Әлемде мұнай-газ қондырғыларының саны азая түсуде

467
Әлемде мұнай-газ қондырғыларының саны азая түсуде

2015 жылдың қаңтар айында  іске қосулы мүнай және газ қондырғыларының саны азая түсті деп хабарлайды америкалық мұнай қызметін ұсынатын Baker Hughes компаниясы.

Мекеме мәліметінше, қаңтар айында  құрылғылардың саны 3 309  болған. Ал 2014 жылдың желтоқсаны мен қаңтар айларында тиісінше 3 570 және 3 598 бірлікті құраған.

Құрғақта орналасқан қондырғылардың саны  бір ай ішінде 232-ге азайған.

АҚШ-та  2014 жылдың желтоқсан айында 199-ға азайып, 1 мың 683 жеткен. Канадада 2014 жылдың соңында мұнайлы-газды қондырғылар саны 375 болса, осы жылдың басында 368-ді құраған.

Бірақ әлем бойынша нәтиже төмендегіне қарамастан, Орта Азияда керісінше, қаңтар айындағы мұнайлы-газды қондырғылар саны өсіп, 415-ке жетті.

Осы жылдың басында Baker Hughes жұмыс істеп тұрған мұнай және газ қондырғыларының саны  2014-жылдың маусым айынан бастап ең минимальді деңгейге төмендеді деп хабарлаған еді.