Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

бағасы

Алматы. 23 ақпан. 7kun.kz — Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы бейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтерілді.

Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,97 долларға қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 66,39 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың сәуір айында жеткізілетін фьючерстері 1,09 долларға қымбаттап, бір баррельдің бағасы 62,77 доллар болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!