Н.Назарбаев: Экономикалық санкциялар барлығына кедергі келтіруде

482

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, экономикалық санкциялар — жағдайдан шығатын жол емес.

«Мұндай санкцияларға үйреніп кету мүмкін емес, себебі олар өте сирек болады. Бұны саясат пен экономиканы араластыру деп атайды. Санкциялар барлығына кедергі келтіруде. Бұл жағдайда тек Ресей қиналып жатқан жоқ, барлығы қиналып жатыр, және біз бұны біліп отырмыз», — деді Н.Назарбаев «Россия-24» телеарнасына берген сұхбатында.

«Еуропаның барлығы өзара санкцияларды ұнатып жатқан жоқ. Біріншіден, Еуропаның барлық іскер адамдары Ресейдегі алып нарықты жоғалтып алды, мұнда олар ақша салып, капитал таба алатын. Екіншіден, Ресей жақтың да шығыны үлкен. Сондықтан бұдан ешкім пайда көріп жатқан жоқ», — деп түсіндірді Н.Назарбаев.