Қоғамдық өндірісті интенцивтендіру негізінде экономиканы құрлымдық қайта құрудың міндеттері жаңа инвестициялық саясатты ұсынады.
Әрбір кезеңдегі құрлымдық өзгерістер дәрежесін жағымды жағдай деп қарауға болады, ол мынаған тәуелді:
а) өнім өндірудің жалпы өсу қарқына;
б) салалық эстетикалық өсімге.
Соңғысы өнім өндіру қарқынының бүкіл өңдеуші өнеркәсіптің өсу қарқыны қатынасын көрсетеді. Осыған орай өнеркәсіптің салалық көрсеткіштерін үш топқа бөлуге болады:
- Өсудің жоғары эластикалық саласы, яғни орташа жылдық өсу қарқынын тұтас алғанда өңдеуші өнеркәсіптің орташа жылдық өсу қарқынан асып түсуі. Қазіргі кезеңде мұндай салаға ең алдымен ғылымды қажет ететін салалар жатады.
- Эластикалық өсу салалары бірге жуық, яғни орташа жылдық өсу қарқыны шамамен өңдеуші өнеркәсіптің орташа жылдық өсімімен бірдей.
- Эластикалық өсу төмен, яғни орташа жылдық өлшем бүкіл өңдеуші өнеркәсіптің орташа жылдық өсімінен төмен !
Қазіргі экономикалық теорияда ең аз зерттелген мәселе –қоғамның экономикалық жүйесінің бір типінен екіншісіне көшудің салдары мен өтпелі экономиканың мән –жағдайы. Бұл дүниежүзілік қауымдастықтағы барлық елдердің өзінің даму деңгейі мен экономикалық жағдайының сипаты тұрғысынан әр түрлі күйді кешуімен түсіндіріледі. Сондықтан экономикалық теорияда қоғамның даму баспалдағы құбылысының критериіне әзірше біркелкі көзқарас жоқ.
Демек, қоғамның бір күйден екіншісіне көшудің мән –жағдайы жайында біркелкі түйінделген ой да жоқ. Баршаға белгілі нәрсе –еңбек құрал –жабдықтарының даму деңгейіне қарай қоғам дамуын жіктеп бөлудің төмендегідей түрлері бар: тас дәуірі, қола және темір дәуірі.
Экономикалық өсу моделін жасау үшін ол А. Афтольон мен Д.Ж. Кларк ұсынған акселерация принципін қолданды. Экономикалық өсудің кейнстік үлгісі Р. Харрорд, А. Хансен, Д. Хикс және П. Самуэльсон еңбектерінде ілгері дамытылды.
І бөлім. Экономикалық жүйе қатынастарын қалыптастыру.
1.1. Экономикалық өсу, оның типтері мен факторлары.
Экономикалық өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілетті болып таблады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория «Экономикалық өсу» категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мәнді. Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады ?
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі саналық артуы және олар екі топтан; өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан яғни қажеттілікке пайдаланудан тұрады! Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенцивті типіне негізделе дамиды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенцивті типінде өнім шығаруды екі есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенцивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтерін белгілі арақатынаста немесе бірін –бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз. Қазіргі жағдайда, ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификатциялануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады, осы мақсатта ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда рыноктың миханизімінің сұраны мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.
Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенципті типін алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам қай уақытта экстенцивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша, он.дай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз.
Әдетте, бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қолайлы емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады. Өңделген кезінде ресурстар құнының бірлігі нәтижесінде түпкі өнімнің өсуі өте аз береді. Оның тиімділігінің төмендегенінде экономикадағы пропорцияналдылық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.
Сұранымның өсу жағдайында табиғи ресурстар мүмкіндігі мәселесі одан әрі қиындай түседі , сондықтан экономикалық өсу бірқатар факторларға байланысты:
- табиғат ресурстарының саны мен сапасына:
- еңбек ресурстарының саны мен сапасына:
- капитал ресурстарына :
- қолда бар технологияға.
Бір сөзбен айтатын болсақ, экстенцивті дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар. Мұндай тап болған қоғам өзінің бағыт –бағдарын өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жайылуы қоғамдық интенсипті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт –бағдар жасау : оларға –материалды сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғам масштабындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық өсуді өлшеудің көрсеткіші: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰТ) болып табылады. Экономикалық өсу обсолюттік және салыстырмалы мөлшерде өлшенеді. Мысалы, осы жылы реалды ЖҰӨ 210 млн. теңге құраса, алдынғы да -200 млн. теңге болған, онда обсолюттік тұрғыдағы өсімі 10 млн. теңге, ал саластырмалы тұрғыда - 5% құрайды.
Жекелеген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен анықталады.
Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) біраз жылғы қарқынды өсу сипаттамасы көрсеткіштерін тізе отырып , оның тенденциясын ашуға, яғни экономикалық дамудың бағытын анықтауға болады.
Сонымен барлық елдің алдында тұрған ортақ мәселе –экономикалық өсу, онда ұлттық экономика дамуы. Халықтың өмір сүру деңгейі, ресурстардың шектелуі мәселелері шешіледі. Экономикалық әдебиеттерде осы түсініктегі анықтамаға бір келкі пікірмен келмейді.
Кейбір экономистер (Макконнель, Брю) экономикалық өсуді екі жолмен есептеледі деп санайды.
- Жалпы ұлттық өнімді өсуін есептеу (немесе таза ұлттық өнім)
- Осы көрсеткіштердің халықтық жан басына шаққанда өсуі.
Ал кейбір экономистер экономикалық өсуді : өнім мен өндірістік фактордың тек сандық қана емес , сапалық өсуі деп көрсетті.
Экономикалық өсудің үш түрі бар: экстенсивті, интенсивті, аралас (нақты).
Экстенсивті өсу дегеніміз –қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімнің көбеюі.
Интенсивті өсу дегеніміз –техника және технологияны толық жетілдіру арқылы ұлттық өнімнің көбеюі . Нақты өмірде өсудің не ана түрі, не бұл түрі болуы мүмкін емес. Олар аралас түрінде келеді.
Аралас (нақты) өсу -өндіріс қуатының өсуі нәтижесінде өндіріс факторларының пайдалануы санының өсуі және техника және технологияның жетілуі.
Экономикалық өсуді есептеу –проценттік жылдық өсуі қарқынымен есептейді.
ЖҰӨ1
ЖҰӨ өсу қарқыны = ———— к 100 %.
ЖҰӨ0
ЖҰӨ1 = есепті жылғы ұлттық өнім.
ЖҰӨ0 = бизнесті жылғы ұлттық өнім.
Қайсысы тиімді қарқындар мүмкіндік варианттарды: жоғарғы қарқын, нольдік қарқын, теріс қарқын , қолайлы қарқын.
Жоғарғы қарқын бір қарағанда тиімді сияқты. Бірақ, біріншіден өнімнің сапалығы ескерілуі керек; егер, жоғарғы
қарқынды өндірілетін жарылғыш телевизорлар -әрине жаман. Екіншіден, өнімнің өсу құрлымы қажет: әскери өнімнің өсуі салыстырмалы салмағынан көп болуы және тұтыну заттарының аз болуы өмір сүру деңгейін төмендетеді, -бұл да жаман.
Өз кезегінде, нольдік қарқын экономикалық өсуде мегатипті сипатқа ие бола бермейді. Тек , егер олар материалдық сиымдылығы төмендесе , осымен өндіріс факторларын шығындарын үнемдеуге алып келеді , бұл жаман емес. Милитаризация шығынына , егер объективті себептері жоқ болса , онда нольдік өсу пайдалы.
Теріс қарқын –ұлттық экономикалық дағдарысты куәландырады. Бұл 60 – 90 ж.ж Одақты бейнелейді. Қазақстан экономикалық дағдарысы әр түрлі себептер жиынтығы мен түсіндіріледі: рационалды емес экономика құрлымының үлкен үлес салмағы өндіріс құралы және әскери өнім , төмен қор қайтарымдылығы, бұрынғы КСРО республикааралық шаруашылық байланысының бүлінуі, нарықтың экономикаға өту кезіндегі қиыншылықтар.
Қолайлы қарқын жоғарыда , төменде болмайды , олар макроэкономикалық теңдікті қамту керек. Экономикалық өсу көптеген факторлармен анықталады, соның ішінде маңызды болып: ұсыныс, сұраныс, бөлу факторы.
Ұсыныс факторларына мыналар жатады:
- табиғи ресурстың саны мен сапасы (жер,пайдалы қазбалар, климат т.б.) қаншалықты табиғи жағдайы жақсы болса, соншалықты елде экономикалық өсуге мүмкіндік бар :
- халықтың еңбекке жарамдылығының саны мен сапасы бұл жағдайда да тәуелді:
- негізгі капиталдың болуы:
- өндіріс өніміне қолданылатын технология деңгейі.
Сұраныс факторына жатады:
Қоғамның тұтас сұранысын өндірілген өнімге көтерілуі және сонымен бірге оның өсуін ынталандыру:
- еңбек ақы қаншалықты жоғары болса, соншалықты сұраныс жоғары:
- мемлекеттің фискальдық политикасы –қаншалықты салық жоғары болса, соншалықты еңбек ақы төмен, сондықтан экономикалық өсу және сұраныс төмен:
- халықтың қор жинау биімділігі де нақты сұранысты төмендетеді, демек экономикалық өсуде төмендейді.
Өнімнің өсуіне (экономикалық өсу) ресурстарды бөлу өте жақсы ұйымдастырылған түрде бөлу керек .
Факторлардың өсу әсерінен экономикалық өсудің модельдері құрылады, олар: көп факторлы, екі факторлы.
Көп факторлы модель –барлық аталған факторлардың өсуіне әсер етеді. Жалпы осы фактордың бірлесіп әсер етуі өндіріс мүмкіндігінің қисық сызығын береді. Бұдан көретініміз осы барлық фактордың ықпал етуі өндірілген мүмкіндік қисық сызығын көрсетеді. Әр түрлі фактордың үйлестірілуі өндірілген өнімнің санын,а әсерін тигізеді. Ұсыныстың кез –келген факторының күшеюі өндіріс мүмкіндігінің қисық сызығын оңға жылжытады.
Екі факторлы модельге –еңбек және капитал жатады. Американдық экономист Денисонның тұжырымы бойынша: 2/3 өнімнің өсу еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жүзеге асады, 1/3 еңбек шығыны өсу еңбегінен туындайды. Екі факторлы модельді екі вариантпен құруға болады; біріншіден, ҒТП есептелмейді: екіншіден есептеледі .
Егер ҒТП болмаса, онда капитал қорлануыбаяулап ақтық өнім төмендеуіне әкеледі және экономикалық өсуді азайтады. ҒТП –ның орындалу шартында капитал және еңбек өнімділігі артады, ҒТП инвестицияны өсіреді. Инвестиция экономикалық өсуіне әр түрлі әсер етуі мүмкін. Соның бірі , еңбек шығынын үнемдеу және капитал шығыны өсуіне алып келеді. Оларды еңбек жинақтаушы дейді. Еңбек пен капиталдың үнемділігі үйлестіретін инвестициялық теңдеуін нитралды деп атайды.
1.2. Экономикалық өсудің теориялары.
Өндіріс қарқынын жеделдетуге қол жеткізу үшін, Батыс елдерінің әр түрлі мектеп өкілдері экономикалық өсудің моделі мен формаларын жасап, алдағы уақытқа болжау құрады.
Өсу формуласының негізінде кейнстің «мультипликатор» теориясы жатыр. Ол кейінрек «акселерация» теориясымен толықтырылды.
Мультипликатор –көбейткіш , ал акселератор –бұл дайын өнім сұранымның өсушілігіне деген интенсивті өсушілік коффисенті «мультипликатор» ұғымын ағылшын экономисі Кан 1931-ші жылы өндірген, кейінрек Дж. М. Кейнс өзінің «жұмыспен қамту, өзінің өсім және ақшаның жалпы теориясы » (1936) кітабында дамытты. Бұл ұғымды А.Хансен , Р. Харрод , Дж. Хикс, П. Самуэльсон, Н.Калдор және басқалар, өз еңбектерінде қарастырған. Мультипликатор қолда бар күрделі қаржының өсу кезіндегі ұлттық табыстық қанша есеге өсетіндігін көрсетеді.
Мысалы, жаңа жолды салуға күрделі қаржы 5 млн. долларға тең делік және орташа табыс жылына 1000 доллар болатын алғашқы кезде 1000 адамды жұмысқа тартады. Бірақ жолды салуға белгілі көлемде ірі жабдықтар мен материалдар қажет және оларды өндіруге жұмыс атқаратын 1200 адам керек болады. Жұмысты атқаратындардың өсуі тұтыну заттарына сұранымды өсіре түседі. Сөйтіп келесі қызметте олардың өндірістің ұлғаюына алып келеді және 800 адамды қосымша жұмысқа тартады.
Демек , инвестициямен тікелей байланысты 1000 жұмысшыны жолдау нәтижесінде , жұмысты атқаратындардың түпкі жиынтығын 3000 адам жалпы 15 млн. доллар табыспен құрайды немесе алғашқыда 3 есе көп деген сөз. Бұл жағдайда мультипликатор 3 –ке тең.
Акселератордың іс -әрекеті мультипликатормен байланысты: мультипликатор инвестицияның көбеюімен ұлттық табыстың өсуін қарастырады: акселератор.
- Ұлттық табыстың өсуі инвестицияның өсуіне алып келеді. Кезегінде бұл барлық жүйені қозғалысқа алып келеді. Экономикалық өсудің біртекті, бір бағытта іс -әрекет жасайтын мультипликациондық процесі пайда болады. Акселерация принципін алғашқы рет 1913 –ші жылы француз экономисі
А. Афтольон (1874 - 1956) және 1919 жылы американ экономисі Дж. М. Кларк ұсынған. Кейінірек ол Р. Харрорд, Дж. Хикс, П. Самуэльсон еңбектерінде одан әрі дами түсті.
Мультипликациондық эффекті масштабын болжау үшін Дж. Кейнс еңдірген тәуелділіктің мәні зор: тұтыну шығындары мөлшері мен осы деңгейдегі табыс - «орташа тұтынуға бейімділік» - арасындағы тәуелділік. Орташа тұтынуға бейімділікті («АРС» - арқылы белгіленеді) экономикалық ғылымда «психологиялық фактор» ретінде түсіндіреді себебі адамның тұтыну тауарларын сатып алу ниетін көрсетеді: Тұтынуға бейімділік дегеніміз ұлттық табыстың тұтыну бірлігінің (С) барлық ұлттық табысқа қатынасы (Ү) яғни
тұтыну С
АРС = ———— немесе —— ;
табыс Ү
және «шектеулі тұтынуға бейімделік» (МРС) дегеніміз кез –келген тұтынудағы өзгерудің табыстағы өзгеруіне қатынасын көрсетуі, яғни
тұтынудағы өзгеру ДС
МРС = —————————— = ———
табыстағы өзгеру ДҮ
Бұдан басқа да Дж. Кейнс жинақтау мөлшері мен сол кездегі табыс деңгейі арасындағы тәуелсіздік елдерді орташа –жинақтауға бейімділік және шектеулі жинақтауға бейімділік.
Жинақтауға бейімділікті бірден –бір психалогиялық фактор ретінде түсінеміз және ол адамның ниетін сақтауды білдіреді. Орташа жинақтауға бейімділік (APS) ұлттық табыстың жинақтау бөлігінің (S) барлық ұлттық табысқа (Ү) қатынасымен анықталады
Шектеулі жинақтауға бейімділік (MPS) жинақтаудағы кез –келген өзгерудің сондағы табыс өзгеруіне қатынасын көрсетеді, яғни
жинақтаудағы өзгеру ∆ S
MPC = ———————————— = ——— ;
жинақтаудағы табыс ∆ Ү
Осы тәуелділіктер шекті мультипликациялық эффектіні бағалауға ықпал жасады.
Қазіргі Батыстық неоклассикалық экономикалық мектебінің өкілдері экономикалық өсудің тым күрделі көп факторлары моделін ұсынады. Нақтыласақ көп факторлы Кобба –Дуглас функциясын айтамыз.
Оның формуласы мынадай:
dQ dQ dQ
Q = —— kL + —— + kK + ——— ;
dJ dK dS
мұндағы Q -өнім ; L –еңбек ; К –капитал ; S – жер.
1.3. Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері.
Экономикалық өсу экономиканың бір қалыпты алға қозғалысын және оның әлеуметтік экономикалық прогресін көрсетеді. Мұндай прогрестің жалпы критериі өзгергіш күштердің даму деңгейі болып табылады.
Тұтыныстар өндірісті ынталандырады , екінші жағынан өндірістің өзі жаңа тұтынушылар қалыптастырады –сөйтіп осылай қайталана береді.
Бұл қайшылық –оның қоғамдық түріне тәуелсіз ең жалпылама және өндіріс дамуының табиғи негізі. Кез –келген қоғамда тұтынысты дәріптеу экономикалық заңы бар. Жыл сайын тұрғындардың саны өседі және олардың тұтыныстары да өсіп отырады. Олардың тұтыныстарын қанағаттандыру үшін экономика материалдық және рухани игіліктерді қамтамасыз ету қажет.
Осыдан байқалатындығы, экономикалық жүйе осы мәселені қандай дәрежеде шеше алатын мүмкіндігіне қарай оның өміршеңдігі анықталады. Ескеретін жәй, қоғам ресурстары шексіз емес, сондықтан экономикалық өсудің интенсивті типі қолайлылау. Себебі материалдық игіліктер мен қызмет көрсетудің артуына ғылыми –техникалық жетістіктерінің негізінде еңбек өнімділігінің өсуі есебінен қол жеткізіледі. Әрине, бұл барлық өндіріс факторларының тиімді қолданудың нәтижесінде ғана жүзеге асады .
Экономикалық өсудіңқазіргі типінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол мынамен байланыстырылады: оның артта қалуы XX –шы ғасырдың 50 –жылдары басталған ғылыми –техникалық революция дамуымен сәйкес келді. Экономикалық өсу сапалық жаңа дәрежеге көтерілді және ол ҒТР жағдайында өндірістің интенсификациялау негізінде жүзеге асады.
ҒТР –ның қазіргі дәуірі технологиялық революция айдарымен жүзеге асып, мынаны байқатады:
- еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану, яғни рработотехниканы кеңінен қолданатын жұмыскерсіз технология, сондай –ақ машинасыз технологияны қолдану өнімді машинаны қолданбай –ақ дайындау
- ресурсты сақтау технологиясы, шикізат пен материалды кешенді өңдеу арқылы аз қалдықты және қалдықсыз технологияны қолдану, шикізат элементтерін атмосфераға жіберуді, ағынды суға және шлам тоғандарына қоқыс, үйінді тасталуын жою, яғни қоршаған ортаны ластамау.
Жаңа жағдайда өндіріс нәтижесіне баға беру өзгереді: бірінші орынға сандық мәселе емес, шығарылған өнімнің сапасы көтеріледі.
Экономикалық өсудің жаңа сапалық белгісі -өндірістің прогресивтік құрлымының құрылуымен, ғылымда қажет ететін салалардың үлес салмағының артуымен түсіндіріледі. Олар ҒТР нетижелерін ендіруді және қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Қазіргі жағдайда ғылым ролінің өзгеруімен экономикалық өсу жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. Ғылым қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуы аяқталып келеді. Жоғарыда аталған барлық жағдайлар экономика қозғалысына, экономика дамуына жаңа сапалық сипат береді.
Экономика өсуінің қайнар көзі –экономикалық ресурстар, экономикалық мүдделер мен ынталандыру жатады. Олар атқаратын қызметтің көлемін ұлғайтуға және сапасын арттыруға белгілі уақыт кезеңінде барынша мүмкіндік жасайды.
Рыноктық экономиканың негізін жеке меншік құрайды және ол әрбір адамның жігер –қайраты арқылы дамып, олардың жеке экономикалық мүдделерін жүзеге асырады. Экономикалық өсудің сапалық жаңа типінің негізгі қайнар көзі –экономикалық саясат және ол қоғамдағы мәуелеп тұрған тұтыныстарды дөп көрсетеді.
Экономикалық дамудың ерекше қайнар көзі инвестиция болады. Бүгін салынған қаржы көлемі келешектегі табысты ұлғайтуды көздейді. Бұған Жапония елі айқын дәлел : халық шаруашылығын дамытуға жұмсалған жоғарғы деңгейдегі инвестиция әлемдік қауымдастықта оны дамыған мемлекеттің қатарына көтерілуіне ықпал жасады.
Экономикалық өсудің сапалық жаңа типінің түпкі мақсатты адам болып табылады.
Оның ҒТР жетістігімен қаруланған білімін, еңбегін де айта аламыз. Сондай –ақ оның барлық кездегі көп түрлі тұтыныстары әлеуметтік –экономикалық прогрестің басты критериі болмақ.
Реформалау практикасы көрсеткендей; Қазақстан Республикасы таңдап алған бағыт –аралас әлеуметтік бағыттағы рыноктық экономиканы қалыптастыру –республиканың өзіндік жағдайын , өзінің модел құру факторын көбірек ескереді. Қазақстан ары қарай реформаны жүргізгенде басқа елдің өтпелі экономикадағы әлсіздігі мен жетістіктерін ескере отырып , рыноктық экономиканың өзіне тән моделін құрады.
ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы экономикалық теорияның өсуі мен маңыздылығы.
2.1. Макроэкономикалық тепе –теңдік теориялары.
Экономикалық өсу тұрақты динамикасы оның өсу қарқынының төмендеуіне байланысты теңселуі мүмкін. Сондықтан оның осы құбылысты тудыратын себебін талдау қажет.
Бір жағынан –рынок экономиканың қалыпты қызмет жасауы экономикалық өсуді тұрақты динамикалық қамтамасыз ету керек яғни оның «экономикалық динамикасы» тұрақты байқалуы қажет. Екінші жағынан –рыноктық экономиканың қызмет жасауында тұрақсыздық байқалуы мүмкін; экономикалық өсудің тербелуі және қарқынының төмендеуі . Бұл өз кезегінде «экономикалық тепе -теңдікті » қамтамасыз ететін факторларды анықтау қажеттілігін тудырады.
Экономистер көптеген жылдар бойы бұрындары және қазіргі кезде де тепе –теңдік динамикасы моделін іздестірумен айналысқан және айналысуда. Себебі ол бірін бірі жоққа шығаратын тенденцияны қосады; экономикалық тепе –теңдік және экономикалық динамика. Тепе теңдік динамикасы моделі классикалық және кейнстік болып бөлінеді. Класикалық моделдің өкіліне француз экономисі Жан Батист Сэйді (1772 - 1823) жатқызамыз. Оның айтуынша барлық қоғам тек өндірушілерден тұрады (сондай –ақ тұтынушы болып та табылады) . Сөйтіп өзі өндірмеген басқа тауарларды сатып алу үшін, өзінің тауарын сатады. Демек , табыс шығынына тең. Сондықтан сұраным мөлшері ылғи ұсынымға тең.
Алайда нақты рыноктық экономика құрлымы әлдеқайда күрделі: тұтынушы саны ылғида өндіруші санынан асып отырады –табыс толық жұмсалмайды (бір бөлігі жинақтауға айналады, өндіруші шығынының бір бөлігін займ есебінен жүзеге асырады ). Бірақ нақты өмірде Сәй моделінде көрсетілгендей , «сұраным ұсыным болып табылады» баланстанбайды. Себебі сұраным жинақтау мөлшеріне кемиді, ал ұсыным несие мөлшеріне артады. Осыдан барып өте маңызды тұжырым жасауға болады : жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным тепе теңдігі жинақталған инвестиция мен несиеленген инвестиция теңдігін етеді.
Жинақтау тұтынушының жиынтық табысының бір бөлігі ретінде экономикалық шеңбер айналымынан шығып қалады. Сондықтан олар сұранымға айналмайды және оларға кеткен шығындар өндірушілерге қайтарылмайды.
Демек , жинақтау макроэкономикалық тепе –теңдікті бұзады. Экономикалық өсудің идеалдық моделі мынаны ескереді : барлық жинақтау инвестицияға айналады.
Кейнстік модель табыс қозғалысының басқаша құрлымымен қарастырады: «табыстар - сұраным » , бірақ «табыстар - жинақтау » емес.
Жинақтау инвестицияның негізін құрайтын және жинақтау мен инвестиция ылғи да бір –бірімен тең екендігін Дж Кейнс дәлелдеген. Себебі фактілік жинақтау мен инвестициялар табыс пен тұтыныс арасындағы айырмашылыққа тең.
Егер табысты ақшалай түрде емес натуральды заттай түрде қарастырсақ, онда табыс тұтыну және өндірістік тауарларға бөлінеді.
Өндіріс және капиталдық тауарлардық жалпы шығарылуы нақты сұраным немесе инвестициялық сұраным болып аталады.
Инвестициялық сұраным экономикалық жүйедегі бірден –бір ең маңызды динамикалық элемент болып есептелінеді. Бұл модельдің бірден бір міндеті экономиканы тұрақты өсу жолына салу. Дж Кейнс мынаны көрсетті: тепе теңдік жағдайына жету инфляция , жұмыссыздықпен және өндірістің төмендеуімен сайма –сай келеді.
Жиынтық сұраным –тауар мен қызмет көрсетудің әр түрлі көлемін байқататын модель. Сондықтан тұтынушы , кәсіпорын және үкімет кез келген баға деңгейінде сатып алуға дайын.
Басқаша айтар болсақ , тепе –теңдік жағдайы ресурстарды толық қолданғанды көрсетпейді. Практикада мынадайжағдайлап көздесе: егер өндіріс деңгейі ресурстарды толық қолдануды қамтамасыз еткенде , ЖҰӨ тепе –теңтік құруға талап еткен дейгейден жоғары болып келеді
2.2. Экономикалық өсудің мүмкіндіктері.
Экономиканың өсуі таяу болашақта қызмет көрсету саласын, өңдеу өнеркәсібін , тұрғын үй мен құрлысын, көлік инфрақұрлымын озық қарқынмен өркендету есебінен қамтамасыз етуге болады. Өтпелі кезеңдегі экономикалық өсудің бір көзі қолда бар өндірістік әлеуметті тиімді пайдалану
Жасыратыны жоқ , осы кезде өндіріс қуаттары , ғимараттар , техникалар, комуникациялар толық көлемде пайдаланылмай келді. Сайып келгенде , мұның өзі қосымша шығынды қажет етпейтін ресурстар. Сонымен қатар , кәсіпорындар деңгейінде толық емес жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы жағдайында қызмет ететін жұмыс күштері бар.
Аймақтардың Қазақстан Республикасында шетелдік әріптестермен бірлесе отырып құратын жұмыс орындары қолдауға стратегиялық бағыт ұстауы жеке өңірлердіңдамуына жәрдемдесер еді.
Қазақстан Республикасындағы жұмыс орындарын құратын қаражатын тауар өндірушілер шетелдік фирмаларды , бірлескен кәсіпорындарды қолдау еңбек ету аясын кеңейте түсері сөзсіз.
Дамудың екі нұсқасы немесе сценарийі болуы мүмкін
Біріншіде, нақты сектордың ауқымы ең алдымен оның ішкі төлем қабілетімен және әлемдік нарықтық талабымен анықталатын болады. Мұндайда мемлекеттің араласуы негізінен қаржылық –несиелік реттеумен шектеледі.
Екіншісінде, экономиканы мемлекеттің өзі белсене реттеуі, мақсатты құрлымдық , инвестициялық сырқы экономикалық және ішкі әлеуметтік саясатты жүйелі жүргізуі , өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өнімдерінің салааралық , аймақаралық легін жасақтау үрдісіне тікелей атсалысуы, отын –энергетикалық ресурстармен шикізаттардың негізгі түрлерінің , бірінші кезектегі қажетті тұтыну тауарларының бағаларын қатаң реттеп отыруы қажет.
Отын өнеркәсібі өнеркәсіптік өндірістің және жалпы алғандағы экономиканың дамуна маңызды ықпал етеді. Шикізат түріндегі мұнай экспортының өсуінің арқасында мұнай өңдеу көлемінің төмендеуі мүмкін .
Құрлымдық саясат отандық өңдеу өнеркәсібінің, жоғары технология қажет ететін салалардың мүмкіндігінше дамуына , ал шаруашылық саясат экономиканың инвестициялық белсенділігінің деңгейін көтеруге бағытталуы тиіс . Сыртқы сауда саясатында алыс шетелдерге бағыт ұстануы басымырақ болуы мүмкін. Бұл жағдайда ТМД елдерімен сауда байланыстары қалдық принциптері бойынша қалыптасады.
Аталған бағдарламада шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту , олардың өкілдері Қазақстан шикізатын өңдеуді кеңейтуге негізделген өндірістерді құруға және дамытуға ат салысуы қажеттілігі көзделеді.
Ел Президенті : «Прибалтика елдерінде шағын және орта бизнесті» әжептеуір дамуында үлкен тәжірибие жинақталғанын ашады.
Осы елдерде бюджеттік кірістерінің жартысынан көбі шағын және орта бизнес арқасында түседі және де әлемдік рынокта ауытқуларға төмендегі деңгейде тәуелді.
Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының негізгі басымдығы біздің экономикамыздың шикізаттық бағдарын өзгерту болып табылады. Әзіргі осы мәселені шешуге байланысты кешенді құрлымдық саясат жоқ. Отандық шикізаттың жаңа , бірінші , екінші , үшінші және төртінші сатылырын құруда, ауыл шаруашылығы өңдеу өнеркәсібінін құру мен дамытуда айқын белгіленген стратегия, импортты алмастыру бағдарламасы жоқ.
Мұнай өндіру ұйымдастыру , мұнай химиясының басқа да өнімдерінің өндірістерін ұйымдастыру , мұнай өңдеу жене мұнай өндіру үшін машина жасау өнеркәсібін дамыту міндеттері койылды. Бұл тек өнеркәсіптің шикізат бағдарын жоюдың бірқатар жолдары.
Осы жұмыстың негізгісі –бәсекеге қабілетті баға мен технология сапаны қамтамасыз ету , мынадай міндет қойылды –бәсекеге қабілетті өңдеу өнеркәсібін құру.
Экономикалық саясаттың тағы бір бағыты аймақтар дамуындағы диспропорциялық және әсіресе оңтүстік пен солтүстік аудандардағы диспропорциялық оңтүстік аудандарда солтүстік аудандармен салыстырғанда жұмыссыздықтың басымдылығынан болатын табыстар мен кедейлік деңгейі бойынша халықтың жіктелуінен көрініс табады. Осындай диспропорциялардың салдарлары халықтың елдің ең қолайлы аудандарына қоныс аударуынан көрінеді.
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің әлі іске жаратылмаған әлеуметінде жаңа жұмыс орындарын құруды , шағын және орта бизнесті дамытуда қарастыратын көш –қон саясатын жасау міндеті қойылды. Осыған байланысты тағы да мәселе , яғни кәсіпкерліктің өмір сүруі мен одан әрі даму мәселесі қойылды. Осы жерде халықты жұмыспен қамту , азаматтық құқық халықтың табыстары , рыноктың коньюнктурасын жақсарту, нарықтық бәсекені қажетті деңгейде ұстау және дамыту сияқты үлкен проблемалардың бастаулары қиылысады.
Қорытынды
Қазіргі экономикалық саясатты сауатты жүргізе алмасақ , Қазақстан Республикасының экономикадығы ролін төмендетіп алуымыз мүмкін.
Экономикалық дамуды тежеуші факторлар –сұраныстың шектелуі, шығынмен жұмыс істейтін кәсіпорындардың көбейіп кетуі , рентабельділік деңгейінің құлдырауы : банк несиелеріне қол жете бермейтіндігі , ұзақ мерзімді қарыз алудың нақты мүмкіндігінің жоқтылығы және басқалар .
Ұлттық экономикамыздың шешуші салаларын техникалық қайта жарақтандыруды, оларды құрлымдық –технологиялық жетілдіруді жедел қолға алмайынша , ілгері басу қиын, инвестициямыз шектеулі болатындықтан , аймақтардың инвестициялық тартымдылығын көтерудің алғы шарттарын шапшаң қалыптастыру қажет.
Қоғамдық жиынтық өнім, тұтыну заттары , бірінші бөлімше, екінші бөлімше ұлттық байлық , қажетті өнім , қосымша өнім , қайталанған есеп қосарланған құн , түпкі өнім , тұтыну қоры , қорлану қоры тұрғындардың өмір деңгейін , жалпы ұлттық өнім, дефлятор , номиналды ЖҰӨ , нақты ЖҰӨ, баға индекісі , жалпы ішкі өнім , таза ұлттық өнім , өзіндік табыс , жайластырылған өнім, таза экономикалық әл –ауқаттылық .
Экономикалық өсу , экстенсивті және интенсивті типтер, экономикалық өсудің факторлары , экономикалық тепе –теңдік теориялары, экономикалық динамика , экономикалық тепе –теңдік , тепе –теңдік класикалық моделдері қарастырылды.
Егер өндіріс деңгейі ресурстарды толық қолданғанда ЖҰӨ тепе теңдігін қаруға талап етілген деңгейден төмен болса, онда сұраным ұсынымнан тұрақты түрде артып отырады. Ұсыныс ешқандай арта алмайды , себебі ресурстар толық қолданылып біткен. Ал сұранымның шексіз артық болуы инфляцияға ұрындырады.
Сөйтіп нарықтық экономика екі оттың арасында қалады -жұмыссыздық пен инфляция арасында тұрақты кері тәуелділік қалыптасып оны Филиппс қисығы түрінде бейнелейміз.
Енді ғана жұмыссыздық деңгейін инфляция деңгейі есебінен реттеуге мүмкіндік туды және кері құбылыста бола алады. Ондай нәрсе тек мемлекеттің араласуын талап етеді.
Пайдаланған әдебиет
- Аубакиров . Я Экономикалық теория негіздері – Алматы 1994 ж.
- Жүнісов Б.А , Шеденов О.Қ. « Жалпы экономикалық теория» Алматы 2002 ж 365 бет.
- Жүнісов . «Нарықтық экономикаға кіріспе»
- Самуэльсон П. «Экономика» МНТО Алгон 1992ж.
- Есқалиев М.Д. «Экономикалық теория негіздері» Алматы 1998ж
- Қалиев Н. «Нарықтық экономикаға кіріспе » Алматы 1996ж
- Экономикалық теория негіздері Алматы 1998ж. 479 бет
- Мицкевич А.А «Сборник заданий по экономике» Вита Пресс 1996.
- Котлер Ф. «Основы маркетинга» Москва 1990ж
Мерзімді басылымдар
10 Мусаева К «Экономикалық факторлар» // Альпари -2003- №6 38б.
- Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стртегиясы» Алматы 1992.
- Экономические науки. № 5. 1995 жыл.
- Қатаулла Ашығалиев «Экономикалық өсудің мүмкіндігі мол» // Ақиқат 2003 № 5
- Макроэкономикалық саясат // Қазақстан XX ғасырға жолдау.
- Есентүгелов Н. «Экономикалық өсу» // Ақиқат 1996 № 10. 40б.