Ақмола облысы. 22 шілде. 7kun.kz – Жалған генерал 10 миллион теңге пара беру ісі бойынша 7 жылға сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.
А. Әмрин өзін әскери генерал деп таныстырып, бұрын істі болған адамды сот жүйесінің лауазымды тұлғаларына 10 млн теңге пара беруге итермелеген. Пара жымқыру фактісі бойынша Семей гарнизоны Әскери сотының ақтау туралы үкімін шығару үшін қажет болған.
20 шілдеде Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен ол пара беруге итермелегені және алаяқтық әрекеті үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
Сондай-ақ бұрын сотталған ер адам тиісінше пара бергісі келгені үшін кінәлі деп танылып және үкімдердің жиынтығын ескере отырып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Екеуі де Жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024