Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жол қозғалысын бақылау камералары Ақтөбе бюджетін толықтыруда

Жол қозғалысын бақылау камералары Ақтөбе бюджетін толықтыруда

Ақтөбенің тағы жеті көше қиылысында "Мираж" автокөлік ағынын бақылау жүйесі орналастырылды. Енді аталған жүйе қала жол картасының оннан астам жерінде жұмыс істейді.

Жүйе жол қозғалысы ережелерінің бұзуылуын, стоп-линияларды кесіп өткендерді, бағдаршамның тыйым салынған сигналы жанған кезде жүру, оңтайландыру ережелерін бұзғандарды анықтап отырады. Заң бұзушылық әрекеттерінің барлығы автомат режимінде жазып алынады да, мәліметтер базасында сақталады. Бақылау камераларынан видекескін облыстық ІІД әкімшілік полициясы басқармасының процессингілік орталығына түсіп отырады. Ал, инспектордың қатысуынсыз өтетін арнайы бағдарлама заң бұзушылық байқалған кезде автокөлікті суретке түсіріп, айыппұл көлемін көрсетеді. Ақтөбеде фотофиксация жүйесі 2012 жылы орнатылған болатын. Жыл басынан бері "Мираж" арқылы жалпы сомасы 45 млн теңге болатын 4 мың заң бұзушылық әрекеті тіркелген.

Похожие материалы