Несие төленбеген жағдайда жәрдемақыдан ұстап қалуы мүмкін бе?

2483
несие
Фото: Mamaclub.kz

Сәлеметсіз бе? Менің белгілі бір банкте (белгілі себептермен бана атауы көрсетілмейді) қарызым бар еді. 9 айда 400 мың теңгесін төледім. Енді олар мені коллеркторлық компанияға беріп қойған. Бұл компания сіз 200 күн кешіктірдіңіз, сотқа береміз деп отыр. Алайда менің төлемегеніме ай болды. Өзім пәтер жалдап тұрамын. Күйеуімнің де кредиті бар. Өзімнің босанғаныма 6 ай болды. Балаға берілетін «жәрдемақыдан ұстаймыз, шотыңды жабамыз» дейді. Айына 10 мың теңге төлеп отырмын. Алайда олар 25 мың теңге сал дейді. Егер төлемеген жағдайда жәрдемақыдан ұстап қалуы мүмкін бе?

Дана Жұмабек, әлеуметтік желі арқылы жолданды

Дана, сізбен банктің арасында қарыз алу шарты жасалған. Осы шарттың талаптарына сәйкес сізге банк несиені белгілі бір мерзімге, ай сайынғы төлемдермен тізім жасап берген. Сонымен қатар банктің және банк қызметкерлерінің барлық іс әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмеуі тиіс, ал қайшы келген жағдайды тиісті жауапқа тартылады.

Сіздің сұрағыңыз бойынша банк сіздің несиеңіздің жұмысын колекторлық ұйымға беріп жіберсе, ондай жағдайда сіздің ай сайын төлеп жатқан он мың теңгеңіздің барлығы айыппұл мен пеньяға кетіп жатыр, сол себепті мәселеңізді сот шешімімен шешіп, соттың шешімінде көрестілген нақты сомманы төлегеніңіз дұрыс болады. Себебі айыппұл мен пенья күделікті өсіп отырады, ал сот болса оны сіздің белгілі себептеріңізге қарап 90 пайызға дейін, кей жағдайда 100 пайызға дейін де қысқартып береді. Және соттың шешімімен өндірілген сомма нақты, болашақта өспейді. Бұл мәселеңізбен білікті маман заңгерге жолыққаныңыз дұрыс болады.

Ал енді сіздің балаңыздың жәрдемақысын ұстауға банктің не коллекторлық ұйымның ешқандай құқығы жоқ, оған қатысты жәрдемақы алатын банкіңізге барып арнайы шот аштырып алыңыз, арнайы шотты ешкім жартылай болса да жаба алмайды. Егерде банк жәрдемақыңызды жауып, алып қойса бірден сотқа талап арызбен, ал Ұлттық банкке шағыммен жүгініңіз, сізге алынған ақшаны толық қайтарып береді.

Басқа да түсінбеген сұрақтарыңызбен жұмыс күндері осы телефон арқылы хабарласа аласыз:8 701 887 55 81

Сұраққа жауап берген «Заң Ақиқат» заңгерлік компаниясының заңгері — Жанат Маликбаевич Бутинбаев.


Құрметті оқырман! Егер банктерге қатысты (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына немесе WhatsApp арқылы +7 700 973 8377 телефон нөміріне жолдауды сұраймыз.