Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz – Қазақстан Ұлттық банкі дарынды жас мамандарды іздестіру бойынша кезекті науқанның басталғанын жариялайды, деп хабарлайды Ұлттық банктың баспасөз қызметі.
Жас мамандарды таңдау кезең-кезеңімен жүргізіледі. Ол үшін үміткерлер 1 ақпаннан бастап 1 наурыз (қоса алғанда) аралығында Ұлттық Банктің ресми сайтындағы ҚҰБ-ға жұмысқа орналасу бөлімінде түйіндеменің электрондық нұсқасын толтыру немесе HR@nationalbank.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет.
Бұдан кейін үміткерлер эссе тапсыру және психологиялық тестілеуден және құрылымдық бөлімшелерде, бөлімшелердің басшыларымен, сондай-ақ Ұлттық банк басшылығымен әңгімелесуден тұратын бірнеше іріктеу кезеңінен өтеді.
Үміткерлерді таңдау кезіндегі негізгі шарттар: біліктілік деңгейінің жоғары болуы, тиісті білім, жұмыс тәжірибесі, халықаралық қаржы және тіл курстарынан өту сертификаттарының болуы, сондай-ақ үміткердің әлеуеті.
Айта кетейік, жұмысқа орналасу, іріктеу кезеңдері туралы ақпаратты және Ұлттық Банктің қызметімен байланысты кез келген сұраққа жауапты App Store және Play Market платформаларындағы «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасы арқылы алуға болады.
Қания Табыс
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





