Мұхтар Құл-Мұхаммед: Барлық қару-жарақ дүкендеріне тыйым салу керек

460
Фото: nurotan.kz

Аcтана. 7 маусым. 7kun.kz — «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед терактіден қаза болған зейнеткер Николай Онищенконың отбасына көңіл айтып барғанда «Ақтөбеде болған оқиғадан кейін Қазақстандағы барлық қару-жарақ дүкені жабылуы мүмкін» деген мәлімдеме жасады. Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Зейнеткер «Паллада» дүкенінің маңынан өтіп бара жатқанда қаза болған.

Онищенко отбасы қару-жарақ дүкенінің үйлерінің маңынан салуға жобаланып жатқан кезеңнің өзінде қарсы болғанын айтып шағымданды.

«Қазір біз қару-жарақ дүкендеріне қатысты заңдарды қайта қарап жатырмыз. Оларға тек Ақтөбеде емес, бүкіл Қазақстанда тыйым салу керек», — деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.