Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтарында бөлшек сауда айналымы 625,7 млрд теңгені құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3 пайызға көп, деп хабарлады LS.
Азық-түлік тауарларының жалпы саудадағы үлесі 30,9 пайыз (193,6 млрд теңге), азық-түлік емес тауарлары - 69,1 пайызды (432,1 млрд теңге) құрады.
Өнімдерді сату көлемі 2017 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 7,5 пайызға, ал басқа тауарлар 3 пайызға өсті.
Бұл ретте ірі сауда кәсіпорындарының үлесі 58 пайыз (363 млрд теңге), ал жеке кәсіпкерлер мен қалалық нарық 42 пайыз (262,7 млрд теңге) болды.