Күнделікті өмірі жазумен, шығармашылықпен байланысты жазушы, журналист, студенттер қауымының көпшілігі жазба жұмыстарын жеңілдететін кей қосымшаларды білсе, бірін білмейді. 7kun.kz назарларыңызға пайдалы сайттар тізімін ұсынады.
Istio — мәтініңіздің орфографиясын тексере отырып, ондағы белгілер санын көрсетеді. Жазбаңыз неше сөзден тұрады, сөздердің қолдану жиілігі қандай және басқа да seo-көрсеткіштерін есептеп береді. Typograf — керекті жақшаларды қойып, дефистерді тиреге айналдыратын қарапайым әрі қолайлы сайт. Қысқаша айтқанда бұл сайт типографтың жұмысын атқарады. Glvrd — текстті ақпараттық стилге сай қылып өңдеп береді. Жарнама, жаңалық, коммерциялық ұсыныстардың жазылуын өңдей алады, алайда өлеңдер мен көркемдік прозаларға қолдануға келмейді. Test-the-text — бұл да ақпараттық стилге сай етіп жазуға көмектесетін сайт. Findcopy — бұл жазбаңыздың кімнің көшіргенін, кімнің қай жерде жариялағанын тауып сілтемесімен беретін ең пайдалы сайттардың бірі. 8nog — жазбаңызда қанша таңба бар екенін есептей отырып, екі бос орын (пробел) қалып кеткен жерлерді дұрыстап береді. Спеллер — орыс,украин және ағылшын тілдеріндегі мәтіндердің орфографиясын тексереді. Вордстат — кілт сөздерді таңдауға көмектеседі. Topwriter — екі жазбаны өзара салыстырып береді. Бұл сайт әсіресе рерайторларға аса пайдалы. Speechpad — аудионы текстке айналдырады (кемшілігімен болса да, сұхбатты жазба түрге түсіріп береді) Orfogrammka - емлені тексеру қызметін атқарады Neogranka/Stihi — поэзияға жақын жандарға өте қажет. Себебі өлең ұйқасына, ырғағына сай келетін сөз таба алмай жатсаңыз, керекті сөзіңізді іздеу жүйесінде терсеңіз болғаны, ырғағына келетін сөздер тізімін алдыңызға шығарады. Stihi — бұл сайт та ақынның көмекшісі деп аталады. Ұйқас табуға көмектеседі. Гугл құжаттары - бірнеше адамға бір мезгілде бір мәтінді өңдеу құқығын береді. Егер тобыңыз әр мемлекет, не әрбір қалада тұратын адамдардан құрылған болса, бір мезгелде құжаттарды бірігіп талқылап, өңдеуге мүмкіндік беретін құрал. Сондай-ақ бұл жерде құжаттарыңызды сақтай аласыз. sokr.ru - орыс тіліндегі қысқартылған сөздердің толық мағыналары жинақталған сайт. Бұл әсіресе орыс тілінен аударма жасайтын аудармашыларға керекті сайт. twistedwave.com — аудио жазбаларды онлайн арқылы өңдеуге мүмкіндік беретін сайт audio.online-convert.com — аудио жазбаларды әртүрлі форматқа түрлендіреді. (Mp3,Mp46 OPUS, WAV, WVA) pixlr.com — фоторедактор www.thinglink.com — интерактивті суреттерді жасайтын сайт piktochart.com , datawrapper.de , easel.ly , infogr.am - инфографика жасауға арналған сайт. Фото туралы ақпарат алу - бұл қызмет арқылы суретті ең алғаш интернетке кімнің жүктегені, кімдердің көшіргені туралы ақпарат алуға болады. https://youtu.be/mlrU-SnV2n0 Google Alerts – өзіңізге керекті жаңалықтарды бақылап отыруға мүмкіндік беретін құрал. Сізге керекті тақырыптар интернет желісіне жүктеліп жатса,автоматты түрде поштаңызға жаңалық ретінде келіп отыратын болады.Жұлдыз Ерік "7"