Әлемдік нарықтағы шикізат бағасының 15-20 пайызға төмендеуі Қазақстан экспортына кері әсер етті. 2016 жылы елдің мұнай мен газ секторындағы экспорт көлемі 85,6 пайызға, металлургия мен химия өндірісі 8 пайызға азайған. Кейбір тауарлардың экспортталуы артқанымен, олардан түсетін табыс азайған.
2015 жылы мұнай өндіру, металлургия және химия өнеркәсібінің экспорты 14,034 млрд долларды құраған еді. 2016 жылы бұл көрсеткіш 1,5 млрд долларға қысқарып, 12,655 млрд долларға төмендеді. Бұған коксты экспорттау мен мұнайды қайта өңдеуден түскен табыстың 756 млн долларға (37%) азаюы, металлургия өнімдерінің 539 млн долларға (6%) кемуі, сондай-ақ химия өндірісі табысының 198 млн долларға (27%) азаюы себеп болған.
Бірақ, Қазақстан индустриялық даму институтының басқарма төрағасы Айдын Құлсейітовтің айтуынша, мыс секілді өнімдердің саудасына қарасақ, өткен жылы Қазақстан 2015 жылмен салыстырғанда 4 тонна көп сатқан. Бірақ сатылым көлемі көп болғанымен, кіріс көлемі тек 54 млн долларды құраған. Ал мыстан жасалған катодтың көрсеткіштері де осыған ұқсас – 2016 жылы сатылған тауар көлемі 40 мың тонна болғанымен, 53 млн долларға аз пайда түскен.
Дегенмен, Қазақстаннан экспортталатын кейбір тауарлар мен олардан түсетін табыс азайған. Бұл тазартылған қорғасын саудасына қатысты: 2015 жылмен салыстырғанда сатылым деңгейі 14 тоннаға көбейіп, одан 34 млн долларға көп табыс түскен.
Сонымен бірге, өңдеуші өнеркәсіпте шығарылатын тауарлар көлемі 0,7 пайызға, түсті металлургия 8,5 пайызға, азық-түлік 3,9 пайызға, қара металлургия 3,3 пайызға, агрохимия 3,1 пайызға, электротехника өндірісі 2,5 пайызға көбейген. Осылайша 2017 жылдың алғашқы екі айында дайын өнім жасайтын кәсіпорындар өндіріс көлемін 281 млрд теңгеге арттырған. Жыл басынан бергі қаңтар-ақпан айларында фармацевтика саласындағы өнімдер 24,2 пайызға ұлғайған. Өндірісі өскен тағы бір сала – мұнайды қайта өңдеу (20,9%). Жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс 16,5 пайызға артып, көлемі артқан үшінші сала ретінде тіркелген.
Бірақ finprom.kz сараптама агенттігі отандық тауар өндірушілердің өткен жылы 0,7 пайыз өсуіне себеп жасалған тауарлар көлемінің артуы емес, кәсіпорындардағы қызметкерлерді қысқарту есебінен болғанын айтады. 2016 жылғы қыркүйектің соңында өндірістік өнеркәсіп секторында жұмыс істеп жатқан азаматтар саны өткен жылдан бері 37,6 мың адамға азайып, 286 мың адамды құраған. Кәсіпорындардағы жұмысшылардың қысқаруы — бір жылда тіркелген құбылыс емес, 2012 жылдан бері тұрақты түрде жалғасып келе жатқан тенденция.
Бұдан бөлек, аталған сектордағы жекелеген бағыттардың жайы да жақсарып жатқан жоқ. Мысалы, жеңіл өнеркәсіпте өндірілетін тауар көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 1 пайызға азайған. Мысалы, 2015 жылдан қарағанда былғары кәсіпорындары – 13 пайызға, дайын киім өнімдерін шығаратындар — 0,8 пайызға аз өнім жасап шыққан. Одан бөлек, 2016 жылы жеңіл өнеркәсіптегі белсенді кәсіпорындардың саны 27 пайызға азайып, 79-дан 58-ге кеміген.
Экономист Тимур Исаевтің пайымдауынша, үкімет «өндіріс көлемі артып жатыр» деп өздерін алдамауы керек. Маман «секторға металлургия саласын қосу ғана статистикаға қандай да бір өсім беріп отырғанын, одан басқа саланың барлығы дағдарысқа ұшырап жатқанын» айтады. Отандық өнімдердің нарықтағы салмағын арттыруға күш салынып жатқанымен, қазақстандықтар біраз тауарды әлі де шетелден сатып алуға мәжбүр. Мысалы, Қазақстанда сатылатын сырт киімнің – 97 пайызы, аяқ-киімнің – 96 пайызы, мақта-мата өнімдерінің 60 пайызы шетелден әкелінген.
Сондай-ақ, 2017 жылдың басында жарияланған ресми статистикаға сүйенсек, Қазақстанда бүгінде дайын өнім жасаумен айналысатын 13 799-ға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Бірақ секторда тауар өндірумен айналысатындарды айқындайтын «белсенді кәсіпорындар» деген арнаулы санат бар. Олардың саны — 7 099. Бұл – барлық кәсіпорынның ішінде өнеркәсіппен айналысатындардың саны екі есе аз деген сөз.
Одан бөлек, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) жүргізген зерттеуі бойынша, өнеркәсіптерді белсенді және жұмыс істемейтін деп қана емес, шынында да өнеркәсіппен айналысатын я басқа типтегі «өнеркәсіптер» деп екіге бөлу керек. ҰҚП 2015 жылдан бастап тауарлардың Қазақстанда жасалғанын растау үшін берілетін «СТ-КЗ» сертификаты бойынша тексеріс жүргізіп, 175 сертифкаттың 105-інен заңбұзушылықтар анықтаған. Палата өкілдері осыны алға тартып, «тауар жасаушы» атын жамылғандар жай ғана алып-сатарлар болып шығуы мүмкін екенін айтады.
2014-2015 жылдары Қазақстан дайын тауар шығаратын кәсіпорындардың еңбек өнімділігі бойынша Еуразиялық экономикалық одақта 1-орында тұрған. 2014 жылы жан басына шаққандағы кіріс көлемі 42 мың 599 доллады құрап, ресейліктердің көрсеткішінен 45 пайызға көп еді. 2015 жылы бұл көрсеткіш 34 мың 286 долларға түскен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024