.
3 кесте. Кейбір елдердегі қорлардың коэффициенті 2006 жыл
Ел | Қорлар коэффициенті |
Қырғызстан | 6,0 |
Хорватия | 7,3 |
Болгария | 9,9 |
Қазақстан | 6,8 |
Ресей | 14,0 |
Джини индексі 10%304-70,290 (табыстарды шоғырландыру коэффициенті) қоғамдағы (адамдар мен үй шаруашылықтары арасында) ақшалай табыстардың (тұтыну) жалпы қорын бөлудегі теңсіздікті бағалауға мүмкіндік туғызды. Саралау коэффициенттерінен айырмасы бұл көрсеткіш халықтың ең көп және ең аз қамтамасыз етілген топтарының ақшалай табыстарын салыстыру жолымен емес, ал ақшалай табыстардың жиынтық көлемінде халық арасындағы жеке топтардың меншігінде бар табыстардың үлесті салмақтары негізінде есептейді. Табыстардың жалпы көлемі неғұрлым біркелкі бөлінген сайын соғұрлым Джини индексі аз болады. (0-ге жақын) және керісінше, Джини индексінің шамасы неғұрлым көп болса (1 -ге жақын) соғұрлым ұлттық табыстардың аз үлесі халықтың кедей жіктеріне жиналады. Төмендегі кестеден көруге болады.
4 кесте. Кейбір елдердегі Джини коэффициенті, 2006 жыл
|
Бұдан бөлек, халықтың тұтыну бюджеттерінің жүйесі халықтың сатып алу қабілеті табыстарының көрсеткішін енгізеді. Осы индикатор халықтың күнкөріс минимумының орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының арақатынасы ретінде есептеледі (Қазақстанда тұтынуға пайдаланылған орта есеппен жан басына шаққандағы табыстар есептеуге қолданылады), ол осы табыстарға сатып алуға болатын күнкөріс минимумына кіретін тауарлар мен қызмет көрсетулер жиынтығының санын анықтауға мүмкіндік жасайды. Адамдар табыстарын сатып алу қабілетінің көрсеткіші елдегі экономикалық теңсіздіктің сипаттамасы болып табылады.
Кедейшілік дегеніміз адамның қал жағдайы ол лайықты тұрмыс деңгейі мен азаматтық мәдени эканомикалық саяси және әлеуметтік өзге құқықтарды пайдалану үшін қажет ресурстарға мүмкіндіктерге таңдауға қауіпсіздік пен күш қуатқа қатысты орнықты немесе созылмалы шектеулерді сипаттайды.
Абсолюттік тәсіл кезінде объективті белгіленген абсалютті минимумнан төмен табыстағы адамдар кедей тұрмыстылар болып есептелінеді басқаша айтқанда кедейшіліктің абсалюттік тұжырымдамасы адамның негізгі қажеттіліктерінің ең қысқа тізбесін (мәселен ең аз азық-түлік себеті немесе күнкөріс минимумы және осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін талап етілетін ресурстардың мөлшерін белгілеуге негізделеді. Атап айтқанда тамақ өнімдеріндегі қажеттіліктерді белгілеу үшін қажетті калорианы белоктарды, майлар мен угливоттарды тұтынудың физиалогиялық нормаларын пайдаланады.
Салыстырмалы тәсіл кезінде әл – ауқат көрсеткіштерін аз қажеттіліктермен емес, ал түрлі елдегі материалдық қамтамасыздықтың басым деңгейі мен салыстырады. Басқаша айтқанда қоғамның өзгеше мүшелерімен салыстырғанда табысы аз адамдар кедей тұрмыстыларға жатады. Практикада кедейшіліктің салыстырмалы шегі үй шаруашылықтарының орташа немесе медианалық табысының шамасы бойынша пайыздық қатынаста белгіленеді.
Субъективті тәсіл адамдардың өз материалдық жағдайларына өздерінің субъективті баға берулеріне негізделеді және адамдардың өздерін кедеймін деп есептей ме және қалыпты тұрмыс үшін алатын табыстары жете ме деген сұраққа өздерінің жауап берулеріне мүмкіндік туғызады. Бұл мағынада аталмыш тұжырымдама адамның еркіндігі мен қадір қасиеті қағидалары мен және лайықты тұрмыс деңгейін құруға берілетін құқықтары мен тығыз байланысты, олар – дұрыс тамақтануға, медициналық қызмет көрсетулерге білім алуға және қоғамның өзге де әлеуметтік және эканомикалық жетістіктеріне берілетін құқықтары. Кедейшілікті өлшеудің субъективті әдісі кедейшілікті сапалық талдау үшін оны сан бойынша бағалар мен қатар жиі қолданылады.
Кедей тұрмысты халықтың үлесі, немесе жан басылық есеп жүргізудің коэффицинті
Жан басылық есеп жүргізудің коэффицинтімен тұлғаланылатын кедейшілік деңгейін күнкөріс минимумынан төмен табыстағы халықтың үлесін көрсетеді. Бұл көрсеткіш кедейшіліктің тереңдігін немесе өткірлігін есепке алмайды, сондықтанда ол кедей тұрмысты халықтың нашарлап бара жатқан жағдайына мән бермейді.
Кедейшілік тереңдігі кедей тұрмысты адамның қаншалықты кедей екендігін көрсетеді және кедейшіліктің белгіленген шегіне қатысты кедей тұрмысты халықтың жиынтық табыс тұтынуының орташа тапшылығына кескіндейді. Қазақстанда ол күнкөріс минимумы. Егер халықтың кедей тұрмысты топтарының табыстарының орташа мөлшері кедейшілік шегінен көп төмен болса онда кедейшілік терең болып есептелінеді. (Қазақстан үшін күнкөріс минимумынан төмен).
Кедейшілік өткірлігі
Кедейшілік өткірлігі қоғамдағы ең кедей адамның қаншалықты кедей екендігін сипаттайды, яғни кедей тұрмысты бұқара халық арасындағы теңсіздікті көрсетеді. Кедейшілік өткірлігі кедейшілік тереңдігін қосымша ситпаттамасы ретінде қаралады, ол үшін кедейшілік тереңдігі мен жан басылық есеп жүргізу үшін коэфицинтінің дәрежелері өзгеріссіз қалулары шарт. Кедейшілік өткірлігінің дәрежесі неғұрлым жоғары болса кедейшілік проблемасы соғұрлым күрделі.
Азық – түлік себетінің құны
Азық – түлік себетінің құны Қазақстанда калорияалар жиынтығымен тұлғаланған базалық азық – түлік жинақтамасын анықтау мақсаттарында есептелінеді. Азық – түлік себеті күніне бір адамға 2900 калориядағы тұтыну деңгейін құрайтын атауларды мазмұндайды, ДДҰ стандарттарына сәйкес келеді. Азық –түлік себеті сондай – ақ жергілікті азық – түлік дәстүрлерін және жергілікті рыноктағы тауарлар мүмкіндігін ескереді.
Адам дамуының индексі
Адам дамыуының идексі құрама көрсеткіштерден тұрады, ол 1990 жылғы адам дамуы туралы Баяндамада бірінші рет ұсынылып, есептелінді. Бірнеше әлеуметтік көрсеткіштерді біріктіретін (туған кездегі өмір ұзақтығы, халықтың жан басына шаққандағы білім және табыс деңгейі) АДИ түрлі елдердің даму деңгейлерін салыстыру үшін пайдалы статистикалық құрал болып қызмет атқара алады.
Күнкөріс минимумы
Күнкөріс минимумы адамның тіршілік әрекетін жүргізу үшін қажет, нарықтық бағалар бойынша тауарлар мен қызмет көрсетулердің құндық бағасын көрсетеді. Қазақстандағы күнкөріс минимумы тұтыну себетіне кіретін тауарлар мен қызмет көрсетулерге пропорционал кірістердің (шығыстардың) объективті белгіленген деңгейі.
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1. Тұрғындардың жұмыспен қамтылу деңгейін талдау және жұмыссыздық
Қазақстан егемендік алғаннан кейін экономикада нарықтық қатынастардың қалыптасуы еңбек нарығы құрлымының өзгеруімен бірге жүрді. Жұмыс күшінің әрекет етуінің жаңа шарттары анықталды, жұмыс күшіне сұраныстың сандық және сапалық сипаты өзгерді. Еңбек нарығын реформалау мемлекетпен басқарылатын жұмысбастылық және жалақы төлеу жүйесін, осы факторлардағы сұраныс пен ұсыныстардың нарықтық күштерін анықтайтын алмастыруды көздейді.
Жұмыссыздықтың пайда болу себептеріне тоқталып кететін болсақ, Біріншіден жұмыссыздықтың денгейі төмен болуы мемлекет дамуының көрсеткіштері, жаңа жұмыс орындарының көбеюі және тағыда басқа. Бұл жерде жұмыссыздардың ақша табу көздері жоғалады. Мемлекеттік емес жұмыс орындары тұрақты емес, олар кездейсоқ жағдайда болады, олар әлеуметтік қамтамасыз етуге, әлеуметтік көмекке жауап бермейді. Екіншіден екі жақты табыс көзіне әсер ететін факторлаға байланысты.
Нарықтық қатынастар қалыптасуы және дамуы кезеңінде ел экономикасындағы құрлымдық өзгерістер жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың тепе – теңдігінің бұзылуымен жұмыссыздықтың өсуімен бірге жүреді. Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмыссыздарды азайту мақсатында іс – шаралар қолдануда. Соңғы жылдары экономиканың нақты секторындағы өндірістің өсуіне байланысты жаңа жұмыс орындары құрылып жатыр, бұл жұмыс бастылықтың өсуіне және жұмыссыздықтың кемуіне алып келеді.
Қазақстан Республикасы халқының жұмыссыздығы және жұмыспен қамтылу деңгейін талдап қарасақ, 2006 желтоқсанында 15 және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны (бағалау бойынша) 8033,6 мың адамды құрады. Экономикада жұмыспен қамтылғандар саны – 7419,9 мың адам немесе өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 152,2 адамға көп, жұмыссыздар тиісінше, 618,7 мың адам немесе 22,6 мың адамға кем. Жұмыссыздық денгейі 7,7% анықталды.
2006 жылы экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 8,0 млн. адамды құрады және өткен жылмен салыстырғанда 127,4 адамға немесе 1,6% -ға өсті. Бұл мәліметтен байқайтынымыз ел экономикасының біртін – біртін жақсаруы байқалады. Елде экономикалық тұрақтылық және жұмысбастылық дәрежесі өз мүмкіншілігін жақсартуда.
Экономикада жұмыспен қамтылған адамдар саны 2006 жылы 7,4 млн. Адамнан асып түсті, бұл 2005 жылға қарағанда 153,9 мың адамға немесе 2,1% - ға көп. Жұмыспен қамтылғандар құрамында негізгі үлесті (64,9%) жалдамалы қызметкерлер, ал өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 35,1% құрайды.
2006 жұмыссыздар (табысты жұмысы болмаған, оны белсенді түрде іздеген және оған кірісуге дайын болған 15 және оданда жоғары жастағылар) саны 618,7 мың адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,4% азайған. Жұмыссыздық денгейі 7,7% (2000 жылы-12,8%) қалыптасты.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министірлігінің деректері бойынша жұмысқа орналастыруы мәселелері жөніндегі өкілетті органдарда 2006 жылы 204,7 мың адам, 2007 ж. Қаңтарда – 11,9 мың адам, ауыл тұрғындарына тиісінше, 39,5 мың адам тіркелді.
Жұмыспен қамту органдарына жұмыссыздар ретінде есепте тұрған азаматтар саны 2006 жылдың желтоқсанының соңына 77,3 мың адамды құрады, бұл өткен айға қарағанда 2,2 мың адамға (2,9%) және 2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15,3 мың адамға (2,4%) аз. Желтоқсанда экономикалық тұрғыдан белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,9% құрады. 2007 жылдың желтоқсанына тіркелгендер санында жұмыссыздар – 50,9 мың адам - әйелдер, олардың үштен бірі ауыл тұрғындары (29,4 мың). Өткен аймен салыстырғанда олардың саны 0,6 мың адамға немесе 1,0% кеміген. 5 кесте. 2006 жылдың төртінші тоқсанындағы еңбек рыногының негізгі индикаторлары (халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеу материалдары бойынша)
Энономикалық белсенді халық, адам | Халықтың экономикалық белсен- ділігінің деңгейі, %-бен | Жұмыспен қамтылған халық, адам | Соның ішінде | Жұмыссыз-дар барлғы, адам | Жұмыс- сыздық денгейі, % | кономии- калық белсенді емес халық, адам | Халықтың экономика-лық енжарлығы-ның денгейі % | |||
Жалдамалы қызметкер- лер | өздігінше жұмыс істейтін- дер | |||||||||
Қаз. Рес. | 8033,6 | 69,7 | 7414,9 | 4811,6 | 2603,2 | 618,7 | 7,7 | 3488,5 | 30,3 | |
Ақмола | 422,8 | 73,3 | 386,6 | 216,9 | 169,7 | 36,2 | 8,6 | 154,1 | 26,7 | |
Ақтөбе | 380,8 | 74,3 | 349,3 | 219,7 | 129,7 | 31,4 | 8,3 | 131,8 | 25,7 | |
Алматы | 817,6 | 68,0 | 761,0 | 426,5 | 334,5 | 56,6 | 6,9 | 338,3 | 32,0 | |
Атырау | 236,6 | 70,1 | 217,1 | 174,5 | 42,7 | 19,4 | 8,2 | 100,7 | 29,9 | |
Ш.Қазақастан | 759,6 | 66,2 | 706,9 | 461,1 | 245,9 | 52,8 | 7,6 | 388,3 | 33,8 | |
Жамбыл | 513,2 | 71,4 | 467,2 | 238,3 | 229,3 | 45,6 | 8,9 | 205,4 | 28,6 | |
Б. Қазақстан | 322,3 | 68,7 | 292,1 | 174,6 | 126,4 | 27,1 | 8,4 | 147,1 | 31,3 | |
Қарағанды | 735,4 | 69,6 | 685,0 | 508,6 | 176,5 | 54 | 6,9 | 321,5 | 30,4 | |
Қостанай | 557,7 | 76,8 | 514,5 | 294,0 | 220,4 | 43,2 | 7,6 | 118,1 | 23,2 | |
Қызылорда | 303,1 | 71,7 | 274,9 | 158,3 | 116,6 | 28,2 | 9,3 | 119,9 | 28,3 | |
Маңғыстау | 190,2 | 73,2 | 172,8 | 161,4 | 11,4 | 17,4 | 9,3 | 69,8 | 26,8 | |
Павлодар | 399,7 | 67,0 | 368,7 | 285,5 | 83,1 | 31,1 | 7,8 | 197,3 | 33,0 | |
С. Қазақстан | 387,5 | 73,1 | 359,7 | 206,4 | 153,4 | 27,8 | 7,2 | 142,8 | 26,9 | |
О. Қазақстан | 1057,0 | 70,6 | 982,5 | 476,8 | 505,7 | 74,5 | 7,1 | 439,2 | 29,4 | |
Астана қ. | 304,6 | 67,3 | 280,6 | 256,8 | 23,9 | 63,9 | 7,9 | 148,2 | 32,7 | |
Алматы қ. | 645,4 | 63,5 | 592,4 | 552,3 | 41,1 | 52,9 | 8,2 | 370,3 | 36,5 |
6 кесте. 2006 жылдың желтоқсанында жұмыссыздар ретінде тіркелген және жұмысқа орналасқан азаматтар саны
Есепті айдың соңында жұмыспен қамту органдарын- да жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны, мың адам | Эканомикалық тұрғыдан белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздар үлесі, %-бен | Жұмысқа орналасты | ||
Барлығы, мың адам | өтініш білдіргендердің жалпы санына %-бен | |||
2006 ж Қаңтар Ақпан Наурыз Сәуір Мамыр Маусым Шілде Тамыз Қыркүйек Қазан Қараша Желтоқсан 2007 ж Қаңтар | 75,1 103,6 113,7 111,2 113,4 108,7 100,1 99,0 96,3 88,9 86,9 81,5 75,1 77,3 | 0,9 1,3 1,4 1,4 1,4 1,4 1,3 1,2 1,2 1,1 1,1 1,0 0,9 1,0 | 204,7 10,1 15,0 19,4 16,8 16,9 23,8 15,6 16,3 22,2 16,5 17,4 14,7 11,9 | 77,4 36,0 43,7 87,9 61,8 82,5 108,2 74,4 84,2 101,6 84,1 100,8 130,2 60,0 |
2006 жылдың қаңтар – желтоқсанында 204,7 мың адам (2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4% артық) жұмыспен қамтамасыз етілген. Өткен жылдың желтоқсанында жұмыс іздегендердің санынан 58,9%, ауылды жерде – 70,8% жұмыспен қамтамасыз етілген.
2006 жылдың бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің деректеріне сәйкес) әртүрлі себептермен толықтай 348 (2006 жылдың желтоқсанының басында – 149 кәсіпорын), ішінара – 309 (287) кәсіорын жұмысын тоқтатқан, ішінара толық емес жұмыс уақыты тәртіптемесімен – 93 кәсіпорын (101) жұмыс істеген. Бір ай ішінде шарасыз демалыста болған қызметкерлер саны 22,7 мың адамды құрады.
Жұмыспен жалданып қамтылу 2007 жылдың қаңтарында жалдамалы қызматкерлер саны (бағалау бойынша) 4681,4 мың адамды құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 114,2 мың адамға артық. Оның ішінде мемлекеттік және мемлекетік емес ұйымдарда жұмыс істегені 82,5%, жеке тұлғаларда – 11,4%, шаруа (фермер) қожалықтарда – 6,1%.
2006 жылы ірі және орта кәсіпорындарда 2777,9 мың адам жұмыс істеген немесе жұмыспен қамтылғандардың жалпы саннынан 57,7%. Қос қызметтілік шарты бойынша 12,7 мың адам, азаматтық құқықтық сипаттағы шарттар бойынша 19,4 мың адам жұмысқа тартылған. Тізімдік құрам қызметкерлерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 138 мың адамға өсті, азаматтық құқықтық сипаттағы шарттар бойынша – 19,8 мың адамға, қызметті қоса атқарушылар – 0,5 мың адамға азайды.
Жылдың әр тоқсанында адамдар өздігінен немесе жұмыс берушілердің әсерінен жұмыс орнынан айырылады. Бұл жүріп жатқан процес жылда халықтың жұмыссыздық деңгейінің тұрақты емес екендігіне дәлел бола алады.
2006 жылы бір қызметкер орташа 1840,5 сағат жұмыс істеген. Жұмыс істелген сағаттардың ең көп саны мемлекеттік басқаруда – 1932,3 сағат, жылжымайтын мүлікпен операциялар бойынша қызмет – 1915,1 сағат, құрлыста – 1913,7 сағат. Жұмыс күннінің орташа ұзақтығы 7,33 сағатты құрады.
2006 жылдың желтоқсанының соңына республикамыздың ірі және орта кәсіпорындарында 18,7 мың (тізімдік санға 0,7%) бос орын болған, бұл өткен жылға қарағанда 340 бірлікке (1,8%), 2005 жылдың тиісті кезеңіне – 442 бірлікке (4,6%) артық.
Халықтың жұмыспен қамтылу құрлымы әдетте эканомикадағы жұмыс орындарының құрамы мен құрлымына байланысты, сондай-ақ ол еңбек төлемінің деңгейіне де қатынасты. Әсіресе жастарды жұмыс пен қамту құрлымы маңызды. Ол еңбек рыногының даму үрдісін анықтайды. Жастарды тиімді жұмыс пен қамту проблемалардың шешімін таппауы болашақта кедейшіліктің қайта жаңаруына алғышарттардың сақталуына себеп болады.
Кез келген жеке тұлға өзіне болашағын жақсарту мақсатын қойып алға ұмтылса, ол өз дегеніне жетуі әбден мүмкін. Адам баласы кез- келген дағдарысты және қиындық кездерін өзі ғана жеңе білуі тиіс. Өмірдің өткелі көп, қандай ойда сен жүрсең, басқа ойда сенің дегеніңді жеңуге тырысып бағады. Адам баласы өзінің даму тарихында бастан кешірмегені, көрмеген қорлық-зомбылығы қалмады. Табиғаттың күніндей басынан күніне бір оқиға өтіп тұрды. Осының бәрін көтере, жеңе білген және ол кім?- деген атауға ие болған, тек бұл – Адам!
Тұрғындардың жұмыспен қамтылу деңгейі жылдар өте жақсаруда, жұмыссыздық біртін-біртін тұсауланып халықтың әл – ауқаты біршама оңалды. Ел басымыз өзінің жолдауында сараптаған мәліметтеріне тоқтала кетсек:
Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық эканомикасын құрдық.
Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарық эканомикасы бар.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз жеті жүз доллардан сәл ғана асса, 2006 жылдың соңында ол 5050 долларға жетті, ендеше биылғы жылы біздің жан басына шаққандағы ішкі өніміміз алты мың бес жүз доллардай болады деген болжамымыз бар.
Біз 2009 жылы жан басына шаққанда жалпы ішкі өнімді 8800 АҚШ долларынан асатын мөлшерге, яғни Чехия, Венгрия, Польша, Малазия сияқты елдердің бүгінгі деңгейіне, ал 2015 жылы шамамен 12000 АҚШ доллары мөлшеріне жеткізуге күшіміз жетеді деп санаймын. Жалпы, сатып алу қабілетінің шамасы жағынан бұл цифрларға біз қазірдің өзінде жақынбыз.
Біз еліміздің жалпы ішкі өнімін 2000 жылмен салыстырғанда, 2009 жылы екі есе ұлғайтуды жоспарласақ та, бұл көрсеткішке 2008 жылы-ақ жететінімізге сеніміміз мол!
2.2. Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сүру деңгейі және кедейшілік мәселесін шешу жолдарын талдау.
Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сүру деңгейі және кедедейшілік моноторингінің мұндай жүйесін әзірлеу қажеттілігі бірқатар құжаттарда және бағдарламаларда көрініс тапқан Үкіметттің өзіне міндеттемелер қабылдаумен шартталады. Сөйтіп, 2008-2010 жылдарға Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық даму индикативті жоспармен 95 бағдарлама бойынша жұмыс көзделген, соның ішінде 47 қолданыстағы және 48 әзірленетін. 2006 жылдың басына республикада 74 бағдарлама әрекет етті. 2007-2008 жылдарға әлеуметтік эканомикалық дамудың басымдылықтары болып:
- мемлекеттің азық-түлік бағдарламасын іске асыруды және ауылдағы (селодағы) өмір шарттарын сапалы жақсартуды қамтамасыз ететін шаралар кешені;
- ел эканомикасын индустриалды – инновациялық даму стратегиясын іске асыруды қамтамаысыз ететін шаралар кешені;
- ғылымды, білім беруді және халықтың кәсіпттік біліктілігін дамудың қазіргі заманға сай тиімді жүйесін құру;
- шағын кәсіпкерлікті дамуын қамтамасыз ететін шаралар кешені;
- өндірістің және әлеуметтік инфрақұрлымның дамуы;
- халықтың зейнетақылық және әлеуметтік қамсыздандыруын одан әрі жоғарлату;
- мемлекеттік қызметкерлердің және бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлердің жалақысын жоғарлату;
- астананы одан әрі дамыту;
Халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту жөніндегі кешенді бағдарламасы болып 2006 жылы қабылданған 2006-2008 жылдарда Қазақстан Республикасының кедейшілікті азайту жөніндегі бардарлама болып табылады, ол кедейлікті азайтудың сәйкес аясындағы мәселелерді шешетін, жекелеген мемлекеттік және салалық бағдарламаларында қойылған мақсаттар мен міндеттерді қамтиды, оның ішінде:
- мемлекеттік бағдарламалар: «Халықтың денсаулығы», «Білім», 2003-2005 жылдарда Қазақстан Республикасының кедейшілікті азайту жөніндегі бағдарлама;
- салалық бағадарламалар: «Салауатты өмір салты», 2006-2008 жылдарда Қазақстан Республикасында ЖИТС эпидемиясына қарсы әрекет жүргізу, 2006-2008 жылдарда «Ауыл мектебі», 2006-2008 жылдардағы «Ауыз су» және т.б. мәселелер.
Барық елде қабылданған бағдарламалар «Қазақстан–2030» ұлттық бағдарламасына, оған сәйкес қабылданған 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасының тұрақты даму стратегиялық жоспарға сәйкес әзірленеді және 2006 жылы Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясында Мыңжылдық Декларациясы шеңберінде қойылған Мыңжылдық даму мақсаттарын іске асыруға көзделген.
Бұл басылымда көрсетілген халықтың өмір сүру деңгейінің және кедейшіліктің индикаторлар жүйесі адам даму концепсиясының негізінде әзірленеді, оған сәкес:
- адам дамуы кейбір жағдайларда адам потенциялының дамуы ретінде аударылатын адамдарды, бастысы ұзақ және сау өмір сүруге, білім алып және өмірдің лайықты деңгейіне қажетті қорларға қол жеткізе алуға мүмкіндіктер болып табылатын адам өмірінің барлық аспектілерінде, кеңірек талғаумен қамтамасыз ету процесі ретінде анықталады;
- кедейлік ол тек қана тамақтану, киім тұрмыс үй, денсаулық сақтау және білім беру сияқты негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті жеткілікті табыс немесе мүмкіндіктердің болмауы ғана емес, сонымен қатар сау және ұзақ өмір сүруге, білім берудің жеткілікті дәрежесіне, қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндіктеріне және өзге де әлеуметтік - мәдени қажеттіліктерді қанағаттандыруға жеткілікті табыс деңгейінің болмауы ретінде анықталады.
Қазақстан Республикасында кедейшілікті азайту жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру нәтижелері оның іске асырылуының тиімділігін төмендегі кесте арқылы көруге болады.
(7-кесте). 2006 жылы ЖІӨ-нің нақты өзгеруі елде 10,6% (жедел деректер) құрады эканомикалық өсу эканомикалық - әлеуметтік бағытталғандықты күшейтуге мүмкіндік берді. Халықтың жан басына шаққанда Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша жалпы ішкі өнім 5050 АҚШ долларын құрады (жедел мәліметтер) және Бағдарламамен көзделген дәрежені 7% асып түсті. Табыстардың ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі Бағдарламамен көзделген 10%-ға қайшы 9,8%-ға дейін азайды.
7 кесте. Қазақстан Республикасындағы кедейлікті азайту жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламаның
2006 жылға мақсатты индикаторлар мониторингі
2006ж. (факт) | Бағдарлама бойынша 2006 ж. жоспар | |
Халықтың жан басына шаққанда алатын жалпы ішкі өнім, АҚШ долл. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі,% Жұмыссыздық деңгейі, % Экономикалық белсенді халыққа шаққанда шағын кәсіпкерлік саласында істейтіндер үлесі,% Кәсіби даярлауға қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілген жұмыссыздар саны, мың адам Шағын кредит алған азаматтар саны Ауылдық жердегі пәтер, телефондары жоқ отбасылардың үлесі,% 5-6 жастағы балалардың мектеп алды даярлығымен қамтылу деңгейі,% Туберкулезден қайтыс болу, 100 мың адамға шаққанда. Туберкулезбен ауру, 100 мың адамға шаққанда. Сәбилер өлімі, 1000 тірі туғанға. Халықтың алдыңғы өмірінің орташа ұзақтығы, соның ішінде: ерлер. әйелдер. | 5050 9,8 7,7 7,9 32,3 25,2 23,7 15,7 10,3 58,7 14,2 60,3 71,8 | 5000 10,8 7,7 7,8 23,2 320 85 24,6 19,0 58,7 14,9 63 75 |
Еңбек рыногындағы жағдай халықтың жұмыспен қамтылған санының өсуімен және жұмыссыздық деңгейінің 7,7% пайызға дейін азаюы мен сипатталады. 2006 жылы 25,2 мың жұмыссыздар немесе жоспарланғаның төрт бөлігі кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыруға жіберілді. Қоғамдық жұмыстарға қатынасқан жұмыссыздардың саны 125,8 мың адамды құрады (бадарламамен көзделгеннен 4,8% көп).
Гранттар немесе шағын кредиттер беру жолымен табыстары төмен еңбекке қабілетті азаматтарға шағын кредит беру олардың өзін-өзі жұмыспен қамтылуын және материалдық жағдайын жақсартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өткен жылы шағын кредиттер алған азаматтар саны, жоспарланған саннан 18,1%-ға асып түсті. Шағын кредиттерді 32,3 мың адам алды.
Ауылдық жерлердегі өмір сүру деңгейінің жақсаруы туралы халықтың телофандандыру деңгейі куәландырады. Ауылдық жерлердегі пәтер телефондары жоқ отбасылар үлесі 2006 жылы 71,9% құрады.
5-6 жастағы балалардың мектеп алды даярлығымен қамтылу үлесі 57,3%, жоспарда (85%), бұл оқушылардың үлгерімін төмендетіп балардың қоғамда бейімделуінде көрініс табуы мүмкін.
Соңғы жылдары қабылданған халыққа медециналық көмекті жақсарту бойынша шаралар республикадағы денсаулық сақтаудың даму көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік берді. 2006 жылға сәбилердің өлім көрсеткіштері 15,7%-ға дейін және аналар өлімінің көрсеткіштері 42,1%-ға дейін жоғарылады (яғни жоспардағы көзделген 19% және 62,5% орнына), сонымен қатар туберкулезбен ауру және одан қайтыс болу көрсеткіштері төмендеді. Халықтың алдыңғы өмірінің орташа ұзақтығы 2006 жылы 65,9 жас құрады және бұл жоспарланған индикативті деңгейі 67,9 жасқа жетпейді.
2.3. Оңтүстік Қазақстан облысындағы халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуін талдау және жұмыссыздықты төмендету мәселелері.
Облыстағы ірі, орта шағын кәсіпорындарды, ұйымдары мен мекемелерінде жұмыс істейтін (қызмет атқаратындарсыз) қызметкерлердің саны, есептік мәліметтер бойынша, 2006 жылдың қаңтар – желтоқсанында 982,5 мың адамды, оның ішінде ірі және орта кәсіпорындарда – 241,3 мың (барлық жалпы жұмыс істейтіндердің 24,5%), шағын кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда – 52,1 мың адамды құрады (5,3%), бұдан басқа келісім шарт бойынша жұмыс атқаратын тізімінен тыс құрамдағы қызметкерлер саны – 0,8 мың адам болды. 2006 қараша айының 1-не шаруа (фермер) қожалықтарында жұмыс істегендердің саны облыс бойынша 240,6 мың адамды құрады.
Кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің (кәсіпкерлікпен айналысатын шағын кәсіпопрындардан басқа) тізімдік саны 2006 жылдың қаңтар – қарашасында 930,4 мың адамды құрап, 2005 жылдың қаңтар – қарашамен салыстырғанда 4,5% (11,1 мың адамға) артты.
2007 жылдың қаңтар – наурыз айларында 165,7 мың адам (жалпы тізімдегілердің 64,0%) қалалық жерлердегі кәсіпорындар, ұйымдармен мекемелерде, 93,3 мың адам (36,0%) – ауылдық жерлерде қызмет етті (қызметкерлердің нақты саны, тиісінше – 152,3 мың және 80,0 мың адам болды).
Жұмыспен қамтылғандардың нақты санының өсуі Шардара (4,4% кем) және Төлеби (3,3% кем) аудандарынан басқа облыстың барлық аумақтарында байқалады. Жұмыспен қамтылғандардың нақты санының едәуір өсуі Кентау қ.ә.(13,4%) орын алды.
Жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлердің тізімдік саны 2007 жылдың қаңтар – наурызында көлік (2005 жылдың қаңтар – наурызында 95,6%), ауыл шаруашылығы, аң аулау және автомобилдерді сату, жөндеу және техникалық қызмет көрсету саласында – 2,5 есе артты.
Әйелдердің жалданып жұмыс істейтіндердің тізімдік санындағы (кәсіпкерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындардан басқа) үлес салмағы 2007 жылдың қаңтар - наурызында 50,8% (131,5 мың адам) құрады. Әйелдердің басым бөлігі денсаулық сақтау және әлеуметтік сала, мейманханалар мен мейрамханалар (жұмыспен қатылғандардың 70,0%), пошта және курьерлік байланыс, қаржы қызметі, есептеу техникасы мен оларға байланысты қызмет, әлеуметтік бағдарламаларды басқару салаларында (50,0%) қызмет етеді.
Облысты тұтастай алғанда, жұмыспен қатылған әйелдердің тізімдік саны, 2007 жылдың қаңтар – наурыз айларымен салыстырғанда 4,8 мың адамға, немесе 3,8% артты. Әйелдер саны әуе көлігі мен басқа да жанар – жағармайды бөлшектеп сату саласында, осы көрсеткішті өткен жылмен салыстырғанда – 3,6 есе өскені байқалады. Жұмыспен қамтылған әйелдердің нақты саны 120,6 мың адамды құрап, 2007 жылдың қаңтар – наурызынан 4,2% - ға көп.
Облыстың ірі және орта кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінде жұмыс істейтін әйелдердің тізімдік нақты саны ағымдағы жылдың басына, тиісінше, 110,3 мың және 100,1 мың адамды құрады (2007 жылдың қаңтар – наурызына 104,8% және 105,3%).Ірі және орта кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардағы жалдамалы бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің тізімдік саны 2007 жылдың қаңтар – наурызын 2006 жылдың қаңтар – наурызымен салыстырғанда 5,1% өсіп (10,7 мың адамға), 240,6 мың адамды құрады. Қызметкерлердің нақты саны 214,0 мың адам, немесе 2006 жылдың қаңтар – наурызының денгейіне 105,7% құрады.
Облыстың ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарындағы жылжымалы қызметкерлердің нақты саны 2006 жылдың қаңтар – наурызымен салыстырғанда 1,7 мың адамға (4,9%) өсіп, 36,7 мың адамды құрады.
2007 жылдың наурызында жұмыспен қамтылғандардың нақты саны 2006 жылдың ақпан айына қарағанда облыстың 59 ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарында артқаны байқалады. Сонымен бірге, 67 кәсіпорында жұмыспен қамтылғандардың нақты саны, алдыңғы аймен салыстырғанда қысқарады. Нәтижесінде ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындардағы жалдамалы қызметкерлердің нақты саны осы айда 1,3 мың адамға кеміді.
2006 жылдың қарашасында облыстағы ірі және орта кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарда бір қызметкерге есептелінген нақты жұмыс уақтының ұзақтығы 161,0 сағат жұмыс күнінің ұзақтығы 7,32 сағат құрады. Бір қызметкердің ең жоғарғы едәуір жұмысты өтеу уақыты есептік техникамен жұмыс салаларында (168,2 сағаттан), ең төменгі көтерме сауда саласында (142,6 сағат) белгіленді.
2007 жылдың 1 сәуіріне облыстың ірі және орта кәсіп орындары мекемелері мен ұйымдарында жалпы бос жұмыс орындарының саны 475 бірлікті құрады, оның ішінде мемлекеттік басқару органдарында – 191, өнеркәсіпте – 176, қозғалмайтын мүлікпен операция, мердігерлік саласында, тұтынушыларға қызмет көрсетуде – 38, ақшалай делдалдықта – 34, сауда автомобилдер мен үйде қолданатын бұйымдарды жөндеуде – 23, құрлыста – 7, көлік пен байланыста – 4, білім беруде –2.
Шағын кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердегі қызметкерлердің тізімдік саны эксперттік бағалау бойынша, 2007 жылдың қаңтар наурызында 92,5 мың адамды, оның ішінде кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындарда – 54,2 мың адамды (58,6%) құрады. Шағын кәсіпорындар, ұймдар мен мекемелердегі қызметкерлердің жалпы санының – 37,7% Шымкент қ. тиесілі.
2007 жылдың үш айында облыстағы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қоспағанда кәсіпорындар мен ұйымдар 16,7 мың адам жұмысқа қабылданған, оның ішінде әйелдер – 6,4 мың адам (38,1% жалпы санынан). 1,3 мың адам (8,0% жалпы қабылданған саннан) қайта қалыптасқан жұмыс орнына қабылданған.
Осы кезеңде жалдамалы қызметкерлердің тізімдік санының жұмысқа қабылданған үлесі 6,4% құрады. 4,4 мың адам (26,6% жалпы қабылданған саннан) білім беру мекемелеріне, өнеркәсіп кәсіпорындарына – 2,9 мың (17,7%), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 1,8 мың (10,8%), құрлысқа – 1,7 мың (10,3%), мемлекеттік басқару – 2,5 мың (14,9%), көлік пен байланыс – 0,6 мың адам (3,8%) қабылданды.
2007 жылдың қаңтар – наурызында облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарынан (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қоспағанда) 15,1 мың қызметкер жұмыстан шыққан (оның ішінде әйелдер – 4,4 мың адам), тізімдік санында олардың үлес салмағы 5,8%-ды құрады. Қызметкерлердің елеулі бөлігі (71,6%) өз еркімен, персонал санының қысқаруына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты – 8,1% жұмыстан шыққан, оның ішінде әйелдер, тиісінше – 74,4% және 78,8%.
2007 жылдың басына персоналдар қозғалысы туралы мәліметтер төмендегі кестеде келтірілген. Бұл кестеден байқайтынымыз 2004 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы жұмыс істеген және жұмыс орнынан айырылған немесе уақытша жұмыссыз жүрген, өз еркімен кеткен, кәсіпорындардың толқтауына байланысты жұмыссыздар саны.
8 кесте. 2007 жылдың басындағы персоналдар қозғалысы туралы мәлімет.
2007 ж. қаңтар-наурыз | Анықтама жалпы санынындағы әйелдер үлесі, %-бен | |||
мың адам | тізімдік санына % -бен | |||
Қабылданғаны. Кеткені. одан: персанал санының қысқаруына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты. өз еркі бойынша. Басқа себептермен. | 16,7 15,1 1,2 10,8 3,1 | 6,4 5,8 - - - | 2,5 1,7 0,1 1,3 0,3 |
Кеткендер санында негізгі үлес өнеркәсіп (35,4%), білім беру (13,3%) құрлыс (8,4%), денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек көрсету (9,3%), ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығы (8,8%), мемлекетік басқару (8,7%), жылжымайтын мүлік пен операциялар, жалға беру және кәсіпорындарға қызмет көрсету (5,1%), коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызмет көрсету (2,4%), көлік және байланыс (3,0%) кәсіпорындардың (мекемелеріне) тиесілі.
2007 жылдың басына кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есептамегенде, өндірістің тоқтауына байланысты демалыс берілген қызметкерлердің саны 3,8 мың адамды құрады. Қызметкерлердің көбі ақысыз демалысқа шығуға мәжбүр болғандар (95,4% жалпы санынан). Өндірістің тоқтауына байланысты демалыста жүрген қызметкерлер санының 44,9% өнеркәсіп жұмысшыларына тиесілі. Облыс бойынша, 2005 жылдың жұмысшыларына тиесілі. Облыс бойынша, 2007 жылдың қаңтар – наурызында өндірістің тоқтауына байланысты демалыстың адам – күнінің саны 219,0 мың, оның ішінде өнеркәсіпте – 106,3 мың адам күн құрады (48,6% жалпы санынан).
2007 жылдың қаңтар – наурызында 1,8 мың адам толық емес күннің немесе толық емес апта, жұмыс істеген, оның ішінде 0,4 мың адамды өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты осындай режимге өткізген.
2007 жылдың басында азаматтық - құқықтық келісім - шарт бойынша жұмыс орындайтын қызметкерлер саны 1,1 мың адамды құрады, одан 0,8 мың адам (73,6%) жұмыс берген кәсіпорын (ұйымдар) тізімдік персанал құрамына кірмеген. Мұндай қызметкерлер өнеркәсіп, көлік және байланыс кәсіпорындарында, білім беру мекемелерінде басқа ұйымдардан 794 қосымша істеушілер жұмысқа қабылданған, оның ішінде 439 адам (55,3%) - білім беру, 225 адам (28,3%) - денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде.
Жұмыссыздық және жұмыспен қамтамасыз етуді талдау, іріктеп зертеу сауалнамасының мәліметтері боынша, облыстағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 2007 жылдың 1 наурызында 1057,0 мың адамды құрады (15 және одан жоғары жастағы жалпы халық санының 68,4%), олардың 92,1% - экономика салаларында жұмыспен қамтылғандар, 7,9% - жұмысы жоқтар, дегенмен олар жұмысты белсенді түрде іздестіруде, жұмыс табылған жағдайда оған кірісуге дайын (жастар арасындағы жұмыссыздық денгейі 12,3% құрады).
Облыс экономикасында жұмыспен қамтылғандар санының 48,5% - жалдамалы қызметкерлер, 51,4% - өз бетінше жұмыспен қамтылғандар. Олардың басым көпшілігі (62,0%) ауылдық жерлерде еңбек етті.
2005 жылдың 1 наурызында жұмыссыздар саны 74,5 мың адамды құрады, олардың 44,6% - ауыл халқы.
Осы кезең ішінде облыста экономикалық тұрғыдан енжар халық саны 439,2 мың адамды (15 және одан жоғары жастағы жалпы халық санының 29,4%) құрады. Экономикалық тұрғыдан енжар халықтың негізгі үлесін күндізгі оқу нысанындағы оқушылар (43,5%) және зейнеткерлер (36,3%) құрады.
ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті бойынша, 2007 жылдың қаңтар-сәуірінде 2,8 мың адам жұмыс іздеп, жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарға өтініш білдірген, оның ішінде ауылдық жерде тұратындары – 1,3 мың (45,0%) адамға жеткен. 2007 жылдың сәуір айының аяғында жұмыспен қамту органдары есебінде жұмыссыздар ретінде тұратын азаматтардың саны 10,2 мың адамды құрады (2006 жылдың тиісті кезегіндегі санынан 2,8% кеміді), оның 4,6 мыңы – ауылдық жердің тұрғындары (2006 жылдың тиісті кезегіндегі санынан 2,3% кеміді). Жалпы жұмыссыздар санында ауылдағы жұмыссыздардың үлес салмағы 45,0% құрады.
2007 жылдың наурыз айының аяғында кәсіпорындар мен ұйымдар жұмыспен қамту органдарына 1882 қызметкер, оның ішінде ауылдық жерге – 402 қызметкер керек деп тапсырыс берген (2004 сәуір айының аяғында, тиісінше, - 1280 және 187 адам). Облыста орта есеппен бір бос жұмыс орнына 5 жұмыссыздан (2006 жылдың наурыз айының аяғында, тиісінше, - 8 және 25 жұмыссыздан) келген.
Әлеуметтік қолдау ретінде 2007 жылдың наурызында 1507 жұмыссыздар, олардан 876 ауыл тұрғындары қоғамдық жұмыстарға қатысты, орташа төлемақы мөлшері 7000 теңгені құрады (2004 ж. наурызында, 1209 адам, соның ішінде 745 ауыл тұрғындары).
2007 жылдың 1 наурызында жасырын жұмыссыздық деңгейі, экономикалық белсенді халықтың 0,2% (2006 жылдың 1 наурызына – 0,4%) құрады. Жасырын жұмыссыздықтың едәуір көлемі Шымкент қ. (0,8%) тіркелді.
2008-2010 жылдарға арналған кедейшілік пен жұмыссыздықты төмендету мәселесі жөнінде облыстық, аудандық, қалалық Үйлестіру Кеңестері жұмыс істеуде. Отырыстарда кедейшілік шегінен төмен дәрежеде тұрып жатқан азаматтар санын азайту туралы шаралар қабылдады. Мысалы, кейбір аудандар «аз қамтамасыз етілген отбасыларға жеке шаруашылығын дамыту үшін әлеуметтік көмек көрсетудің ережелеріне» сәкес әлеуметтік көмек, сондай-ақ демеушілердің қаржысы есебінен ірі және ұсақ мал, құс алып беру жөніндегі көмегін көрсетуде. Онда басқа аз қамтамасыз етілген отбасында қайтыс болғандарды «жерлеуге материалдық көмек көрсету тәртібін» қолданысқа енгізуде.
Тіркелген жұмыссыздар санының ішінде жұмыссыз әйелдердің үлесі – 42,9% (4,4 мың адам), оның ішінде ауылдық жерде – 45,6% (2,0 мың адам) құрады.
Жұмыссыздардың едәуір саны, Шымкент қ. Түркістан қ.ә. (жалпы санынан, тиісінше – 15,2% және 11,4%) және Мақтарал ауданында (15,1%) тіркелген.
Облыста экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 2007 жылдың 1 наурызынан 1,0% (2006 жылдың 1 наурызында -1,1%) құрады. Осы көрсеткіштің жоғары денгейі Кентау қ.ә.(2,2%), ең төмені – Сайрам ауданында (0,4%).
Ағымдағы жылдың наурызында жұмыспен қату қызметінің көмегімен 1,2 мың адам (41,7% өтініш білдіргендер санынан) жұмысқа орналастырылды, оның ішінде ауылдық жерлерде – 0,6 мың адам (49,1%).
2007 жылдың наурызымен салыстырғанда, жұмыспен қамту орталығына қаралу тиімділігі 2,0 пайыздық бірлікке төмендеді, ауылдық жерде – 11,9 пайыздық бірлікке өсті. 2007 жылдың наурызында жұмысқа орналасу мүмкіндіктері бойынша Отырар ауданы (18,1%) облыста соңғы орынды алды, керісінше осы көрсеткіштің ең жоғарғы мәні Созақ ауданында (63,0%) байқалды.
2007 жылдың наурыз айының аяғында кәсіпорындар мен ұйымдар жұмыспен қамту органдарына 1882 қызметкер, оның ішінде ауылдық жерге – 402 қызметкер керек деп тапсырыс берген (2004 сәуір айының аяғында, тиісінше, - 1280 және 187 адам). Облыста орта есеппен бір бос жұмыс орнына 5 жұмыссыздан (2006 жылдың наурыз айының аяғында, тиісінше, - 8 және 25 жұмыссыздан) келген.
Әлеуметтік қолдау ретінде 2007 жылдың наурызында 1507 жұмыссыздар, олардан 876 ауыл тұрғындары қоғамдық жұмыстарға қатысты, орташа төлемақы мөлшері 7000 теңгені құрады (2004 ж. наурызында, 1209 адам, соның ішінде 745 ауыл тұрғындары).
2007 жылдың 1 наурызында жасырын жұмыссыздық деңгейі, экономикалық белсенді халықтың 0,2% (2006 жылдың 1 наурызына – 0,4%) құрады. Жасырын жұмыссыздықтың едәуір көлемі Шымкент қ. (0,8%) тіркелді.
2008-2010 жылдарға арналған кедейшілік пен жұмыссыздықты төмендету мәселесі жөнінде облыстық, аудандық, қалалық Үйлестіру Кеңестері жұмыс істеуде. Отырыстарда кедейшілік шегінен төмен дәрежеде тұрып жатқан азаматтар санын азайту туралы шаралар қабылдады. Мысалы, кейбір аудандар «аз қамтамасыз етілген отбасыларға жеке шаруашылығын дамыту үшін әлеуметтік көмек көрсетудің ережелеріне» сәкес әлеуметтік көмек, сондай-ақ демеушілердің қаржысы есебінен ірі және ұсақ мал, құс алып беру жөніндегі көмегін көрсетуде. Онда басқа аз қамтамасыз етілген отбасында қайтыс болғандарды «жерлеуге материалдық көмек көрсету тәртібін» қолданысқа енгізуде.
Аудандар мен қалаларда атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу «АӘК» компьютерлік бағдарламасы арқылы іске асырылады. Қазіргі кезде аз қамтамасыз етілген азаматтардың әлеуметтік карталарын толтыру бойынша мәліметтер базасын құру жөнінде жұмыс жүргізілуде.
Көптеген аудандарда қайырылымдылық шаралары қолданысқа еніп, жағдайы төмен халыққа біршама оң әсерін тигізуде. Жетім балаларды жебеу, жалғыз басты аналарға көмек, асыраушысы жоқ қарттарды әлеуметтік қорғау және тағы басқа іс- шаралар жасалуда.
9 кесте. 2005-2006 жылдарға арналған кедейлік пен жұмыссыздықты төмендету жөніндегі бағдарламаның орындалуы
Көрсеткіштер | 2005 жылдың 1 қаңтарына | 2006 жылдың 1 қаңтарына | өсу немесе төмендеу пайызы |
а) кедейлер саны, адам. - облыс халықынан пайызбен алғанда. - Жыл басына бері төмендеу пайызы. б) аз қамтамасыз етілген азаматтардың өмірлік деңгейі. - аз қамтамасыз етілген азаматтардың жан басына шаққандағы орташа жиындық кіріс, теңге . - орташа жылдық күнкөріс деңгейі, теңге - кедейшілік шегі орташа жылдық, теңге | 89629 4,2 24 817 4115 1663 | 71732 3,3 20,0 972 4565 1826 | -2,0 …. …. 19,0 9,8 9,8 |
в) әлеуметтік көмектің белсенді түрлерін көрсету: -берілген жер учаскілері, отбасы/га -үй малы, отбасы мал басы /млн тг шағын несиелер, отбасы млн. тг. | 478/1068,4 61/221 435/28,6 | 558/378,4 500/1294 97/5,5 | -64,4 6 есеге өскен -80,8 |
г) әлеуметтік көмектің енжар түрлерін көрсету: -атаулы әлеуметтік көмек, адам/млн. тг. -тұрғын үй көмегі, өтбасы/ млн. тг. -мүгедек балаларға көмек, адам / мың тг. демеушілік көмек, адам / млн. тг. | 1206640 / 823,9 4320/39,2 23/54,9 28553/219,0 | 91783/ 686,3 2115/20,2 801/2822,7 38213/324,7 | -14,0 -48,5 15 есеге өскен 48,3 33,8/48,8 |
Кәсіпкерлікті және халықтың өз бетінше жұмыспен қамтылуын дамыту мақсатында аудандар мен қалалардың әкімияттары 588 аз қамтамасыз етілген отбасына 378,2 га жер, 500 отбасына 282 ірі қара мал басын, 1012 ұсақ мал және 793 үй құсын бөліп берді. 97 аз қамтамасыз етілген отбасы 5,5 млн. теңге шағын несие алды. Қолданған шаралардың нәтижесінде кедейлік шегінен төмен деңгейде өмір сүріп жатқан азаматтар саны жыл басынан бері 20 пайызға төмендеді.
Кәсіпкерлік және халықтың өз бетінше жұмыспен қамтылуын дамыту мақсатында, қазіргі кездегі мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындардағы, ашық немесе жабық типтегі ұжымдардағы, серіктестіктерді және акционерлік кәсіпорындардағы жұмыстар жұмыстылықтың негізгі формалары болып табылады. Жұмысшылартдың орташа саны: өнеркәсіпте, құрлыс пен көлікте 100 адамнан, ауылшаруашылығы мен ғылыми техникалық және өзіндік кәсіпкерлікпен айлалысу құрлымдары салада 60 адамнан, көтерме саудада - 50, дара сауда мен тұрмыстық қызметте – 30 және басқа да салаларда 50 адамнан аспайтын ұжымдар кіші бизнестің субъектілері болып есептелінеді. Кіші бизнесті қолға алудың себептері, бұл қазіргі таңдағы жұмыссыздық және кедейшілікке жол бермеу мақсатында көптеген септігін тигізеді, сонымен қатар салық түсімін жақсартады. Кіші бизнестің артықшылықтары мынада:
- тиімді жеке секторды қалыптастырады.
- жұмыс күшіне деген қосымша сұранысты қалыптастырады.
- еңбек рыногындағы бәсекелестігі төмен тұлғаларға (жастарға, зейнеткерлерге, мүгедектерге, көп балалы әйелдерге) жұмыс орнын ұсынады.
- тауар мен қызметтер рыногындағы өзгерістерге икемділігі мен жылдам бейімділігі.
Сонымен қатар, жалпы экономика сияқты, кіші бизнестің тиімді дамуы тұрақты экономикалық және саяси әлеуметтік жағдайыларға байланысты.
Кіші кәсіпорындардың басым көпшілігі қазіргі кезеңде саудада, қоғамдық тамақтануда және материалдық - техникалық қамтамасыз етуде шоғырланған.
Сауда мен қоғамдық тамақтанудағы кіші кәсіпорындар еңбеккерлерінің саны басқа салалардан қарағанда жылдам өсуде. Себебі, бұл сала жеткіліксіз дамыған және қазіргі ауыспалы кезеңде өндірістік салаға қарағанда саудадағы кіші бизнестің өркендеуі тиімдірек.
Қазіргі уақытта экономиканың ресми емес секторлары да дамуда. Бұл сектор салық төлемейді және мұнда «Көлеңкелі экономиканы», «Экономиканың криминалды секторын» және экономикалық белсенді емес тұрғындарды бөліп алу күрделі.
Бұл секторды кәсіби – квалификациялық және кіріс денгейіне қарай мынандай құрлымдарға бөлуге болады;
- кваликациялық еңбекті қажет ететін жұмыстылық (құрлыс жұмыстары, репетиторлық, дәрігерлік қызметтер, электро тұрмыстық техниканы жөндеу және жеке сабақтар)
- квалификациялық еңбек қажет етпейтін жұмыстылық (кіші сауда, тұрмыстық сипаттағы қызметтер, «челноктық» бизнес).
Кірісті табу мен жұмыстылық әдісіне қарай:
- жеке дара жұмыстылар.
- тіркелмеген кіші өндіріс иелері мен еңбекерлер.
- тіркелген ұжымдардағы арнайы ресімдалмеген еңбеккерлер.
- ресми сектор еңбеккерінің тіркелмеген еңбегі.
Экономиканың ресми емес секторы - өтпелі кезеңінің туындысы емес. Ол бұрыннан келе жатқан құбылыс, алайда өтпелі уақытта біршама айқын көрініп отыр.
Экономиканың ресми емес секторы – бір жағынан қосымша жұмыс орнын ашса, екінші жағынан келеңсіз жағдайлар туғызады. Яғни, заңсыз қызмет түрлері мен формалары пайда болады.
Қорыта келе, қазіргі кезеңдегі облыстық еңбек рыногындағы еңбек ресурстарын пайдалану ерекшелігі мен сипаты мыналар: жұмыстылықты пайдалану ұлттық еңбек рыногының қалыптасуы мен кіші кәсіпкерліктің дамуы жағдайында жүріп жатыр. Экономикадағы дағдарыс жұмыссыздықты өсіреді, еңбек ресуристары мен тұрғындардың миграция көлемі артып отыр, өндірістік емес салалардың дамуына байланысты өндірістегі жұмыстылардың саны қысқаруда.
- ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Әлеуметтік қорғау жүйесінің бағыттары
Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағытары халықаралық тәжірибе мен қазіргі жағдайды талдаудан туындайды. Нарық жағдайларына сәкес келетін және тұрақты ақылы еңбекке ынталандыруды қалыптастыратын, әкімшілік шығындары төмен, халықты қамту деңгейін неғұрлым жоғары жүйеге көтеру көзделіп отыр.
Әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері экономикалық өсуді қолдау элементтерін қамтуды, қатерлі жағдайлар туындаған кезде барлық азаматтарға қорғау көрсетуде әділ болуы; тиімді жұмыс істеуі және халықты неғұрлым толық қамтуы тиіс.
Әлеуметтік қателер негізінде қорғаудың мынандай элементтерін қамтитын әлеуметтік қорғау жүйесін ұйымдастырып отыр:
- барлық азаматтарға әлеуметтік қатерлерге қарай бюджет
қаражатының есебінен бірдей денгейдегі мемлекеттік
төлемдер беру;
- алғашқы кезеңде міндетті әлеуметтік сақтандыруды жұмыс
берушілер есебінен және келешекте еңбек керлердің де
аударымдары есебінен жүргізу;
- жинақтаушы зейнетақы жүйе;
- әлеуметтік көмек және белгілі бір санаттағы азаматтардың бюджетің қаражаты есебінен қолдаудың арнаулы мемлекеттік бағдарламалары.
Қазақстанның ерекшелігін, халықаралық тәжірбиені ескере отырып, әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдастыру негізін құраған кезде мемлекеттік және сол сияқты жеке меншік институттардың мүмкіндіктері тиімді пайдаланылатын аралас жүйеге артықшылық берілуі тиіс.
Мүгедектік проблемаларын шешу бойынша іс-сапарлар әзірлеу, мүмкіндіктердің мұқтаждықтарына арналған өнірістерді мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру, мүгедектердің негізгі құқықтары мен көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ететін мемлекеттік стандарттарды енгізу қарастырылады. Әлеуметтік қатерлердің алдын алудың және мүгедектерді оңалтудың (медициналық, әлеуметтік, кәсіби) жеке бағдарламаларын дамыту, мүгедектерді әлеуметтік, еңбекпен бейімдеу жүйесін құру, мүгедектердің қоғамға кірігуіне жәрдемдесу жөнінде шаралар қабылданатын болады. Бұл ұсыныстар әзірленіп жатқан - Мүгедектерді оңалтудың 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасында көрініс табады.
Атаулы әлеуметтік көмек мұқтаждықтың нақты өлшемдері негізінде халықтың ең аз қорғалған топтарына ғана берілетін болады.
Әлеуметтік салықты төлейтін ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлердің бәрі асыраушысынан айырылу жағдайы, еңбек ету қабілетінен және жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болады.
Еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырлған жағдайда әлеуметтік қорғау.
Еңбек етуге қабілетті жастағы азаматтардың мүгедектік дәрежесін бағалау кезінде тіршілік әрекетінің шектелуін ғана емес, еңбек ету қабілетінің де шектелу дәрежесін ескеру қарастырылады.
Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылу жағдайда әлеуметтік қорғау жүйесін реформалау мынандай құрлымдарды енгізуді көздейді:
Бірінші деңгей: барлық азаматтарға бюджет қаражаты есебінен бірдей денгейдегі жәрдемақы беру (әлеуметтік қатерлердің түріне қарай).
Екінші деңгей: ресми жұмыс істейтін қызметкерлерге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін зейнеткерлік жасына жеткенге немесе сақтандыру төлемдерін беруге негіз болған жағдаяттар тоқтатылғанға дейін қосымша төлемдер беру.
Үшінші денгей: еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғаның және кәсіби аурудың салдарынан еңбек қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда сақтандыру ұйымынан төлем беру түрінде оны зейнеткерлік жасқа толғанға немесе сақтандыру төлемдерін беру негіз болған жағдаяттар тоқтатылғанға дейін қосымша әлеуметтік қорғау көзделеді.
Жұмысынан айырылу жағдайында әлеуметтік қорғау
Жұмысынан айырылу жағдайында азаматарды әлеуметтік қорғау жүйесін реформалау және оның екі деңгейлі құрлымын енгізуді көздейді.
Бірінші денгейі: жергілікті бюджеттер есебінен барлық жұмыссыз азаматқа жұмысқа орналасуға, кәсіби қайта даярлауға көмек көрсету, қоғамдық жұмыстар беру жолымен әлеуметтік қорғау.
Екінші денгейі: ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен белгілі бір мерзім ішінде төлемақы беру.
Заңнамада белгіленген тәртіппен жұмыссыз деп танылған және белсенді түрде жұмыс іздеп жүрген, сондай – ақ жүйеге бегілі бір үлесі болған азаматтың әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төлем алу құқығы туындайтын болады. Төлемнің мөлшері жалақы деңгейіне және сақтандыру аударымдарының ұзақтығына тәуелді болады. Әлеуметтік сақтандыру жүйесінен берілетін төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары ұсталады. Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жарна есептелетін және төлемдер тағайындалатын табыстың ең жоғарғы шегі белгіленетін болады.
Қартайған кездегі әлеуметтік қорғау
Ынтымақтастықты зейнетақы жүйесінің өлшемдері жетілдірілген болды. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері арттырылған кезде зейнеткерлікке шығу кезеңі ескеріледі. Ынтымақтастықты жүйеден төленетін зейнетақы тұтыну бағаларының өсуі және зейнетақы мен қамсыздандыру туралы заңнамада белгіленген төлемдер бойынша шектеулер ескеріле отырып, өсірілетін болады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің тетігін жетілдіру ынтымақтастықты зейнетақы жүйесінен төленетін төлемдердің жеткіліктігі және зейнетақы төлемдері жеткіліксіз болған ретте, ең төменгі зейнетақы мөлшеріне дейін берілетін қосымша түрде мемлекеттік кепілдіктердің болуы ескеріле отырып, одан әрі жалғастырылатын болады. Аннуитсттік зейнетақы төлемдері рыногын дамыту, соның ішінде азаматтарды жинақтаушы зейнетақы жүйесінен кемінде ең төмен зейнетақы мөлшері де қамтамасыз ету мақсатында ерлі – зайыпты жұптардың бірлескен аннутеттерді сатып алуын ынталандыру жөнінде шаралар ұсынылатын болады (зейнетақылық аннунет – бұл сақтандырылған адам зейнеткер жасына жеткен жағдайда зейнетақы немесе рента түрінде мезгіл - мезгіл сақтандыру төлемдерін төлеуді көздейтін жеке сақтандырудың түрі)
Аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау
Жаңа жұмыс орындарын ашу және жалақының мөлшерін көбейту арқылы кедейліктің азаюына қол жеткізіледі. Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек азаматтарға ақшалай және заттай, сондай-ақ ақы төленетін қоғамдық жұмыстар беру түрінде көрсетіледі. Атаулы әлеуметтік көмек беру тетігін де, табыс денгейін бағалау әдістемесін де жетілдіру жалғастырылады.
Заттай нысандағы әлеуметтік көмек еңбек етуге қабілетсіз азаматтарға, балаларға, зейнеткерлерге, мүгедектерге ғана беріледі. Еңбек етуге халықтың қабілеттігін арттыруда мемлекет көптеген іс-шаралар қолдануда.
3.2. Әлеуметтік қорғау саласының негізгі көрсеткіштерінің болжамы.
Елбасымыздың 1 наурыз 2007 ж. Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасына байланысты дайындалған әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетуге арналған бағдарлама жақында ғана Үкімет мәжілісінде мақұлданды. Бағдарламада 2008-2010 жылдар аралығында әлеуметтік салада енгізілетін өзгерістер белгіленген.
Соның ішінде ең негізгілері:
- Әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі жүйесі ендіріледі. Ендігі жерде мемлекет, жұмыс беруші және жұмысшы арасында жауапкершілік теңдей бөлінетін болады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың
- 1-ші деңгейі (базалық) - мемлекет тарапынан төменгі мөлшері кепілденген әлеуметтік төлемдер (Республикалық бюджет).
- 2-ші деңгейі (міндетті) - әлеуметтік қауіп бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру есебінен жүргізілетін әлеуметтік төлемдер (әлеуметтік сақтандыру қорынан болатын төлемдер).
- 3-ші деңгейі (қосымша) – ерікті түрдегі аударымдар есебінен жүргізілетін әлеуметтік төлемдер
- 2007 жылдан бастап барлық әлеуметтік төлемдер әлеуметтік базалық индикатор – күнкөріс деңгейі негізінде төленеді. Күнкөріс деңгейінің 20 пайызы мөлшерінде базалық қосымша зейнетақы тағайындау ендіріледі.
- 2007 жылдан бастап төменгі зейнетақы мөлшері базалық зейнетақыны қоса есептегенде 9000 теңгені, орта зейнетақы – 10000 теңгені, жоғары зейнетақы – 15000 теңгені құрайды.
- Мүгедектердің мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысы 2007 жылдың қаңтарынан бастап:
І топқа – 3000 теңгеге,
ІІ топқа – 2800 теңгеге,
ІІІ топқа – 2400 теңгеге,
16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 3000 теңгеге артады.
- 2007 жылдан бастап мұқтаж отбасыларының 18 жасқа дейінгі балаларына ай сайынғы жәрдемақы ендіріледі,
- 2007 жылдан бастап көпбалалы аналардың арнаулы мемлекеттік жәрдемақысы 2 есеге өседі.
- 4 және одан көп бала тәрбиелеген әйелдер 53 жасынан зейнеткерлікке шығады.
- 2007 жылдан бастап бала 1 жасқа толғанша ай сайын жәрдемақы төленеді.
Соғыс ардагерлеріне деген әлеуметтік қолдау ұйымдастыру әр дайым алдыңғы орындарға қойылып келеді. 2005 жылдан бастап Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктердің орнына берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде болып отыр.
Жеңіс мерекесі құрметіне Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне республикалық бюджет есебінен 30,0 мың теңге көлемінде бір жолғы материалдық жәрдем беру көзделген, сондай-ақ оларға облыстық бюджеттен 10,0 мың теңгеден материалдық көмек берілетін болады.
Мереке қарсаңында облыс көлемінде ардагерлерді құрметтеп, қолдауға арналған «Ер есімі – ел есінде», «Ардагерге құрмет – біздер үшін міндет» атты қайырымдылық акцияларын өткізу көзделіп отыр.
3.3. Тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі бағыттары мен формаларына мыналар жатады:
- Халық табысын индексациялау. Бұл бағаның өсуіне байланысты халық табысының (еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы, стипендия) нақты мазмұнын жоғарылату бойынша шаралар кешені болып табылады. Жалпы индексациялау өтемдерді тікелей есептеу жолымен немесе зейнетақы мен жәрдемақының ең төменгі мөлшерінің өзгерісі жолымен жүргізілуі тиіс. Мәселен, зейнетақы мен еңбекақының ең төменгі мөлшерін ұлғайту 2007 жылы 1 қантарда жүзеге асырылды;
- Табыстар бойынша ең төменгі әлеуметтік кепілдікті қамсыздандыру. Олардың ең маңыздысы – ең төменгі күн-көріс деңгейі. Мәселен, ең төменгі күнкөріс деңгейі Қазақстан Республикасы бойынша 2007 жылғы мәліметіне қарағанда 8730 теңге, ал облыс бойынша бұл көрсеткіш 5000 теңгені құраса, биылғы 2007 жылдың қаңтар айындағы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің мәліметі бойынша 5246 теңгені құраған. 2000 жылы қабылдаған ҚР-ң «Ең төменгі күнкөріс деңгейі туралы» Заңында анықталғандай, ең төмен күнкөріс деңгейі жыл сайын:
Бұл басылымда көрсетілген халықтың өмір сүру деңгейінің және кедейшіліктің индикаторлар жүйесі адам даму концепсиясының негізінде әзірленеді, оған сәкес:
- адам дамуы кейбір жағдайларда адам потенциялының дамуы ретінде аударылатын адамдарды, бастысы ұзақ және сау өмір сүруге, білім алып және өмірдің лайықты деңгейіне қажетті қорларға қол жеткізе алуға мүмкіндіктер болып табылатын адам өмірінің барлық аспектілерінде, кеңірек талғаумен қамтамасыз ету процесі ретінде анықталады;
- кедейлік ол тек қана тамақтану, киім тұрмыс үй, денсаулық сақтау және білім беру сияқты негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті жеткілікті табыс немесе мүмкіндіктердің болмауы ғана емес, сонымен қатар сау және ұзақ өмір сүруге, білім берудің жеткілікті дәрежесіне, қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндіктеріне және өзге де әлеуметтік - мәдени қажеттіліктерді қанағаттандыруға жеткілікті табыс деңгейінің болмауы ретінде анықталады.
Қазақстан Республикасында кедейшілікті азайту жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру нәтижелері оның іске асырылуының тиімділігін төмендегі кесте арқылы көруге болады.
- Тұрмыс деңгейін бағалау мен кедейлік шегін анықтауға;
- Әлеуметтік саясаттың бағыттарын анықтау мен халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
- Жалақының, зейнетақының, жәрдемақылардың және өзге де әлеуметтік төлемдердің белгіленетін ең төмен мөлшерін негіздеуге арналады.
Ең төмен күнкөріс деңгейі республика бойынша және аймақ бойынша орта есеппен:
а) Жан басына;
б) Халықтың жыныстық – жас топтары бойынша тоқсан сайын есептеп шығарылады.
Күнкөріс деңгейінен табысы төмен азаматтар үшін мемлекет әлеуметтік көмекке құқық бекітеді. Қазіргі таңда ең төменгі күн көріс деңгейі зейнетақының төменгі мөлшерінен 85 пайызын, ал еңбекақының 75 пайызын құрайды, яғни төменгі зейнетақы төменгі күн көріс деңгейінен 17 пайызға, ал ең төменгі жалақы 33 пайызға артық. Соңғы көрсеткішті жыл сайын арттыру қажет.
- Мемлекеттің ең төменгі стандарттар мен нормативтердің көмегімен әлеуметтік саланы реттеу. Яғни, ең алдымен мемлекеттік бюджеттің халықтың еңбекке қабілетсіз топтарына білім беруге, денсаулық сақтауға, тұрғын үй, әлеуметтік қызмет көрсетуге т.б. жұмсайтын минималды қажеттілітерді қанағаттандырмауы мүмкін. Бұл салалар бүкіл ел және оның аймақтары үшін маңызды болғандықтан, оларды қолдау үшін мемлекеттік бюджеттен әлеуметтік трансферттер бөлінеді. Дегенмен, әлеуметтік саланы қолдау мен оларды қаржыландыруды жергілікті билік өкілдері жүзеге асырады. Сондықтан да келешекте мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздерін бекітетін мемлекеттік ең төмен әлеуметтік стандарттар туралы арнайы заң бекіту қажет.
- Жеңілдіктерді ұсыну (субсидия). Жеңілдік бұл халықтың жеке топтарына тағайындалатын жалпы іс-әрекеттегі жағдайлармен салыстырғанда ерекше басымдық.
Біздің елімізде мүгедектерге, Ұлы Отан және Ауған соғысына қатысушыларға, көп балалы бытыр аналарға, оралмандарға, кәмелетке толмаған балаларға бірқатар жеңілдіктер қаралған. Мәселен, ҰОС-на қатысушыларға тегін немесе жеңілдетілген бағамен дәрі-дәрмектер, көлікте жол жүру, тағы басқа, ал біздің облысымызда бұл жеңілдіктерден өзге жылуға, электр энергиясына белгілі бір жеңілдіктер, тегін газетке жазылу және тағы басқа қарастырылған.
Алайда жеңілдіктер тек еңбекке қабілетсіз және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында ғана емес, сондай-ақ бірқатар арнайы жұмыс істейтін қызметкерлер топтарына да әскерлер, мемлекеттік қызмет органдарына беріледі. Мұндай жеңілдіктер, әрине, әлеуметтік қорғау қызметін емес, әлеуметтік топтарға бөліну сипаты болып табылады. Жәрдемақының негізгі мәселесі – олардың қаржылық қамтамасыз етілмеуі, сондықтан да қазіргі таңда жәрдемақылардың атаулы субсидия формасына өту тенденциясы қарастырылу қажет. Мұндай субсидиялардың жаңа түріне тұрғын үй көмегін жатқызуға, яғни, қоғамның аз қамтамасыз етілген топтарына жеңілдетілген бағамен пәтер беру болып табылады.
- Міндетті әлеуметтік сақтандыру. Бұл әлеуметтік қорғау әдісі экономикалық дамыған елдерде, әсіресе Еуропада (Скандинавия) кеңінен тараған. Міндетті сақтандыру қоғамның жұмыс істеуші мүшелеріне таралады, онда 3 жақ қатысады жұмыс беруші, жұмыскер және мемлекет. Бұл жүйенің негізгі міндеті заңдылықтарда қарастырылған негіздер бойынша кәрілік, науқастық, ана болу, жұмыссыздық табысы мен еңбек қабілеттілігін жоғалту жағдайында өмірлік деңгейді қолдау болып табылады. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың ролі маңызды. Себебі, одан жиналатын қаржылар мөлшері әлеуметтік мақсаттарға бюджеттен жұмсалатын қаржылардан кеш түспейді және мұның есебінен зейнеткерлердің 90 пайызы, медициналық шығыстардың 60 пайызы, жұмыссыздықты қолдау мен жұмысқа орналасу шығыстарының 100 пайызы қаржыландырылады. Алайда, сақтандыру тарифтерінен түскен қор кері әсерде де болуы мүмкін. Себебі, әрбір адам жеке сақтандыру қорына аудару керек. Сондықтан да бұл салада жеке даралықты жойып, жалпы қаржылық механизм ретінде мақсатты әлеуметтік құралдан салық салымының түріне айналдыру, сондай-ақ сақтандыру қорларын қалыптастыруда жұмыскерлердің қатысуын ұлғайту.
- Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек. Әлеуметтік қамсыздандыру қоғамның еңбекке қабілетсіз топтарын (аға ұрпақтарды, мүгедектерді, асыраушысынан айырылғандарды, балаларды) қорғауға бағытталған. Бұл қорғауды қамтамасыз етуді бюджет пен әлеуметтік сақтандыру қорлары жүзеге асыру қажет. Бюджет есебінен еңбекке қабілетсіз, міндетті түрде сақтандырылмаған категориялар (кәрілер, еңбек стаждары жоқ азаматтар, балалар және басқалар) және еңбек іс-әрекеті мен жағдайында кәсіби ерекшеліктері бар азаматтар (әскери қызметкерлер мен оларға теңестірілгендер) қамсыздандырылса, сақтандыру қорлары есебінен еңбек зейнетақылары мен сақтандыру жәрдемақылары жұмыскерлерге төленеді.
Бюджет есебінен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне сондай-ақ қарттарды, мүгедектерді, балаларды әлеуметтік қорғау. Ардагерлер мен мүгедектер үйі, мүгедектерді оңалту орталықтары, медициналық қызмет көрсету жатады.
Әлеуметтік көмек тұрақты емес және әлеуметтік қолдауда барлық мұқтаждарға тағайындалмайды. Ол заңмен анықталатын нақты, уақытша көмек болып табылады.
Бұл әлеуметтік қорғау бағыттарының топталуы белгілі бір сипаттары арқылы кеңейіп, тарылып немесе топталуы мүмкін, бірақ оның негізгі элементтері кез келген балаларда болуы қажет және қазіргі уақытқа сай әрдайым бейімделіп отыруы тиіс.
Сонымен, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамуында әлеуметтік қорғаудың орны маңызды. Мәселен, заңдылықтар арқылы ол ең төменгі зейнетақы мен жалақыны белгілей отырып, өмірлік деңгейді жоғарылатуға тырысады. Ал еңбекке қабілетсіз топтарды әлеуметтік қорғауға алады. Дегенмен, келешекте халықтың әлеуметтік қорғауға мұқтаждығын қысқарту арқылы олардың еңбекке белсенділігін, мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Көптеген елдерде жұмыссыздықпен күресу жолында бірқанша шаралар жүзеге асырылуда. Мұндай шаралар қатарына жұмыссыздарды жұмыс күші ретінде тіркеуге алу, жұмыспен қамтамасыз ету агенттіктері, жасөспірімдер арасында жұмыссыздықпен күресетін жастар ұйымдары құрылуда. Сонымен қатар жұмыссыз ретінде тіркеліп, соңғы төрт аптада жұмыс істеу шаралары нәтижесіз аяқталған тұлғаларға көмек ақы төлеу жұмыстары да қарастырылып нәтижесіз қалмау. Бірақ соңғы кездері жүргізіліп жүрген ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша көмекақы төлеу шарасы ел бойынша жұмыссыздық коэффицентін өсіруге себеп болып жатқандығы туралы айтылуда. Осындай кемшіліктерне қарамастан жұмыссыздықпен күрес бүкіл ел бойынша жүргізіледі. Себебі жұмыссыздық мәселесі қазіргі таңда бүкіл дүние жүзі бойынша кең көлемдегі маңызды мәселеге айналып отыр. Жұмыссыздықты алдын алмаса оның тигізер залалы көп – жұмыссыздық жасөспірісдер арасында қылмысқа баруға басты себеп болуы мүмкін. Сондықтан жұмыссыздық мәселесі қазіргі таңда кезек күттірмес өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Кедейшілік бірте – бірте қоғамның тұрақты сипатына айнала отырып, әлеуметтік құрылымның тоқтауына, әлсіреуіне алып келіп соқтырады.
Тұрғындар дағдарыстық жағдайды әртүрлі қабылдайды, өмірден өтуі, жағдайдың нашарлауы т.б. маңызды экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін мемлекет басты кепіл болып есептеледі.
Жұмыссыздықтың өсуі, жұмыстылықтың қысқаруы, кедейшілік, жоқшылық-қоғамдық өмірдің көрінісі, ол экономикалық әлеуметтік және саяси салаларда өз орнын қалдырған және мүлдем жойылмайтын із. Кедейлер болып әртүрлі категориядағы адамдар саналады; әйелдер, балалар, жастар, мүгедектер, зейнеткерлер, эмигранттар, босқындар тағы басқа кедейшіліктің туындауы әртүрлі себептерге байланысты; жұмыстан айырылуына, кедейлікке, төмен төленетін жалақы, дамыған елдердің кедейлігі және тағыда басқа. Планетамыздағы 7,0 млрд. адамдардың 1,5 млрд. кедейшілікпен күресуде, яғни кедей халық олардың көбісі жұмыссыздар немесе мүлдем жұмыс орнына тіркелмегендер. (700 млн) – халық жұмыспен қамтылып, ауыр жұмыс істесе де қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды, өз шығыстарын жабуға мүмкіншілігі жоқ. Кедейшіліктің күшеюі әлеуметтік - экономикалық жағдайлардың тұрақсыздығынан, жұмыссыздық проблемасы әсіресе орта және жоғарғы оқу орындарын бітірген жастар арасында өте қиынға түсуде, ауыр.
Кедейлікті өлшеудің бірнеше тәсілдері бар, олар: абсалютті, салыстырмалы және субъективті тәсілдер. 2007 жылдағы адам дамуы туралы Баяндамада БҰҰ даму Бағдарламасы кедейлікті адам дамуы көзқарасы тұрғысынан қарауды ұсынды. Осы контексте табыс деңгейі, күнкөріс минимумы және сатып алу қабілеті сияқты дәстүрлі көрсеткіштермен қатар адам дамуының көрсеткіштері (болжамды өмір ұзақтығы, жұмыссыздық нәрестелердің шетінеуі мен аналар өлімі және т.б.) қолданылады. Адам дамуының көрсеткіштері Мыңжылдық дамуының барлық мақсаттары мен міндеттерін қамтиды. Соған сәйкес, есепте Қазақстандағы кедейлік өлшемі индикаторларының жаппай қамтитын тізбесін пайдалану ұсынылады.
Кедейшілік дегеніміз – күрделі құбылыс, оның әлеуметтік – экономикалық және мәдени – психалогиялық терең тамырлары бар. Кедейлік уақытпен кеңістікке қарай салыстырмалы. Кедейлікке баға берумен өлшеуді әр елдің дамуындағы тарихи жағдайларды ескеру арқылы жүргізу қажет.
Қазіргі таңда елімізде күнкөріс минимумы 8730 теңге, бұл қаражатпен отбасын айтпағанда өзіңді де асырай алмайсын. Есептей келе Қазақстанда бұл көрсеткішті екі есе жоғарлату қажет. Жұмыспен қамтылу азаматтардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру керек немесе кіріс әкелетін қызмет.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Р. Дорнбуш, С. Фишер – “Макроэкономика”, М. 1996 ж.
- Д.Ж. Сакс, Ф.Б. Ларрен – “Макроэкономика. Глобальный подход.”, М. 1995 ж.
- А.М. Гальперин – “Микроэкономика”, М. 1997 ж.
- Эдвин Дж. Долан – “Макроэкономика”, М. 1994 ж.
- Эдвин Дж. Долан – “Микроэкономика. Практикум”, М. 1994 ж.
- “Экономическая теория. Микроэкономика.
- Мегаэкономика”, 2000 ж.
- Н. Саханова – “Мемлекет және бизнес”, А. 2004 ж.
- Социально-экономическое развитие, А. 2007 ж.
- “Деловая неделя”, 1-16, 2007 ж.
- Курманалиев К. “Развитие экономическых отношений в РК”, А. 2007 ж.
- Социалиное экономическое развитие «Казахстан» А:АСРК. 2002. № 204.
- «Государственное управление современной экономике» РЦБК. Апрель 2003г.
- «Экономика и статистика» №2 2003г.
- «Маркетинг» №1 (77) 2001г.
- Материалы Республиканской научной практической Конференции (часть 4) Алматы 2002г.
- Досымов Б.С «Современная проблема» 2001г.
- Үкімет қаулысымен 2008-2010 жылдарға арналған кедейлігі және жумыссыздықпен күрес бағдарламасы№
- Краткий статистически ежегодник А: АСРК 2002
- «Жумыссыздықтың түсінігі және түрлері» А.О Альжанова А: 8
- Әлеуметтік қорғау жүйесінің бағыттары ОҚО 1-12. 2000ж.
- Қажы-қаражат 1998ж Сейтказиева Г.С
- Указ президента РК 23.19.98
- Основные управления муниципального хозяства.1998 М: А.Г Воронин; В.А Поппи
- Местные органы власти в Европе М:1992 Э. Харьков.
[1] Концепция перехода к наилучшему развитию на 1007-2024 гг. «Казправда», 11 ноября 2006 г.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024