16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні. Биыл еліміздің тарихында бұл айтулы датаға 25 жыл толып отыр.
1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік—біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір осы тәуелсіздіктен бастау алады. Сондай-ақ бүгін Желтоқсан көтерілісіне 30 жыл. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақ ССР компартиясы орталық комитеті пленумы шұғыл өткізіліп, ұзақ жылдар бірінші хатшы болып істеген Дінмұхаммед Қонаев қызметтен алынды. Оның орнына Ресейдің Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеген Геннадий Колбин тағайындалды. Ал бұл шешімге келіспеген қазақ жастары наразылық танытып, 17-18 желтоқсанда Алматыда Брежнев алаңына (қазіргі Республика алаңы) жиналған. 16 желтоқсан күні Қазақстанда мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдегі қандастарымыз үшін де айтулы мереке.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024