ITeachMe қорының құзыретті дамыту орталығы Алматы қаласында ITeachMe жобасының алтыншы маусымына қатысудың бірінші іріктеу кезеңін ұйымдастырды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Алматы қаласында өткен іріктеу кезеңіне колледж студенттері арасынан 50-ден астам жас, сондай-ақ, Алматы қаласы мен Алматы облысында тұратын мүмкіндігі шектеулі жастар қатысты. Олардың арасынан 15 қатысушы іріктелді.
ITeachMe жобасы мүмкіндігі шектеулі және мүгедектігі жоқ жастарға SMM, motion дизайн, графикалық дизайн, UI/UX дизайн, мобилография және ағылшын тілі саласы бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды тегін меңгеруге мүмкіндік беретін жоба.
Жобаға қатысушылар компьютер дағдысы бойынша базалық онлайн-курстан өтеді, үшкүндік офлайн-лагерьге қатысады және таңдаған бағыты бойынша үш айлық онлайн-курсқа қатысады.
Барлық кәсіби курс түрлі санаттағы мүгедектердің ерекшелігін ескере отырып әзірленген және мемлекеттік тілге аударылған.
Толық оқу курсын аяқтаған студенттерге арнайы сертификат беріледі, ал курс жұмысын сәтті қорғаған үздік студенттердің жұмысқа орналасуына және алғашқы коммерциялық тапсырысына ие болуына көмек беріледі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024