Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жұмыстан қысқарған адам кредитін өзі қалаған мөлшерде төлей ала ма?

Жұмыстан қысқарған адам кредитін өзі қалаған мөлшерде төлей ала ма?

Сәлеметсіз бе! Сұрайын дегенім жұмыстан қысқарған адам кредитін өзі төлей алатын мөлшермен төлеуге бола ма?

А. Мұқашева, әлеуметтік желі арқылы жолданды

Қайырлы күн! Форс-мажорлық жағдайда несиені қайтару туралы келісім-шартта анық көрсетілген. Біздің кеңесіміз жұмыстан қысқарып, төлем қабілетіңіз уақытша болмаса, банктен қашпай, бірден бас кеңсесіне барып (немесе Call-орталығына хабарласып, өтінішті қайда жазуға болатынын біліп алғаныңыз дұрыс) өтініш жазу керексіз. Ол жерде жұмыстан қысқарып қалғаныңызды дәлелдейтін құжаттарды қоса көрсетіп, қарызды өзіңіз төлей алатын мөлшерде төлеуге мүмкіндік беруін сұраңыз. Соңғы шешімді банк қабылдайды. Өйткені ол сізге қарыз беруші. Көп жағдайда банктер несиенің шартта көрсетілген уақытта қайтқанын қалайды. Кейде банктер сіз сұраған мөлшерде төлеуге мүмкіндік беруі мүмкін, кейде бермейді. Ол сіздің төлем қабілетіңіздің жоқтығына қаншалықты сенгеніне байланысты.


Құрметті оқырман! Егер банктерге қатысты (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына немесе WhatsApp арқылы +7 700 973 8377 телефон нөміріне жолдауды сұраймыз.

Похожие материалы