Менің басымнан өткен мына оқиға біреу-міреуге сабақ болсын деп жазып отырмын. Өгізге туған күн – бұзауға да тууы мүмкін ғой (Құдай сақтасын, дегенмен), сондықтан назар аударыңыз.
Заңға бағынатын азамат және ұқыпты салық төлеуші ретінде алған несиелерімді үнемі уақытылы жауып отыратынмын. Бір күні менің ұялы телефоныма Ерқанат деген бір пысық жас жігіт хабарласып, әдепті түрде мынадай хабар айтты. Банк мен сияқты тиянақты клиентпен қарым-қатынасын жалғастыруға ниетті екен-мыс, сондықтан маған «Үздік клиент» тарифтік жоспары бойынша несие картасын қолдануға ұсыныс білдіріп отыр. Дәмемізді ушықтырған әріптестіктің мәні мынада екен. Бізге 210 мың теңге аударылған несие картасын алуға ұсыныс білдіріледі. Кез келген қолайлы уақытта бұл ақшаны әріптестік туралы келісімшартта көрстетілген тәртіп бойынша пайдалана аламыз. Оқырмандарды жалықтырмас үшін бір тұсын ғана айрықша айтып кетейін. Қаражаттың кезекті сомасын шығарып алған сайын клиент келісіліген пайызын және шығарылған соманың комиссия шығындарын төлеп отыруы тиіс. Сөйте тұра, мені басында ақша шығарған сәттен алғашқы ай біткенше алынған соманы өтеп тастасам, ешқандай комиссия төлеу талап етілмейді деп сендірді. Біреудің сенім білдіруі, не нәрсеге қатысты болмасын, әрқашан жағымды әсер қалдырады. Мен де сол кезде сыйлы деп санаған банктің тарапынан осынша назар аударылғанына өзімше мәз болып қалдым. Сонда да бұл не батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық дегенді еске ала отырып, біз бір білікті адаммен кеңесіп алғанды жөн деп таптық. Мұндай адам ретінде мен ол кезде басқа бір сыйлы деп саналатын банкте жұмыс жасайтын өзімнің жиен қарындасымды таңдап алдым. Ол бірден үзілді-кесілді түрде кәртішкені алу қажет емес екенін аңғартты. Алайда, әдеттегідей өмір өз дегенін жасатты. Ақша тығыз керек болып қалатын кездер кездеседі. Сондықтан біраз толғанып, біз ұсынылған несие картасын алуға шешім қабылдадық. Бұл 2016 жылдың соңы болатын. Үш ай бойына картаны пайдаланған жоқпыз, яғни ешқандай ақша шығармадық. Тек 2017 жылдың 10 наурызы күні 83 мың теңге шамасындағы сома суырылды. Оның алдында біз банктің қаржылық кеңес беру қызметіне тағы бір рет хабарласып, пайыздарды қай кезден бастап төлеу керегін нақтылап алдық. Әдеттегідей желінің арғы жағындағы сыпайы дауыс бізге келесі айдың 25-інен бастап өтеу керегін кезекті рет айтты. Біздің есебіміз бойынша, кәртішкені аталған мерзім келгенше толықтырып, өтеп тастауды жоспарлап едік. Бірақ біздің есебіміз басқа, банктікі басқа екен. 31 наурыз күні картаны толықтыру үшін сәйкесінше 83 мың теңге көлеміндегі соманы енгіздік. Сол сәтте бір сағаттың ішінде картадағы қалдық біз ойлағандай 127 мың емес, 120 мың теңге деген SMS-хабарлама келді (бірден айтайық, біз шамамен дөңгелетіп айтып отырмыз). Мұндай жағдайға таңғалған біз 1 сәуір күні цифрлардағы сәйкессіздіктің себептерін түсіндіріп беруі үшін банк бөлімшесіне бардық. Бізге былай дейді олар. Кәртішкенің активация мерзімі ашылған күнінен, яғни біздің жағдайымызда 2016 жылдың 25 желтоқсанынан басталады екен-мыс. Біздің кеңескеніміз және алғашқы айда пайыздар төленбейді деп сендіргендері туралы айтқанымызды құлаққа ілмеді. Бетпе-бет сөйлескенде банк қызметкерінің берген ақпараты мен олардың телефон арқылы айтқандарының айырмашылығы болып жататыны сирек емес. Мұны қалай сипаттап, қалай түсіндіруге болатынын әр оқырман өзі шеше жатар. Бірақ өмірінде банктермен келісімшарт қатынасын рәсімдеп көрген адам қанша қағаз-құжат ілесіп жүретінін де (ұсақ шрифтпен жазылғаны да бар) біледі. Бірдеңені байқамай қалуымыз мүмкін. Әйтсе де біздің жағдайымызда вербал сипаттағы ақпарат алу туралы айтып отырмыз. Тіпті несие картасының клиетіне ескертпе қағазда "Сіз ыңғайлы, иілімді кесте бойынша төлей аласыз! Банк сізден (егер мерзімін өткізіп алмасаңыз) әр айдың 25-нен кешіктірмей картаңызға тек минимал, қарызыңыздың 7%-ы көлеміндегі соманы салуыңызды талап етеді (алғашқы айда сома енгізу талап етілмейді – біздің қосқанымыз). Біз банктің қаржы консультанттары клиенттерді саналы түрде адастырады, алдайды деп айта алмаймыз. Бірақ,шынын айтсақ, басқаша қалай атарымызды да білмейміз. Қалай болды – солай баяндап бердік. Оқырмандар өз қорытындысын өздері шығарсын.Бақберген ЕРМУХАНОВ,
Шымкент
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024