Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Аралас экономика: мазмұны және негізгі белгілері

Аралас экономика: мазмұны және негізгі белгілері
Қазақстан Республикасының саяси тәуелсіздігі оның алдына экономикалық дербестік міндетін қойып отыр.Қазір әлемде мулдем дебес экономика жоқ. Қазір дамыған өндірістік күштер тұсында түрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізудегі қандай да бір дербестігі шартты түрде. Жапония немесе АҚШ сияқты елдердің өздері ең болмағанда шикізат немесе капитал нарығына тәуелді.

Аталып өткендерді ескерсек, әңгіме негізгі тауарлар елдің өз ішінде өндіріліп, мемлекеттің экономикалық дамуы басқа ел басшыларының еркі мен құлқына тәуелді болмайтын дербестік жайында.Қазақстанның мұндай дербес экономикалық көтерілуі қайта жаңғырту мен елдің әрі қарай даму жолына терең теориялық негіздеу арқылы ғана іске ауы мумкін. Даму жолдарын теориялық жағынан терең негіздеу, өткен оқиғаларды ой елегінен дұрыс өткізгенде ғана мүмкін болады. Бұл тұрғыда зерттеу методологиясын айқындау қажет.

Жоғарыда айтылғандар, аралас экономиканы қалыптастыру проблемасын айқындаған қоғамдық өндіріс формаларының ауысуындағы жаңа көзқарас пен диалектиканы белгілеу проблемасын бірінші кезекке қойды. Соңғысы, ғылыми әдебиеттермен күнделікті өмірде  түрліше пайымдалып жур, бұл еңбек бөлінісі, өндіріс күштерінің және қоғамдық өндіріс түрлерінің даму формаларын сораптау негізінде аралас экономиканың  бекуіне генетикалық тұрғыдан зерттеу қажеттілігін туындатты. Мұндай көзқара-с формаларының көп түралілігін, яғни там порталықтандырылған әкімшілік экономикадан нарықтық қатынастарға өту қажеттілігін негіздеуге мүмкіндік береді.

Адамзат тіршілігінде нарыққа өту жағдайы біркелкі болуы мүмкін емес, өйткені, түралі негіздер меншіктің түралі формаларын қабылдауға мәжбүр етеді, яғни, бұл түралі саладағы капиталдың мөлшеріне байланысты. Сондықтан нарықтық қатынастарға кему, ұжымдық менщікке алу, кооперациялау, жекелей еңбек ету және т.с.с. формаларда жүзеге асады. Бұл тұста форма нақты жайға байланысты. Осыған меншік иелерінің қаржылары біріктірілетін өндіріс орындарының, мекемелердің формалары да әр қилы айырмашылықта болады.

Толықтай ғылыми негізделген зерттеудің өзі де микро және макро экономика көлемінде шаруашылық жүргізу тәсілдерінің ең дұрысына кепілдік бере алмайды. Өйткені, белгілі бір міндеттерді атқаратын адамдар өздерінің жеке немесе топтық мүддесі болуымен ерекшеленеді, ал бұл қоғамдық қатынастардан көрініс табады. Осыған сәйкес тауарлы өндіріс заңдылығына негізделген шаруашылық жүргізу жүйесінің қалыптасу практикасынан туындайтын қоғамдық өндірістің даму логикасы көрсетілген. Қазіргі кезеңдері ескеріле отырып, шаруашылық жүргізу формалары ұсынылады.

  1. Дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.

Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделеді. Ол мынадай 10 принциптен тұрады.

Мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының шектеулі болуы. Экономикалық реформалардың табысы мен олардың жекелеген учаскелерде тежелуі мемлекеттің рөлін қайта қарастыруды талап етеді.

Орталықтағы және жергілікті жерлердегі өкімет экономикаға араласудың барлық түрімен, дән себу, егін жинау және басқарумен айналысуды тоқтатуға тиіс.

Мемлекет жекеше сектор басты рөл атқаратын нарықтың заңды шеберлерін құра отырып, экономикада маңызды, бірақ шектеулі рөл атқаруға тиіс. Яғни, меншік құқықтарын рәсімдеуге, бәсекелес рынок пен монополияға қарсы күресті реттеудің сенімді құралдарын құруға, фискальды және монетарлық саясатты қолдауға, әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, қажетті инфроқұрылымды, білім беруді,денсаулық сақтауды дамутуды қамтамасыз етуге және мықты экономикалық саясат жүргізуге бағытталған құқықтың және нормативтік база жасауды аяқтау көзделіп отыр.

Бірақ нарық дамымаған, нарықтың кеңістік- әкімшілік жүйенің қалдықтарына толған жерлерде мемлекет нарықты дамыту мен ол кеңістікті тазарту үшін араласуға тиіс. Экономиканың өзі тұрақсыз дамудың аралық кезеңінде тұрғанда, мемлекеттің реттеуші рөлімен араласуы барабар болуға тиіс.

Жаңа әлемдік экономикалық үлгерімге сай болу үшін біз мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен сапасын едәуір көтерге, жекеше сектор мен ұлттық капиталға жәрдемдесуге, оларды ынталандыруға және олардың белсенділігін артыруға тиімсіз.

Осымен бір мезгілде мемлекеттің өзі еркін экономиканың кепілі болуы керек. Оның міндеті нарық ережелерін белгілеу, бұл кетте әділ әрі байыпты іс-қимыл жасай отырып, ол ережелердің орындалуын қамтамасыз ету блып табылады.

Екінші жағынан алып қарағанда, салықтар мен бождарды ала алмай, жалақы мен зейнетақыны уақытында төлемей отырып, заңдар мен жарлықтар көбінесе орындалмай отырғанда өзімізді күшті мемлекет деп санай аламыз ба? Осыған байланысты саналы салық төлеушілер мен кәсіпорындардың адал иелері, сондай - ақ халықтың аз қорғалған жіктері үнемі зиян шегіп отырады. Ал кәсіпорындарың оспадарсыз басшылары мен салық төлемейтіндер алшаң басуда.

Соңғы үш жылдың ішінде біздің экономикалық стратегиялық макроэкономиканы тұрақтандыру болды, бұл мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қысқарту мен қатал монетарлық және неше саясатын дәйекті жүргізуді білдіреді. Экономикалық жоғары табыстарға қол жеткізген кез келген ел жедел экономикалық өрлеудің алдындағы кезеңде жоғары инфляцияны жою жөнінде барлық шараларды міндетті түрде қолданған және кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіленген шекте ұстап тұруды қатаң қадағалаған.

Бірінші Азиялық Барыс болу үшін біздің басымдықтарымыздың қатарына макроэкономикалық көрсеткіштер саласындағы алдыңғы қатарлы халқаралық тәжірибе енгізілуге тиіс. Ол – инфляция мен бюджет тапшылығының төмен болуын, ұлттық валютаның күшеюін, жинақтау нормасының жоғары болуын көздейді. Бұл рецепт Жапонияда, Кореяда, Индонезияда, Тайвань мен Чилиде іске асты. Қазақстанда да іске асады.

Инфляцияны қолайлы деңгейге түсе отырып, біз стратегиялық күшті экономикалық ілгерілуге бағыттаймыз. Бірақ экономикалық, тіпті жалпы мемлекеттік стратегия монетарлық саясатқа сай келмейді, сондықтан біз бүгін неғұрлым кең және бара бар мүмкіндікке иеміз. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға,  фискальды және монеторлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз.

Жеке меншік институттары жерге деген құқықтың, сондай – ақ меншік құқықтарын және келісім шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін құрудың есебінен нығайтылады.

Кәсіпорындарды жекешелендіру негізінен аяқталды. Енді оны, ең алдымен аграрлық кешен мен әлеуметтік салада түпкілікті аяқтау және акциялардың мемлекеттік пакеттері орынды пайдаланылатын болады.

Көптеген ірі рыноктар арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі біздің жағдайымыз ашық экономика мен еркінсауда құруды талап етеді.

Ішкі рынокторы шағын бола тұрып аса биік экономикалық нәтижелерге қол жеткізген елдерді өзін өзі оқшаулау жолын таңдап алған елдермен салыстыру, жабық рыноктары, шектен тыс мемлекеттік реттеу, сондай – ақ шаруашылық жағынан даралануға қол жеткізу әрекеттері қысқа мерзімді экономикалық табыстарға алып келгенімен, түбінде сәтсіздікке ұрындырары бізге мысал болып отыр.

Өзіміздің энергетикалық және өзге де табиғи ресурстарымызды игеру жалғаса береді. Оның мақсаты – экспорттан экономикалық өрлеумен қатар елдің саяси тұрақтылығына, сондай –ақ оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесетін табыс алу.

Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады. Экономиканың бірнеше секторы бар: табиғи ресурстарды игеру, инфроқұрылым, коммуникациялар, және ақпарат, еліміз үшін бұлар тұрақты маңызға ие. Осы салаларды дамыту экономикалық өрлеуге ғана емес, әлеуметтік салаға да, сондай – ақ Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа кіруіне ықпал етеді. Бұлар капиталды қажет ететін салалар, оларды дамыту үшін шетел кпиталымен қатар мемлекеттің қатаң стратегиялық бақылауы қажет.

Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қажеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр.

Тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфроқұрылымды, мұнай мен газ өндеуді, химия мен мұнай – химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістерді, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз.

Экономикалық өрлеудің еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін баршамыз түсінеміз. Қарқынды экономика болмайынша біз метептер мен ауруханаларды қаржыландыра алмаймыз, қоғамды жемқорлық пен қылмыскерліктен қорғай алмаймыз.

Сондықтан бұл басымдық бүгін де, ертең де және алдағы отыз жылдың ішінде де ең маңызды басымдылықтардың бірі болып қалды.

1.Аралас экономиканың қалыптасуы - әлеуметтік бағыттағы қоғамның экономикалық негізі

Аралас экономиканың қалыптасу тегін алатын шын мәніндегі алғы шарттар. Қазіргі өндірістің шындығы мынада: қоғамдық өнім бірлескен еңбектің нәтижесі деп айтуға болады. Алайда, экономикалық әдебиеттерде өзге пікірлер бар. Осылардың ішінде тікелей қоғамдық өнім деген категория ретінде ұсынды. Мұны В.Н. Черковец былай жазады: «… егер капитализмнің бастапқы түрі тауар дегенге ұқсастық іздесек, онда мұндай түр тікелей қоғамдық өнім болады…» Оның бойында қоғамдық өнімге тән белгілері мен қасиеттері болғанымен, қазіргі өндіріс кен ондағы қатынастар еңбек өнімін тікелей қоғамдық өнім деп сипаттау дәрежесіне жеткен жоқ.

Ірі кәсіпорындарға бірлескен еңбекпен өндірілген өнім шын өмірде тауар болып көрінеді, бірақ өндіру сипатына қарай ол қоғамдық өнім, осымен байланысты оның белгілі қасиеттері бар.

Ғылыми әдебиеттерде әртүрлі бағыттардың дамуын көрсететінін материалдар көп. Мысалы, В.М. Андреевтің оцынша тікелей қоғамдық өнімнің екі қасиеті болады: қоғамдық пайдалылығы және қоғамдық еңбек сыйымдылығы.

Қоғамда өндірілген өнімге белгілі қатынастар жолсерік жасайды. Бұл өндірушілердегі артық өнім және басқалардың оларға қажеттілігі айырбас түріндегі айналысты тудырады. Айналыс тұрақты болып, құндық қатынастарды қалыптастырады. Құн – еңбек өнімнің факторы ретінде тауар түрінде көрінеді, бірақ ол табиғатынан берілген қасиет емес, белгілі қатынастар нәтижесінде пайда болып, осы себепті тек ол тауар болады. Құн болмаған жерде тауар айырбасы тумайды, эквивалентті айырбас жоқ, құнсыз тауар, тауарлы қатынастар болмайды.

Еңбек өнімнің  бір қасиеті өнімнің заттық жағына тән қасиеттерді сипаттаса, екіншісі өнім өндіруге байланысты қатынастарды білдіреді, бұл қатынастардың мәнді белгілерін сипаттайды. Ұжымдық өндірісте де осылай болады: оған тән өндірістік қатынастар еңбек өнімі қозғалысына басты белгілерді енгізеді, осыған сәйкес соңғысының түрін анықтайды.

Жоспарлық тарихи және қисынды категория ретінде тауарға қарсы. Ол тауарлық қарама-қарсы болып дамиды. Бұл түсініктер құбылыстың әртүрлі деңгеиін білдіреді. Олар бір текті ұғымдар емес. Бізді неше жоспарлықты құнмен салыстыруға болады. Келісушілік- сандық сәикестіліктіорнату, мұнда қайбір өнімнің тұтыну пайдалылығы қоғамдық жеке ада немесе өндірістің қажеттілігіне сәйкес өндіріледі. Бұд термин ұжымдық өндіріс тұсындағы өнімнің қоғамдық түрін толық сипоттайды. Мұнда ұжжымдық өндірістегі еңбек өнімінің қоғамдық түрі көрінетін қоғамдық өндірістің маменттері бар.

Қазіргі эканомиканың жоспарлылық сипатына белгілі экономист Дж. Гэлбрейт те көңіл аударған. Ол былай деп жазады: «Бірақ шынында біздің экономикалық жүйеміз, мейлі ол қандай идеологиялық шымылдықпен жасырылса да негізінен жоспарлы экономиканы береді. Мұны қазіргі жапон өнеркәсібінің жасалуын суреттеген Ч. Макмиллан да жазған еді. Осымен қатар әдебиеттерде жоспарлықтың мәні мен мазмұнының ара қатынасы айтылады.

Жоспарлықтың категориялар жүйесінің бастапқы мәндік қатынастары ретінде мазмұны жоқ. Сондықтан жоспарлықтың өзіндік мазмұны бар деген көзқарас проблема шеңберін тарылтады, оның туынды белгілерін ашады.

Теория мәселесінде жоспарлықтың құбылыстық мәні ретіндегі мазмұнына қарамай, оның алғашқы себебін, жасайтын негізін, көріну түрлерін, олардың өзгешеліктерімен қарама – қайшылықтарын ашып, ұжымдық өндірістің мәнінің дамуын қарастыруы керек.

Көрсетілген проблеммалар – жоспарлықты ұжымдық өндірістің бастапқы түрі ретінде танып білудегі ең басты проблеммаларды, принципті шешу  жоспарлылық ұғымының ішкі қайшылықтарын көрсету арқылы, диалектикалық материализм принциптерін шығармашылықпен қолданумен жүреді.

Экономикалық әдебиеттерде жоспарлылықтың екі анықтамасы кеңінен таралған. Біреулері жоспарлылықты қоғамдықөндірісті саналы түрде реттеу деп есептейді. Басқалары мұны барлық экономикалық процесстердегі қоғамдық өндіріске қатысушылардың қызметін келістіру дейді. Принципті тұрғыдан екінші анықтаманың біріншіден айырмашылығы аз, өйткені келістіру саналы реттеуді қажет етеді. Келтірілген жоспарлылық түсінігі туралы қоғамдық қызметтерінің барлық жағын жоспарлау үшін жасалған, ол жоспарлықты көрсетпейді. Ғимараттар, үйлер, технология, бойынша бірнеше айдың орнына 10-15 жыл салынса, жеміс – жидек сақтайтын орындағы көкөністердің бұзылуы сияқты, жоспарлылық та бұзылады. Өндіріс технологиясына сәйкес тұтынуға түскен әзір өнімдер ғана

жоспарлылық қатынастарды білдіреді. Жоспарлылықтың өзге анықтамаларының мәнін көрсетпейді, олар ұғымның өзгерген түрлері. Өнімді жасау процесіне тек материалдық заттар қатысып қоймай, сонымен қатар бұл еңбек процесіне жұмысшылар пайдалану тәсілі де қатысады. Сырттай бұл өндіріс факторларының сандық ара қатынасы болады, осы ара қатынастар, келісулер, үйлестірулер арқылы жүреді. Соңғысы материалдық – заттық факторды қоғам мүшелері тұтынатын әзір бұйымға айналдыру үшін қажет.

Жоспарлылық – тікелей қоғамдық еңбек әрекетінің, оның өндірістік әрекетінің нәтижесі. Жоспарлылық жүзеге асырылуы мен асырылмауы бірлескен немесе тікелей қоғамдастырылған еңбектің тікелей қоғамдық еңбекке айналған нәтижесінен көрінеді. Кез келген бірлескен еңбек тікелей қоғамдық еңбек емес.

Қоғамдық өндірісте жеке – дара жұмыс күшінің шығыны бастапқы кезінен – ақ жұмысты қоғамдық бөлу болып көрінеді, әрбіреуі түрлі өнімнің белгілі бір бөлігін өндіреді. Бұл жағдайда қоғам мүшелерінің қандай да бір қажетін өтейтін өнім тікелей  қоғамдастырылған еңбектің нәтижесі ретінде тікелей қоғамдық өнім болуы және болмауы да мүмкін.

«Тікелей қоғамдастырылған өнімді тікелей қоғамдықпен салыстыруға болмайды. Олар іштей байланысты болғанымен, социалистік еңбектің түрлі сипаттары.»

Айтылғандардан шығатыны: тікелей қоғамдық өндіріс және тікелей қоғамдастырылған еңбек бірлігінің қайшылығы, жоспарлылықтың негізін қалайды, ол тек ұжымдық өндірістің негізгісі.

Жоспарлылық – тікелей қоғамдық еңбектің білдіретін жоспарлылықтың бұл қасиеті, оның тікелей қоғамдық еңбекпен және өнімдегі бірлескен еңбекпен дами алатын мүмкіндігі бар екендігін көрсетеді. Тікелей қоғамдық еңбек өткізу көлемін ұлғайтып немесе кеміте алады, яғни сандық жағынан өзгертеді, бірақ мәні бұрынғысынша қалады. Ұжымдық өндіріс күрделілігіне қарай сипаты мен мазмұны өзгеретін әртүрлі еңбектермен жүргендіктен оларды уақытпен өлшеу асығыстау.

Жоспарлылық – ұжымдық өндірістің мәндік қатынасы ретінде «жалаңаш» күйде емес, басқа түрде көрінетін әрекет. Осыны көрсете келіп К.Маркс: « заттардың көріну түрімен мәні тікелей сәйкес келсе, онда кез келген ғылым артық болар еді.»,- деп жазды.

Жоспарлылық мәнді құбылыс ретінде пайда болып, белгілі бір түрде көрінеді, өйткені, «Түр мәнді. Мән түрленгенә түрдің даму процесі объективті және олардың дамуы біздің мұны білуімізді қажет етпейді. Түрдің дамуы тарихи сипатта болады, өйткені өндіргіш

күштердің өркендеуі қатынастарды өзгертеді, осыған сәйкес мәнді білдіретін түрлері өзгеше.

Жоспарлылықтың алғашқы көрінісі қарапайым, мұнда еңбекшілердің әртүрлі қызметтері мен жұмыс салалары келісімді. Машиналардың және ірі өнеркәсіптің пайда болуы түпкі өнімді мысалы машина өндіріс процесін үйлестіруді қажет етеді. Соңғысы белгілі детальдардың саны мен сапасының болуына қатаң қарайды. Демек, барлық цехтар, участоктар жинақтау цехына белгілі деталь бөлшектерін жеткізулері тиіс.

Реттеу капитал дамуының бастапқы кезінде тек өндіріс процесін қамтиды. Өндірістің басқа мәселелері не өндіру, қанша және қашан өндіруді капиталистер құн заңына сәйкес шешіп отырады. Осыған сәйкес жоспарлылық та өндірістің капитал заңына бағынады. Алайда өзінің даму барысында өндірісті өркендетпесе, капитал өздігінен капитал бола алмас еді. Капиталдың дамуы соңынан өндіріс көлемін шоғырландыру арқылы және жаңа шаруашылық салаларын енгізу арқылы ұлғайтты. Бұл әсіресе, капиталистік өндіріске тән материалдық – техникалық базасын, капиталдың еркін бәсекесінің монополистік капитализмге айналуынан анық көрінеді тірі еңбек пен материалдық шығындарды белгілейді. Мұнда жалпы шығындар емес, өнім өндірушілерге тапсырылған белгілі шектеулі шығындарды есептейді. Осылай әртүрлі шаруашылық қызметтер жасалады.

Еңбек өнімін өндіру процесі үнемі қайталанып, өндірушілердің алдын ала оны өндіруге кететін шығындарды білуіне жағдай туғызады. Экономикалық тәжірибенің негізінде алдын ала бір өнімге, тіпті барлығына кететін еңбек және материалдық шығындарды белгілейді.

Нормалау – жоспарлылық дамуының тарихи түрінің қажетті элементі. Жоспар қоғамға қажеттіліктер мен ресурстарды нормативтер арқылы белгілейді. Мұнсыз ешқандай жоспар ғылыми негізделмейді.

Ұжымдық өндірістердегі жоспарлы қатынастардың басты буыны – есеп пен бақылау. Ұжымдық басты – буыны есеп пен бақылау. Ұжымдық өндірісжағдайында өнімдерді жасау әр-түрлі еңбек ресурстары арқылы жүреді, олардың сипаты мен күрделілігі түрліше. Ұжымдық өндірістегі еңбек процесі, ол жұмысшылардың қабілеттері мен шеберліктеріне, оларға әсер ететін машиналардың өнімдік техникалық  рапамет3р3не байланысты. Бұл құбылыстаробъективті түрде келістіруді қалайды, бірақ өздері оны істей алмайды. Белгілі бір өндірістің ішінде жұмысшы топтарының немесе жекеленген адамдардың қызыметтері

айырбасын тепе – теңдестіруді қамтамасыз ететін үйлестіруді жүзеге асыру үшін есеп пен бақылау қажет.

Есеп пен бақылау өндірістік процестерді айырбас және бөлу қатынастарын үйлестірудегі нышандардың қызметінен бастау алады. Шаруашылықты жүргізушілердің қызметінің нәтижесі ретінде есеп пен бақылау үйлестіруде сыртқы нәрселер сияқты. Алайда бақылау және есеп ұжымдық өндіріске тән нәрсе. Тап осы күйінде олар ұжымдық өндірістің қажетті элементі. Есеп пен бақылау жоспарлылық құбылыстың табиғатына тән. Оларды пайдалану әр түрлі тарихи формадағы ұжымдық өндіріс үшін өмірлік қажеттілік.

3.Аралас экономика: мазмұны және негізгі белгілері

Ірі өнеркәсіпті бір сатысынан басқасына ауыстырған өндіргіш күштердің өсуі адамзат қоғамының әлеуметтік – экономикалық дамуының қатпарларында да терең өзгерістер туғызады.

Екінші жағынан, болып жатқан өзгерістерді айтқанда қоғамдық өндіріс түріндегі өзгерістерді көшіруге болмайды. Олар жай ғана модификация емес, басқа мазмұнға, жағдайға өту. Бұл өзгерістер машиналарды енгізу, ірі өнеркәсіптің нәтижесі, содан кейін қоғамдық өндірістің индустриялануы капитализм шеңберінде ұжымдық өндірістің өмірге объективті келуін қамтамасыз етті.

Аралас экономика шаруашылықты жүргізудің бір нақты жүйесі емес, жаңа экономикалық жүйе қалыптасатын кезең. Осылай болғандықтан ол жүйе ретінде, бір бағытта сипатталуы мүмкін емес, өйткені жүйеде экономикалық заңдар иерархиясы үстемдік етеді, олар бір – біріне бағынышты болады. Мұнда экономикалық құбылыстардың біреулері өмірге келіп, басқалар, ауысып отырады. Бұл процестер сырт қарағанда мемлекеттің жеке кәсіпкерлер шаруашылығына араласуы болып, экономикалық шындықты көрсетеді.  Бұл табиғи нәрсе, себебі жаңа өндіргіш күштер бұрынғы кәсіпкерлік құрылымдарға бейімдеғлмеген. Сондықтан соңғылары жаңа өндіргіш күштер әкелген жаңалықтарға қарсылық білдіреді. Мұндай жай АҚШ – та 30-шы жылдарда болды.э.Вейке,Т.Гардлер, г.Форд, және басқалары мемлекеттің араласуларына қарсылықты басқарды. Тап осының, бірақ керісінше позицияда бұрынғы КСРО-да болғанын атап өту керек. Онда саяси, өнеркәсіп, аграрлық және әскери топтар 1991 жылғы жеке кәсіпкерлікті енгізуге қарсы болды.

Жаңалық енгізуге қарсы американдық және кеңестік топтар шаруашылық жүргізудің бұрынғы жүйелерін жақтады. Экономикалық заңдардың әрекеті нақты өмірге жаңа лектің қажеттігін көрсетті. Одақтық якачипестер экономикаға жаңалық енгізуге қарсы болып орталықтандыруды жақтады, оның негізіне экономиканың салалық құрылымы жатты. Соңғылары қазіргі елдердің экономикасында болғанымен шаруашылық құрылымының негізі бола алмайды, өйткені экономика тауарлы өндіріс заңдары бойынша қызмет етеғді.

Тауарлы шаруашылық тауар өндірушілердің оқшаулауына сүйенетін өзіне қажетті салалық кәсіпорындарды таңдап алады және бірыңғай шаруашылық бірлемтігін жасайды.

Кеңес экономикасы шаруашылықтың салалық принципіне сүйеніп, тауарлы қатынастарды бағаламады, нәтижесінде мүгедек, «жоспарлы» гипертрофирленген, шаруашылықты аламыз.

Мемлекеттің жеке кәсіпкерлікке араласуын, нарықтың экономиканы көрсетіп экономикалық теориялар шаруашылық өмірге бір табан жақын тұр, бірақ олар қазіргі экономика қозғалысының себебін терең көрсете алмады. КСРО – да және басқа да социалистік елдерде қолданған жоспарлы шаруашылықтың тәжірибесі машиналы өндірістің тек техникалық жағына мән берді – құралдармен күшті сәйкестендірді, ал түпкі нәтижені назардан тыс қалдырды. Олар ақша арқылы бақылауда уақыт факторын  есепке алды. Бұларды ескермеу шаруашылық қызметте экономикалық дамудың табиғи жолын жоққа шығаруға әкеледі.

ХХ ғасырдың барысындағы аралас экономика түсінігі туралы көзқарастар, конвергенция теориясы эволюциясынан басқалары сапалық өзгеріске ұшырамады. 80 – жылдарда негізінен аралас экономиканы «мемлекет пен жеке сектордың есепке негізделген некеге отырулары» деп анықтады. Мұндай көзқарастар Ф.Марш, Э.Шонфилд, Э.Рол, М.Пестон, М.Фламан және басқа қазіргі батыс экономисттеріне тән.

Бұлардың ой-пікірлірінде аралас экономиканың өмір сүру кезеңдері туралы алшақтық бар. Айтлық Э.Шонфилдтің айтуынша, аралас экономика үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында пайда болса, Э.Ролдың айтуынша, Ұлыбританияда 200 жылдай өмір сүрген. Мұндай алшақтықтың себебі аралас экономиканың анықтамасын,  оның мәнін терең аша алмайды.

Бұрынғы КСРО-ның кәзігі экономисттердің теориялық еңбектерінде “бұл проблеманы түсінуде үш негіз бағыт анықталды. Біразы аралас экономиканы көп укладтықпен

теңестіреді. Екіншілері аралас қоғамда.”Фармацияға жатпайтын қоғамның типі” деп қарайды. Ең соңында үшіншілері бұл қағамның сипатын өтпелі типке жатқызады”.Көзқарастардың әртүрлілігі аралас экономика анықтамасының анық еместігінде жатыр. Атаған үш бағыттың мәндік салмағы өткелі кезеңге ауысқан және ол “аралас” сөзінен де туындайды. Нәтижесінде осы ұғымның сәндік мазмұнын анықтауға бір нәрсе басқамен араласуы тиіс және ол процесс белгілі бір уақытта деген.

Тауарлы өндіріс аралас экономика, өйткені мұнда ұжымдық өндіріс қалыыпталады, біреуінің заңдылықтары басқасына айналады. Аралас эклнлмиканың тауарлы өндіріс болуы – ұжымдық өндіріс қатынастарынан ұрықтынуынан соңғысының даму деңгейі аралас экономиканың қалыптасу кезеңдерін білдіреді. Аралас эконамиканың қызыметінің ерекшелігі, тауарлы өндіріс заңдылықтарына негізделген ұжымдық өндірістің заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Экономикалық қатынастар дамуының табиғи тарихи процесі  меншіктің түрлі формаларының басын қосады. Шарушылықты жүргізудің бір тәсілі табиғи жолмен басқасына ауысып отырады.

Аралас экономиканы түрлі өндіріс әдістер арасындағы кедергі, ол мемлекеттің жеке кәсіпкерлер ісіне араласуынан болады деп қарамау керек. Аралас экоеомиканы көп укладтылықпен теңестіруде де қате көзқарас. Әртүрлі укладтар түрлі дамыған өндіріс әдістерәнде болды. Айталық, дамыған капитализімде феодалдық жер пайдалану, ұсақ тауарлық шаруашылықтың қалдықтары болды, бірақ осының себебінен капиталистік өндірістік қатынастардың негізіне аралас экономиканы кіргізу тауарлы өндірістің капитализімді туғызғанымен бірдей, керісінше емес.

Аралас экономиканы формациялық емес деп қарау да күмәнді. Мұндай көзқарас азиаттық өндіріспен ұштасады, оған маркістік – лениндік формация жүйесінде орын берілмеген белгілі. Шын мәніде бұл көзқарас  қоғамдық қатынастарына сырт қараушылықтан шығады. Бұл құбылыс капитплизімде емес, социолизімде емес, соңғысына капиталистік өндіріс қатынастары енбейді, онда ол- информациялық құбылыс емес. Мұндай көзқарас қоғамдық даму барысындағы процестерді көрсете алмайды.

Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау мынаны білдіреді. Қазіргі экономикалық құрылыс – аралас экономиканы сипаттайды, ол бұрынғының қойнауындатуған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің  жаңа түрі. Бек сыртқы көрініс түрі тауарлы ұжымдық қатынастардың бар екенін көрсетті, сөйтіп экономист –

ғылымдарды аралас эеономика туралы айтуға мәжбүр етті, содан кейін теория жасауға кірісті. Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің екі түрі аралас экономиканың тарихи алғы шарттары еді. Сондықтан аралас экономика шын өмірдегі қатынастардың бергі жағын емес, ең тереңдегі шын нақты қатынастарды айқындайды.

Аралас экономика өзінің бойына мемлекет пен кәсіпкерлердің арасындағы қатынастарды емес, экономикалық укладтар арасындағы қатынастарды емес, тіпті формациялар мен өндіріс әдістері арасындағы қатынастарды емес, ол бір қоғамдық өндіріс түрінің екіншісімен ауысу қатынастарын жинақтайды. Осының салдарынан проблеманы түсінуден түрлі көзқарастар, әртүрлі концепциялар болады. Олар аралас экономиканың түрлі жақтарын және оның мәндік бейнелерін көрсетеді. Осылай бұл көзқарастардың алдамшы дұрыстығы жасалды. Сондықтан әрбір экономикалық құбылысты қарағанда, соның ішінде аралас экономиканыда, олардың қорыту деңгейінен және модификациялау заңдылықтарын дәл айыра білу керек.

Онсыз шын танып білу болмайды, ал шаруашылық процестерін жетілдіру ұсыныстары таяз, біржақты сипат алады.

«Аралас экономиканың» қоғамның өтпелі типі, «мұнда жаңа метацивилизация мен жаңа өндіріс әдісі қатар жүруі» деген түсіндірулер мына сұраққа жауап бермейді: бұндай өтуге не итермелейд?  Қарап отырған көзқараста механикалық элемент басым.

Ол мынандай тәсілдермен дәлелденеді: болашақ қоғамдық құрылыстың моделі,» жаңа элементтер шыңдалады».

Аралас қоғамда ешкімді, ештеңені, ешқандай қыстау, қинау, шыңдау жоқ. Мұнда эволюция табиғи  жолмен біреулердің жаңадан, бұрынғылардан, қоғамдық өндіріс элементтерінің ескертуімен пайда болып, жүріп отырады. Оның өтпелілігі мұндағы жаңа өндіріс әдісінің пісіп- жетілуінде, бірақ бұл бір өндіріс әдісінің екіншісіне өту кезеңі емес. Мұндағы процестер өте күрделі, өйткені жаңа заңдылықтарды қалыптастыру бұрынғылардың модификациялануы мен жаңаруы, мәндік қатынастардың өзгерген түрлері туралы сөз болып отыр. Бұлар жөнінде өтпелі кезеңде айтуға болмайды, өйткені ол бұрынғы түрдегі процестерді өзіне қабылдамайды және адекватты материалдық- техникалық база жасалған кезеңге дейінгіні  қамтымайды.

Шаруашылықты жүргізудің жаңа түрінің қалыптасуын айтқанда мынаны атап өту керек, мұнда жаңаның бәрі емес, жаңаның жоғарғы дәрежені, ол қоғамдық өндіріс түрінің біреуін

басқамен, өмірге келе жатқанымен жоққа шығаруы тауарлы өндірістің қатысуында. Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің келу процесі аралас экономика. Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы мынада: соңғысы формациялық даму деңгейі және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді.

Түрлі елдердің қазіргі экономикасын аралас экономика деп сипаттауға болады, бірақ АҚШ-тың немесе ФРГ-нің экономикасын өтпелі деп айтуға болмайды, АҚШ-тың, ФРГ-ның экономикасы өз басында тауарлы және ұжымдық қатынастардың заңдылықтарын ұстайды, бірақ туып келе жатқан қоғамдық- экономикалық құрылыстың экономикалық укладтары жоқ. Сондықтан біз АҚШ- тың немесе ФРГ-нің қазіргі экономикасын өтпелі экономика деп атаймыз. Жаңа экономикалық жүйенің алғы шарттары және жаңа жүйе бір-бірінен өз бетінше дамитын ерекше сияқты.

Аралас экономика шаруашылықты жүргізу жүйесі ретінде пайда болып, тек қана ұжымдық өндірісті дамытып қоймайды, ең алдымен тауарлы қатынастар жүйесін тереңдетуді. Бұл шеңбердің ұлғаюы-тауарлы қатынастардың жер шарындағы көптеген елдерді қамтуынан анық білінеді. Олар тауарлы өндіріс заңдылықтарының дамуынан, оның заңдары әрекетінің күрделенуінен, элементтерінің жаңа түрлерінен көрінеді және олар ұжымдық өндірістің тең заңдылықтары болып табылады.

Аралас экономиканы бұл өндіріс әдісінен екіншісіне ауысу ретінде қарау, бұлардың ұзақ өмір сүруінің құпиясы неде деген сұрақ туғызады, және бұл сұраққа жауап іздеу жалпы экономикалық негізге әкеледі. Жалпы экономикалық негіз абстракты ұғымдар мен жалпы адамзаттық тәжірбие ретінде барлық өндіріс тәсілдерән, түрлі экономикалық әдістерге тән және бұл қырынан олар аралас экономикалық белгілірін, ерекшеліктерін білдіре алмайды.

Зерделеп отырған құбылыстың белгілірін атау қиын емес, өйткені олрды бұрынғы ғылым – экономистер өз түсінігімен анықтады. Ғылыми әдебиетте олар монопалистік капитализімнің немесе индустриялдық қоғамның, болмаса басқа бір концепцияның белгілісипаттары ретінде көрінеді. Осы алғы шарттар аралас экономика ұғымын анықтайды және мынадай белгілерін атап өтуге болады.

Алдымен аралас экономика қоғамдық өндірістегі тауарлы және ұжымдық өндірістің барлығын, оларға тән заңдар, заңдылықтармен қатынастарды сипаттайды.

Аралас экономика нақтылы экономикалық шындықтың әрекетін білдіреді. Олар туралы Дж. Гэлеройт «Нарықтық қатынастар кейбір жоспарлау жолымен модификацияланып отыруы тиіс модификацияланып отыруы тиіс», деп жазды. Проблеманың осы жағына назар аударуды  Ч. Макмиллан жақтап Линбломның мына сөздерін келтіреді: « Дәстүрлі экономикалық теорияның ең үлкен қателіктерінің бірі-

бизнесмендерді қозғаушыкүш қызмет көрсетумен  тауарларды сату, ал нарықтық экономикада өндірісті дамытудағы  бірден –бір мүдде – сатып алу мен сату қатынастары. Мұндай  күмәнді ірге тасты өндіріс жүйесі қызмет істей алмайды. Оның дамуы үшін  мемлекеттік реттеуді енгізу керек».  Жоспарлылық пен  құнның модификацияланған түрлері әлі де  болса ұжымдық өндірістің экономикасында классикалық тауар өндірісінің жоқтығын білдіреді.

Құбылыстың бетінде аралас экономиканың алғашқы көрінісі – экономикаға мемлекеттің араласуы. Араласу алдымен мемлекеттің экономикалық қызметінің күшеюінен көрінеді,бұған сұранысты ынталандыру, салықты реттеу арқылыиныстицияны ынталандыру, амартизацияны жылдамдату және т.б. шаралар кіреді. Аралас экономикаға тән белінің бірі -  мемлекетпен бизнестің өзара байланысы. Бірақ мұнда басқа да көптеген аралық буындар мен элементтер бар,  ол әртүрлі өнеркәсіп, сауда, саяси топтардың мүддесін білдіріп, өзара байланыстың түрлері мен саяси лоббизм жолымен қоғамдық өндірісті реттеуге қатысады.

Аралас экономиканың басты белгісі – мемлекеттік меншік. Айталық, жеке сектордың бәрі келе бермейді, бұл әсіресе  теміржол транспортында, атом энергетикасында, космостық техникада ерекше білінеді.

Қазіргі өндірістің бұл салалары тек үлкен көлемде ақша қаржыларын талап етіп қоймай, сонымен қатар қоғамның барлық күш – жігерін қажет етеді. Олар өз кезегінде шаруашылықтың басқа салаларына айтарлықтай тікелей ықпалжасайды.

Мемлекеттік меншіктің пайда болуы – тауар қатынастарында жаңа лептің, ұжымдық өндірістің үстемділігін сипаттайды. Аралас экономикаға меншіктің көптүрлілігі тән, мұнда жеке – дара және ұжымдық меншіктің түрі олардың негізі болып, басқа түрлерініңпайда болуына әсер етеді.

Аралас экономиканың маңызды бір белгісі құндық және жоспарлылық тұтқалар арқылы реттеу. Оларды қолдану басқарудың мемлекеттік және де басқа органдарында жүреді,

кеңестік және консультация немесе зерттеу сипатында болады. Өнеркәсіп органдарын сәйкестендіретін мемлекеттік жоспарлау принципі негізінде  тұрақтандыру саясатына, салық, ақша және  сауда құралдары экономикалық белсенділікті реттеу үшін қолданылады.

Жапония аталған шараларын басқаларын да жүргізеді. Олар»бүкіл экономика үшін ұзақ мерзімдегі индустриалдық құрылымын жан – жақты жасап, бұл құрылымдар әлем экономикасында әрекет ететін нарықтық күштермен анықталады». Жапонияның, мысалы, индустриялық дамуы, жоғарғы  және пост – индустриялдық жағдайына көшуі анығырақ болған сайын экономикада жоспарлылықта жоғары болады. Әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда олар түрлі көріністер табады.

Аралас экономиканың мәнді бір сипаты микро – макро деңгейдегі экономикалық процестерді ұйымдастырудың рольінің артуы.  Ұйымдастыру қатынастары ролінің артуы тек қана техникалық себептерден емес, алдымен экономикалық процестердің салдарынан болады.

«Басқару жағынан алғанда. – деп жазды Евенко.Л.И. мен Аверчев.В.П. – ең бастысы  республикалық әкімшілік бағдарламасында  мемлекеттік монополистік капитализмнің қызмет ету механизімін түбірінен қайта құру, әміршілікті әлсірету және қазіргі американдық экономикаға тән нарықтық тетіктерді күшейту». Атап көрсетілген момент макродеңгейіндегі аралас экономиканың бірыңғай реттеу механизіміндегі біріктірілген бастамасын білдіреді.

Аралас экономиканың  белгілерінің тағы бір жағы – жекешеленген кәсіпорындардың трест, концернге дивенцификацияланған фирмаларға ауысуы.  Олар микродеңгейдегі ұйымдастыру мен  басқарудың қызметін түбірінен өзгертеді. Ірі кәсіпорындардың көлемі, олардың өндірістік тұтынуы, транспорттық және ақпарат мүмкіндіктеріне қарап өнім шығаруы -  бәрі баға белгілеуге, сұранысты, ұсынысты бақылауға, нарықтық берекетсіздігін жоюға жағдай жасайды, еркін бәсеке дәуіріне тән  қиындықтарды жеңуге көмектеседі.

Аралас экономикада нарықты бағалау болады, ол үшін жарнама,  маркетингтің,  жоспарлаудың және т.б. ірі орта және ұсақ фермалардың тиімді қызмет етуіне ұйымдастырушылық шараларды енгізуі қажет. Осыған қарамастан өндірілген өнім көлемін жоспар емес,  нарықтық сұраныс анықтайды.

Экономикалық орталықтың мемлекет, концерн қызметі өскенге қарамастан тек нарыққана нені, қанша, қайда және қалай өсіру керектігін көрсетеді және бұл өнеркәсіпорындарына жеке қызмет көрсетуге де қатысады.

Аралас экономиканы қазіргі қоғамның  индустриалдық жүйе сипаттайды, оған белгілі заңдылықтар тауарлы және ұжымдық өндірістің заңдарына бағынады. Көрсетілген түрлер қазіргі қоғамға меншіктің ұжымдық жеке – дара түрлеріне тән ерекшеліктерді мемлекеттік меншікпен қатар енді. Мұндай ерекшеліктер өндірістік сауда және басқа  кәсіпорындардың  қызметтеріне әсер етеді. Бұларды ескермеу  кеңестік шаруашылық жүйесін күйзеліске әкеледі.

Аталған заңдылықтарды елемеудің жалғасуы, әсіресе, кәсіпорын деңгейінде,  катаклизмге соқтырады.

  1. Жекещелендіру аралас экономикада нарықтық қатынастарды жасаудың бір жолы.

Тоқырау мен қайта құру кезіндегі алдамшы социологистік мемлекеттік меншік қоғамдық өндірісті дамытудың мүмкін жолдарын іздеуге мәжбүр етті.

Қазіргі таңда жекешелендірудің сан алуан нақтылы тәжірибесі бар, көптеген тиісті бағдарламалар жүзеге асуда, бұл проблемаға ғылыми көзқарас та қалыптасты.

Түрлі  елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей, нарыққа барар жол тек жекешелендіру тәсілдері мен түрлері арқылы емес, сонымен қатар ұйымдастыру шараларының көптігімен де ерекшеленеді. Бұлардың қатарына басқару жүйесін өзгерту, арендалық қатынастарды дамыту жатады, олар қоғамдық меншікті мемлекет иелігінен алуға әкелді, сөйтіп шамадан тыс орталықтанған әкімшілдік - әміршілдік экономикада тауарлы қатынастардың негізі жасалды.

Не себепті жекешелендіру экономикалық реформаның басты элементі болады? Қазіргі дүниенің экономикалық тарихы, экономикалық дамудың белгілі сатысында «үкіметтің үстеме бюджеттік» көлемі қажет екенін көрсетіп отыр. Басқа кездерде жекешелендірудің объективті қажеттілігі жетіледі. Жекешелендіру процессі мен халық шаруашылығын дағдарыстан шығарудың экономикалық тиімділіктің өсуі арасындағы байланысты көрсететін бірнеше факторларды атауға болады: мемлекеттік меншік емес шаруашылық түрлеріне тікелей әміршілдік пен араласу қиындайды. Олар қаржы нарығының талабын және тәртібін әр уақытта сақтайды; нарықтық конъюктураға бейім және тез жауап береді;

қысқа мерзімде өзінің өндіріс көлемімен жұмыс тәртібін жылдам өзгертеді; сұраныс пен ұсынысқа сәйкес құрылымдық қайта өзгерістерге уақытында икемделіп отырады.

70 – ші жылдардың аяғы мен 80 ші жылдардың бас кезіндегі батыс және шығыс Еуропа мен ТМД елдерінде жүргізілген жекешелендіруге қарай отырып мынаны атап өткізгіміз келеді. Ол экономиканы жақсартады, жергілікті және шетел инвеститцияларына қолайлы жағдай жасайды, ол соңғылары қазіргі кездегі жкономиканы реформаларының сөзсіз шарттары. Жекешелендірудің түрлі жолдарын анықтау керек, себебі ол елден қоғамдық өндірістің әрқилыбаспалдақтарында тұр. Бұлай қойылуы батыс елдерінде жекешелендіру нарық экономикасы жағдайында өтсе, шығыстағы елдерде оны жасау қажет. Екіншіден, батыс елдерінде құрылымдық дағдарыс өндіріске ғылыми – техникалық жетістік жаңалықтарын өндірістермен тоқтатылды, ал шығыс елдерінде түрлі себебтерден, оның ішінде ҒТР жетістіктерін енгізуге ынталылық танытпауынан да батыс елдеріндегідей болмайды.

Сондықтан Шығыс Еурапа мен ТМД елдердегі мемлекеттік кәсіпорындардың төмен тиімділігі ішкі терең себептердің сыртқы көрінісі. Сонымен қатар жекешелендіру және мемлекет меншігіне қайта алу – өндіріс технологиясы мен техниканың даму процесімен келетін.

Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру туралы 2003 жылғы қаңтар – маусымдағы есеп
Көрсеткіш-
Тердің атауы    
Жолдың коды Өлшем бірлігі Есеп кезеңі Үшін барлығы                    Соның ішінде
Акциялардың Мемлекет-к Пакеттері және мем-к Қатысу үлестері Мүліктік кешендер ретінде мүліктік кешендер, мем. Кәсіпорын-р мен мекеме-ң бөлімше-і мен құрылым-қ бірліктері Басқада мемлекеттік мүлік
Жасалған шарттар Бойынша сатылған объектілердің саны 1 бірлік 944 34 25 885
Бұзылған шарттардың саны 2 бірлік 22 - 1 21
Объектілердің Сату бағасы 3 Мың теңге 27356229 26832611 119560 404058
Объектілердің Жекешелендіру- ден түскен ақшалай қаражаттың түсімі, барлығы 4 Мың теңге 57862908*2 571143515 280257 439136
Оның ішінде:
Рес-лық бюджетке аударылған ақшалай қаражат 4,1 Мың теңге 1004761 461615 246825 296321
Жергілікті бюджеткеаударылған ақшалай қаражат 4,2 Мың теңге 265492 89245 33432 142815
Алдағы есеп беру кезеңіндегі жекешелендірілген Оюъектілерден түскен ақшалай қаражаттың түсімі 5 Мың теңге 31414205 30993801 196651 223753
Статистикалық бюллетень №6(54) маусым 2003 «БИКО» 64б

Ескермеу – жекешелендіруді алдын ала сәтсіздікке ұшырату деген сөз. Осыдан келіп шығатыны: шетел тәжірибесін ескергенде тек дұрысын пайдалануымыз керек.

1990 – 1991 жылдары жеке кәсіпкерліктің халықаралық орталығы 32 елді, оның ішінде барлық дамушы және Орталық, Шығыс Еуропадағы  бұрынғы социалистік елдердегі экономикалық реформаны зерттеген. Зерттеулер жекешелендіруді жемісті жүргізген Малайзия Чесли, Ямайка,Аргентина сияқты елдер реформаларында үлкен жетістіктерге жеткенін анықтады. Жекешелендіруді жемісті жүргізгенде экономикалық реформаны түгел жүзеге асырады деген түсінікті туғызбауы тиіс. Жекешелендіру – тұрақтандыру және құрылымдық реформа жасаудың жағдайы  екенін білген жөн.

Мемлекеттік меншікті бөлу айналасындағы күрестің күшеюі түрлі еңбеккерлердің үкімет басындағы отырғандардың, кәсіпорындармен мекемелердің мүддесін білдірді. Жекешелендірудің түрлі жолдары оның ақылға қонымды тәсілін көрсеткенімен, оның мақсатын білдіре алмайды.

Әншейін немесе қалдық құны несиеге сатылатын жекешелендіру тәсілі бір қарағанда дұрыс сияқты, өйткені халық арасында әлеуметтік наразылықты болдырмайды және ол қысқа мерзімде жүргізіледі, ваугер, акцияға қосымша шығындарды қажет етпейді. Бұл жолы барлық проблемаларды кейінге қалдырады, оны жақтаушылар жекешелендіруді байқамайды, одан алшақтайды, ол жекешелендіру – тек мемлекеттік меншікті жеке кәсіпорындарға беру емес, капиталдың құрылымдық қайта құрылуы, ол үшін белгілі көлемде қаржы қажет. Ал бұл кедейленген халықта жоқ, дүниеге жаңа кемен тақыпкерлердің қаржы – қорлары жеткіліксіз. Мұның үстіне тәжірибе көрсеткеніндей «ешбір жерде еңбек ұжымына меншікті әншейін беру керек, олар бақаларға қарағанда оны жақсы пайдаланады» деген аридисент кең тараған емес.

Бүгін де Қазақстандағы мемлекеттік иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы негізінен ресейлік үлгіні қайталады. Купондық жекешелендіру мақсаты біздерді үміттендіреді әрбіреуі мемлекеттік мүліктің бір бөлігін алады сөйтіп әркімнің ұлттық өнімді өндіруге қатысты болуы керек. Кәсіпорындардың нарықтық құны өндірістің рентабельділігіне қатысты. Қазір өнеркәсіптегі кәсіпорындардың үштен бірі, ауыл шаруашылығындағылардың жартысы шығынмен істейді, қалғандарының біразы ретабелділігі төмен. Егер рентабельділік өлшемімен қарасақ, Қазақстанның ИЖҚ – ларының құны нөлге тең. Шығынмен істейтін кәсіпорындар олардың құрал – жабдықтары мен қозғалмайтын қорлары, егер соңғыларын нарықтық бағамен сатсақ және түскен қаржыны ИЖҚ – ның иелерінебөлсек арзан емес.

Және шығынға ұшырады деген кәсіпорындар шынында банкрот емес. өз кезінде олардың басшылары кәсіпорындарды сөзсіз күйреуден сақтау үшін, кәсіпорыдар негізінде «қосалқы» кіші кәсіпорындарын құрды, ал бұған оларды мемлекеттің экономикалық саясаты әкелді. Мұндай кіші кәсіпорындар мен коммерциялық фирмалар «кіру мен шығу есіктеріне» тосқауыл қойды, жабдықтарды өнімді өткізуді өз міндетіне алды, табысты бөлуді де сөйтті. Кәсіпорын формальдық жағынан банкрот болады, ал іс жүзінде онда отырғандарда құрылымдар борышы мен инвесторларға тарайтын қаржылары бар. Бүгінгі экономикалық жағдай оларға тиімді, кәсіпорынның банкрот болғанына қарамастан, бұл факторлар жекшелендіру барысында назарға алынбайды, әсіресе  өндірісті бағалау, қалдық баланс жасағанда. Купондық жекешелендірудің ең басты кемшілігі мемлекеттік жекешелендіру қоры жүргізілген аукциондарға жеңіл және тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары шығарылады. Қазіргі кезде бұл өнеркәсіп саласының кәсіпорындары аз пайда келтіретіндер, олардың техникалық жарқтануы әлдеқашан ескірген, өндірістік қорлар тозған.

Жаппай жекешелендіру тәсілін проблеманы шешудің ең әділетті жолы деп жариялауда, өйткені ол жүзеге асқан жағдайда барлық азаматтар жекешелендірілген мүліктен тең көлемде үлес алатын еді. Сонымен қатар реформаның бастапқы кезінде жүздеген кәсіпорындардың акциясына баға белгілеу проблемасы болмас еді. Меншік құқылығы экономикалық баға немесе талдаудан бұрын болатын еді. Ең соңында, процестің тез болуы заңсыз жекешелендіруді болдырмайды, сонымен қатар жекешелендіруді созуға болатын мүлік бұйымдарына жол бермейді.

Соңғы кезде Қазақстанда шетел капиталын қатыстыратын бірлескен кәсіпорындар құру процесі кең қанат жолада. 1995 жылдың бірінші қаңтарында Республикада 2025 бірлескен кәсіпорындар тіркелді. Олардың экспорты 223,9 млн. доллар. Бірлескен кәсіпорындар экспортының шикізаттық бағыты басым, экспорттың 98% - і шикізат пен материалдар.

Импорттың тауар құрылымында халық тұтынатын тауарлар үлесі 46% машина және жабдықтар 28% шикізат пен материалдар 18%. Қорытынды : шетел инвестициясы қазіргі заманғы технология алдыңғы қатарлы басқару мен маркетинг үшін қажет. Бірақ шетел капиталы арқылы өндірістің құрылымын және оны басқаруды қайта құрамыз деген үміт негіссіз. Шетел капиталы ұлттық экономиканың «ашықтығын», дүниежүзілік шаруашылық интеграциясына ендіру жолы деп қарауы тиіс. Ол отандық кәсіпкерлердің нарықтық қатынастарға бейімделу тәсілі, әлемдік өлшемге сәйкес шаруашылық қызметін реттеу әдісі ретінде қарау керек. Аралас экономика құру барысында бұл ең маңызды мәселе.

Мұнда басқа факторлардың орны ерекше. Осылардың ішінде адамдардың жаңаны қабылдауы, экономикалық мінез – құлықы мен ойлау мәдениеті, шеңберлігі. Сонымен қатар шетел капиталының нақтылығы мен несие ағымын бақылау керек. Жаңа өндірістік қуаттарды жасау үшін өндірістік капитал, оның заттай түрін импорттау тиімді.

Соңғы кезде шетел кәсіпкерлерінің үлкен тобының «барлығын түбірімен сатып» алуы көбейіп келеді. Сондықтан шетелдік – контрагенттерді барынша таңдау керек.

Шетелдік қатысушыларға қолайлы объектілерді дәл таңдаудың да орны ерекше. Өйткені батыстық кәсіпкерлер әлбетте өздерінің капиталдарын әлемдік нарықта бәсекелестікке төтеп тұратын ғылыми – техникалық потенциялы бар салаларға жұисалады. Қазақстан Республикасы әзірге технологиялық өсу жолында көп қиындықты көруде, сондықтан қазіргі таңда бізге инвестициялық өсу типі тән.

Ескермеу – жекешелендіруді алдын ала сәтсіздіккеұшырату деген сөз. Осыдан келіп шығатын түйін шетел тәжірбиесін ескергенде тек дұрысын пайдалануымыз керек.

1990-1991 жылдары жеке кәсіпкерліктің халқаралық орталығы 32 елді, оның ішінде барлық дамушы және Орталық. Шығыс Еуропадағы социалистік елдердегі экономикалық реформаны зерттеген. Зерттеулер жекешелендіруді жемісті жүргізген Малайзия, Чили, Ямайка, Аргентинасияқты елдер жеткенін анықтайды. Жекешелендіруді жемісті жүргізгенде экономикалық реформаны түгел жүзеге асырады дегентүсінікі туғызбауы тиіс. Жекешелендіру – тұрақтандыру және құрылымдық реформа жасаудың жағдайы екенін білген жөн.

Мемлекеттік меншікті айналасындағы күрестің күшеюі түрлі еңбеккерлердің үкімет басындағы отырғандардың, кәсіпорындарымен мекемелердің мүддесін білдіреді. Жекшелендірудің түрлі жолдары оның ақшаға қонымды тәсілін көрсеткені мен, оның мақсатын білдіре алмайды.

Похожие материалы