Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Пайдалы сервистер топтамасы

Пайдалы сервистер топтамасы

Күнделікті өмірі жазумен, шығармашылықпен байланысты жазушы, журналист, студенттер қауымының көпшілігі жазба жұмыстарын жеңілдететін кей қосымшаларды білсе, бірін білмейді. 7kun.kz назарларыңызға пайдалы сайттар тізімін ұсынады.

Istio —  мәтініңіздің орфографиясын тексере отырып, ондағы белгілер санын көрсетеді. Жазбаңыз неше сөзден тұрады, сөздердің қолдану жиілігі қандай және басқа да seo-көрсеткіштерін есептеп береді. Typograf — керекті жақшаларды қойып, дефистерді тиреге айналдыратын қарапайым әрі қолайлы сайт. Қысқаша айтқанда бұл сайт типографтың жұмысын атқарады. Glvrd — текстті ақпараттық стилге сай қылып өңдеп береді. Жарнама, жаңалық, коммерциялық ұсыныстардың жазылуын өңдей алады, алайда өлеңдер мен көркемдік прозаларға қолдануға келмейді. Test-the-text — бұл да ақпараттық стилге сай етіп жазуға көмектесетін сайт. Findcopy — бұл жазбаңыздың кімнің көшіргенін, кімнің қай жерде жариялағанын тауып сілтемесімен беретін ең пайдалы сайттардың бірі. 8nog — жазбаңызда қанша таңба бар екенін есептей отырып, екі бос орын (пробел) қалып кеткен жерлерді дұрыстап береді. Спеллер — орыс,украин және ағылшын тілдеріндегі мәтіндердің орфографиясын тексереді. Вордстат — кілт сөздерді таңдауға көмектеседі. Topwriter — екі жазбаны өзара салыстырып береді. Бұл сайт әсіресе рерайторларға аса пайдалы. Speechpad — аудионы текстке айналдырады (кемшілігімен болса да, сұхбатты жазба түрге түсіріп береді) Orfogrammka - емлені тексеру қызметін атқарады Neogranka/Stihi — поэзияға жақын жандарға өте қажет. Себебі өлең ұйқасына, ырғағына сай келетін сөз таба алмай жатсаңыз, керекті сөзіңізді іздеу жүйесінде терсеңіз болғаны, ырғағына келетін сөздер тізімін алдыңызға шығарады. Stihi — бұл сайт та ақынның көмекшісі деп аталады. Ұйқас табуға көмектеседі. Гугл құжаттары -  бірнеше адамға бір мезгілде бір мәтінді өңдеу құқығын береді. Егер тобыңыз әр мемлекет, не әрбір қалада тұратын адамдардан құрылған болса, бір мезгелде құжаттарды бірігіп талқылап, өңдеуге мүмкіндік беретін құрал. Сондай-ақ бұл жерде құжаттарыңызды сақтай аласыз. sokr.ru - орыс тіліндегі қысқартылған сөздердің толық мағыналары жинақталған сайт. Бұл әсіресе орыс тілінен аударма жасайтын аудармашыларға керекті сайт. twistedwave.com — аудио жазбаларды онлайн арқылы өңдеуге мүмкіндік беретін сайт audio.online-convert.com —  аудио жазбаларды әртүрлі форматқа түрлендіреді. (Mp3,Mp46 OPUS, WAV, WVA) pixlr.com —  фоторедактор www.thinglink.com — интерактивті суреттерді жасайтын сайт piktochart.com , datawrapper.de , easel.ly , infogr.am - инфографика жасауға арналған сайт. Фото туралы ақпарат алу -  бұл қызмет арқылы суретті ең алғаш интернетке кімнің жүктегені, кімдердің көшіргені туралы ақпарат алуға болады. https://youtu.be/mlrU-SnV2n0 Google Alerts –  өзіңізге керекті жаңалықтарды бақылап отыруға мүмкіндік беретін құрал. Сізге керекті тақырыптар интернет желісіне жүктеліп жатса,автоматты түрде поштаңызға жаңалық ретінде келіп отыратын болады.

Жұлдыз Ерік "7"

Похожие материалы