МедиаLab

Пайдалы сервистер топтамасы

Күнделікті өмірі жазумен, шығармашылықпен байланысты жазушы, журналист, студенттер қауымының көпшілігі жазба жұмыстарын жеңілдететін кей қосымшаларды білсе, бірін білмейді. 7kun.kz назарларыңызға пайдалы сайттар тізімін ұсынады.

Istio —  мәтініңіздің орфографиясын тексере отырып, ондағы белгілер санын көрсетеді. Жазбаңыз неше сөзден тұрады, сөздердің қолдану жиілігі қандай және басқа да seo-көрсеткіштерін есептеп береді.

Typograf — керекті жақшаларды қойып, дефистерді тиреге айналдыратын қарапайым әрі қолайлы сайт. Қысқаша айтқанда бұл сайт типографтың жұмысын атқарады.

Glvrd — текстті ақпараттық стилге сай қылып өңдеп береді. Жарнама, жаңалық, коммерциялық ұсыныстардың жазылуын өңдей алады, алайда өлеңдер мен көркемдік прозаларға қолдануға келмейді.

Test-the-text — бұл да ақпараттық стилге сай етіп жазуға көмектесетін сайт.

Findcopy — бұл жазбаңыздың кімнің көшіргенін, кімнің қай жерде жариялағанын тауып сілтемесімен беретін ең пайдалы сайттардың бірі.

8nog — жазбаңызда қанша таңба бар екенін есептей отырып, екі бос орын (пробел) қалып кеткен жерлерді дұрыстап береді.

Спеллер — орыс,украин және ағылшын тілдеріндегі мәтіндердің орфографиясын тексереді.

Вордстат — кілт сөздерді таңдауға көмектеседі.

Topwriter — екі жазбаны өзара салыстырып береді. Бұл сайт әсіресе рерайторларға аса пайдалы.

Speechpad — аудионы текстке айналдырады (кемшілігімен болса да, сұхбатты жазба түрге түсіріп береді)

Orfogrammka — емлені тексеру қызметін атқарады

Neogranka/Stihi — поэзияға жақын жандарға өте қажет. Себебі өлең ұйқасына, ырғағына сай келетін сөз таба алмай жатсаңыз, керекті сөзіңізді іздеу жүйесінде терсеңіз болғаны, ырғағына келетін сөздер тізімін алдыңызға шығарады.

Stihi — бұл сайт та ақынның көмекшісі деп аталады. Ұйқас табуға көмектеседі.

Гугл құжаттары —  бірнеше адамға бір мезгілде бір мәтінді өңдеу құқығын береді. Егер тобыңыз әр мемлекет, не әрбір қалада тұратын адамдардан құрылған болса, бір мезгелде құжаттарды бірігіп талқылап, өңдеуге мүмкіндік беретін құрал. Сондай-ақ бұл жерде құжаттарыңызды сақтай аласыз.

sokr.ru — орыс тіліндегі қысқартылған сөздердің толық мағыналары жинақталған сайт. Бұл әсіресе орыс тілінен аударма жасайтын аудармашыларға керекті сайт.

twistedwave.com — аудио жазбаларды онлайн арқылы өңдеуге мүмкіндік беретін сайт

audio.online-convert.com —  аудио жазбаларды әртүрлі форматқа түрлендіреді. (Mp3,Mp46 OPUS, WAV, WVA)

pixlr.com —  фоторедактор

www.thinglink.com — интерактивті суреттерді жасайтын сайт

piktochart.com , datawrapper.de , easel.ly , infogr.am — инфографика жасауға арналған сайт.

Фото туралы ақпарат алу —  бұл қызмет арқылы суретті ең алғаш интернетке кімнің жүктегені, кімдердің көшіргені туралы ақпарат алуға болады.

Google Alerts –  өзіңізге керекті жаңалықтарды бақылап отыруға мүмкіндік беретін құрал. Сізге керекті тақырыптар интернет желісіне жүктеліп жатса,автоматты түрде поштаңызға жаңалық ретінде келіп отыратын болады.

Жұлдыз Ерік «7»

Tags

Осы айдарда

Close