Алматы. 9 қараша. 7kun.kz - Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында мәлімдеді. Онда «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасының жүзеге асуы мәселесі сөз болды деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Министрліктің хабарлауынша, оқу тиісті колледждерде, кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарында, сонымен бірге шалғай елді мекендер үшін мобильді оқу орталықтарының көмегімен жүрізіледі.
2017 жылы жоспарлы 26 мың, ал іс жүзінде қысқа мерзімді оқу курстарында 61 мың жүмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтушылар оқытылды.
Бағдарламаға қатысушылар шәкіртақы, жол ақысы, уақытша тұратын жерлермен қамтылады. Шаштараз, электрик, газды-электр дәнекерлеуші, тас қалаушы, аспаз мамандықтарына сұраныс ерекше.
Оқытылған 23 мың адамның 9,5 мыңы жұмысқа тартылды. Олардың 70 пайызы жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасса, 30 пайызы өз бетінше жұмыс тапты.
Қазақстан аумағындағы 402 колледж базасында 56 мың адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға тартылған.
«Оқытудың бұл форматы оқыту сапасымен қатар, қажетті практикалық дағдылануды, олардың келешекте жұмыспен қамтылуын жоғарылатады. Сондай-ақ, бұл бағдарламадағы тағы бір жаңа тәртіп, пилотты режимде қысқамерзімді оқыту шалғай елді мекендерде мобильді оқу орталықтары арқылы жүргізіледі» -деді Тамара Дүйсенова.
Мобильді оқу орталықтары көбіне облыстарға тән. Бес аймақта пилотты жоба енгізіліп, оған бір жарым мың адам тартылды. «Бастау - Бизнес» жобасы бойынша 15 мың адам оқып, 2300-ден астам адам несие алды.
Жалпы айтқанда, 2020 жылы осы бағытта оқыту бағдарламасы шеңберінде шамамен 472 мыңдай адам оқытылуы мүмкін.
Бұған дейін Маңғыстау облысында 4400 адам жұмыспен қамтылған еді.
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





