Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

2026 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындарында алты суицид жағдайы тіркелді

2026 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындарында алты суицид жағдайы тіркелді
Соңғы төрт жылда Қазақстанның жоғары оқу орындарында студенттер арасында 34 суицид жағдайы тіркелген. 2023 жылы - 3, 2024 жылы - 7, 2025 жылы - 18, ал 2026 жылы 6 жағдай анықталған.

2026 жылы тіркелген жағдайлар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінде, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде, Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде - әрқайсысында бір жағдайдан болған.

Жоғары оқу орындарында дағдарыстық жағдайларды ерте анықтау, студенттерге психологиялық қолдау көрсету және олардың психикалық саулығын нығайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, профилактикалық, цифрлық және әдістемелік шаралар қолға алынған.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына студенттерді оқу, зерттеу және әлеуметтік бағыттар бойынша кешенді бағалау нормасы енгізілді. Бұл ретте интегралды әлеуметтік GPA көрсеткіші есептеледі.

Министрлік жоғары оқу орындарында студенттерді әлеуметтендіру және тәрбиелеу жұмысын жүйелі ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың жаңа редакциясын әзірледі. 2026 жылғы 28 тамыздағы бұйрықпен бекітілген құжатта мемлекеттік саясат пен қоғамдық күн тәртібіндегі өзекті бағыттар қамтылған.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының барлығында психологиялық қызметтер жұмыс істейді. Бұл бағытта 277 психолог қызмет атқарады. Психологиялық қызмет мамандары мен әлеуметтік және тәрбие жұмысына жауапты проректорларға отандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен семинарлар мен курстар өткізіледі.

Ұқсас материалдар