Ұлыбританияда жақында ғана аяқталған сайлау - Консервативтік партиясының сайлауалды ұранында айтылғандай «күшті және тұрақты» үкіметтің құралуын қамтамасыз етуге тиіс болатын. Ол керісінше жасап, «асылып тұрған парламент» деп аталатын жағдайға апарып, кейінірек осы жылы тағы да бір жалпы сайлау ықтималдығын жасады.
Сонымен қатар, Еуропалық Одақтың басқа да 27 мүшелерімен Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы туралы өтетін келіссөздердің аяқталуына да аз уақыт қалды. Брексит келіссөздерінің қаншалықты күрделі болатынын, және британдық саясаткерлер мен шенеуніктердің оларға дайын еместігі туралы қам жеген әркім үшін бұл күңгірт болашаққа апарар жолдай көрінеді.
Асылып тұрған парламент жағдайы және үкіметте тори қауымдастығының азырақ қалыптасуы Ұлыбритания саясатын кем дегенде ЕО-мен болашақ сауда қарым-қатынас тұрғысынан «жұмсақ» Брексит бағытында жүргізуі мүмкін, бірақ бұл жағдай Британияның саяси көшбасшыларының келіссөздерді сәтті жүргізе алмауына де себеп болар. Британдықтар ЕО басшылары жанашырлық көрсетуге дайын деп үміттенеді, себебі сайлаушылардың бір айқын хабары - олардың ұсынылған балама таңдауларға сенімді болмауы болып табылады.
Бірақ, Брекситсіз-ақ Ұлыбритания экономикасы, сайлау науқаны барысында еленбеген, айтарлықтай қиындықтарға тап болады. Олардың бірі сауда және технологиялар тұрғысынан жеңімпаздар мен жеңілгендер арасындағы ұзақ уақыт бойы орын алған алшақтыққа байланысты, және осы себеп былтырғы Брекситке дауыс бергендердің ойын түсіндіруге көмектесе алады.
Осыған байланысты тағы бір мәселе, Ұлыбритания өнімділігінің қорқынышты төмен деңгейі болып табылады. Әрине, кеңінен сайлауда колданылған, жеңімпаздар мен жеңілгендер арасындағы алшақтық Ұлыбритания үшін бірегей емес; ол популизм және Батыстағы үкіметке қарсы саясаттың басқа да нысандарын тудырған. Сондай-ақ, Ұлыбритания жалпақ немесе баяу өнімділік өсуі байқалған жалғыз ел емес.
Бірақ Ұлыбританияның өнімділік деңгейі G7 орташа көрсеткіштен салыстырғанда, шамамен 16% -ға төмен. Және бұл ЕО-дағы ең аймақтық теңдеспеген экономика болып табылады.
Ұлыбритания өнімділігін арттыру үшін, мемлекеттің өнімділігі аз аймақтарын көтеру керек. Брексит дауыс беру нәтижесіне сәйкес, әсіресе осы кедей аймақтарға бас назар аудару қажет, себебі ЕО-дан шығу керекпіз деп айтқандардың іріткі саясатын шешу, және Ұлыбританияның ірі сауда әріптестерінен ажыраудан туындаған экономикалық зиянды азайту керек.
Терең құрылымдық проблемаларды шешу үміті Мэй басқарған үкіметтің сайлау алдындағы айтылған, өнеркәсіптік стратегияны қабылдау ниеті туралы хабарландырумен келді. Өнеркәсіптік саясат Мэйдің корпоративтік ниетімен сәйкес болғанымен, Ұлыбританияның саясаттағы топтары 1970 жылдардан бері бұл идеяға қарсы болған.
Шенеуніктер, авто өндірушілер және болат өндірушілер сияқты құлдыраған компанияларды қолдауға немесе, сәтті болуы екіталай жаңа технологияларға (Concorde, DeLorean автомобильдері) инвестиция салуға арналған сәтсіз мемлекеттік араласу кездерін қорқынышпен еске алады. Neddy ретінде белгілі болған стратегиялық мемлекеттік араласуға арналған ұлттық экономикалық дамыту кеңсесінің абыройын төмендету, 1979 жылғы сайлаудан кейін Маргарет Тэтчер үшін тез және оңай іс болды, және бұл мекемені оның орнын басқан Джон Мейджор 1992 жылы мүлдем жойды.
Өнеркәсіптік саясатқа қарсылық оны субсидиялар және салық қысқартуларымен теңестіре ойлағандар арасында әсіресе өткір болып табылады. Дегенмен, үкіметтің үнемі экономикаға араласып жүруін ескерсек, әрине, оның жеке сектормен байланысын әлдеқайда стратегиялық көзқараспен қарастыруға болады. Шынында да, кейбір кездейсоқ және маңызсыз көрінген өнеркәсіптік саясаттар сәттірек болған.
Лондон Сити және Канари Ворф инфрақұрылымымна зор инвестициялар, саналы реттеу арқасында бір бенефициары ретінде қаржы секторын атап өтуге болады. «Патенттік терезе» атты арнайы салықтан босату үзілістері және NHS сияқты үлкен клиенті арқасында, тағы бір бенефициар фармацевтикалық өнеркәсіп болды.
Креативті сектор де BBC арқасында пайда көрді. Тұрақты саяси шабуыл астында болғанына қарамастан, BBC нағыз қоғамдық серіктес сияқты жұмыс жасайды, яғни ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жүргізеді, техникалық стандарттарды белгілейді, дағдыларды даярлау мен оқытуды іске асырады, сондай-ақ Ұлыбританияның ең табысты тауар өндірушілері және экспорттаушылары арасындағы шағын және орта фирмалардан қызметтер мен тауарларды ашық процесс арқылы сатып алады.
Өнеркәсіп саясатын іске асырудың экономикалық негізі, ол стратегияны үйлестіру, тәуекелдерді біріктіру және қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету құралы ретінде қарастырылса, дәлелді болып табылады. Сәтсіз салаларды одан әрі асқақтата түсу немесе нақты технологияларға барлық күшті салу сияқты ескі қателердің бәсекелестік және мемлекеттік көмекке негізделген күшті саясат және белгілі бір компанияларға ғана көмек көрсетуді тоқтату арқылы алдын алуға болады ( яғни авто сектор үшін қолдау, тек ағымдағы фирмаларды қолдау ретінде саналмауы қажет).
Белгілі бір, айқын индустриялық саясатқа қарсы пікірлер де нанымды. Экономиканың аймақтық біржақты дамуын үкімет араласуының кездейсоқ сипатымен түсіндіруге болады. Мысалы, жалақы мөлшерлемесі немесе жылжымайтын мүлік бағасы сияқты нарықтық көрсеткіштерге негізделіп жасалған инфрақұрылымдық жобалардың әлеуетті шығын-пайда талдауы, Лондон айналасында өскелең инвестицияларға, ал Ұлыбританияның солтүстігінде инвестициялардың азаюына апаратын тұйық шеңберді құрайды.
Стратегиялық көзқарас бойынша, басқа жерлерде жаңа кластерлерді орнатудың өнімділік үшін пайдасы бар, мысалы Англияның солтүстік-шығысына Ұлыбритания автоконцернін салу және BBC өз кеңсесін Салфорд, Үлкен Манчестерге көшіргенде, елдің екінші ірі хабар тарату-медиа секторын Лондондан тыс орнату сияқты шараларды атап өтсек болады.
Нақты саяси шаралардың тарихи пайдасы мен кемшіліктері бар. Ұлыбританияда ұзақ уақыт бойы тұрақсыз саясат пен газеттерде басты тақырып болған (бірақ тиімсіз) бастамалар дәстүрі болғандықтан, ендігі нақты міндет өміршең бастамаларды жүзеге асыру және үкіметтің жеке сектормен өзара байланысын қалыптастыру үшін саяси және институционалдық негіз құру болып табылады.
Әрине, кез-келген сайлау алдындағы саяси идеялар, саяси мәмілелер немесе соңғы сайлау нәтижесінде орын алған жаппай белгісіздік құрбанына айналуы мүмкін. Бұл ұят болар еді. Саяси тұрақсыздық өскен сайын, британ экономикасының алдында тұрған терең мәселелер мен міндеттерді шеше бастайтын құрылым қажеттілігі де өсе бастайды.
Автор туралы: Диана Койл - Манчестер университетінде экономика профессоры және Poilcy@Manchester директоры.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024