Мәжіліс депутаттары Алматы облысының әкімімен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жанарбек Әшімжан, Жанна Телпекбаева, Әлия Абсеметова, Мақпал Тажмағамбетова Алматы облысына жұмыс сапарын Талдықорған қаласында аяқтады. 2 апта облысқа қарасты аудандарды аралаған депутаттар сапарды Талдықорған қаласын қоғамдық палата мүшелерімен, облыс әкімі Қанат Бозымбаевпен кездесумен аяқтады.

Депутаттар Алматы облысына жасаған жұмыс сапарымен таныстырған соң, қоғамдағы қордаланған өзекті мәселелер қаузалды. Атап айтқанда, қоғамдық палата мүшелері жерді меншіктеу, су каналдарын жүргізу ауылшаруашылық саласындағы қиындықтарды айтып, депутаттарды аталған мәселелерді тиісті органдарға жеткізуін өтінді. Өз кезегінде Мәжіліс депуттары екі сағаттан астам уақытқа созылған жиында айтылған барлық проблемаларды шешуге аянбай атсалысатындықтарын жеткізді.

Сондай-ақ облыс әкімімен кездесуде депутаттар өңірлік деңгейде шешілуі тиіс өзекті мәселелерді көтерді. Ал үкіметтік деңгейде қарастырылатын, тиісті заңнамаларға қатысты кезек күттірмейтін жайттарды заң шығарушы орган тарапынан тиісті мемлекеттік органдарға ұсынбақ.