Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Кредит тарихын түзейтін" алаяқ ұсталды

"Кредит тарихын түзейтін" алаяқ ұсталды

Астана. 30 наурыз. 7kun.kz - Астаналық полицейлер Қарағанды облысының 29 жастағы тұрғынын ұстады. Ол интернет-алаяқтық бойынша күдікке ілінген, - деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Tengrinews.kz.

Полицияға Астана тұрғыны келіп, белгісіз біреудің өзін алдап 27 мың теңгесін алып кеткенін айтқан. Яғни KIWI-әмиян арқылы абоненттік нөмірге ақша аудару кезінде алданып қалған.

"Күдікті Интернетте OLX.kz сайтында былай деп жазба қалдырған: "Кредит тарихы нашар адамдарға және жеке кәсіпкерлерге несие алып беруге көмектесемін". Оған қоса ол телефон нөмірін қалдырған. Күдікті өзін кредиттік "Алма" фирмасының өкілі ретінде таныстырған және жәбірленушімен WhatsApp арқылы банктен қалай несие алуға болатынын және өзінің жұмысы үшін ақшаны қалай аудару керектігін түсіндірген", - дейді Астана ІІД өкілдері.

Сотқа дейінгі тергеу шаралары "Алаяқтық" бабы бойынша жүргізіліп жатыр және оның басқа да істерге қатысы бар-жоғы тексеріледі. Астана қалалық ІІД өкілдері осындай заңсыз әрекеттердің құрбаны болғандардан полицияға хабарласуын сұрайды.

Похожие материалы