Шаруашылық субъектілердің нарытық экономикаға өтуіне байланысты кәсіпорынның қаржылық жағдайы үлкен мәнге ие болып,оны іскерліктің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында,оның қаржылық жағдайын жоғарылату жолдарын іздестіруде.
Нарықтық экономика жағдайында кез-келген кәсіпорынның банкроттыққа өзі ұшырауы немесе басқа кәсіпорынның банкротқа ұшырауына байланысты іскерлігінің кез-келген уақытта тоқтап қалу мүмкіндігі жоғары.Батыс елдерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай,әр бір жеке фирма әр түрлі жағдайлардан банкротқа ұшырауы мүмкін.Бірақ бұл жерде кез-келген банкроттыққа ұшыраудың алдын-алудың әмбебап жолы бар ол кәсіпорынның жұмысына жүйелі түрде қаржылық талдау жүргізу.
Талдау-жалпы адам іскерлігінің ғылыми-тәжірибелік негізінде қаралатын терең мағыналы түсінік.Аналитикалық әдістер өте кең таралғанына байланысты көбінесе талдау сөзінің мағынасында кез-келген зерттеу жұмыстарын түсінеді.Талдаудың әдістемелері кез-келген ғылыми-тәжірибелік зерттеу жұмыстарының құрамына кіре отырып,көптеген жағдайларда оның бірінші деңгейінде көрініс табады.
Қаржылық жағдайды талдау-банкроттықтың орын алуына әкелетін іскерліктің әлеуетті қауіпті жақтарын анықтау,болуы мүмкін өндіріс барысындағы іскерліктің әр түрлі үзілістерінің алдын-алумен байланысты болатын қаржылық талдау.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау-шаруашылық жүргізуші субъектінің жұмысының барысындағы басты мәселенің бірі және шешім қабылдаудың негізін құрайды.Кез-келген экономикалық субъект өз қатарында ішкі және сыртқы құраушыларының арасындағы күрделі байланыстан тұрады.Тәжірибе үшін осы қарым-қатынастарды сипаттап қана қою жеткіліксіз.Маңыздысы:талдау әдістерінің көмегімен іскерліктің мәндірек және маңыздырақ бағыттары анықталып оның болашағына болжаулар ұсынылып,осы жоспарлардың негізінде нарықтық және өндірістік белсенділіктің болжамдары анықталып және олардың орындалуын қадағалайтын іс шараларды өңдеп дайындау.
Барлық экономикалық ғылымдар үшін жалпы зерттеу объектісі болып өндірістік қарым-қатынастар табылады,және олар жүйелі түрде бір-бірімен тығыз байланысты.Өндірістік қарым-қатынастар мен экономикалық байланыстардың даму дәрежесіне байланысты жеке шаруашылық субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне талдаудың де рөлі жоғарылай түсті.Ол өз қатарында жаңа теориялық базалар мен жаңа әдістемелерді қажет етті.
Нақтылай келгенде шаруашылық субъектінің қаржы-шаруашылық талдауының объектісі болып кәсіпорындағы ақпараттық ағымдардың мәні мен құрылымын зеттеу табылады.Жалпы кәсіпорынның қаржы-шаруашылық жағдайы туралы сөз қозғағанда келесідей ерекшеліктерді ескеру қажет:
Біріншіден,кәсіпорынның іскерлігі мен оның іскерлік белсенділігінің жалпы жүйелі сипатта қарастырылуы қажет.
Екіншіден,шаруашылық үрдістің жүзеге асуында оған көптеген объективті және субъективті факторлар әсер етеді.
Үшіншіден,кәсіпорынның жағдайына толық баға беру үшін,оның іскерлік белсенділігінің сандық параметрлерімен қатар сапалық та параметрлерінің маңызы зор.
Төртіншіден,кәсіпорындарда талдауға қаржылық және өндірістік аямен қатар,заңдық ,әлеуметтік және экологиялық аспектілер де кіреді.
Бесіншіден,бухгалтерлік есеп іскерлігінің аясымен қаржы-шаруашылық қызмет аясын теңдестірудің қажеті жоқ.Бірақ екеуі де шаруашылық субъектілердің шаруашылық іскерлігін зерттесе де біріншісі үшін қаржы көздерінің және оның қаржылану көздерінің қозғалысын ақшалай түрде үздіксіз тіркеу болса,ал екіншісі үшін басты мәселе-шаруашылық іскерліктің нәтижесін бағалау,осы кезеңде орын алған жетістіктер немесе шығындар әсер еткен факторларды анықтау,сонымен қатар болашақтағы кәсіпорынның іскерлігін болжау мен жоспарлау жатады
Ұйымдағы аудиттің басты бағытының бірі оның қаржылық жағдайына талдау екені анық.Ұйымның қаржылық жағдайы оның қаржы-қаражатының құрылу көздерімен қолданылуын көрсететін кәсіпорынның қаржылық жағдайының көрсеткіштерінің жиынтығы.Нарықтық экономикада кәсіпорының қаржылық жағдайы оның іскерлігінің соңғы нәтижесін көрсетеді.Ұйымның іскерлігінің соңғы нәтижесі ұйымның құрылтайшыларын,оның іскерлік серіктестерін және салық органдарын қызықтырады.
"Құрылтайшылар қаржылық есептілікті өздерінің пайдасын жоғарылату және ұйымның оң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында талдайды.
Кредиторлар мен инвесторлар қаржылық есептілікті қарыз қаражаттар мен салымдар бойынша тәуекел деңгейін төмендету үшін талдайды.Қабылданатын шешімдердің барлығы тек қана талдаудың нәтижесіне сүйенеді деп анық айта аламыз.
Кәсіпорынның іскерлігіне қаржылық талдауда ақпараттың негізгі көзі болып бухгалтерлік есепілік табылады.Ұйымның есептілігі қаржылық есептіліктің ақпараттарының негізінде жасалып ұйымды қоғаммен және іскерлік серіктестерімен байланыстыратын ақпараттық буын болып табылады.
Бухгалтерлік есептілік бухгалтерлік есеп беру құжаттарының толық жинағынан тұрады,сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгатерлік есептілікті қадағалауға арналған нормативтік актілеріне сәйкес арнайы формалардан тұрады.
Соңғы жылдары есептілік формаларында мазмұнды және сандық аспектілері бойынша да біртіндеп оңайлату үрдісі байқалуда.Бұл өзгерістер бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттардың талаптарына байланысты орын алып отыр.Есептілікте тлдаушылардың үлкен қызығушылығын тудыратын оңдаған ақпараттар бар.Қаржылық жағдайды бағалау қаржылық көрсеткіштерге анықтап тұрып талдау жасап алмай мүмкін емес.
Тек қаржылық талдау жасау негізінде кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы күшті және әлсіз жақтарын анықтау арқылы оларды күшейту мен жоғалту шаралардың тізбегін жүзеге асыруға болады.
1 бөлім Бірлескен кәсіпорынның қаржысын ұйымдастыру
1.1Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оны бағалаудың маңыздылығы мен әдістемелері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы деп оның өз іскерлігін қаржыландыру мүмкіндігін айтады.Ол кәсіпорынның ағымдағы іскерлігінің дұрыс жүруі үшін қаржылық ресурстардың жеткіліктілігімен,оны қолданудың тиімділігімен,оны орналастырудың мақсаттылығымен,басқа жеке және заңды тұлғалармен қаржылық қатынастары,төлем қабілеттігі және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты,тұрақты емес және дағдарысты жағдайда болады.Кәсіпорынның уақтылы төлемдерді төлеп тұруы,өз іскерлігін қаржыландыруы кең мағынада оның қаржылық жағдайының жақсы екенін көрсетеді.Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның өндірістік, коммерциялық және қаржылық іскерлігінің нәтижесіне байланысты.Егер өндірістік және қаржылық жоспарлар жақсы орындалып жатса,онда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң әсер етеді және керісінше,өнімді өндіру мен оны сату жоспарының орындалмауы оның өзіндік құнының өсуіне,пайданың түсімі мен сомасының азаюына,осының әсерінен кәсіпорынның қаржылық жағдайы және төлем қабілеттігінің төмендеуіне әкеледі.
Тұрақты қаржылық жағдайы өз кезегінде өндірістік жоспардың орындалуына және өндірісті қажетті ресурстармен қамсыздандыруға оң әсер етеді. Сондықтан қаржылық жағдай шаруашылық іскерліктің негізгі бөлігі ретінде ақшалай қаражаттардың жоспарлы түсуімен шығындалуын қамсыздандыруға,есептік тәртіптің орындалуына,меншікті және тартылған қаражаттың рационалды арақатынасы мен оның тиімді қолдануына бағытталады.
Нарықтық экономика жағдайына төтеп беру және кәсіпорынның банкротқа кетуіне жол бермеу үшін,қаржыны қалай басқаруды,капиталдың құрылу көзімен құрамының қандай болуы керектігін,яғни қанша бөлігін тартылған,ал қанша бөлігін меншікті қаражат алатынын жақсы білу қажет. Нарықтық экономиканың келесідей түсініктерін де білген жөн,оларға-іскерлік белсенділік,өтімділік,төлем қабілеттілік,кәсіпорынның несиелік қабілеттігі,рентабельділік шегі,қаржылық жағдайдың қоры,тәуекел дәрежесі, қаржылық тұтқа нәтижесі және тағы басқалармен оларды талдаудың әдістемесін білу керек.
Сондықтан қаржылық талдау қаржылық менеджменттің және аудиттің маңызды бөлігі болып табылады.Тәжірибеде қаржылық есепті қолданушылардың барлығы қаржылық талдаудың әдістерін өздерінің мәселерін шешу мақсатында оптималды шешімдер қабылдау үшін қолданады.
Меншік иелері қаржылық есепті капиталдың табыстылығын және кәсіпорынның тұрақтылығын арттыру үшін талдайды.Кредиторлар мен инвесторлар қаржылық есептілікті өздерінің қарыздарымен салымдары бойынша тәуекелдерін төмендету үшін талдайды.Қабылданатын шешімдердің сапасы шешімнің аналитикалық негізінің сапасына тікелей тәуелді деп нық айтуға болады.Соңғы жылдары қаржылық талдауға арналған көптеген басылымдар шыға бастады.Шетел тәжірибесі де белсенді түрде қолданылуда.
Талдаудың мақсаты кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап бағалау ғана емес оның ілгері басуына бағытталған жұмыстар кешенін жүргізу.Кәсіпорынның қаржылық жағдайы іскерлікті қандай бағыт бойынша жүргізу керектігін анықтап,кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы әлсіз және күшті жақтарын анықтауға мүмкіндік береді.Осыған сәйкес талдаудың нәтижелері кәсіпорынның іскерлігінің белгілі бір мерзіміндегі қаржылық жағдайын жоғарылатудың негізгі әдістері қандай деген сұраққа жауап береді.Бірақ талдаудың негізгі мақсаты болып қаржылық іскерліктің қателіктерін уақытында анықтап оларды жою және кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен төлем қабілеттігін жоғарылатудың жаңа көздерін табу болып табылады.Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштердің жүйесі қолданады-
1.капиталдың пайда болу көздеріне байланысты құрылымы
2.оны қолданудың тиімділігі
3.кәсіпорынның төлем қабілеттігі мен несиелік қабілтеті
4.оның қаржылық жағдайының қоры
Көрсеткіштер кәсіпорынмен экономикалық қатынастағы барлық субьектілер оның қаншалықты сенімді әріптесі екеніне және бастысы онымен қарым-қатынасты жалғастырудың қаншалықты тиімді екеніне жауап бере алатындай болу керек.Кәсіпорынның қаржылық жағдайы біріншіден салыстырмалы шамаларға сүйенеді,оған инфляция жағдайындағы баланстың абсалютті көрсеткіштері жатады.
Талдаудың негізгі мәселелері:
- қаржылық іскерліктің қателіктерін уақытында анықтап оларды жою және кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен төлем қабілеттігін жоғарылатудың жаңа көздерін табу.
- Нақты шаруашылық іскерліктің нақты жағдайына негізделе отырып мүмкін болатын қаржылық нәтижелерді, экономикалық рентабельділікті болжау,меншікті және тартылған қаражаттың болуы,ресурстарды қолданудың әр түрлі нұсқаларында қаржылық жағдайдың әдістерін өңдеу.
- қаржылық ресурстуарды қолданудың тиімділігін жоғарылатуға және кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыруға бағытталған нақты бағдарламалар дайындау.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының талдауымен тек қана басшылар ғана емес,сонымен қатар кәсіпорынның сәйкес қызметкерлері,оның құрылтайшылары,ресурстардың қолданылуының тиімділігін зерттеу мақсатында инвесторлар,несиелеу жағдайын және тәуекелін бағалау үшін банктер,төлемдерді уақтылы алу үшін жабдықтаушылар бюджетке төлемдердің төленуі үшін салық инспекциялары және т.б айналысады.
Бухгалтерлік есептің шоттарының жаңа жоспарын жүргізу,бухгалтерлік есеп берудің формаларын халықаралық стандарттар талабына сай келтіру қаржылық талдаудың нарықтық экономикаға сай жаңа әдісін қолдануды талап етеді.Мұндай әдіс іс жүргізетін серіктесіңді,кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының дәрежесін анықтау,іскерлік белсенділікпен кәсіпорын әрекетінің тиімділігін бағалауға негізделген таңдаманы жасау үшін керек.
Кәсіпорынның қаржылық әрекеті туралы негізгі ақпарат көзі ретінде бухгалтерлік есеп саналады.Нарықтық экономикадағы кәсіпорынның есептілігі қаржылық есеп ақпаратын жалпылауға негізделеді және кәсіпорынды қоғаммен және кәсіпорын әрекеті туралы ақпаратты пайдаланушы-серіктестер арасында байланыстырушы буын болып табылады.
Кейбір жағдайларда қаржылық талдаудың мақсаттарын іске асыру үшін бухгалтерлік есеп пайдалану жеткіліксіз болып табылады. Пайдаланушылардың кейбір топтары мысалы басқарушылар мен аудиторлар қосымша ақпарат көздерін (өндірістік және қаржылық есеп ақпаратын) тартуға мүмкіндігі бар.Сонда да жылдық және тоқсандық есептілік сыртқы қаржылық талдаудың бірден-бір көзі болып табылады.
Қаржылық талдау әдістемесі 3 өзара байланысты блоктардан тұрады:
1.кәсіпорын әрекетінің қаржылық нәтижелерін талдау
2.қаржылық жағдайды талдау
3.қаржы шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау
Қаржылық жағдайды талдау үшін негізгі ақпарат көзі ретінде кәсіпорынның бухгалтерлік балансы қолданылады,оның маңызы өте жоғары,тіпті оны кейде баланстық талдау деп атайды.Қаржылық нәтижені талдау үшін ақпарат көзі болып қаржылық нәтижелермен олардың пайдалануы туралы есеп табылады.
Қаржылық талдау әдісі ретінде шаруашылық үдерістердің құрылуы мен дамуын зерттеудің әдістемелік жолы танылады.
Әдістің өзіне тән ерекшеліктеріне :көрсеткіштер жүйесін пайдалану,олардың арасындағы өзара байланысты анықтау мен өзгерту жатады.
Қаржылық талдау үдерісі кезінде бірнеше арнайы әдістермен тәсілдер қолданылады.
Қаржылық талдауды қолдану әдістерін шартты түрде 2 топқа бөлуге болады: дәстүрлі және математикалық.
Бірінші топқа:абсолютті салыстырмалы және орташа шамаларды қолдану;салыстыру,жинау және топтау тәсілі,тізбелі топтау тәсілі жатады.
Қаржылық есептілікті талдаудың негізігі әдістеріне:көлденең және тікелей талдау,трендтік,қаржылық көрсеткіштер әдісі,факторлы талдау жатады.
Көлденең талдау-әрбір позицияны өткен кезеңмен салыстыру.
Тікелей талдау-есептіліктің әрбір позициясының жалпы нәтижеге әсерін анықтай отырып,соңғы қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау.
Трендтік талдау-Есептіліктің әрбір позициясын өткен мерзіммен салыстырып,график құру арқылы трендін анықтау.Трендтың көмегімен болашақтағы мүмкін мәндері қалыптасады, сәйкесінше перспективтік талдау жүргізіледі.
Салыстырмалы көрсеткіштік талдау-есептіліктің жеке позициялары арасындаға немесе есептіліктің басқа түрлерінің позицияларының арасындағы қатынасты есептеу,көрсеткіштердің өзара байланыстылығын анықтау.
Салыстырмалы талдау-бұл шаруашылық ішіндегі және шаруашылық аралық талдау жасау.
Факторлы талдау-жеке факторлардың жалпы нәтижеге әсер етуіне детеминирленген және стохастикалық әдістерді қолдану арқылы талдау жасау.
Көптеген математикалық әдістер:корреляциялық талдау,регресиондық талдау және т.б аналитикалық өңдеулер кірді.
Жоғарыда аталған әдістердің барлығы талдаудың формальді әдісіне жатады.Ал формальді емес әдістеріне: экспорттық бағалау, сценарилер, психологиялық және т.б олар логикалық деңгейде талдау жасауға негізделген.
Бүгінгі таңда қаржылық талдауда бұрын қолданылмаған әр түрлі тәсілдермен әдістер қолданылады.
Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі мақсаты-ол кәсіпорынның ағымдағы жағдайын есептеу ғана емес, сонымен қатар негізгі қаржылық көрсеткіштердің өзгерістерін,әлсіз позицияларды анықтау,осы көрсеткіштерді жоғарылатуға бағытталған шараларды жүргізу.
Зерттеу барысында негізгі статистикалық әдістер қолданылады: топтық, орташа және қатысты шамалар,графикалық,индекстік, салыстырма әдіс.
Қаржылық жағдайға талдау жасауда негізгі орынды :
-белгілі бір көрсеткіштің құрылымын зерттеу
-көрсеткіштің динамикасын сипаттау
-негізгі көрсеткіштердің өзгеруіне әсер ететін факторларды зерттеу және бағалау.
Қаржылық жағдай талдауының методикасы кәсіпорынның қаржылық жағдайын басқаруды қамтамасыздандыру және нарықтық экономика жағдайында іскерлік серіктестерінің қаржылық жағдайын бағалауға арналған.Оған ішкі және сыртқы талдау элементтері кіреді.
Әдістемеге талдаудың келесідей блоктары кіреді: есепті мерзімге кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайын бағалау мен оның өзгерісі; кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына талдау;кәсіпорынның балансының өтімділігініне,іскерлік белсенділігі мен төлем қабілеттігіне талдау.
Салыстырмалы аналитикалық баланс бойынша есептік мерзімге қаржылық жағдайды бағалау мен оның өзгерісі,сонымен қатар қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерінің талдауы қаржылық жағдай талдауының қорытынды блогының қисынғы түрде дамуына итермелеуші пункт болып табылады. Баланс өтімділігінің талдауы ағымдағы төлем қабілеттілікті бағалау және болашақтағы қаржылық тұрақтылықтың сақталуы мүмкіндігіне қорытынды беруі қажет.Салыстырмалы аналитикалық баланс пен қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері қаржылық жағдайдың негізі болып табылады.Баланс өтімділігі қаржылық жағдайдың сыртқы көрінісі. Есептілік ақпараттары негізінде талдауды тереңдету ішкі талдауға жататын мәселелерге алып келеді. Қаржылық тұрақтылықтың факторларын зерттеу қорлар мен шығындарға ішкі талдау жасауды қажет етеді, ал баланс өтімділігін бағалауды анықтау дебиторлық және кредиторлық берешектің жағдайына ішкі талдау негізінде жүзеге асады.[1, 18-22 беттер ]
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау дегеніміз-ұйымның іскерлігінің әр жақтарын сипаттайтын қаржылық көрсеткіштердің жиынтығын бағалау, интерпретациялау және есептеу.
Талдаудың мақсаты-басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қажет ақпараттарды алу.Яғни,ішкі қолданушылар оны кәсіпорынның қаржылық саясатына түзетулер енгізу үшін,ал сыртқы қолданушылар дәл осы кәсіпорынға қатысты нақты жоспарларды(сатып алу,инвестициялау,келісім шарт жасау және т.б ) жүзеге асыру үшін талдау жүргізеді.
Талдауда алға қойылған мәселелердің айырмашылығы ақпаратты ішкі және сыртқы қолданушылардың басқарушылық шешімдерін анықтайтын көрсеткіштердің айырмашылығында.Әрине екеуіне бірдей дәрежеде маңызды көрсеткіштерді бөліп көрсетсе болады, мысалы, өтімділік коэфиценті.Әйткенмен де көрсетілген топ қолданушылары үшін көрсеткіштердің жеке тобы қарастырылады.
Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын есептеместен бұрын бұл жұмыс кімнің көзқарасы жағынан есептелетінін анықтап алу қажет.
Қаржылық талдауды жасаудағы негізгі мәселелер:
-талдау мезетіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтау;
-талдау жасалатын уақыт кезеңіндегі кәсіпорынның дамуының тенденциялары мен заңдылықтарын анықтау;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсер ететін фактілерді анықтау;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоғарылатуға қолданатын резервті анықтау;
Талдаудың негізгі бағыттары:
-баланстың құрылымы мен таза айналым капиталын талдау;
-өтімділік және қаржылық тұрақтылық коэфицентін талдау;
-пайда және шығындар құрылымына талдау;
-ақша қаражаттарының айналымын талдау;
-рентабельділікті талдау;
-еңбектің тиімділігін талдау.
Көзделген мақсатқа байланысты талдау әр бағыт бойынша әр түрлі көлемде болуы мүмкін,бірақ қысқаша түрде барлық бағыт бойынша талдау жүргізу керек.Бұл көрсеткіштердің өзара тәуелділігімен түсіндіріледі:бір көрсеткіштің өзгеруі келесі бір көрсеткіштің өзгеруіне әкелуі мүмкін. Мысалы,рентабельділіктің төмендеуі көп жағдайда активтердің айналымдығының төмендеуімен байланысты.
Талдаудың негізгі әдістері:
-көлденең немесе үрдістік талдау,бұл әдісте көрсеткіштер басқа базистік мерзімнің көрсеткіштерімен салыстырылады.
-тігінен жасалатын талдау,бұл әдісте көрсеткіштердің құрылымын бөлшектенудің жоғары дәрежесінен төменгі дәрежесіне дейін зерттелді.
-факторлы талдау-кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштеріне қаржылық іскерлігінің жеке элементтерінің әсерін бағалау
-салыстырмалы талдау-көрсеткіштерді осы саладағы бәсекелес кәіпорындардың көрсеткіштерімен салыстыру.
Қаржылық талдауды жүргізу үдерісі кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендеуінің себептерін анықтауда белгілі бір қадамдардың кезектілігімен,осы көрсеткіштерді оптимизациялайтын тұтқаларды анықтау.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы негізгі мәселелер тәжірибеде негізгі үш сипатта көрініс табуы мүмкін:
1.Ақшалай қаражаттардың тапшылығы;төлем қабылеттіліктің төмендігі
Мәселенің экономикалық мәні келесіде,кәсіпорынның жақын арада немесе дәл қазір өзінің міндеттемелерін уақтылы өтеу үшін ақша қаражаты жеткіліксіз.
Төмен төлем қабілеттіктің индикаторы болып өтімділіктің төмен дәрежедегі көрсеткіштері,несие бойынша міндеттемелердің уақтылы төленбеуі,бюджет,жұмыскерлер немесе басқа да несиелеумен айналысатын ұйымдардың алдында нормадан жоғары мөлшердегі қарыз табылады.
2.Кәсіпорынға құйылған капиталдың қайтарымдылық дәрежесінің төмен болуы;төмен рентабельділік
Тәжірибеде бұл іскерлік иесі оның кәсіпорын жұмысына құйған ақшасын ақтамайтын шағын ғана пайда алатынын көрсетеді.Мұндай жағдайлардың мүмкін салдарлары келесідей-ұйымның менеджмент бөлімінің жұмысына теріс баға берілу,құрылтайшылардың біртіндеп кетуі.Қайтарымдылықтың төмен дәрежесінің негізгі белгісі болып-рентабельділіктің төмен дәрежесі табылады.Сонымен қатар қанағаттанарлық индикаторы ретінде меншік капиталдың көлеміне көп көңіл бөлінеді.
3.Қаржылық тұрақтылықтың төмен дәрежесі
Тәжірибеде төмен қаржылық тұрақтылық болашақта міндеттемелерді өтеуде мүмкін мәселелердің туындауымен,басқаша айтқанда кәсіпорынның кредиторларға тәуелдігімен,өзін-өзі қаржыландыра алмауымен түсіндіріледі.
Мұндай тәуекелдік жағдайдың туындауы автономия коэфицентінің төмендеуі,меншік капиталдың теріс таңбадағы көрсеткіші және капиталдың таза айналымының көрсеткіші төмендейді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендеуіне келсек бұл жерде негізгі екі жаһандық себепті бөліп көрсетсек болады:
1.Қаржылық жағдайдың орташа жағдайын ұстап тұруға әлеуетті мүмкіндіктердің болмауы немесе алынатын пайданың төмен көлемі.
2.Іскерліктің нәтижелелерін рационалды түрде басқармау яғни қаржыны рационалды басқара алмау.
Төлем қабілеттікпен,рентабельділікпен қаржылық тұрақтылықпен мәселелердің барлығының тамыры бір:не компанияның іскерлігінің нәтижесі қаржылық жағдайының жеткілікті мөлшерін ұстап тұруға қанағаттанарлықсыз жағдайда,не компания қаражаттарын рационалды түрде қолдана алмайды.
Жоғарыда көрсетілген себептердің қайсысы екенін анықтау өте маңызды.Өйткені соған байланысты кәсіпорынның қаржылық жағдайын оптимизациялауға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдаудың бағыты анықталады.
Ал енді бірінші себепті,яғни кәсіпорынның алатын пайдасының оның қаржылық жағдайын ұстап тұруға жеткіліксіз болған жағдайды қарастырайық.Кәсіпорынның пайдасын құрайтындардың негізгілеріне-баға,өнімді өткізу көлемі,өндіру шығындарының көлемі,және іскерліктің жанама түрлерінен табыстар жатады.
Негізгі және жанама іскерліктің табыстары мен шығындарына талдау қаржылық нәтижелер туралы есептілікті,пайдалылық көрсеткіштерін және жинақталған капитал шамасын қолдану арқылы жүргізіледі.Тұрақты және айнымалы шығындардың көлемін бағалау және сонымен қатар қолданылатын ресурс бағасымен тауардың сатылу бағасы арасындағы қатынасты анықтау үшін маржиналды талдау жасау керек.
Әрине,тауардың сатылу көлемін бағалау бірінші кезекте жүргізіледі.Тауардың сатылу деңгейі төмендеген жағдайда бірден оның себебін анықтау қажет.Көптеген жағдайда ол тауарға деген сұраныстың болмауымен түсіндіріледі.Бірақ кейбір жағдайларда кәсіпорында өзінің тауарын өткізуге деген ынтасының төмендігі де байқалады.Яғни теле экранда жарнаманың болмауы,маркетинг бөлімінің тауарды нарықта жылжыту жолдарын іздеудің орнына тек келген тапсырыстарды ғана тіркеумен айналысуында.
Ал егер кәсіпорынның тауарына сұраныс аз болған жағдайда және ол қоғамның белгілі бір бөлігіне ғана арналған болса,онда тауардың жаңа түрін нарыққа шығару қажет.Бұл өз қатарында өткізу көлемін өсіреді,бірақ оған арналған жаңа құрылғыны сатып алуға қаражатты қажет етеді.
Кәсіпорынның тауарын жылжытуды ұйымдастыру жоғары деңгейде орындалсын,нарықта кәсіпорын мүмкін максималды дәрежені алды делік,бірақ сонда да пайданың көлемі төмен болған жағдайда оның себебі шығынның дәрежесі үлкен болуы мүмкін.Ол шығынды құраушыларға-шикізаттың,материалдардың қымбаттығы,жадықтаушылар ұсынатын қызметтердің бағасы табылады.Бұл жерде қызметті арзанырақ бағамен ұсынатын жабдықтаушыларды іздеу кәсіпорынның шығындарының көлемін едәуір азайтуға мүмкіндік береді.
Шығынның дәрежесінің үлкен болуы тек жабдықтаушылардан емес,кәсіпорынның өзінен де болуы мүмкін.Оған жарықтандыруға,суға,жылыту жүйелеріне үлкен дәрежедегі шығындардың бақыланбай жұмсалуы.Бұл әсіресе ірі кәсіпорындарда байқалады.
Ал шағын кәсіпорындар үшін телефон үшін төлемдер,іс сапар т.б шығыдар болуы мүмкін.Бұл жағдайда шығындардың көлемін қысқарту үшін телефонмен хабарласуды электронды жүйемен хат алмасуға ауыстыруға болады(әрине тек кәсіпорынның әріптестері арасында).
Кейбір жағдайларда шығындарды қысқарту үшін өндірістік қорлардың көлемін азайтуға тура келеді,бұл тұрақты шығындардың көлемін азайтуға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның тапқан пайдасы толығымен оның қолына берілмейді,оның бір бөлігі уақтылы төленбеген салықтар үшін айыппұлдарға,несие үшін төлемдік ақы өсімі,өндірістік емес сипаттағы шығындарға кетуі мүмкін.
Ал енді екінші жағдайға,кәсіпорынның өзінің қаражатын тиімсіз қолдануына тоқталайық.Мұнда негізгі үш құраушыны бөліп көрсетуге болады:айналым қаражаттарын(айналым капиталын),инвестициялық саясатты және қаржыландыру көздерінің құрылымын басқару.
Инвестициялық саясатты қарастырайық.Кәіпорын өзінің қаржылық мүмкіндігінен артық мөлшерде қаржылық салымдар жасауы мүмкін.Бұл жерде кәсіпорынның қаржылық мүмкіндігі деп-алынған пайданың сомасы мен тартылған ұзақ мерзімді несиенің көлемін ұғу керек. Кәсіпорынның қаржылық мүмкіндігінен жоғары мөлшерде инвстициялық салымдар жасау оның қаржылық жағдайының төмендеуінің себептерінің бірі болуы мүмкін.
Инвестициялық саясатты сипаттайтын таза айналым капиталының қозғалысы мен өзін-өзі қаржыландыру көрсеткіштерін есептеу және ақшалай қаражаттардың есептілігін талдау қажет.[2,32-41 беттер]
Бірқатар кәсіпорындар қаржылық жағдайының төмендеуінің себебі айналым қаражаттарын рационалды басқармауында,яғни кәсіпорында қалыптасқан басқарушылық әдістер қазіргі экономикалық өзгерістерге сай келмейді.
“Айналым қаражаттарын басқару” ұғымына материалды-техникалық қамсыздандыру,өткізу,кәсіпорынның клиенттері және жабдықтаушыларымен өзара есеп-айырысуға бақылауды орнату үрдістері біріктірілген.
Кәсіпорында қалыптасқан айналым капиталын басқарудың әдісін талдауда-баланс құрылысы,ағымдағы активтер мен пассивтердің айналым көрсеткіштері сонымен қатар ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есептілік қажет.
Материалдарды сатып алудың периодын міндетті түрде дәл анықтап,сол қағиданы сақтау қажет.Яғни керек көлемнен артық мөлшерде алмау қажет,бұл кәсіпорынға арзан бағадағы шикізат тапқан кезде атып алу мүмкіндігінен айырады.
Және келесі ескеретін жәйт,қойманы дайын өніммен толтыруға болмайды,яғни сатылым дәрежесінен артық көлемде өндіруге болмайды.Міне осы жағдайдың барлығы айналым қаражатының бір орында қалып қалуына әкеледі.
Әрбір кәсіпорын шикізатпен оған толықтырғыштарды жабдықтаудың үзілмейтін үрдісін қамтамасыз ету қажет.
Кәсіпорын осы ережелерді сақтай отырып өзінің қаржылық жағдайын жоғарлататынын түсінуі керек.
Дебиторлық қарыздың үлкен көлемі-көптеген кәсіпорындардың мәселесі.Дебиторлық қарызды уақтылы талап ету қаржылық жағдайды оптимизациялаудың тағы бір жолы.Дебиторлық қарызды оптимизациялаудың ұйымдастырылған әдістеріне төленуге тиісті шоттардың тізімін жасауды жатқызуға болады(сатып алушылардың реестрі,шот жасалған дата,шотты төлеу датасы,сатып алушының төлемге жауапты тұлғасы).Дебиторлық қарызды оптимизациялаудың заңды тәсілдеріне келсек оған сату-сатып алу келісім шартына сатушының қоймасын инвентаризациялау немесе шоттарды уақтылы төлемегені үшін айыппұлдың қаралатыны туралы пункті қосу болып табылады.
Меншікті капиталдың рентабельділігіне қаржыландыру көздерінің құрылымының(пассивтердің құрылымы) әсерін бағалау-қаржылық тұтқаны талдау арқылы шешілетін мәселе.Оны келесідей мағлұмдаса болады: меншікті капиталдың рентабельділігін жоғарылататын пасссивтердің құрылымымен қаржылық тұрақтылықтың жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың интегралды әдісіне тоқтала кетейік.Қаржылық жағдайды талдаудың көптеген есеп-қисаптар мен көрсеткіштердің жиынтығынан тұруы ұйымның қаржылық жағдайын бағалауды қиындатады.Сәйкесінше,қаржылық жағдайды талдау мен бағалауда белгілі бір басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін итегралдық көрсеткіштерді қажет етеді.
Интегралдық бағалау деп дәл осы уақыт мезетіне кәсіпорынның қаржылық жағдайын толық әрі нақты сипаттайтын бір ғана көрсеткішті есептеп шығаруды айтады.Оның мәнін қандай да бір өткен кезеңнің(тоқсан немесе жыл) мәндерімен салыстыра отырып кәсіпорынның қаржылық жағдайының өзгерісін,себебін анықтап ұйымның қаржы-шаруашылық іскерлігін рационалды басқаруға болады.
Бірінші кезекте қаржылық жағдайды бағалаудың интегралды моделінде қандай көрсеткіштер қолданылатынын анықтап алайық.Оларға кәсіпорынның табысы,шығысы және оның кредиторлық берешегінің өзгеруі жатады.
Оның формуласы келесідей:
ИБ=(Д/Р)*(1-КЗк/КЗн)
Мұндағы:
ИБ-кәсіпорынның қаржылық жағдайын интегралды бағалау;
Д-Табыс;
Р-Шығыс;
КЗк-кезең соңына кредиторлық берешек көлем;
КЗн-кезең басындағы кредиторлық берешек көлемі;
Интегралдық көрсеткіштің мәні неғұрлым жоғары болса,соғұрлым кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсы.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды қаржылық тұрақтылықты талдаудан бастаған жөн,ал ол өз қатарында өзіне келесі элементтерді біріктіреді:
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының өзгерісін талдау;
Баланс активтерінің құрылу көздерінің құрамыы мен құрылымын талдау;
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштерін абсолютті және салыстырмалы талдауы;
Баланс тиімділігін талдау;
Кәсіпорынның несиелік және төлем қабілеттілігін талдау. [3,32-36 беттер]
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының өзгерісін талдау кәсіпорының барлық мүлігінің салыстырмалы және абсолютті азаюының немесе өсуінің көлемін анықтауға мүмкіндік береді.Активтердің өсуі(азаюы)кәсіпорынның іскерлігінің кеңейгенінің(тарылғанының) белгісі.
Қаржылық есептіліктің басты элементі болып табылатын активтерге талдау жасағанда олардың бар болуы, құрамы,құрылымы және онда орын алған өзгерістер зерттеледі.Активтердің жалпы және жеке топтары бойынша құрылымын талдау олардың қаншалықты рационалды орналастырылғанын анықтауға мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі кәсіпорынның жұмысының оң жүріп жатқанын білдіріп,оның одан әрі дамуына кепіл бола алады.[4,334-359 беттер]
Бірақ кәсіпорынның мүлкінің бағасының өсуінің себептерін талдауда,инфляцияның әсерін де ескеру керек.Отандық тәжірибеде негізгі құралдардың баланстық құнын қалыптастыруда ғана инфляцияны ескереді.
Активтерді талдауда олардың орналастырылуына,кәсіпорынның өндірістік потенциалына,мүліктің өтімділігіне үлкен көңіл бөлу қажет.Ол үшін ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының мәнін білу қажет.Көптеген әдебиетттерде оны анықтаудың бірнеше әдістері бар.Бір әдіс бойынша оның құрамына негізгі қорлардың құнын,өнгдірістік қорларды,аяқталмаған құрылысты,ауыл шаруашылығы саласы бойынша асыраудағы малдың да құнын қосады.
Екінші бір әдіс бойынша жоғарыдағыларға аяқталмаған капитал салымдары және орнатылмаған құрал-жабдықтың құны қосылады.Осы әдіс кәсіпорынның даму үрдісін және оның материалды-техникалық базасын толық,анығырақ көрсетеді.А.Д.Шеремет және Р.С. Сайфулин жазуы бойынша өндірістік бағыттағы мүлік коэфицентінің мәні:Кn>0.5 Көрсеткіштің мәні көрсетілген шектен төмендеген кезде өндірістік бағыттағы мүліктің көлемін көбейту үшін кәсіпорынның қаржылық іскерлігінің нәтижесі мүліктік активтерді толықтыруға жетпесе,ұзақ мерзімді қаражат тартқан дұрыс.
Келесі қадам баланс валютасындағы ағымдағы активтердің үлесін анықтау-ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлігінің құнына қатынасымен анықталатын,кәсіпорынның активтерінің мобильділігінің коэфицентін жоғарылату.Ол қарыздарды жабуға арналған қаражаттардың көлемін сипатттайды.Коэфиценттің мәні неғұрлым жоғары болса,соғұрлым кәсіпорын өзінің ісінің үзіліссіз жүріп тұруын қамтамасыз етіп,кредиторлармен есеп айырысуға мүмкіндігі жоғары.Қаржылық тұрғыдан алып қарағанда оның өсімі мүлік құрылымына оң әсер етеді:мобильділігі жоғарылайды,ал ол өз қатарында оның айналымын жоғарылатып,оны қолданудың тиімділігінің жоғарылағанының кепілі болады.
Кәсіпорынның активтерінің орналаластырылуының тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш мобильді және имммобильденген қаражатттарының арақатынасының коэфиценті.оның мәні кәсіпорынның қандай салада жұмыс істеуіне байланысты.Өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін кәсіпорын үшін бұл көрсеткіштің мәні 0,5-тен кем болмауы керек.
Кәсіпорынның негізгі құралдарының құны кәсіпорынның балансының 50 %-дан көп бөлігін құрауы керек.
Тәжірибеде маңызы зор элементтердің бірі-активтердің қозғалмалы(жұмыс машиналарының құны,өндірістік құрал-жабдық,транспорт) бөлігін анықтау.Оның көлемінің жоғарылауы негізгі құралдарды қолданудың тиімділігін көрсететін қор қайтарымдылығының жоғарылауына әкеледі.
Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипатттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі болып-төзімділік коэфиценті табылады.Ол негізгі құралдардың тозуының сомасының оның бастапқы құнына қатынасымен анықталады.
Келесі кезең баланс активтерінің қалыптасу көздерін талдау болып табылады.Кәсіпорынның мүлкін қалыптастыру қатынасы оның қаржылық тұрақтылығын анықтайтын тартылған және меншікті қаражаттың есебінен жүретінін ұмытпаған жөн.
Нарықтық қатынастар заманында кәсіпорынның іскерлігі және оның дамуы өзінің қаражаты,яғни меншік қаражат есебінен жүреді.Тек олардың көлемі жетіспеген уақытта ғана қосымша қаражат тартылады.Бұл жерде кәсіпорынның сыртқы қарыз көздеріне тәуелсіздік деңгейіне көп көңіл бөледі,бірақ сыртқы қарыз көздерінсіз істі жалғастыру мүмкін емес.Сондықтан қаржылық есептіліктің ағымдағы активтерінің қалыптасу көздерін шектеу қажет.Оның минималды бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін меншікті айналым капиталынан құралады.Белгілі бір периодтарда қажеттілік туындайтын ағымдағы активтерді банктердің қысқа мерзімді несиелері немесе коммерциялық несиелер,яғни тартылған қаражат есебінен жабады.
Активтердің қалыптасу көздерін талдауда меншік және тартылған қаражаттың нақтылы көлемі анықталады,есепті периодтағы олардың өзгеруіне әкелген себептері анықталып,сәйкесінше бағаланады.Меншікті қаражаттардың қоры-қаржылық тұрақтылықтың кепілі болғандықтан,басты назар меншікті капиталға аударылады.
Меншікті капиталдың нақты көлемі мен қатар,оның жалпы капитал сомасындағы үлесін анықтау қажет.Бұл көрсеткішті әр түрлі әдебиттерде әр қалай атайды(меншік коэфиценті,тәуелсіздік коэфиценті,автономия коэфиценті),бірақ мағынасы бір:кәсіппорынның қаншалықты сыртқы қаражаттарға тәуелсіз екендігін,және өзінің қаражаттарын қолдана алу мүмкіндігін сипаттайды.
Тәуелсіздік коэфиценті меншікті капиталдың жалпы авансталған капиталға қатынасымен анықталады:
Кн=Ск/Ак,
Мұндағы:
Кн-тәуелсіздік коэфиценті;
Ск-меншік капитал;
Ак-авансталған капитал(баланс валютасы,яғни жалпы қаржыландыру сомасы);
Оның өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігінің өскенін,болашақтағы қаржылық тапшылықтың тәуекелінің төсмендегенін білдіреді.Батыс экономистерінің айтуынша бұл коэфицентті жоғары деңгейде ұстаған дұрыс.Бұл қаржыландыру көздерінің құрылымын тұрақты деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.Дәл осындай қаржыландыру көздерінің құрылымына инвесторлар мен кредиторлар үлкен мән береді.Неғұрлым кәсіпорынның меншікті қаражаты көп болса,соғұрлым оның ісінің үзіліссіздігін қамтамасыз ету оңай болады.Сондықтан алысқа қарайтын кәсіпкерлер әр түрлі резервтік қорларды жасау арқылы меншікті капиталдың көлемін үлкейтуге тырысады.
Бірқатар әдебитеттердің авторларының мағлұматтары бойынша бұл коэфиценттің мәні 0,6 көлемінде болуы керек,А.Д.Шеремет,А.И.Ковалев О.В.Ефимова,В.Привалов және т.б оның минималды көлемін 0,5-тің көлемінде көрсеткен.
АҚШ-та және Еуропа елдерінде тәуелсіздік коэфицентінің жеткілікті жоғары деңгейі болып 0,5-0,6 аралығы саналады.Ал нарықтық экономикасы дамыған елдерде,сатып алушылармен жабдықтаушылар арасындағы келісім шарттың талаптары сақталатын және кәсіпорынның беделіне үлкен кңіл бөлетін Жапония сияқты елдерде осы коэфиценттің 0,2 болғаны да жеткілкті.
Жоғарыда көрсетілген коэфиценттің 0,5-0,6 аралығында орындалуы тек қарыз беруші үшін ғана емес сонымен ққатар кәсіпорын үшін де маңызы зор.Сондықтан талдаушы қаражат көздерінің құрылымын зерттеп бағалауы керек ал ол өз қатарында оларды орналастырудың рационалдығын анықтауға мүмкіндік береді.Басқарудың нарықтық жағдайларында оны ақпаратты пайдаланушылардың ішкі де және сыртқы да субьектілері жүзеге асырады.Сыртқы ақпаратты пайдаланушылар,мысалы банктюер мен кредиторлар,жалпы авансталған капитал құрамындағы меншікті капиталдың үлесінің өзгеруін мүмкін келісім шарттар жүргізген кездегі қаржылық тәуекелдің көлемін бағалау үшін жүргізеді.Егер меншікті капиталдың көлемі азайса сәйкесінше тәуекелде жоғарылайды.Кәсіпорынның қаражат көзінің құрылымын зерттеу кәсіпорынның іскерлігінің кеңейгенін немесе керісінше арнасының тарылғаны туралы талдау жасауға мүмкіндік береді.
Тәуелсіздік коэфицентіне қарама-қарсы шама-тәуелділік коэфиценті. Ол келесідей формуламен анықталады:
Кз=Пк\Ак немесе К3=1-Кн;
Мұндағы:
К3-тәуелділік коэфиценті;
Пк-тартылған капитал;
Ак-авансталған капитал;
Бұл коэфицент жалпы авансталған капитал құрамындағы қарыз көлемін сипаттайды.
Неғұрлым оның көлемі жоғары болса соғұрлым кәсіпорын қаражаттың сыртқы көзденріне тәуелділігі жоғары.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын келесі шама қаржыландыру коэфиценті.Ол меншікті капиталдың тартылған капиталға қатынасы мен анықталады:
Кф=Ск/Пк
Мұндағы:
Кф-қаржыландыру коэфиценті;
Ск-меншікті капитал;
Пк-тартылған капитал;
Бұл коэфиценттің деңгейі неғұрлым жоғары болса соғұрлым банктер мен инвесторларға қаржыландыру тиімділігі жоғары.
Коэфицент кәсіпорынның іскерлігінің қандай бөлігі меншікті капитал есебінен ал қандай бөлігі тартылған капитал есебінен қаржыландырылып отырғанын көрсетеді. Қаржыландыру коэфицентінің шамасы < 1 (кәсіпорынның активтерінің үлкен бөлігі тартылған қаражат есебінен құралған ) болған жағдайда төлем қабілетсіздіктің белгісі болып табылып көптеген жағдайларда несие алуды қиындатады.
Бірақ тәжірибеде меншщікті кеапитал авансталған капиталдың жартысынан аз бөлігін құраған кездеде ондай кәсіпорындар жеткілікті қаржылық тұрақтылықты сақтап тұрады.Бұл жағдай әсіресе іскерлігі активтердің жоғары айналымдылығымен,өндіретін өнімге тұрақты сұраныспен,қаржыландыру мен өткізудің тұрақты қалыптасқан арналарымен,және тұрақты шығындардың төмен дәрежесімен сипатталатын кәсіпорындарға тән. (мысалы,сауда мен делдалдық ұйымдар).
Батыс фирмаларында қаржыландыру коэфицентіне қарағанда оның кері көрсеткіші-тартылған және меншікті қаражаттардың қатынасының коэфиценті жиі қолданылады.Ол тартылған капиталдың меншікті капиталға қатынасымен анықталады:
Кз/с=Пк/Ск
Мұндағы:
Кз/с-тартылған және меншікті капиталдың қаражаттардың қатынасының коэфиценті;
Пк-тартылған қаражаттар;
Ск-меншікті капитал;
Бұл коэфицент кәсіпорында активтерге салған меншікті капиталдың әрбір бір теңгесіне қанша қарыз көлемінің тартылғанын көрсетеді.
Арнаулы әдебиеттерде бұл көрсеткіштің жеткілікті шамасы: Кз/с<1.
Егер оның мәні 1-ден жоғары болса кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы критикалық нүктесіне жетеді,бірақ бұл жауап әрқашан дәл келе бермейді.Тартылған капитал мен меншікті капиталдың қатынасының коэфиценті кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне,кәсіпорынның шаруашылық іскерлігінің сипатына, ең бастысы айналым қаражаттарының айналым жыддамдығына тәуелді.Материалды айналым қаражаттарының жоғары жылдамдығында және дебиторлық қарыздың одан да жоғары айналым жылдамдығында коэфиценттің критикалық мәні кәсіпорынның қаржылық автономдылығына әсерінсіз бірден анағұрлым жоғары болуы мүмкін.
Кәсіпорынның минималды қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін бұл коэфицент ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің қатынасының коэфицентінің мәнімен шектелуі керек.
Кәсіпорынның тәуелсіздігінің дәрежесін көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі-қаржылық тұрақтылық коэфиценті немесе оны инвестицияны жабу коэфиценті деп те атайды.Ол жалпы капитал сомасындағы меншікті және ұзақ мерзімді қаражаттардың үлестерін сипаттайды,яғни келесідей формуламен анықталады:
Кф.у=Ск+До/Ак
Мұндағы:
Кф.у-қаржылық тұрақтылық коэфиценті;
До-ұзақ мерзімді қарыздық қаражаттар:
Ак –авансталған капитал;
Батыс тәжірибесінде оның мәні 0,9-дың шамасында, оның 0,75-ке дейін төмендеп кетуі критикалық шама деп саналады.[ 5,33-83 беттер]
Кәсіпорынның пайдалылығын талдаудың мақсаты –кәсіпорынға салынған қаражатқа кәсіпорынның табыс әкелу мүмкіндігін бағалау.
Пайдалылық деңгейіне ұйымның инвестициялық тартымдылығы, дивидендтік төлемдер көлемі тікелей байланысты.
Кәсіпорынның пайдалылығына сипаттама негізгі 3 көрсеткішті есептеуге негізделген-жалпы капиталдың,меншікті капиталдың және акционерлік капиталдың пайдалылығы.
Жалпы капиталдың пайдалылығы - кәсіпорынға салынған қаражаттың әрбір теңгесіне қарыз капиталды ескермегенде таза пайданың қанша бөлігі тиетіндігін көрсетеді.Қаржылық талдаудың халықаралық тәжірибесінде жалпы капиталдың пайдалылығының көрсеткіші келесідей формуламен анықталады:
Жалпы капиталдың =Таза пайда+пайыз-1+пайыз-2* (1-тс қойылымы)/баланс табыстылығы валютасы(жалпы пассив) %
Мұндағы:
пайыз-2-(ақша бірлігіндегі) талданатын кезеңдегі салық салынатын пайданы азайтатын, несиелер бойынша жинақталған пайыздар көлемі
пайыз-1-(ақша бірл.) талданатын кезеңдегі салық салынатын пайданы азайтпаитын, несиелер бойынша жинақталған пайыздар көлемі.
ТС ставкасы- пайдаға салық ставкасы,%
Баланс валютасы қарастырылып отырған кезеңдегі пасивтердің жалпы көлемінің орташа көлемі ретінде анықталады, яғни:(жалпы пассивтер(период бас.)+жалпы пассив(период соңы))/2.
Есептеулерде кезең бойынша ақпараттар қолданылады.
Бүгінгі таңда жалпы капиталдың пайдалылығын есептеуде есептеулердің классикалық алгоритмдарынан алшақтау байқалады-формуланың бөліміне тек қана таза пайда алынады. Есептеудің бұл жолы пайдалылықтың негізгі үш көрсеткішін сәйкестендіреді, өйткені бұл жағдайда есептеудің біртұтас базасы қолданылады-таза пайда көлемі.
Меншікті капиталдың пайдалылығы ұйымға салынған меншікті қаражаттардың қолдану тиімділігін сипаттайды.Меншікті капиталдың пайдалылығы меншікті қаражаттардың әрбір теңгесіне таза пайданың қандай бөлігі тиесілі екенін көрсетеді:
Меншікті капитал = Таза пайда /меншікті капитал % пайдалылығы
Акционерлік капитал пайдалылығы да дәл осындай есептеліп сипатталады, яғни таза пайданың ұйымның акционерлік капиталының жалпы көлеміне қатынасына тең.[6,35-43 беттер]
Жеке кәсіпорындардың іскерлігін бағалау және оларды өзара салыстыру үшін пайдалылық көрсеткіштері салыстыруға адекватты түрде көрсетілгені жөн.
Өйткені пайдалылықты есептеуде талданып отырған мерзім көрсеткіштері қолданылады, есептеудің нәтижесі осы периодтың ұзақтығына тікелей байланысты.Пайдалылық көрсеткіштерін салыстыру Re1=5% (кәсіпорын-1) және Re2=8% (кәсіпорын-2)дұрыс болады егер, ол кофиценттерді есептеу барысындағы периодтар ұзақтығы тең болса.
Егер кәсіпорын-1 есептеуді тоқсан бойынша,ал кәсіпорын-2 есептеуді жыл бойынша жүргізсе онда сәйкесінше пайдалылық көрсеткіштері келесідей мәнге ие болады: Re1=5% [360 күн/90күн] =20%, Re2=8%
Одан шығатыны, пайдалылық көрсеткіштері тек сол жағдайда ғана сәйкестенеді,егер талдау интервалдары бірдей болса,мысалы жыл.[7,46-57 беттер]
Пайдалылық көрсеткіштерін жылдық интервалда көрсету анағұрлым ыңғайлы болып табылады. Нарықтағы капитал құны (пайыздық және депозиттік ставкалар) және макроэкономикалық ақпараттар жылдық сипаттағы көрсеткіштермен беріледі.Пайдалылықты жылдық мерзімде есептеуде белгілі бір кәсіпорынның іскерлігінің нәтижелерін бағалау мен кез-келген басқа кәсіпорын көрсеткіштерімен салытыру үшін адекватты база құрылады.
Пайдалылық көрсеткіштерін жылдық мерзімге айналдырған дұрыс. Көрсеткішті жылдық мерзімге айналдыру үшін көбейкіш қолданылады.
[360/ талдау интервалының күн бойынша ұзақтығы]
Кәсіпорынның қаржыландыру көздерін басқару тиімділігін талдау үшін тұтқа тиімділігі есептеледі. Тұтқа тиімділігінің мәні-келесіде:
Қарыз қаражаттарды қолданушы кәсіпорын меншікті капиталдың пайдалылығын не өсіреді,не төмендетеді.Меншікті капиталдың пайдалылығын өсіру немесе төмендету тартылған қаражаттың орташа құнына және қаржылық тұтқа көлеміне тәуелді.
Қаржылық тұтқа деп ұйымның тартылған қаражаттары мен меншікті қаражаттарының қатынасы айтылады:
Қаржылық тұтқа = тартылған қаражат/меншікті қаражат
Есептеулерде талдау мерзіміндегі тартылған және меншікті капиталдың орташа мәнін қолданған дұрыс - (жыл басындағы мәні+жыл соңындағы мәні)/2 . Бірақ кейбір жағдайларда орташа мінін емес тартылған және меншікті капиталдың абсолютті мәнін қолданады.Таңдау индивидуалды түрде жүзеге асады.[8,56-60 беттер]
Орташа пайыздық қойылым талданушы кезеңдегі тартылған қаражаттың жалпы құнының, тартылған қаражатының көлеміне қатынасы ретінде есептеледі.
Орташа пайыздық = пайдадан пайыздар+ӨЗ-ға пайыздар*(1-пайдаға салық қойылымы)/тартылған қаражат, %
ӨЗ-ға пайыздар - (ақша бірл.) талданатын кезеңдегі несиелер бойынша жинақталған пайыздар.
Пайдадан пайыздар -(ақша бірл.) қаржылық нәтижелерге жатқызылатын талданатын кезеңдегі несиелер бойынша жинақталған пайыздар.
Тартылған қаражаттар келесідей анықталады :[тартылған капитал (жыл басы ) + тартылған капитал (жыл соңы)]/2
Жалпы капиталдың пайдалылығымен орташа пайыздық ставканың айырмасы- тұтқаны дифференциалы деп аталады.Тұтқаның дифференциалы қаржыландыру көздерінің мақсатты құрылымын таңдауға ақпарат береді. Яғни кәсіпорын үшін қаржыландырудың арзан көзін таңдауда ақпарат береді. Қаржылық тұтқаның оның дифференциалына көбейтіндісі тұтқа нәтижесін береді.
Тұтқа = жалпы капитал пайдалылығы-орташа пайыздық қойылым* тартылған қаржы/менш қаражат нәтижесі
Тұтқа нәтижесінің таңбасы тартылған қаражаттың өсуінің мақсаттылығын білдіреді:
Тұтқа нәтижесі оң болса тартылған қаражат көлемін өсіру меншікті капиталдың пайдалылығын жоғарылатады.
Меншікті капитал = таза пайда/СТ*сатудан түсім(СТ)/жалпы активтер*жалпы активтер/менш капиталдың пайдалылығы
тұтқа нәтижесі теріс болса –тартылған қаражат көлемінің артуы мақсатты емес.
Яғни егер жалпы капиталдың пайдалылығы тартылған қаржаттардың құнынан төмен болса, меншікті қаражаттар үлесін арттырған мақсатты.
Тұтқа нәтижесінің абсолютті мәні қаржыландыру көздері мен құрылымдарының меншікті капитал пайдалылығына әсерін сипаттайды. Оны келесідей формула арқылы көрсетуге болады.[9,76-84 беттер]
Меншікті капитал = жалпы капитал пайдалылығы+тұтқа нәтижесінің
пайдалылығы
Меншікті капитал пайдалылығының өзгеруіне әсер етуші факторларға талдау Dupont формуласы арқылы есептеледі.Ол формула меншікті капиталдың пайдалылығымен кәсіпорынның негізгі 3 қаржылық көрсеткіштері :сатудың табыстылығы, жалпы активтердің айналымы және қаржылық тұтқа арасында байланыс орнатады.
Жоғарыды көрсетілген көрсеткіштерді бағалаудың меншікті капитал пайдалылығына әсер етуі тізбекті түрде болады.
Меншікті капитал пайдалылығы мен қаржылық тұрақтылық кері байланыста. Келесіге назар аударсақ :
Меншікті капитал
Пайдалылығы = Таза пайда/менш капитал
Автономия коэфиценті = менш кап/ тартылған капитал
Меншікті капитал көлемі өскенде ұйымның қаржылық тұрақтылығы артады және меншікті қаражаттың пайдалылығы төмендейді.Осы тұжырымға сәйкес –кәсіпорынға әрқашан меншікті капиталды өсіру тиімді емес. Меншікті капиталдың көлемі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті болса болғаны. [10,36-40 беттер]
Сонымен қаржылық менеджментте ең маңызды болып келесі коэфиценттер табылады:
1.Жалпы өтімділік коэфиценті;
2.Іскерлік белсенділік коэфиценті;
3.Рентабелділік коэфиценті;
4.Төлем қабілеттілік немеесе капиталдың құрылым коэфиценті;
5.Нарықтық белсенділік коэфиценті;
Жалпы өтімділік коэфиценті кәсіпорынның есептілік периодта қысқа мерзімді міндеттемелерін төлей алу қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік береді.Оның ішінде ең маңыздылары келесілер:
-ағымдағы өтімділік коэфиценті;
-жедел өтімділік коэфиценті;
-абсолютті өтімділік коэфиценті;
-таза айналым капиталы.
Ағымдағы өтімділік коэфиценті айналым қаражаттарын қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасымен анықталады.Қабылданған халықаралық стандарттар бойынша бұл коэфицент 1-2 аралығында болуы керек.
Ағымдағы өтімділік коэфицентінің жеке көрсеткіші болып жедел өтімділік коэфиценті табылады ол өз қатарында айналым қаражаттарының өтімдірек бөлігінің (ақшалай қаражаттар, қысқа мерзімді салымдар мен дебиторлық міндеттемелер) қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы.Қабылданған халықаралық стандарттар бойынша бұл коэфиценттің мәні 1-ден жоғары болуы қажет.
Көптеген жағдайларда өтімділікті тек ақшалай қаражаттардың көрсеткіштері бойынша есептеген сенімдірек деп саналады.Бұл көрсеткіш абсолютті өтімділік коэфиценті деп аталып, ақшалай қаражаттардың қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасымен анықталады.Батыс тәжірибесінде абсолютті өтімділік коэфицентін өте сирек есептейді.Ресейде оның оптималды мәні болып 0,2-0,25 аралығы табылады.[11,42-47 беттер]
Кәсіпорынның өтімділігіне талдау жасауда таза айналым капиталын зерттеудің маңызы зор, ол кәсіпорынның айналым активтерімен қысқа мерзімді міндеттемелерінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.Таза айналым капиталы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын ұстап тұруға қажет,өйткені айналым қаражаттарының қысқа мерзімді міндеттемелерден асуы кәсіпорын өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін жауып қана қоймай болашақта өз іскерлігін кеңейтуге мүмкіндігі бар.
Іскерлік белсенділік коэфиценті кәсіпорынның өз қаражаттарын қолдануының тиімділігін көрсетеді.Әрине бұл топқа айналымның әр түрлі көрсеткіштері кіреді.
Айналым көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалағанда алатын маңызы зор, өйткені қаражаттар айналымының жылдамдығы,яғни оның ақшалай формаға ауысу жылдамдығы кәсіпорынның төлемқабілеттігін тікелей әсер етеді.Қаржылық менеджментте айналымның келесідей көрсеткіштері ең көп қолданылады:
Активтердің айналым коэффиценті-өнімді өткізуден түскен табыстың баланстың жалпы активінің сомсына қатынасы-(фирманың ресурстарды тарту көзіне байланыссыз қаншалықты тиімді қолданатынын),яғни жылына қанша рет өндіріспен айналымның толық циклы жүретінін,немесе активтің әбір ақшалай бірлігі сатылған өнімнің әрбір бірлігі қанша ақша әкелгенін көрсетеді.
Дебиторлық міндеттеменің айналым коэфиценті бойынша есептілік кезең ағымында канша рет дебиторлық міндеттеме ақшалай қаражатқа айналғанын анықтайды.Бұл коэффицент өнімді өткізуден түскен түсімді таза дебиторлық міндеттеменің орта жылдық құнына қатынасымен анықталады.Бұл шаманы кредиторлық міндеттеменің айналым коэфицентімен салыстырған пайдалы.Мұндай талдау жасау кәсіпорынға өзі қолданатын басқа кәсіпорындардан алған коммерциялық несиемен өзі басқа кәсіпорындарға тура сондай жағдай мен ұсынатын несиені сәйкестендіруіне мүмкіндік береді.
Кредиторлық міндеттеменің айналым жылдамдығының коэфиценті өнімді өткізуден түскен түсімді таза кредиторлық міндеттеменің орта жылдық құнына қатынасымен анықталып кәсіпорынға ағымдағы шоттарын жабу үшін қанша айналым қажет екенін көрсетеді.
Материалды-өндірістік қорлардың айналым коэфиценті бұл қорлардың сатылу жылдамдығын көрсетеді.Ол сатылған өнімнің өзіндік құнын материалды-өндірістік қорлардың жылдық құнына қатынасына тең.Оны көбінесе күнмен есептейді сонда ол қордың ақшаға айналуы үшін қанша күн керектігі анықталады. Осы коэфицент неғұрлым жоғары болса соғұрлым кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты деп саналады.
Операциондық цикл ұзақтығы-бұл көрсеткіш бойынша кәсіпорынның өнімін өндіру үшін қаншаи күн оташа керектігін анықтайды
Рентабельділік коэфиценттері кәсіпорынның іскерлігі қаншалықты пайдалы екеніні көрсетеді.Бұл коэфиценттер табылған пайданың сатылған өнім көлеміне қатынасымен анықталады.
Қаржылық менеджментте ең көп қолданыс табатын кәсіпорынның барлық активтерінің рентабельділігі, өнімнің сатылу рентабельділігі және меншікті капитал рентабельділігі коэфиценттері.
Кәсіпорынның барлық активтерінің рентабельділік коэфиценті таза пайданы кәсіпорынның активтерінің жылдық орташа құнына қатынасымен анықталады.Ол кәсіпорынға пайданың бір бірлігін алу үшін ақшаның қанша бірлігі керек болғанын көрсетеді.Бұл көрсеткіш кәсіпорынның бәсекелестігінің маңызды индикаторларының бірі болып табылады.
Өнімнің сатылу рентабельділігі пайданы сатылған өнімнің көлеміне қатынасымен анықталады.Оның екі негізгі көрсеткіші есептеледі: жалпы пайда бойынша есетеу, екіншісі таза пайда бойынша есептеу.
Бірінші көрсеткіш кәсіпорынның баға құру саястындағы өзгерістермен сатылған өнімнің өзіндік құнын қадағалай алу дәрежесін көрсетеді.Ал екінші көрсеткіш сатылған өнімнің әрбір ақшалай бірлігі пайдаға қанша ақшалай бірлік қосқанын көрсетеді.
Меншікті капиталдың рентабельділік коэфиценті меншік иелері салған қаражаттың қолдану тиімділігін көрсетеді және осы көрсеткішті дәл осы қаражаттарды басқа бағалы қаражаттарға орналастырғандағы түсетін пайдамен салыстыруға мүмкіндік береді.
Талдау жасаудың басқа негізгі әдісі болып активтердің рентабельділігі, өнімді өткізу рентабельділігімен активтердің айналымының арасындағы өзара байланысты анықтау табылады. Егер активтердің рентабельділігінің коэффицентінің алымымен бөлімін өнімнің сатылу көлеміне көбейтсек онда келесіні аламыз:
ЧП/А=ЧП*РП/А*РП=ЧП/РП*РП/А
Мұндағы:
ЧП-таза пайда(салық төленгеннен кейінгі пайда);
А-кәсіпорынның барлық активтерінің құны;
РП-сатылған өнім көлемі.
Бұл теңдеу Дюпон формуласы деп аталады.Бұл формула активтердің рентабельділігін тек қана өнімнің сатылу рентабельділігімен байланысын көрсетіп қана қоймай активтердің айналымына қатынасын және:
-активтердің рентабельділігінің бәсекелестікке қабілеттігін қамтамасыз ету үшін активтердің айналым коэфицентінің мәнін;
-сатылған өнімнің коэффицентінің мәнін;
-активтердің рентабельділігінің сәйкес деңгейін сақтап қалу үшін немесе мәнін өсіру мақсатында активтер айналым жылдамдығы мен өнімнің сатылу рентабельділігінің арасында таңдауға мүмкіндік береді.
Капитал құрылымының көрсеткіштері кәсіпорынға ұзақ мерзімге қаражат салған инвесторлар мен кредиторлардың мүмкін жоғалтулардан қорғаныс дәрежесін көрсетеді.Яғни кәсіпорынның ұзақ мерзімді қарыздарын өтеу қабілетін көрсетеді.Бұл топтың коэфиценттерін төлемқабілеттік коэфиценті деп те атайды оларға: меншік коэфиценті,қаржылық тәуелділік коэфиценті және кредиторлардың мүмкін жоғалтулардан қорғаныс коэфиценті кіреді.
Меншік коэфиценті кәсіпорынның жалпы капиталындағы меншік капиталының үлесін көрсетеді.Батыс тәжірибесінде оның көлемі 60 % -дай және одан жоғары болғаны кәсіпорынның жеткілікті қаржылық тұрақтылығын көрсетеді деп саналады.
Қаржылық тәуелділік коэфиценті кәсіпорынның қаражаттың сыртқы көздерінен тәуелділік дәрежесін көрсетеді.Оның мәні неғұрлым жоғары болса соғұрлым кәсіпорынның қарыздарының көлемі жоғары.Нарықтық экономика жағдайында оның мәні бірден аспау керек деп қабылданған.
Кредиторлардың мүмкін жоғалтулардан қорғаныс коэфиценті ұсынылған несие үшін пайыздардың өтелмей қалу жағдайынан кредиторлардың қорғаныс дәрежесін көрсетеді.Осы көрсеткіш бойынша есептілік период ағымында кәсіпорын қарыздар бойынша пайыз өтеу үшін қанша қаражат тапқанын көрсетеді.
Кәсіпорынның нарықтық белсенділік коэфиценті кәсіпорынның акциясының құнымен пайдалылық дәрежесін сипаттайтын көптеген көрсеткіштерден тұрады.Бұл топтағы маңызды көрсеткіштер келесілер:
-бір акцияға пайда;
-бір акцияға келетін пайдамен оның нарықтық бағасының арасындағы қатынас;
-бір акцияның баланстық құны;
-бір акцияның нарықтық құнымен оның баланстық құнының қатынасы;
-бір акцияның пайдалылығы және төленген дивиденттердің көлемі;
Қаржылық менеджменттің маңызды элементі болып бұл көрсеткіштерді есептеп басқа кезеңдегі мәндерімен салыстыру ғана емес сонымен қатар бәсекестік қабілеттікті жоғарылату мақсатында олардың өзара оптималды пропорциясын анықтау болып табылады.[12,76-81 беттер]
2 бөлім Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
2.1Өтімділік пен активтердің айналым коэфиценттерін бағалау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауды мен өзім тәжірибе өткен кәсіпорын ЖШС «СП«FIAL» ақпараттар негізінде жүргіздім.
Компания туралы жалпы ақпарат бере кетейін.ЖШС «СП«FIAL»(бұдан былай қарай кәсіпорын) 1997 13 маусымда Қазақстан Республикасының мұнай құбырларын зерттеу,өңдеу және өндіру мақсатында құрылған.Кәсіпорын жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде 2002 акционерлерінің өзгеруіне байланысты қайта құрылған.Оның акциясының 35 % Линхенштейн заңына сәйкес құрылған «International Finansing company estabishment LLP» кәсіпорнына, ал 65% және Виргин аралдарының заңнамасына сәйкес құрылған «Kempton business Limited» кәсіпорнына тиесілі.
Кәсіпорын Батыс Қазақстандағы «Шығыс Мортук» құбырын зерттеу мен айналысуда.Кәсіпорын Қазақстан Үкіметімен 1999 жылдың 31 наурызында жер қойнауын қолдану туралы келісім шарт жасаған(әрі қарай жай «келісім шарт») және сол құбырда көміртегін зерттеу туралы 1997 жылдың 4 желтоқсанынан 2003 жылдың 30 желтоқсанына дейін мерзімге берілген Лицензиясы бар.Бүгінгі таңда оның мерзімі 2007 жылдың 14 тамыз айына дейін ұзартылып қол қойылған.Тіркелген заңды мекен жайы: Алматы қаласы,Достык даңғылы 105, 2 қабат.2007 жылдың сәуір айының басында кәсіпорынның жұмысшыларының саны 22 басты офиста орналасқан.
Кәсіпорын өз іскерлігін жүргізу барысында бухгалтерлік есептің «толық шығын » әдісін қолданады.Сәйкесінше, мұнай мен газ қорларын зерттеу мен өңдеуге байланысты барлық шығындар,оған тікелей шығындар да кіреді барлығы бір сомаға жинақталады.Материалдық емес активтер бастапқы құны бойынша жинақталған амортизация шегеріліп тіркелген.Материалдық емес активтерге амортизация 20 жыл мерзімінде түзу сызықты әдіс бойынша есептеледі.
Дебиторлық міндеттемелер және жабдықтаушыларға алдын-ала төлемдер дебиторлық міндетттеменің төленбеген сомасы ретінде тіркелген және жабдықтаушыларға алдын-ала төлемдерден арнайы және жалпы резервтерді алып тасталған соманы күмәнді қарыздар ретінде көрсеткен.Күмәнді қарыздарға резервтер дебиторлық міндеттемені инвентаризациялау нәтижесінде құрылады.
Есептілік мерзім ағымында жинақталған күмәнді қарыздарға резевтер табыстар мен шығындар туралы есептілікте шығындар ретінде көрініс табады.Алдын ала күмәнді қарыз ретінде резерв жинақталған дебиторлық міндеттемелер жабылған кезде,резертердің төменделген түрі ретінде қаралып,сол мерзімнің негізгі іскерліктің пайдасынан бөлек пайда ретінде қарастырылады.Ақша және оның эквиваленттері кассадағы сома және ағымдағы банктік шоттардағы соммалардан тұрады.[14]
Тауарлы-материалдық қорлар бастапқы құны бойынша немесе оларды сатудан түскен таза пайда бойынша бағаланады.Тауарлы-материалдық қорлардың бастапқы құнына: қорларды игеруге байланысты шығындар,транспорттық-дайындау шығыстары,өнімді қайта өңдеу шығыстары кіреді.Қорларды иигеруге байланысты шығындарға сатып алу бағасын, оларды мемлекетке енгізуге байланысты баж салықтары,комиссиондық төлемдер, және оған байланысты тікелей шығындар жатады.Тауарлы-материалды қорлардың құны орташа өлшемді әдіспен есептеледі.Ескірген және өтімділігі төмендеген тауарлы-материалдық қорлар бойынша резервтер табыстар мен шығындар туралы есептілікте шығын ретінде көрсетіледі.
Алдымен кәсіпорынның 2003 жылға арналған балансына көлденең талдау жасайық.Баланстың бірінші бөліміндегі материалдық емес активтерге тоқталсақ, оның бастапқы құны 31,6-ға тең, әрине оған сәйкес тозу 0,8-ге жоғарылаған,сәйкесінше қалдық құны 30,8-ге тең.
Негізгі құралдарға келейік, үйлер мен ғимараттардың бастапқы құны 2419946-ға тең,амортизация сомасы сәйкесінше 2287,1-ге тең
Келесі ағымдағы активтер бөліміне келейік.Материалдар 28265,4-ға тең назар аудартатын ол әрине дебиторлық міндеттеменің көлемі.Дайын өнім сомасы 2940,1-ге тең.
Келесі пассив бөлімін қарастырып көрейік.Меншікті капитал бөлімінде:өзгеріс орын алмаған.
Пассив бөлімінің «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімінде ешқандай өзгеріс орын алмаған.
Пассив бөлімінің «Ағымдағы міндеттемелер» бөліміне келейік.Қысқа мерзімді несиелер 2,32%-ға өскен.Жалақы бойынша қарыздар 2243,3-ке,сәйкесінше зейнетақы қорына қарыздың көлемі 323,1-ке тең болған.
Басқа кредиторлық міндеттемелер 15,8 %-ға артқан.
Енді кәсіпорынның 2005 жылға арналған балансына көлденең талдау жасайық.Баланстың бірінші бөліміндегі материалдық емес активтерге тоқталсақ,біріншіден оның бастапқы құны 22,5 %-ке төмендеген, әрине оған сәйкес тозу 60,4 %-ға жоғарылаған,сәйкесінше қалдық құны 27%-ға төмендеген.
Негізгі құралдарға келейік, үйлер мен ғимараттардың бастапқы құны 17,7 %-ға төмендеген,машиналармен жабдықтар 28-ға төмендеген,басқадай негізгі құралдар 14,3%-ға төмендеген, жинақталған тозу сәйкесінше 58,8%-ға өскен,қалдық құны 24,5%-ға төмендеген.Аяқталмаған құрылыс өз қатарында 70,8%–ға жоғарылаған.Сонымен бұл бөлім бойынша түпкі сомасы 29,3%-ға жоғарылаған.
Келесі ағымдағы активтер бөліміне келейік.Материалдар 96,9%-ға төмендеген.Бұл жерде басты назар аудартатын ол әрине дебиторлық міндеттеменің көлемі.Ол жалпы 4,4%-ға жоғарылаған.Оның ішінде қосымша құн салығынсыз дебиторлық міндеттеме 2,5%-ға төмендеп,қосымша құн салығы бойынша дебиторлық міндеттеме 35,8%-ға жоғарылаған.Ал болашақтағы қарыздар көлемі 29,7%-ға жоғарылаған.Сәйкесінше ақшалай қаражаттар 14,9%-ға төмендеуі орын алған.Бұл бөлім бойынша түпкі сома 13,4%-ға жоғарылаған,яғни бөлім бойынша жалпы сома 21,2%-ға жоғарылаған.
Келесі пассив бөлімін қарастырып көрейік.Меншікті капитал бөлімінде:өзгеріс алып отырған шамалар:үлестірілмеген табыс көлемі72,4%-ға жоғарылаған.Соған байланысты түпкі сомасы 72,5%-ға жоғарылаған.
Пассив бөлімінің «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімінде ешқандай өзгеріс орын алмаған.
Пассив бөлімінің «Ағымдағы міндеттемелер» бөліміне келейік.Қысқа мерзімді несиелер 70,3%-ға өскен.Ал кредиторлық қарыздың көлемі 17,7%-ға артқан.Салықтар бойынша қарыз соманың көлемі 95,5%-ға дейін артып кеткен.Оның ішіне қосымша құн салығынан басқа салықтардың барлығы кіреді.
Есептелінген шығындар 99,9%-ға төмендеген.Бұл бөлім бойынша түпкі сома 39,7-жоғарылап,барлық үш бөлім бойынша сома 21,2 %-ға жоғарылаған.[15,16,17]
Келесі кәсіпорынның 2006 жылға арналған балансына көлденең талдау жасалық.Баланстың бірінші бөліміндегі материалдық емес активтерге тоқталсақ,біріншіден оның бастапқы құны 85 %-ке төмендеген, әрине оған сәйкес тозу 5,66 %-ға жоғарылаған.
Негізгі құралдарға келейік жалпы олардың құны 77%-ға төмендеген, үйлер мен ғимараттардың бастапқы құны 88 %-ға төмендеген,машиналармен жабдықтар 28%-ға төмендеген,басқадай негізгі құралдар 45%-ға төмендеген,жинақталған тозу сәйкесінше 58,8%-ға өскен,қалдық құны 24,5%-ға төмендеген.Аяқталмаған құрылыс өз қатарында 16,2%–ға жоғарылаған.Сонымен бұл бөлім бойынша түпкі сомасы 77,6%-ға жоғарылаған.
Келесі ағымдағы активтер бөліміне келейік.Материалдар 97,8%-ға жоғарылаған.Бұл жерде басты назар аудартатын ол әрине дебиторлық міндеттеменің көлемі.Ол жалпы 24,2%-ға жоғарылаған.Оның ішінде қосымша құн салығынсыз дебиторлық міндеттеме 2,6%-ға төмендеп,қосымша құн салығы бойынша дебиторлық міндеттеме 34,5%-ға жоғарылаған.Ал болашақтағы қарыздар көлемі 25-ға жоғарылаған.Сәйкесінше ақшалай қаражаттар 14,9%-ға төмендеуі орын алған.Бұл бөлім бойынша түпкі сома 19,4%-ға жоғарылаған,яғни бөлім бойынша жалпы сома 32,2%-ға төмендеген.
Келесі пассив бөлімін қарастырып көрейік.Меншікті капитал бөлімінде:өзгеріс алып отырған шамалар:үлестірілмеген табыс көлемі 81,2%-ға жоғарылаған.Соған байланысты түпкі сомасы 82%-ға жоғарылаған.
Пассив бөлімінің «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімінде ешқандай өзгеріс орын алмаған.
Пассив бөлімінің «Ағымдағы міндеттемелер» бөліміне келейік.Қысқа мерзімді несиелер 3,2%-ға өскен.Ал кредиторлық қарыздың көлемі 12,7%-ға артқан.Салықтар бойынша қарыз соманың көлемі 0,62%-ға дейін артып кеткен.Оның ішіне қосымша құн салығынан басқа салықтардың барлығы кіреді.
Бұл бөлім бойынша түпкі сома 5,1%-ға -жоғарылап,барлық үш бөлім бойынша сома 23,5 %-ға жоғарылаған.Бұл көрсеткіштіңштердің өзгерісіне қаржылық жағдайды сипаттайттын коэфиценттерді есептеп алғанннан кейін курстық жұмысымның осы бөлімінің соңында жалпы түсінік бергенді жөн көрдім.(қосымша №3)
Осы үш жыл ағымында аз да болса оң тенденция болғанын байқауға болады.
Осы курстық жұмысымның 1.1 бөлімінде нұсқалып кеткендей қаржылық коэфиценттердің келесідей 5 тобы бойынша есептеулер жүргіземіз:
1.Жалпы өтімділік коэфиценті
2.Іскерлік белсенділік коэфиценті
3.Рентабелділік коэфиценті
4.Төлем қабілеттілік немеесе капиталдың құрылым коэфиценті
5.Нарықтық белсенділік коэфиценті
Жалпы өтімділік коэфиценті кәсіпорынның есептілік кезеңде қысқа мерзімді міндеттемелерін төлей алу қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік береді.Оның ішінде ең маңыздылары келесілер:
-ағымдағы өтімділік коэфиценті
-жедел өтімділік коэфиценті
-абсолютті өтімділік коэфиценті
-таза айналым капиталы
№ 2 кесте Өтімділік көрсеткіштері
Өтімділік көрсеткіштері | Формуласы | Жолдын коды | Мәні 2007жыл басына | Мәні 2007жыл аяғына |
1.ағымдағы өтімділік коэфиценті | Айналым қаражаттары/ Қысқамерзімді міндеттемелер | 023/042 | 0,32 | 0,26 |
2.жедел өтімділік коэфиценті | Ақшалай қаражаттар + қысқа мерзімді қаржылық салымдар + таза дебиторлық міндеттеме/қысқа мерзімді міндеттемелер | 023-(015-019)/042 | 0,46 | 0,39 |
3.абсолютті өтімділік коэфиценті | Ақшалай қаражаттар/қысқа мерзімді міндеттемелер | 021/042 | 0,005 | 0,003 |
4.таза айналым капиталы. | Айналым қаражаттары-қысқа мерзімді міндеттемелер | 023-042 | -8357617496 | -1273787197 |
жолдың коды | Көрсеткіштер | 2007 жыл басына мәні | 2007 жыл басына мәні |
100.38.023 | Ағымдағы активтер бөлімінің жиынтық сомасы | 401839447 | 455687537 |
100.38.042 | Ағымдағы міндеттемелер бөлімінің жиынтық сомасы | 1237617496 | 17529474734 |
100.38.15 | Материалдар | 7150847 | 216482 |
100.38.019 | Болашақ мерзім шығындары | 176322338 | 228724840 |
100.38.021 | Ақшалай қаражаттар | 6488605 | 5518226 |
(Кестеге ақпарат көзі-қосымша 1 негізінде жасалған)
Ағымдағы өтімділік коэфиценті айналым қаражаттарын қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасымен анықталады.Қабылданған халықаралық стандарттар бойынша бұл коэфицент 1-2 аралығында болуы керек.
Ағымдағы өтімділік коэфицентінің жеке көрсеткіші болып жедел өтімділік коэфиценті табылады ол өз қатарында айналым қаражаттарының өтімдірек бөлігінің (ақшалай қаражаттар, қысқа мерзімді салымдар мен дебиторлық міндеттемелер) қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы.Қабылданған халықаралық стандарттар бойынша бұл коэфиценттің мәні 1-ден жоғары болуы қажет.
Көптеген жағдайларда өтімділікті тек ақшалай қаражаттардың көрсеткіштері бойынша есептеген сенімдірек деп саналады.Бұл көрсеткіш абсолютті өтімділік коэфиценті деп аталып, ақшалай қаражаттардың қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасымен анықталады.Батыс тәжірибесінде абсолютті өтімділік коэфицентін өте сирек есептейді.Ресейде оның оптималды мәні болып 0,2-0,25 аралығы табылады.Кәсіпорынның өтімділігіне талдау жасауда таза айналым капиталын зерттеудің маңызы зор, ол кәсіпорынның айналым активтерімен қысқа мерзімді міндеттемелерінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.Таза айналым капиталы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын ұстап тұруға қажет,өйткені айналым қаражаттарының қысқа мерзімді міндеттемелерден асуы кәсіпорын өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін жауып қана қоймай болашақта өз іскерлігін кеңейтуге мүмкіндігі бар.
Ағымдағы өтімділік коэфицентінің көрсеткішінің өзгерісіне талдау жасайық, халық аралық стандарттарға сәйкес оның мәні 1 мен 2 арасында болуы қалыпты мөлшер деп танылады.Ағымдағы өтімділік коэфицентінің келесідей ерекшеліәктерін ескеру қажет.Біріншіден көрсеткіштің алымы қорлар мен дебиторлық міндеттемелердің бағалануын ескереді.Қорлардың бағалану әдістері өзгеріске ұшырауының жиілігінен,көрсеткіштің оған сәйкес келуіне әсер етеді.Бұл жерде күмәнді қарыздардың есепке алынуын ескеру қажет.Екіншіден,көрсеткіштің мәні жұмысының тиімділігімен тығыз байланысты:кейбір кәсіпорындар технологиялық үрдістің жоғары дәрежеде ұйымдастырылуына байланысты,қорлардың көлемін үлкен мөлшерде төмендетуі мүмкін. Біздің жағдайымызда өтімділік коэфицентінің кері тенденциясы байқалады.Өзінің қаржылық жағдайына ешқандай зиян келтірмей,оның мәнін сала бойынша орташа мәнінен де төмен көрсеткішке төмендете алады.Үшіншіден кейбір ақшалай қаражаттарының айналымы жоғары кәсіпорындар ағымдағы өтімділігі көрсеткішінің төмен дәрежесінде де өмір сүре алады.Ол әсіресе сауда саласындағы кәсіпорындарға қатысты.Бұл жерде өтімділік ақшалай қаражаттардың жоғарғы интенсивті ағымының негізінде қарастырылады.Көріп отырғанымыздай біздің кәсіпорында оның мәні жыл басына 0,32 тең болған,оның одан кейінгі мәні яғни жыл соңына 0,26 төмендеген.Оның өзгеріс динамикасы бұл жерде сәйкес кезеңде дебиторлық міндеттеменің көлемінің артуына байланысты орын алып отыр. Яғни, ол кәсіпорынның активтерінің көлемі аз болуына байланысты оның өзінің ағымдағы міндетттемелерін жабуға қаражаты жеткіліксіздігінің белгісі.Талданып отырған кәсіпорында оның мәні жыл басына қарағанда жыл соңында азайғанына қарамастан бұл жерде есептеулер бойынша нәтижелердің ақиқаттығын дебиторлық міндеттеменің сапасына(пайда болу уақытына,кәсіпорынның қаржылық жағдайы және т.б.) да байланысты.Бұл жерде бұл кәсіпорында аяқталмаған құрылысқа үлкен мөлшерде қаражат кеткенін байқауға болады.
Жедел өтімділік көрсеткіші-ол мағынасы жағынан ағымдағы өтімділік көрсеткішімен бірдей,бірақ оған қарағанда айналым активтерінің шағын тобынан есептеліп шығарылады,яғни өтімділігі төмен активтер есепке алынбайды.Бұлай есептеудің қисыны мұндағы ескерілетін активтердің жоғары өтімділігін ескерілетінде ғана емес,маңыздысы өндірісітік қорлардың амалсыздан сатылған бөлігінен түскен ақшалай қаражаттар оларды сатып алуға жұмсалған қаражаттан анағұрлым аз болуы мүмкін.Нарықтық экономикада егер кәсіпорын оларды сатқан кездегі есепке алынған бастапқы құнының 40 %, немесе одан да төмен соманы алатын болса,онда ол жағдай нашар деп танылады.Бұл коэфиценттің динамикасын зерттей келе,оның өсуі өтелмеген дебиторлық міндеттемелердің есебінен болса,әрине ол кәсіпорынның іскерлігінің теріс шамада екенінің бірден-бір белгісі болып табылады.
Жедел өтімділік коэфицентін есептеу қажеттілігі кәсіпорынның айналым қаражаттарының әрбір жеке категорияларының өтімділігінің дәрежелерінің әр түрлі болып келуінен туындаған.Егер, мысалы, ақшалай қаражаттар ағымдағы міндеттемелерді жабудың тікелей көзі болып табылса,ал қорлар бұл мақсатта тек олар сатылғаннан кейін ғана пайдаланыла алады,ал бұл дегеніміз оны анық сатып алушының табылуымен оның қолында дәл ақшалай қаражаттың болу болмауы тәуекеліне байланысты уақыт қажет етеді.Халықаралық стандарттар бойынша оның мәні 1-ден жоғары болуы қажет.Бұл кәсіпорында оның мәні жыл басына 0,46-дан 0,39-ға азайған .Ол да өз қатарында кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендегенін көрсетеді.Яғни бұл жерде айта кететін жайт оның өнімінің өілу көлемінің темендеуі де өз әсерін беруде.
Абслютті өтімділік көрсеткіші –кәсіпорын өтімділігінің ең қатаң критериі болып табылады.Ол қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерінің қандай бөлігі, керек болған жағдайда қолда бар ақшалай қаражаттар есебінен жабыла алатынын көрсетеді.Абсолютті өтімділік коэфицентінің мәні халық аралық тәжірибеде 0,2-0,25 аралығында орналасуы дұрыс деп танылған.
Басқа коэфиценттерге сәйкес абсолютті өтімділік коэфицентінің мәні де 0,005-тен 0,003-ке төмендеген.Бұл коэфицент қысқа мерзімді міндетттемелерді жабуға келетін таза ақшалай қаражаттарының көлемін көрсетеді. Көріп тұрғанымыздай оның да мәні шамалы.
Таза айналым капиталы кәсіпорынға айналым активтерінің жылдамдығы төмедеген жағдайда(мысалы,дебиторлық міндеттемелердің жабылуы тежелген кезде немесе өнімді өткізуге байланысты қиын жағдайлар туындаған кезде),айналым активтерінің құнсыздануы немесе олардың жоғалтулары орын алғанда(мысалы, дайын өнімге бағаның төмендеуі, дебитордың банкротқа ұшырауы) үлкен қаржылық тәуелсіздікпен қамтамасыз ете алады.Таза айналым капиталының оптималды сомасы кәсіпорынның іскерлігінің ерекшеліктеріне, кәсіпорынның көлеміне, өнімнің өткізілу көлеміне,материалды-өндірістік қорлармен дебиторлық міндеттемелердің айналым жылдамдығына,салалық ерекшеліктері мен шаруашылық конъюнктурасына да байланысты.Кәсіпорынның қаржылық жағдайында оның шамадан тым көп болуы немесе шамадан тым аз болуы да теріс әсер береді.Бұл қаражаттардың жеткіліксіздігі кәсіпорынның банкроттығына әкелуі мүмкін,өйткені ол оның қысқа мерзімді міндеттемелерін жаба алмауының белгісі.Оның жеткіліксіздігі шаруашылық іскерліктегі шығыстардан, қамтамасыз етілмеген дебиторлық міндеттеменің өсуімен,негігі құралдардың қымбат объектілерін, алдын ала осы мақсатқа ақша қорын жинақтамай сатып алған кезде,сәйкес пайданың орын алмауында дивиденттердің төленуі,кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелерін жабуға қаржылық қамданудың орын алмауынан болуы мүмкін.Ал оның мәнінің шамадан тыс үлкен болуы қорлардың тиімсіз қолданылуының белгісі.Оған мысал болып келесілер табылады: шаруашылық іскерлігінің қажеттілігінен жоғары мөлшерде несие алу немесе акциялар шығару, негізгі құралдарды сатудан айналым қаражаттарының жинақталуы немесе амортизациялық аударымдардың оларды жаңа құрылғыларға ауыстыру орын алмай тұрып жинақталуы,шаруашылық іскерліктен түскен пайданың тиімсіз қолданылуы.Біздің қарастырып отырған кәсіпорнымызда оның мәні біршама жоғарылаған.Оның динамикасының өсуі банктерден алынған несиенің көлемінің жоғарылауынан орын алып отыр.
Іскерлік белсенділік көрсеткіштеріне тоқталайық:
№3 кесте-іскерлік белсенділік көрсеткіштері (2005 жыл бойынша).
Іскерлік белсенділік көрсеткіштері | Формуласы | Жолдын коды | Мәні |
1активтер айналымы | Таза пайда/ Активтердің орташа жылдық сомасы | 39.001/024жб-023жб+024жа-023жа | 3 |
2.дебиторлық міндеттеменің айналымы | 365/өнімді өткізуден түскен таза пайда/сатып алушылардың таза орташа жылдық дебиторлық міндеттемесі | 365/39.001/018 орт мәні | 12 |
3.кредиторлық міндеттеменің айналымы | 365/сатылған өнімнің өзіндік құны/жабдықтаушыларға ортажылдық кредиторлық міндеттеменің сомасы | 365/39.002/036/2 | 31 |
4.материалды-өндірістік қорлардың айналымы | 365/сатылған өнімнің өзіндік құны/материалды-өндірістік қорлардың орта жылдық құны | 365/39.002/015жб-019жб+015жа-019жа | 25 |
5.операциондық циклдың ұзақтығы | Күнмен көрсетілген дебиторлық міндеттеменің айналымы+күнмен көрсетілген материалды-өндірістік қорлардың айналымы | П2+П4 | 37 |
жолдың коды | Көрсеткіштер | 2007 жыл басына мәні | 2007 жыл басына мәні |
100.39.001 | Тауарларды өткізуден түскен түсім | 1355970 | |
100.38.024 | Ағымдағы активтер бөлімінің түпкі сомасы | 7914519147 | 959568876 |
100.38.023 | Ағымдағы активтер бөлімінің жиынтық сомасы | 401839447 | 455687537 |
100.38.018 | Дебиторлық міндеттемелер | 211728308 | 221227989 |
100.39.002 | Өткізілген өнімнің өзіндік құны | 149349 | |
100.38.036 | Кредиторлық міндеттеме | 720285134 | 847995659 |
100.38.015 | Материалдар | 7150847 | 216482 |
100.38.19 | Болашақ мерзім шығындары | 176322338 | 228724840 |
(Кестеге ақпарат көзі-қосымша 1 негізінде жасалған)
Іскерлік белсенділік коэфиценті кәсіпорынның өз қаражаттарын қолдануының тиімділігін көрсетеді.Әрине бұл топқа айналымның әр түрлі көрсеткіштері кіреді.
Дебиторлық міндеттеменің айналым коэфиценті бойынша есептілік кезең ағымында канша рет дебиторлық міндеттеме ақшалай қаражатқа айналғанын анықтайды.Бұл коэффицент өнімді өткізуден түскен түсімді таза дебиторлық міндеттеменің орта жылдық құнына қатынасымен анықталады.Бұл шаманы кредиторлық міндеттеменің айналым коэфицентімен салыстырған пайдалы.Мұндай талдау жасау кәсіпорынға өзі қолданатын басқа кәсіпорындардан алған коммерциялық несиемен өзі басқа кәсіпорындарға тура сондай жағдай мен ұсынатын несиені сәйкестендіруіне мүмкіндік береді.
Кредиторлық міндеттеменің айналым жылдамдығының коэфиценті өнімді өткізуден түскен түсімді таза кредиторлық міндеттеменің орта жылдық құнына қатынасымен анықталып кәсіпорынға ағымдағы шоттарын жабу үшін қанша айналым қажет екенін көрсетеді.
Материалды-өндірістік қорлардың айналым коэфиценті бұл қорлардың сатылу жылдамдығын көрсетеді.Ол сатылған өнімнің өзіндік құнын материалды-өндірістік қорлардың жылдық құнына қатынасына тең.Оны көбінесе күнмен есептейді сонда ол қордың ақшаға айналуы үшін қанша күн керектігі анықталады. Осы коэфицент неғұрлым жоғары болса соғұрлым кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты деп саналады.
Операциондық цикл ұзақтығы-бұл көрсеткіш бойынша кәсіпорынның өнімін өндіру үшін қаншаи күн оташа керектігін анықтайды.(12)
Рентабельділік коэфиценттері кәсіпорынның іскерлігі қаншалықты пайдалы екеніні көрсетеді.Бұл коэфиценттер табылған пайданың сатылған өнім көлеміне қатынасымен анықталады.
Қаржылық менеджментте ең көп қолданыс табатын кәсіпорынның барлық активтерінің рентабельділігі, өнімнің сатылу рентабельділігі және меншікті капитал рентабельділігі коэфиценттері.
Коммерциялық ұйымның қаржылық іскерлік белсенділігі оның дамуының динамикасынан көрінеді,яғни ол экономикалық әлеуетті тиімді қолданудың натуралды көрсеткіштіштерін және өзінің өнімін өткізудегі арналардың кеңейюнен көрінеді. Белсенділік іскерлік көрсеткіштерін сапалы түрде бағалау үшін осы коммерциялық ұйымның көрсеткіштерін оның іскерлігінің қосымша көрсеткіштерін қолдану арқылы қол жеткізіледі.Ондай қосымша ақпараттарға:өнімді өткізу нарығынгың көлемі,экспорттың көлемі,коммерциялық ұйымның нарықтағы беделі,ал ол оның қызметін қолданатын клиенттердің әйгілігінде, және олармен байланыстың тұрақтылығы және т.б. жатады. Белсенділік іскерлік көрсеткіштеріне келсек бірінші көрсеткіш,яғни активтердің айналымдылық көрсеткіші кәсіпорының қолында бар барлық қорын пайдалану тиімділігін көрсетеді.Яғни сәйкес пайда әкелетін айналымның жыл көлемінде неше рет жүретінін көрсетеді.Іскерлік белсенділікке талдау мен сандық баға беру екі бағытта жасалуы мүмкін: 1) негізгі көрсеткіштер бойынша жоспардың орындалуы, олардың өсуіне қарқын беру 2)коммерциялық ұйымның ресурстарын тиімді қолдану.Кез-келген коммерциялық ұйымның ағымдағы іскерлігі әр жағынан бағалануы мүмкін біздің елімізге өткізілген өнім көлемі мен пайда көлемі басты болып табылады.Олармен қатар талдауда коммерциялық ұйымның іскерлігінің өндірістік іскерлігінің ерекшелігін сипаттайтын көрсеткіштер де қолданылады.Бұл көрсеткіштердің әр қайсысы бойынша, белгілі бір көрсеткіш жоспарланады немесе ішкі өндірістік норматив қойылады,сол бойынша есептік мерім өткен кезде салыстырулар жүргізіледі.Негізгі көрсеткіштердің динамикасына келсек олардың өзгерісінің қарқынын сәйкестіндергенде ғана дәл ақпаратты шешімдерге келуге болады.Көптеген жағдайларда олардың қарқындық көрсеткіштерінде келесідей қатынас ұсталады:
100 % < Тс < Тr < Tp
Мұндағы Тс,Тr,Tp-сәйкесінше жалпы өзара көрсеткіштер өзгеріс қарқыны,коммерциялық ұйымның авансталған іскерлігі,өткізілегн өнім көлемі мен пайданың өзгеріс қарқыны.Бұл солдан оңға қарай қарастырылатын теңсіздік нақты экономикалық интерпретациясы бар.Сонымен бірінші теңсіздік коммерциялық ұйымның экономикалық әлеуеті жоғарылауын, яғни оның іскерлігінің масштабтары өсуде.Екінші теңсіздік-экономикалық әлеуетінің өсіміне қарағанда,өнімді өткізу көлемінің қарқыны жоғарырақ тұратынын,яғни кәсіпорының ресурстарын қолдану тиімділігі жоғарылайды және кәсіпорынға салынған әр бір тенгенің қайтарымдылығыны жоғарылағанын көрсетеді.Үшінші теңсіздіктен пайда олардан жоғарырақ қарқынмен өсіп келе жатқанын көрсетеді,ал ол өз қатарында есептік мерзім көлемінде технологиялық үрдіс пен мердігерлермен қары-қатынасты жоғарылату барысында өндіріске кететін шығындардың салыстырмалы түрде азайғанын көрсетеді.
Біз қарастырып отырған кәсіпорнымызда оның мәні шамамен 3-ке тең.Бұл өте төмен көрсеткіш.Бұл жерде бірақ салалық ерекшеліктерді де ескеру қажет.Біздің кәсіпорнымызда бос ақшалай қаражаттарды тиімді қаржылық нарықта тиімді қаржылық құралдарға орналастыратын арнайы маманның жоқтығы да өз әсерін тигізуде.Кәсіпорын мұнай өндіру саласында жұмыс жасайды, оның өнімінің өтуі әлемдік нарықпен өте тығыз байланысты.
Келесі көрсеткіш дебиторлық міндеттеменің айналым көрсеткішіне келейік ол есептік мерзім ағымынджа дебиторлық міндеме қаншама рет ақшалай қаражаттарға айналғанын көрсетеді.Бұл көрсеткішке талдау жасау үшін басқа базалық көрсеткіштің болмағанымен оны кредиторлық міндеттеменің айналымымен салыстырған өте пайдалы.Біздің қарастырып отырған кәсіпорнымызда оның мәні 12 тең.Жалпы жоғарыда айтылған салыстырым әдісіне келетін болсақ кәсіпорын өзі алып отырған несиенің бағасын, өзі басқа кәсіпорындарға ұсынып отырған ақшалай қаражаттардың бағасымен салыстыру керек.Біздің жағдайымызда ол ешқандай кәсіпорындарға несие негізінде қаражат ұсынбайтындықтан біз оны халықаралық стандарттарға қабылданған мәнімен салытырамыз.Ол онда 8-ге тең деп көрсетілген,ал біздің көрсеткішіміз одан жоғары,яғни ол одан 4 бірлік жоғары жылдамдықта айналымда.Яғни бұл кәсіпорынның дебиторлық міндеттемесінің көлемі жоғары болғанымен ол есепті мерзім ағымында жеткілікті айналымда болғандықтан кәсіпорын уақтылы өзінің міндетті аударымдарын жасап отырған.
Кредиторлық міндеттеменің айналым көрсеткіші кәсіпорынға өзінің шоттары бойынша есептесу үшін қанша күн керек екенін көрсетеді.Біздің кәсіпорынға анықталғандай 31 күн қажет.
Келесі көрсеткіш материалды өндірістік қорлардың айналым коэфиценті.Біздің кәсіпорын жағдайында материалды-өндірістік қорлардың сатылуына 25 күн қажет екені анықталды.
Жалпы неғұрлым бұл көрсеткіш жоғары болса соғұрлым бұл айналым қаражаттар өтімділігінің аз екенін көрсетеді.Неғұрлым өтімдлігі жоғары айналым қаражаттарының көлемі жоғары болса,соғұрлым кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты деп танылады.
Әсіресе қорлардың айналымы жоғарылап көлемінің азаюы кәсіпорнның пассив бөлімінде қарыздарының көлемі жоғары болғанда тиімді.Бұл жерде нарықтың ыңғайсыз конъюктурасында қорлармен ештеңе істеп үлгермей жатып, кредиторлар жағынан міндеттемелер бойынша өтеулерді талдап етуі мүмкін.
Соңғы көрсеткіш, операциондық мерзімнің ұзақтығы.Бұл көрсеткіш жалпы кәсіпорын өнімін өндіріп,сатып,яғни ақша тоық айналымына қанша уақыт қажет екенін көрсетеді.Біздің кәсіпорын үшін оның мәні есептеулер көрсеткендей тең.
2.2 Капитал құрылымының көрсеткіштерін бағалау
Келесі капитал құрылымының көрсеткіштерін қарастырайық.Бұл көрсеткіштер кәсіпорында ұзақ мерзімді қаражаттары бар инвесторлар мен кредиторлардың қорғаныс дәрежесін сипаттайды.
К№ 5-кесте-капитал құрылымының көрсеткіштері.
Капитал құрылымының көрсеткіштері | Формуласы | Жолдың коды | Мәні |
1.меншік коэфиценті | Меншік капитал/баланстың түпкі сомасы | 38.030-38.028/38.024-38.023 | -1,57 |
2.Қаржылық тәуелділік көрсеткіші | Қарыз каитал/меншік капитал | 38.033+38.042/38.024-38.023 | 1,9 |
3.Кредиторлардың қорғаныс коэфиценті | Таза пайда+пайыздарды төлеу бойынша шығындар+пайдаға салық/пайыздарды төлеу боынша шығындар | 39.011+39.004(с)+39.008/ 39.004(с) | 4,2 |
жолдың коды | Көрсеткіштер | 2007 жыл басына мәні | 2007 жыл басына мәні |
100.38.030 | Меншік капитал бөлімінің түпкі сомасы | 446165582 | 769905858 |
100.38.028 | Резервтік капитал | ||
100.38.024 | Ағымдағы активтер бөлімінің түпкі сомасы | 7914519147 | 959568876 |
100.38.023 | Ағымдағы активтер бөлімінің жиынтық сомасы | 401839447 | 455687537 |
100.38.033 | Ұзақ мерзіммді міндеттемелердің түпкі сомасы | 149349 | |
100.38.042 | Ағымдағы міндеттемелер бөлімінің жиынтық сомасы | 1237617496 | 17529474734 |
100.39.011 | Таза табыс | 0 | 323740276 |
100.39.004(с) | Пайыздарды өтеуге байланысты шығындар | 98477571 | |
100.39.008 | Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар |
(Кестеге ақпарат көзі-қосымша 1 негізінде жасалған)
Капитал құрылымының көрсеткіштері кәсіпорынға ұзақ мерзімге қаражат салған инвесторлар мен кредиторлардың мүмкін жоғалтулардан қорғаныс дәрежесін көрсетеді.Яғни кәсіпорынның ұзақ мерзімді қарыздарын өтеу қабілетін көрсетеді.Бұл топтың коэфиценттерін төлемқабілеттік коэфиценті деп те атайды оларға: меншік коэфиценті,қаржылық тәуелділік коэфиценті және кредиторлардың мүмкін жоғалтулардан қорғаныс коэфиценті кіреді.
Меншік коэфиценті кәсіпорынның жалпы капиталындағы меншік капиталының үлесін көрсетеді.Батыс тәжірибесінде оның көлемі 60 % -дай және одан жоғары болғаны кәсіпорынның жеткілікті қаржылық тұрақтылығын көрсетеді деп саналады.
Қаржылық тәуелділік коэфиценті кәсіпорынның қаражаттың сыртқы көздерінен тәуелділік дәрежесін көрсетеді.Оның мәні неғұрлым жоғары болса соғұрлым кәсіпорынның қарыздарының көлемі жоғары.Нарықтық экономика жағдайында оның мәні бірден аспау керек деп қабылданған.
Кредиторлардың мүмкін жоғалтулардан қорғаныс коэфиценті ұсынылған несие үшін пайыздардың өтелмей қалу жағдайынан кредиторлардың қорғаныс дәрежесін көрсетеді.Осы көрсеткіш бойынша есептілік период ағымында кәсіпорын қарыздар бойынша пайыз өтеу үшін қанша қаражат тапқанын көрсетеді.
Меншік коэфиценті кәсіпорынның капиталындағы меншік капиталдың үлесін сипаттайды.Сәйкесінше кредиторлар мен кәсіпорынның меншік иелерінің қарым қатынасын айқындайды.Жалпы батыс тәжірибесінде оның мәні,яғни меншік капитал жалпы капиталдың 60 % немесе одан жоғары мән болғаны дұрыс деп қабылданған.Біздің кәсіпорында оның мәні -1,57-ге тең әрине бұл өте аз шама.[]
Бұл кәсіпорынның сыртқы қаражаттарға тәуелділігін сипаттайды.Неғұрлым ол жоғары болса,кәсіпорынның соғұрлым қарыздары көп.Көрсеткіштің мәнінің деңгейінің жоғарылылығы да кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының тапшылығын тудыруы да мүмкін.Бұл көрсеткіштің интерпретациясы көптеген факторларға тәуелді.
Батыс тәжірибесінде бұл кәсіпорынның мәні 1-ден аспауы қажет.Біздің кәсіпорында оның мәні 1,9-ге тең.Яғни біздің кәсіпорнымыздың сыртқы қаражаттарға тәуелділігі өте жоғары.
Келесі көрсеткіш кредиторлардың қорғаныс көрсеткіші-ол ұсынылған несие үшін кредиторларға пайыздың берілмей қалу қаупінен қорғаныс дәрежесін көрсетеді.Біздің кәсіпорында оның дәрежесі өте төмен-4,2.
Әр түрлі шаруашылық субьектілердің және бір кәсіпорынның әр түрлі бөлімдерінің жұмысының тиімділігін қарастырғанда көзделген пайданың,рентабельділіктің немесе табыстылықтың шамасы туралы сөз қозғалуда.Жоғарыда көрсетілгендей рентабельділікті есептеудің алгоритмдері көп.Бірақ егер де бір көрсеткішті қарапайым алгоритммен әр түрлі есептеу әдістерін қолданып шығарғанның өзінде оның мәндері әр түрлі болуы мүмкін.Бұл жерде бухгалтерлік стандарттардың және есептілікті құрудың қағидаларының әр түрлілігінде ғана емес.Рентабельділік көрсеткішткері бір мәнді кәсіпорындардың қаржылық жағдайы бірдей деп айтуға болмайды.Және де олардың іскерлігінің қай салада болуына байланысты шығындары да әр түрлі көлемде,әрине түсетін пайданың көлемі де әр түрлі.
Екінші бөлімді қорытындылай келе жалпы ЖШС «СП «FIAL» кәсіпорнының қаржылық жағдайына келетін болсақ,баланстың көптеген бөлімінде активтер бойынша азаюлар,дебиторлық міндеттелердің көбеюі орын алып отыр.Және қаржылық көрсеткіштердің мәні де соған сәйкес қуантарлық емес.Бұл кәсіпорында ақшалай қаражаттардың үлкен бөлігі кен орнымыздағы аяқталмаған өндіріске,мұнай кен орнын зерттеуге,ондағы мұнайдың құрамын анықтауға байланысты зерттеу жүргізген университеттерінің (мысалы Актаудағы-НИПИНЕФТЕГАЗ) қызметтеріне,бас бөлімдегі,бөлімшелеріндегі және де кен орнындағы жұмыскерлердің жалақысына және тағы басқа жұмыс барысында шығындар орын алған.Ал бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмен болғанына қарамастан банктерден несие ала-алу қабілеті-бұл кәсіпорынның үлес иелерінің беделі және кәсіпорынның салалық ерекшелігіне байланысты.Ол үлес иелерінде бұл кәсіпорын сияқты тағы да осы салада 5-6 кәсіпорны бар.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның өз іскерлігін қаржыландыру мүмкіндігі болып табылады.Ол кәсіпорынның жалпы іскерлігінің дұрыс жүруі үшін қаржылық ресурстардың жеткіліктілігімен,оны қолданудың тиімділігімен,оны орналастырудың мақсаттылығымен,басқа жеке және заңды тұлғалармен қаржылық қатынастары,төлем қабілеттігі және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты,тұрақты емес және дағдарысты жағдайда болады.Кәсіпорынның уақтылы төлемдерді төлеп тұруы,өз іскерлігін қаржыландыруы кең мағынада оның қаржылық жағдайының жақсы екенін көрсетеді.Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның өндірістік, коммерциялық және қаржылық іскерлігінің нәтижесіне байланысты.Егер өндірістік және қаржылық жоспарлар жақсы орындалып жатса,онда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң әсер етеді және керісінше,өнімді өндіру мен оны сату жоспарының орындалмауы оның өзіндік құнының өсуіне,пайданың түсімі мен сомасының азаюына,осының әсерінен кәсіпорынның қаржылық жағдайы және төлем қабілеттігінің төмендеуіне әкеледі.
Тұрақты қаржылық жағдайы өз кезегінде өндірістік жоспардың орындалуына және өндірісті қажетті ресурстармен қамсыздандыруға оң әсер етеді. Сондықтан қаржылық жағдай шаруашылық іскерліктің негізгі бөлігі ретінде ақшалай қаражаттардың жоспарлы түсуімен шығындалуын қамсыздандыруға,есептік тәртіптің орындалуына,меншікті және тартылған қаражаттың рационалды арақатынасы мен оның тиімді қолдануына бағытталады.
Нарықтық экономиканың қатал жағдайына төтеп беру және кәсіпорынның банкротқа кетуіне жол бермеу үшін,қаржыны қалай басқаруды,капиталдың құрылу көзімен құрамының қандай болуы керектігін,яғни қанша бөлігін тартылған,ал қанша бөлігін меншікті қаражат алатынын жақсы білуқ қажет. Нарықтық экономиканың келесідей түсініктерін де білген жөн,оларға-іскерлік белсенділік,өтімділік,төлем қабілеттілік,кәсіпорынның несиелік қабілеттігі,рентабельділік шегі,қаржылық жағдайдың қоры,тәуекел дәрежесі, қаржылық тұтқа нәтижесі және тағы басқалармен оларды талдаудың әдістемесін білу керек.
Сондықтан қаржылық талдау қаржылық менеджменттің және аудиттің маңызды бөлігі болып табылады.Тәжірибеде қаржылық есепті қолданушылардың барлығы қаржылық талдаудың әдістерін өздерінің мәселерін шешу мақсатында, оптималды шешімдер қабылдау үшін қолданады.
Меншік иелері қаржылық есепті капиталдың табыстылығын және кәсіпорынның тұрақтылығын арттыру үшін талдайды.Кредиторлар мен инвесторлар қаржылық есептілікті өздерінің қарыздарымен салымдары бойынша тәуекелдерін төмендету үшін талдайды.Қабылданатын шешімдердің сапасы шешімнің аналитикалық негізінің сапасына тікелей тәуелді деп нық айтуға болады.Соңғы жылдары қаржылық талдауға арналған көптеген басылымдар шыға бастады.Шетел тәжірибесі де белсенді түрде қолданылуда.
Талдаудың мақсаты кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап бағалау ғана емес оның ілгері басуына бағытталған жұмыстар кешенін жүргізу.Кәсіпорынның қаржылық жағдайы іскерлікті қандай бағыт бойынша жүргізу керектігін анықтап,кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы әлсіз және күшті жақтарын анықтауға мүмкіндік береді.Осыған сәйкес талдаудың нәтижелері кәсіпорынның іскерлігінің белгілі бір мерзіміндегі қаржылық жағдайын жоғарылатудың негізгі әдістері қандай деген сұраққа жауап береді.Бірақ талдаудың негізгі мақсаты болып қаржылық іскерліктің қателіктерін уақытында анықтап оларды жою және кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен төлем қабілеттігін жоғарылатудың жаңа көздерін табу болып табылады.Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштердің жүйесі қолданады-
1.капиталдың пайда болу көздеріне байланысты құрылымы
2.оны қолданудың тиімділігі
3.кәсіпорынның төлем қабілеттігі мен несиелік қабілтеті
4.оның қаржылық жағдайының қоры.
Ұйымның қаржылық жағдайын бағалау үшін ақпараттың негізгі көзі болып бухгалтерлік есептілік табылады.Бухгалтерлік есептілік-ұйымның қаржылық және мүліктік жағдайы мен оның шаруашылық іскерлігінің нәтижесі туралы ең негізгі ақпарат көзі болып табылады.Бұл құжат кәіпорынның іскерлігіне сипат беру мен қатар бухгалтерлік есептіліктің формаларының толық жинағын ұштастырады,сонымен қатар Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен есептілікті қадағалайтын нормативтік актілерге сәйкес бекітілген арнайы формаларды да қамтиды.
«Бухгалтерлік есеп туралы»заңға сәйкес 1997 жылдан бастап қаржылық есептіліктің құрамына келесідей құжаттар кіреді:
1)Бухгалтерлік баланс
2)Кәсіпрынның қаржылық-шаруашылық іскерлігі туралы есептілік
3)Ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есетілік
Сонымен қатар қосымша түсініктемелік және қаржылық есептілік негізінде құрылған басқа да құжаттар мен бірге жинақталған болады.Түсініктемелік құжатта осы субьект қандай есепке алу мен есептіліктің саясатын қолданатыны,сонымен қатар қаржылық есептілікті қолданатындардың сұранысына қарай басқа да маңызды ақпараттар болады.
Қаржылық есептілік жүйесінде басты рөлді бухгалтерлік баланс алады.Ол маңызды функциаларды орындайды.
Бухгалтерлік баланс,біріншіден меншік иелерін,менеджерлер мен басшыларына шаруашылық субьектінің мүліктік жағдайы туралы толық ақпарат береді.
Екіншіден,баланс бойынша кәсіпорын үшінші тұлғалардың алдында жақын арада өз міндеттемелері бойынша есептесе алу мүмкіндігін көрсетеді.
Үшіншіден актив пен пассив бөлімдерінің мазмұны ішкі және сыртқы қолданушыларға қолдануға мүмкіндік береді.Қаржылық есептіліктің басты құжаты бола отырып, бухгалтерлік баланс есептілік мерзімдегі кезеңге кәсіпорынның мүлкінің құрамы мен құрылымын,ағымдағы активтердің өтімділігі мен айналымын,меншікті капитал мен міндеттемелердің көлемін, дебиторлық және кредиторлық міндеттемелердің жағдайы мен динамикасын,кәсіпорынның несиелік қабілетімен төлемқабілетін көруге болады.
Баланстың ақпараттары бойынша кәсіпорынның капиталының орналасуының тиімділігін,оның ағымдағы және болашақтағы іскерлігі үшін жеткіліктілігі мен оларды тарту көздерінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.Баланс екі бөлімнен тұрады:актив және пассив бөлімінен.Активтер есепті мерзімге кәсіпорын бақылап отырған мүлкімен құқықтардың құны ретінде сипатталған.Пасивтер кәсіпорынның несиелік міндетемелері мен қарыздарын көрсетеді.Мүліктің түрлері мен оның құралу көздері сапалы белгісі бойынша сипатталған.
ЖШС СП «FIAL» кәсіпорнының қаржылық жағдайы толық бағаланып,оның қандай жағдайда екені анықталды.Кәсіпорынның балансына көлденең талдау жүргілізіп,барлық көрсеткіштер есептелді.Екінші бөлімнің жалпы қорытындысы бойынша ЖШС СП «FIAL» кәсіпорнының жағдайы әлсіз деп танылды.
Сондай-ақ,қаржылық жағдайды оңға қарай жылжытудың әдістері жолдары және жалпы ұсыныстар мен салықтарды оптимизациялаудың жолдары қарастырылды.
Олар «Ұйымның қаржы-экономикалық жағдайы» деп аталатын статистикалық есептіліктің жеке формасын дайындау және міндетті түрде бухгалтерлік есептің ақпараттары арқылы толтырылып және өткен кезеңдер бойынша есептеліп дайын тұрған қаржылық көрсеткіштердің мәнінен құралуы қажет.Яғни,ол қосымша есептеулер жүргізіп жатпай-ақ көрсеткіштердің өзгеріс динамикасын байқау үшін қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Журнал «Банки Казахстана»-№6,2007 «Цель,задачи,формы и методы финансового анализа экономических субьектов » Сулейменова Г.Н.[18-22 беттер]
2.Журнал «Мир Финансов» «Анализ Рентабельности» Информационно-консультативная фирма «Альт» Вед. Консультант Гусаков В.«Принципиальный подход по определенью причин ухудшения финансового состояния организации и рычагов его оптимизации».2007ж [32-41 беттер]
3.Мельников В.Д,Ильясов К.К «Финансы» ,А-2001[32-36 беттер]
4.К.Ш Дюсембаев,С.К Егембердиева.,З.К Дюсембаева «Аудит и анализ финансовой отчетности»,А-Қаржы-қаражат-1998.[334-359 беттер]
- Под ред.Е.С Стоянова «Финансовый менеджмент» М-2006[33-83 беттер]
- Ковалев В.В. Финансовый анализ управления капиталом. Выбор инвестиции, анализ отчетности. М.: Финансы и Статистика. 2000[35-43 беттер]
- Ковалев В.В., Волкова О.Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. М.: Проспект. 2000[46-57 беттер]
- Мельников В.Д,Ли В.Д «Общий курс финансов» А-2001[56-60 беттер]
- Балабанов «Финансовый менеджмент»[76-84 беттер]
- Анализ хозяйственной деятельности в промышленности \ под ред. В.И. Стражева. Мн.: Выш. шк. 2000[36-40 беттер]
- Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия, 7 – е издание. Мн: Новое здание. 2002[42-47 беттер]
- Салық кодексі-2007 жылға арналған[76-81 беттер]
- Гущина И.И., Агапова М.В. Финансовый анализ деятельности предприятия. // Бухгалтерский учет и налоговое планирование. 1999 [72-81 беттер]
- 2005-2006 жылдарға аралған ТОО СП «FIAL» кәсіпорнының қаржылық есептілігі.
- 2006-07 жылға арналған ТОО СП «FIAL» кәсіпорнының бухгалтерлік балансы.
- 2007 жылға арналған ТОО СП «FIAL» кәсіпорнының табыстар мен шығындары туралы есептілігі.
- 2007 жылға арналған ТОО СП «FIAL» кәсіпорнының ақшалай қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік.
- Под ред.Е.С Стоянова «Финансовый менеджмент» М-2006[182-187]
- Журнал «Банки Казахстана»-№12,2007 «Анализ и оценка консолидированной финансовой отчетности акционерами» М.К Алиев.,к.э.н., доцент КазАТК им.М.Тынышбаева[32-37 беттер]
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024