Үндістан мемлекетінің экономикалық-географиялық жағдайының ерекшеліктері
Үндістан – Оңтүстік Азияда орналасқан республика, құрамына 25 штат пен 7 одақтас аумақ кіреді. Астанасы – Дели қаласы. Үндістан шығысында Бангладеш Республикасымен (шекарасының ұзындығы 4053 км), Мьянма Федерациялық Республикасымен (шекарасының ұзындығы 1463 км), солтүстігінде Қытай Халық Республикасымен (шекарасының ұзындығы 3380 км), Непалмен (шекарасының ұзындығы 1690 км), Бутанмен (шекарасының ұзындығы 605 км), батысында Пәкстан Федерациялық Республикасымен (шекарасының 2912 км) шектеседі. Елдің оңтүстігін Үнді мұхитының суы шайып жатса, Полк бұғазы елді Шри-Ланка аралынан бөліп жатыр. Батысында Араб теңізінің суы, шығысында Бенгал шығанағы қоршап жатыр. Үндістан Республикасының шекарасының жалпы ұзындығы – 14103 км, жағалау сызығының ұзындығы – 7000 км. Үндістан Республикасының жалпы ауданы – 3 млн 288 мың км². Үндістан – федералды құрылым мен парламенттік жүйе басқаруындағы ұлттық демократиялық республика.
Үндістан – халқының саны бойынша да, жер көлемі бойынша да алып елдердің бірі. Тарихы да алуан тарау, өте бай. Қазіргі Үндістан жерінде адамзат тас ғасырынан бері тіршілік кешкені археологиялық деректермен дәлелденген.
Үндістанның экономикалық-географиялық жағдайы оның шаруашылығының дамуына қолайлылығымен ерекшеленеді. Елдің оңтүстігін жанай өтетін Жерорта теңізінен Қызыл теңіз арқылы Тынық мұхитқа баратын теңіз жолдары елді Үнді мұхитының жағалауында орналасқан мемлекеттермен және Аустралиямен байланыстырып тұрады. Ұлыбританияның Үндістан отары бөлінгеннен кейін (1947 ж.) оның орнына құрылған Үндістан, Пәкстан, Бангладеш арасындағы құрлықтағы шекарада табиғи кедергі жоқ. Алайда Үндістан мен Пәкстан арасындағы аумақтық мәселелер әлі күнге дейін (2002 ж.) шешілмей келеді, сондықтан да бұл екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты қиындатып отырғаны рас. Ал Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара жолы қиын, зәулім таулы Гималай жоталары бойынша өтеді.
Менің курстық зерттеу жұмысымның мақсаты: Үндістан мемлекетіне экономикалық-географиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- Үндістан мемлекетінің экономикалық-геграфиялық ерекшелігі қандай?
- Мемлекеттің аумағы және геосаяси жағдайы қандай?
- Мемлекеттің қалыптасу тарихы қандай?
- Халқы мен еңбек ресурстарының ерекшелігі қандай?
- Шаруашылықтың негізгі қалыптасқан түрі қандай?
- Мемлекеттегі туризмнің қазіргі күйі қандай?
- Үндістанның шет елдермен және Қазақстанмен өзара қарым-қатынасының негізгі ерекшеліктері қандай?
Зерттеудің әдіснамалық негізі: Ғ. Гарапова «География», Ә.Бейсенова, К.Каймулдиналардың «География» атты кітабы бойынша.
Зерттеудің теориялық құндылығы: Үндістан мемлекетінің физика-географиялық және экономика-географиялық сипаты туралы қазақ тіліндегі әдебиеттер қатары толықтырылды.
Зерттеудің практикалық мәні: Үндістан мемлекеті туралы мәлімет алу үшін қажетті практикалық құрал болып табылады.
Курсттық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қосымшадан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Үндістанның экономикалық-географиялық жағдайы
- Үндістаның аумағы мен әкімшілік бөлінуі. Үндістан мемлекетінің қалыптасу тарихы мен геосаяси жағдайы
Үндістан – Оңтүстік Азияда орналасқан республика, құрамына 25 штат пен 7 одақтас аумақ кіреді. Астанасы – Дели қаласы. Үндістан шығысында Бангладеш Республикасымен (шекарасының ұзындығы 4053 км), Мьянма Федерациялық Республикасымен (шекарасының ұзындығы 1463 км), солтүстігінде Қытай Халық Республикасымен (шекарасының ұзындығы 3380 км), Непалмен (шекарасының ұзындығы 1690 км), Бутанмен (шекарасының ұзындығы 605 км), батысында Пәкстан Федерациялық Республикасымен (шекарасының 2912 км) шектеседі. Елдің оңтүстігін Үнді мұхитының суы шайып жатса, Полк бұғазы елді Шри-Ланка аралынан бөліп жатыр. Батысында Араб теңізінің суы, шығысында Бенгал шығанағы қоршап жатыр. Үндістан Республикасының шекарасының жалпы ұзындығы – 14103 км, жағалау сызығының ұзындығы – 7000 км. Үндістан Республикасының жалпы ауданы – 3 млн 288 мың км². Үндістан – федералды құрылым мен парламенттік жүйе басқаруындағы ұлттық демократиялық республика. Нью-Делидегі орталық үкімет қорғаныс, коммуникация, банктік іс пен қаржы, халықаралық сауда мен шетелдік іс сияқты ұлттық көлемдегі барлық мәселелер бойынша бірыңғай юрисдикциясы бар. Мемлекеттік басқару қоғамдық тәртіп, білім беру, денсаулық пен ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша бірінші болып жауапкершілік алады. Ағымдағы оңшыл үкімет – бір неше саяси партиялардың коалициясы, себебі Бірлескен Озық Альянс құру үшін. AusTrade мәліметін ағылшын тілінен аудыру.
Сауда қатынасы мен статистика. Үндістан – БСҰ Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына мүше және бейбітшілік пен қосылмау қағидаларына негізілдеген жақсы дамыған ішкі саясаты бар. Бұдан басқа, ел Бірлескен Ұлттар Ұйымының және ұлттар Достастығының мүшесі. Үндістан – Оңтүстік-Азияның Аймақтық Ынтымақтастық Қауымдастығы мүшесі.
Үндістан Республикасы Ұлыбританиядан тәуелсіздігін 1947 жылы 15 тамызда алған. Заңдары ағылшынның жалпы құқығына негізделіп жасалынған. Ұлттық мейрамы 26 қаңтарда – республиканың жарияланған күні (1950 ж.). Үкімет билігі президент (мемлекет басшысы) пен министрлер кеңесінен басқарушы премьер-министр қолында. Заң шығарушы екі палаталы парламент (сансад) тарапынан жүзеге асырылады. Жоғарғы палата – халықтық палата, төменгі палата – штаттар кеңесі. Ең ықпалды саяси партиялары: Үндістан Ұлттық конгресі (ҮҰК), Бхаратия джаната партиясы.
Үндістан – халқының саны бойынша да, жер көлемі бойынша да алып елдердің бірі. Тарихы да алуан тарау, өте бай. Қазіргі Үндістан жерінде адамзат тас ғасырынан бері тіршілік кешкені археологиялық деректермен дәлелденген. Әлемнің ежелгі өркениетінің орталығы болған Үндістан жерінде неше түрлі ғажайып мәдени ескерткіштер сақталған. Ақыл-ойының жүйріктігі, философиясының тереңдігі, танымы мен мәдениетінің сұңғылалығы, әдебиеті мен көптеген басқа өнер түрлерінің жеткен шыңдары бойынша да Үндістан барша әлем таңғаларлықтай ерекше ел. Көпұлтты ел халқының 80 пайыздан астамы индуизм, 10 пайыздан артығы ислам дінін тұтынады. Мемлекеттік тілі – хинди тілі[1].
Үндістанның экономикалық-географиялық жағдайы оның шаруашылығының дамуына қолайлылығымен ерекшеленеді. Елдің оңтүстігін жанай өтетін Жерорта теңізінен Қызыл теңіз арқылы Тынық мұхитқа баратын теңіз жолдары елді Үнді мұхитының жағалауында орналасқан мемлекеттермен және Аустралиямен байланыстырып тұрады. Ұлыбританияның Үндістан отары бөлінгеннен кейін (1947 ж.) оның орнына құрылған Үндістан, Пәкстан, Бангладеш арасындағы құрлықтағы шекарада табиғи кедергі жоқ. Алайда Үндістан мен Пәкстан арасындағы аумақтық мәселелер әлі күнге дейін (2002 ж.) шешілмей келеді, сондықтан да бұл екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты қиындатып отырғаны рас. Ал Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара жолы қиын, зәулім таулы Гималай жоталары бойынша өтеді. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанды Үндістаннан тар аймақ – ауған жері бөліп жатыр. Осы бір тар аймақта Памир, Гиндикуш және Гималай тау жүйелері тоғысады, бұл құрлық көлігіне кедергі туғызады.
Қазіргі Үндістан аумағында өтеертедегі ежелгі адамзат өркениеті пайда болған. Б.з.д. III мыңжылдықтың ортасынан б.з.д. II мыңжылдықтың бірінші жартысына дейін Үндістан аумағында харапп өркениеті дамыды. Бұл өркениетті веда тілін алып келген үнді-арий тайпалары қиратты. Б.з. VI ғ. Үндістанның солтүстік-батысы Парсы империясының I Дарий қоластына өтті. Х ғ. соңындағы мұсылмандар басып алғанға дейін Үндістан аумағында үнді мәдениеті мен діні басым түрлі мемлекеттер тіршілік етті.
Үндістанның басым бөлігіндегі мұсылман иелігін Темірлан шапқыншылығы алмастырылды. (1398 – 1399 жж.). Осы кезде ислам діні дамыған Дели сұлтандығы өзінің бірқатар иеліктерінен айырылды. Темірланның немересі Бабыр шах 1526 ж. Делиді басып алып, Үндістан аумағында Ұлы Моғолдар империясының негізін салды. Бұл империяның шарықтау шегі ХVII ғ. басына тура келеді. Осы кезде Үндістан аумағына бірқатар Еуропалық державалар көз аларата бастады. Бұл аймаққа келген ықпал үшін Франция мен Англия арасындағы тартыс Англияның пайдасына шешілді. Жаңа колониялы белсенді игеру Британия тарапынан XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басында іске асырылды. Үндістандықтардың соңғы қарсылығы 1818 жылы жойылды. 1858 жылы сипайлар көтерілісін басып тастаған ағылшындар Ұлы Моғолдар империясының жойылғанын паш етті. ХХ ғ. 40-жылдарының басында өткен Махатма Ганди бастаған ұлт-азаттық қозғалысы 1947 жылы елдің тәуелсіздігіне алып келді.
Иә, балалық шақтан санамызға сіңген пақырлар мен пілдер отаны — Үндістан. Талай ғасыр Ұлы Моғолдар билік жүргізіп, гүлдендірген ғажап ел. Талай жылдар ағылшын отаршылдарының езгісіне түсіп, осыдан 60 жыл бұрын ғана бодандық бұғауынан босанған азат ел. Ғашықтар тілін ән мен би арқылы ұқтырған, аты аңызға айналған әмірші Ақбар махаббат символы – Тәж-Махалды тұрғызған шежірелі ел.
Данышпен Махатма Ганди: “Дүниені өзгерту үшін өзіміз өзгеруіміз керек” дегендей, тарихи тағдырларында көп ұқсастық бар Қазақстан мен Үндістанның өркениет әлемінің баспалдағына шығып, жаңа өзгерістердің бел ортасынан табылуға деген ұмтылысы олардың мүдделерін де ортақтастырып отырғаны анық. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік сапарының Үндістан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келуінің де аса маңызды мәні бар.
26 қаңтар — Үндістан халқының ғасырлар бойғы бодандық бұғауынан босап, ағылшын отаршыларынан азаттық алып, Үндістан Республикасын жариялаған күні. Елдегі ерекше атап өтілетін мемлекеттік мереке. Сондықтан Үндістан үкіметі бұл айтулы ұлттық мерекеге өздері үлкен сенім артқан, халықаралық дәрежеде аса беделді де құрметті мемлекет басшыларын ғана шақырады. 2007 жылы бұл мерекеге Ресей президенті Владимир Путин қатысса, өткен жылы Франция президенті Николя Саркози шақырылған болатын. Ал биылғы жылғы аса маңызды 60 жылдық мүшелтойға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрметті қонақ ретінде арнайы шақырылып отыр. Бұл үндістандықтар тарапынан біздің елімізге және оның басшысына жасалған үлкен құрмет пен Елбасының халықаралық дәрежедегі зор беделінің белгісі екендігі сөзсіз[2]. Қазақстанда көптеген ғалымдары Үндістан тарихы туралы қызықты деректерді жариялап отыр. ХVІІІ ғасырдың ортасынан 1947 жылға дейін екі ғасыр бойы Үндістан өз тәуелсіздігін алғанша азаттық күресін жүргізіп келді. Сол күрестің ХХ ғасырдың басындағы көшбасшыларының бірі Махатма Ганди болды. Үндістанның Ұлттық конгресі партиясының басында тұрған ол күш көрсетпеу жолымен қарсыласу бағытын уағыздады. Міне, осы ұлы тұлғаның түрлі мінберлерде айтқан сөздері, баспасөз бетінде жарық көрген мақалалары А.Төлеуованың аудармасымен қазақ тілінде тұңғыш рет жарық көріп отыр.
Тұсаукесер рәсімінде сөйлеген сөзінде Е.Ертісбаев Қазақстанда Үндістанды тану орталығының ашылуы мен М.Гандидің сөздерінің қазақ тілінде шығуын маңызды оқиға деп бағалайтынын айтты. Үндістан елшісі А.К.Мукерджи де бұл шараға өз қуанышын білдірді. Орталық ішінде Үндістаннан жеткізілген жүздеген кітап, осы ел қалаларының фотокөріністері, көптеген суреттер, компьютер, музыкалық орталық, сондай-ақ М.Гандидің қола мүсіні де бар екен. Осының бәрі Үндістан жағы бөлген қаражатқа алыныпты. Сөйтіп, қазақ жерінде Үндістанды тануға мол мүмкіндік беретін орталық ашылды. Мұның көзі қарақты қазақстандық үшін берері мол болмақ.
1.2 Үндістанның табиғаты мен табиғат ресурстарына экономикалық баға беру
Үндістанда 3 негізгі табиғат зоналарын бөліп қарауға болады. Шығыс және батыс Гат тау тізбектерімен қоршалған Декан таулы үстірті Үндістан түбегін түгелдей дерлік алып жатыр. Үнді-Ганг жазығы өз кезегінде екі бөліктен тұрады. Шығысында Ганг және Брахмапутра өзендерінің аңғарында ылғалды тропиктік орман, ал батысындағы Тар шөлі құрғақ аймаққа болып табылады.
Елдің солтүстігін әлемдегі ең биік Гималай таулары алып жатыр. Үндістан аумағында: Чогори (8611 м) – әлемдегі екінші шың және Қарақорым тау жүйесінің ең биік нүктесі, Канченджанга (8586 м) – әлемдегі үшінші шың, Нангапарбат (8126 м) орналасқан.
Басты өзендері: Ганг, Үнді, Брахмапутра және Годавари.
Пайдалы қазбалары: көмір (көмір қоры жөнінен төртінші орын), темір кені, табиғи газ, мұнай, марганец, титан кені, хром, алмас, слюда, әктас.
Егістік жерге аумағының 55%-ы тиесілі, ормандар мен бұталар барлық жерінің 23%-ы алып жатыр.
Елдің кең-байтақ аумағы климаттық жағдайдың өзгешелігімен сипатталады. Жыл ішінде үш маусым бір-бірімен ерекшеленеді: Үндістанның көп бөлігінде қыс айлары іс жүзінде құрғақ, тек солтүстік-батыста циклонға байланысты қысқы жауын-шашын тіпті жазғы жауын-шашыннан молырақ болады. Наурыз айынан бастап ауаның температурасы жылдам өседі де, мамырдың соңында ең жоғарғы шегіне жетеді (кейбір аудандарда +40ºС-қа дейін). Маусым айында жаңбырлы маусым басталады. Ауаның температурасы шұғыл төмендеп, ылғалдылығы 95% және одан жоғарыға көтеріледі. Қыркүйек айында муссон кетеді де, ауаның температурасы 25 – 27ºС шамасында тұрақтайды. Кейбір аудандарда циклонның келуі дауылға, тіпті тайфунға ұласады (желдің жылдамдығы сағатына 100 км-ге жетеді).
Табиғи ресурстар – табиғат жағдайларымен салыстырғанда өндірісте тікелей қолданып, оның шикізат және энергетикалық базасын құрайды.
Ежелгі адамдар тамаққа өсімдіктердің аздаған түрі мен жануарларды қолданды. Кейінірек егін шаруашылығына топырақты өңдеп, қола мен темір өндіре бастады. Қазіргі шаруашылықта ашылған барлық химиялық элементтермен қатар атом ядросының энергиясы қолданылады. Тіпті су мен ауаның өзі ағаш пен кен сияқты шикізатқа айналады[3].
Олардың түрлерін анықтап, тиімді пайдалану үшін ғалымдар классификациялар жасады.
Табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға:
- барланған кен орындарынан барлық құнды заттарды негұрлым толық алу;
- жаңа кен қабаттарын ашу;
- өндірілетін өнім бірлігіне жұмсалатын шикізат пен отынды үнемдеу үшін алдыңғы қатарлы технологияны пайдалану.
Экономикалық тұрғыдан бағалаусыз табиғат ресурстарды тиімді пайдалану мүмкін емес. Мысалы, пайдалы қазбаларға баға бергенде:
- мөлшері (қоры);
- сапасы (құрамы және пайдалы элементтердің үлесі);
- шөгінді қабатының және өндірудің жағдайы (тереңдігі, қабаттарының қалыңдығы);
- өндірілетін өнім бірлігіне жұмсалатын шығын мөлшері;
- жердің игерілуі мен қоныстануы;
- көлік жолдары мен өнімді тасымалдауға жұмсалатын шығын;
қоршаған табиғи ортаны мсақтап қалу мүмкіндігі есепке алынады.
2 Үндістан мемлекетінің шаруашылық салаларының дамуы
2.1 Үндістанның халқы мен мәдениеті
Халықтың саны – 1095 млн адам, орташа тығыздығы шамамен әрбір км²-ге шаққанда 290 адамнан көп. Үндістан көп ұлтты ел. Елдің көпшілігі (72%) үнді-арийлер (300-ден аса этностық топтар), дравидтер халықтың 25%-ын, монғол тектестер 3%-ын құрайды. Елде барлығы 500-ден аса ұлттар мен тайпалар мекендейді. Мемлекеттік тілі – хинди және ағылшын тілдері, сонымен қатар 14 тіл (бенгал, тамиль, телугу және басқа да) елдегі түрлі штаттарда ресми тіл ретінде қолданылады. Хинди тілінің бір нұсқасы – урду Үндістанның солтүстігінде кең тараған. Жалпы елдегі тұрғындар 100-ден аса тілде және көптеген диалектілерде сөйлеседі.
Басты діндер – индуизм, ислам, христиан, сикха, будда.
2-диаграмма. Үндістандағы әлемдік діндердің таралуы
Мұндағы басты діндер – 1.индуизм (халықтың 82,5%-ы), 2.ислам (11,4%), 3.христиан (2,4%), 4.сикха (2%), 5.будда (0,7%), өзге де діндер 1℅-ды құрайды.
Үндістан – халықтың табиғи өсуінің жоғарылығымен ерекшеленетін ел. Туу көрсеткіші әрбір 1000 адамға шаққанда 27,78 нәрестеден келсе, өлім-жітім әрбір 1000 адамға 10,07 адамнан (бала өлімінің деңгейі әрбір 1000 адамға 76,3 адамнан) келеді. Елдегі өмір сүру ұзақтығының орташа көрсеткіші ерлерде – 58 жас, әйелдерде – 60 жас.
Халықтың жыныстық құрамына тән нәрсе - әйелдерге қарағанда ерлер көп. Халықтың 15 жастан үлкендерінің шамамен жартысына жуығы (ерлердің 64%-ы, әйелдердің 39%-ы) оқи және жаза алады, 31,7 млн еңбекке жарамды адамдардың 65%-ы ауыл шаруашылығымен айналысады. Шаруалар өте басым, олардың көбісінің жері аз, тұрмыстары өте нашар. Жұмысшылардың көбісі ұсақ, жартылай мердігерлік шеберханада жұмыс істейді. Соңғы уақытта техниканың соңғы түрімен жабдықталған кәсіпорындар көбеюде. Сыртқы көші-қон шектелген, ал ішкі көші-қон жылдам өсуде, ауылдан қалаға қоныс аударушылар жылдан-жыцлға өсу үстінде. Елдегі халықтың орналасу өзгерісін анықтайтын урбандалу жетекші үрдіске айналады.
Ұлыбританияның отары кезінде Үндістан өнеркәсіп орындары тек бірнеше ірі қалаларда (Калькутта, Мумбай, Мадрас) шоғырланған болса, қазір жаңа кәсіпорындар барлық штаттарда бар. Көптеген жаңа қалалар пайда болды, өнеркәсіп ареалдары қалыптасты. Өнеркәсіптің даму қарқыны ауыл шаруашылығынан басып озды[4].
2.2 Үндістанның негізгі шаруашылық салалары
Ауыл шаруашылығында да елеулі өзгерістер болды. Онда жүргізілген реформалар капиталистік шаруашылықты нығайтып, арендаторлардың жағдайын жақсартты. Ауыл шаруашылық өнімдері жылдан-жылға өсуде. Үндістан елдің астыққа деген сұранысын толық қамтамасыз етеді. Күріш өндіруден дүние жүзінде екінші орында.
Ел экономикасының негізгі секторы ұлттық өнімнің 30%-ын құрайды. Ел аумағының басым бөлігінің табиғат жағдайы ауыл шаруашылығын өркендетуге қолайлы болып келеді. Муссондық жауын-шашынның жыл ішіндегі үлесі егістік жұмыстарын екі маусымда жүргізуге: жазғы (хариф) егінді мамырда егіп, қазан-қарашада, ал қысқы (раби) егінді қарашада егіп, мамырда жиып-теріп алуға мүмкіндік береді. Елде 141 млн га жер өңделеді, оның 84 млн га-сы суармалы жер.
Үкімет тарапынан жасалған көмектер нәтижесінде кейбір дәнді дақылдардың өнімі артты.
Егіс көлемінің 80%-на жуығын азық-түлік дақылдары (күріш, бидай, тары, бұршақ тұқымдастар) құрайды. Күріш дақылы, негізінен, теңіз маңы ойпаттарында және Ганг өзенінің жоғарғы және орта ағысындағы суармалы жерлерде, тары тұқымдастар Декан таулы үстіртінде егіледі. Техникалық дақылдардан мақта, джут, қант қамысы, майлы өсімдіктер (рапс, үпілмәлік, жержаңғақ) өсіріледі. Мақтаның дені Декан таулы үстіртінің солтүстік-батысындағы лава бетінде пайда болған қара топырақты жерлерде егіледі. Мұндай топырақ ылғалды ұзақ сақтайтындықтан, мақта егістігі суарылмай-ақ жетіледі. Экспортқа шығарылатын басты дақыл – шай. Шығыс Гималайдың бөктерінде өсіріледі. Елдегі мал шаруашылығының негізін қой шаруашылығы құрайды. Бұл сала елдің солтүстік-батысында дамыған. Ірі қараның саны жөнінен Үндістан дүние жүзінде бірінші орында және олар түгел дерлік (қодас, сиыр) күш көлігі ретінде пайданылады. Құс шаруашылығы жақсы дамыған.
Балық аулаудың жылдық көрсеткіші 3 млн тоннаға жақындады (бұл көрсеткіш бойынша Үндістан дүние жүзіндегі елдердің ондығына кіреді). Дегенмен де миллиондаған адамдар, әсіресе оңтүстікте өте кедейшілік ғұмыр кешуде.
Өнеркәсіптің аса маңызды салалары бар. Олар: болат құю, мақта-мата, машина жасау, тау кен өндіру, мұнай өндіру, мұнай өңдеу, фармацевтика, электроника, энергетика, химия өнеркәсібі. Халыққа қызмет көрсету секторы жоғары қарқынмен дамуда[5].
Экономикалық негізгі проблемаларына инфляцияның қарқынды өсуі және мемлекеттің айтарлықтай сыртқы қарызы жатады. Негізгі сауда серіктестіктері: АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония.
Үндістанда 800 млн. адам күніне жарты долларға өмір сүреді, ал 200 млн. адам кедейлік құрсауында. Сөйте тұра, ғарыш державасы атанудан үміткер. Сондай-ақ, Үндістан денсаулық сақтау мен әскери салада Азияда алдыңғы қатарда. Тағы бір назар аударатын жәйт - ол, халықтар бірлігі. Үндістанда 800 млн. адам күніне жарты долларға өмір сүреді, ал 200 млн. адам кедейлік құрсауында. Сөйте тұра, ғарыш державасы атанудан үміткер. Сондай-ақ, Үндістан денсаулық сақтау мен әскери салада Азияда алдыңғы қатарда. Үндістанға бара қалсаңыз бірден көше саудасына көз саласыз. Себебі, бұл елде кәсіптің осы түрі қарқынды дамыған. Сондықтан болар, оның экономикадағы орны да ерекше. Сондай-ақ, бизнестен де басқа назар аударарлық жәйттер бар. Ол - халық бірлігі. Бұрнағы кездегі халық арасындағы бай мен кедей деген түсінік бүгінде ұмытылып келеді. Бұл орайда Үкімет әлеуметтің қатты жіктелмеуін жіті қадағалауды қолға алған. Тағы бір айта кетерлігі, Дели көшелерінде біздегідей қаптаған шетел авто көліктерін көрмейсіз. Барлығына ортақ - отандық көлік – «Амбассадор көлігі».
Соңғы он жылда айтарлықтай экономикалық реформалар Үндістанға ең серпінді әрі жылдам даму үстіңдегі елдердің біріне айналуға көмектесті. Үндістан – болашақта әрі қарайғы өсімі бар үлкен, диверсифицирленген экономика, өйткені көпшілік азиялық нарық ортасында барынша ықпалды бола түсуде. Сол уақытта ортамерзімді және ұзақмерзімді болашақтағы өсім қарқыны тәрізділер жүргізіліп жатқан реформаларды қамту деңгейі мен жылдамдыққа айтарлықтай дәрежеде байланысты, қанша барлық азиялық экономика қысқарту, әлде өсімнің азаюын күтіп отырғанда, үнді нарығын көзге ілмеу мүмкін емес. 1991 жылдан бастап, Үндістан жекеше секторға үнді экономикасының бұрын мемлекеттік реттеуге жатқан көптеген салаларына жол ашты. (шетелдіктерді қосқанда) Телекоммуникация, инфрақұрылым, энергетика, мұнай мен көлік секторы саласындағы бәсекелестік белсенді қолдауға ие.
Қазіргі кездеҮндістанда ауданаралық географиялық еңбек бөлінісі жақсы дамыған, штаттар арасында экономикалық байланыс жүйесі кең әрі күрделі.
Минералды шикізаттарға бай солтүстік-шығыс штаттарда, Домадор өзенінің аңғалрында ауыр өнеркәсіптің ірі ауданы пайда болды. Сонымен бірге жеңіл және тамақ өнеркәсібінің негізі болған күріш егісі, джут және шай өндірісінің барлығы дерлік осы жерде шоғырланған.
Солтүстік-батыс штаттарда кенді шикізат пен отын жоқтың қасы. Сатледж өзенінде салынған қуатты Бхакра-Нангал су электр станциясының қуатын пайдаланатын, металды аз жұмсайтын машина жасау кәсіпорындары бар. Мұнда металл солтүстік-шығыс штаттардан әкелінеді. Ал Бхакра-Нангал бөгені бидай мен әр түрлі техникалық дақылдар өсіретін суармалы жерлерді кеңейтуге ықпал жасады. Бұл штаттарда Үндістанның өзге штаттарымен салыстырғанда техниканы көптеп пайдаланатын капиталистік шаруашылықтар көп.
Ең ірі өнеркәсіп орталығы – Дели қаласы. Атқаратын қызметі мен сыртқы сипатына қарай Дели қаласы Жаңа және Ескі Дели болып бөлінеді.
Жаңа Делиде іскер орталық пен ауқатты бай адамдар тұрады. Мұнда еуропалық стильмен салынған кварталдар бар., ал ескі қалада ұсақ шеберханалар мен жұмысшы халық тұратын кварталдар орналасқан.
Батыс және Орталық штаттарда тары тұқымдастар мен мақта өсіріледі. Мұнда мақта-мата өндірісінің өнеркәсіп кешені қалыптасқан. Соңғы кезде мұнай кен орындары ашылуына орай мұнай өңдеу мен мұнай химия өнеркәсібі қалыптасуда. Мумбайдың аса зор қала агломерациясында түрлі профильді машина жасау зауыттары орналасқан. Сонымен қатар электротехникалық кәсіпорындар мен елдегі тұңғыш атом реакторы салынды.
Мумбай қаласында көптеген ғылыми зерттеу институттары, университет, бірнеше киностудия бар. Онда шетел туристері үшін жағажайлар жабдықталып, қонақүйлер салынған.
Оңтүстік штаттар күріш, көкөністер мен кокос жаңғағын өсіруге маманданған. Мадрас қаласындағы кәсіпорындар ауылшаруашлығы өнімдерін экспортқа шығарумен айналысады. Бангалор және өзге де ішкі қалаларда көлік машиналарын жасау, станок жасау зауыттары бар[6]
2.3 Үндістандағы қазіргі кезде туризмнің дамуы
Туризм саласы Үндістанда көне заманнан бері дамып келеді. Адам баласы небір ғажайыптарды қолмен тұрғызып, өрнектеп, безендіріп, сәндендіріп, ақылға сыймастай етіп жасап, келешекке мұра етіп қалдырған. Жаһандағы жеті керемет соның айғағы. Арада ғасырлар ізі өтсе де, олар адамзат баласын таңдандырып, тамсандырып келеді. Жұрт сол ғажайып ғимараттарды қайта-қайта көргісі келеді, соған сапар шегу үшін қаражат жинайды. Санаға сыймастай сұлулықты, не болмаса, ақылмен өлшенбейтіндей ғажайыпты тамашалап, көңіліне тоқуды, сол арқылы таңдай қағып, бас шайқап, өміріне ләззат алуды, соны жан-дүниесіне сіңіріп, рухани азық етуді ойлайды. Жеті керемет, жеті асыл тас, жеті ақын, жеті қолбасшы. Жеті цифрды, яғни, жеті атауды тек атамыз қазақ емес, жер үстін мекендеген халықтардың бәрі ерекше құрметтеген екен. Ұлы Абай:
Фзули,Шәмен, Сәйхали, Новои,Сағди,Фирдоуси, Хожа Хафиз – бу һәммаси Мәдәт бер шағири фәрияд, – деп жеті ақын-ойшылдарға бас иіп тебіренеді.
Жеті керемет, жеті ғажайыптың бірі – Тәжмахал, мұны Үндістан халқы «Сиқыр сарай» дейтін көрінеді. Сол Тәжмахал он сегіз жыл бойына 20 мың жұмысшының қолымен Шахжихан патшаның бұйрығымен 1632 жылы басталып, 1650 жылға дейін салынады. Бұл ғажайыпты салушы – Иса есімді ұста екен. Тарих осылай деп сыр шертеді. «Алып қиял ойға алғанды – анық зергер орындаған» деген аңыз сөзді бұл керемет ғимарат дәлелдеп тұр дейді.
…Тәжмахал – аймен түнде астасады, Екеуі сырласады, бас қосады. Біреуі көктің сырын шежіре етсе, Біреуі жердің сырын айтып мүлдем, Екеуі сөйтіп мәңгі достасады,– деп марқұм ақын Марат Отаралиев жырлағаны еріксіз еске түседі.
Осындай кереметті сөз етіп отырғандағы айтқымыз келетіндігі – Тәуелсіз Қазақстандағы туризмді өркендетудің әлі етек жайып, нақты табыс көзіне айналуда әлсіздік білдіріп отырғандығы. Сөз жоқ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл салаға да ерекше қамқорлық көрсетті. Туризм және спорт министрлігін ашып берді. Министрлікке жаңа ғимарат, қызметкерлеріне үй- жай бөлді. Қаражаттан қысымшылық көрсетпей, бюджеттен ағыл-тегіл ақша берді. Сөйлеген сөздерінде, жылма-жылғы Қазақстан халқына Жолдауында бұл салаға мейлінше бағыт-бағдар көрсетіп отырды. Туризм негізінен екі салаға бөлінетіндігі көпшілікке белгілі. Бірі - өркениетті шет мемелекеттерден біздің елдің көрікті жерлеріне саяхаттап келуі, екіншісі, біздің адамдардың шетелге саяхат жасауы. Негізгі табыс көзі – шетелдермен туристік байланысты күшейтіп, елімізге келетін туристер легінің көп болуынан түсетіні ақиқат жай. Ал өз ішіміздегі туризмді дамытудың басты құралы – жарнама екені айдан анық. Біздің елімізде Тәжмахалдай, Эйфель мұнарадай, Египет пирамидасындай, Қытай қорғанындай, Рум ескерткішіндей (Венеция), тіпті Самарқан, Бұхарадағы мавзолей-кешендердей халықтың құмарын арттыратын ғасыр ғажайыптары, әрине, жоқтың қасы. Ғасырлар көзінен сыр шертетін, оның құпиясынан мол дерек беретін тек қана алып ғимарат Қожа Ахмет Ясауи мавзолейі. Мұның өзі де сәтсіз жасалынған күрделі жөндеуден кейін көп нәрсесін жоғалтып, айшықты ажарынан айырыла бастады. Ал Айшбибі, Алаша хан, Жошы хан мазарлары шетелдік туристер үшін айтарлықтай көрініс емес сыңайлы. Айта кететін бір жайт, мысалы, 40 миллиондай халқы бар Испания мемлекетінің бір табыс көзі – туризм. Оларда туризм – сан салалы дамыған. Ауа-райы жылы, жұмсақ, табиғаты – шұрайлы. Қалай болғанда да мемлекет осы саланы дамытып, қаражат көзіне айналдырып отырғаны сүйсіндіреді. Италияның 58 миллион, Францияның 60 миллион халқының табыс көзінің бір бөлшегі – осы туризм арқылы түсетіні жалған емес. Ал біз бастапқыда сөз еткен Үндістанда да туризм саласы жан-жақты жетілдіріліп, өрісін тауып, мемлекетке қаражаттан көмектесіп отырған көрінеді. Мысалы, осы Үндістанға жылына сан мыңдаған адам туристік жолдамамен келсе, тек Тәж-Мақалды тамашалауға туристік саяхатпен бір ай көлемінде 10-15 мың адам адам саяхат жасайтын көрінеді. Мұның не сиқыры барын біз білмесек те, елі біледі. Өйткені, олар үшін туризм – табыс көзі[7].
Дели қаласының әлеуметтік-экономикалық өмірінде соңғы жылдары болған өзгерістер туризм саласындағы ұсыныстарды, нақты сұранысқа барынша жақындатып, кеңінен таралуына мүмкіндік береді. Біздің еліміздің, қазіргі келбеті және инфрақұрылымы бар, жас астанасы ретіндегі қалаға өсіп келе жатқан қызығушылық туризм саласының көптеген көрсеткіштерімен расталады.
Дели қаласында 2008 жылдың 1 қаңтарына қала қонақтары мен тұрғындарына қызмет көрсеткен 61 туристік фирма және 96 қонақ үйі жұмыс істеді. 2007 жылы қаланың туристік фирмаларымен және қонақ үйлерімен 455,1 мың туристке қызмет көрсетілді, соның ішінде ішкі туризмі 92,4 мың адам, шығу – 26,3 мың адам құрады. Ең үлкен үлес салмақ келу туризмге тиесілі – 336,5 мың адам (73,9%). Қызмет көрсетілген туристер саны 2006 жылмен салыстырғанда 33,7%-ға немесе 114,8 мың адамға көбейді. 2006 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге өскен, бұл өсім, негізінен келу туризмі есебінен болды.
3 Сыртқы экономикалық байланыстар
3.1 Үндістанның шет елдермен және Қазақстанмен өзара қарым-қатынасы
Дипломатиялық қатынастар 1992 жылы жылдың 23 ақпанында орнатылды. Үндістан Респуьликасының Елшілігі Алматыда 1992 жылдың мамырында ашылды. Астанада Үндістан Республикасының Елшілігінің өкілдігі жұмыс істейді. 1993 жылы қарашасында Делиде Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды. Саяси ынтымақтастық. 1992 жылдың ақпанын Президент Н.Назарбаевтың Индияға бірінші ресми сапары болды. Оның барысында мемлекетаралық қарым-қатынастыңі негізгі қағидалары мен бағыттары Декларациясына, Дипломатиялық қатынастар орнату жөніндегі Хаттама, сауда-экономика, ғылым мен техногиялар, сондай-ақ мәдениет, өнер, білім, ақпарат құралдары және спорт салаларындағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды. Қазақстанға Үндістан Премьер Министрінің (1993 жылдың қыркүйегі) ресми сапарлары кезінде екі жақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланады. Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық мәселелері бойынша Қазақстан – Үндістан үкіметаралық комиссиясын құру келісімге қол қойылды. Екі ел арасындағы соңғы жылдардағы тауар айналымының көрсеткіштеріне тоқталсақ, олар мынадай: 2005 жылы – 120,8 млн. доллар деңгейіне жетті (Қазақстандық экспорт – 19,9 млн. доллар, импорт – 100,9 млн. доллар). 2004 жылы 96,6 млн. доллар болған еді (Қазақстандық экспорт – 10,6 млн. доллар, импорт – 86 млн. доллар). Үндістанға шығарылатын тауарлар: минералдық өнімдер, былғары шикізаты, былғары, елтірі (аң терісі), тері шикізаты және онан жасалған бұйымдар, қымбат емес жабдықтар мен механизмдер, электротехникалық жабдықтар. Қазақстанға Үндістаннан әкелінетін таурлар: өсімдік өнімдері, алкогольдық және алкогольсіз ішімдіктер, уксус, темекі, минералдық өнімдер, химия өнеркәсібінің өнімдері, пластмасса, каучук пен резина бұйымдары, қымбат емес металдар мен онан жасалған бұйымдар, электротехникалық бұйымдар, машина жабдықтары мен механизмдері, приборлар мен оптикалық фото және басқа да аппараттар, сағаттар және музыкалық аспаптар.
2007 жылға өзекті экономикалық айқындағыш пен статистика
ЖІӨ - 1,100. 7 млрд. АҚШ долл.
ЖІӨ халық жанына – 942 АҚШ долл.
ЖІӨ нақты өсімі – 9,3 %
Инфляция – 5,5 %
Иран мен Пәкістан арасында қол қойылып, 25 жылға арналған энергия келісіміне орай Иран елі күн сайын 150 миллион текше метрдей газын Пәкістанға жеткізбекші. Иран-Пәкістан-Үндістан газ құбыры жөнінде біраздан бері көп айтылған емес. Алайда Иран президенті Махмуд Ахмадинежад пен Пәкістан президенті Асиф Әли Зардаридің мамырдың 24-дегі кездесуінен кейін біраз жайт өзгергендей.
Қос ел компаниялары басшылары қол қойған бұл келісім бойынша Иранның Асалоуе қаласынан басталатын газ құбыры Пәкістан арқылы Үндістанға жетпекші. Дей тұрғанмен, осы жолмен Иран газының жүріп өтуі үшін талай кедергілерді жеңу керек болады. Алғашқы сауал қаржыны қайдан табуға болатынына тірелмекші. Ең әуелі Ираннан Пәкістанға қарай 2100 километрдей газ құбыры, содан кейін Үндістанға қарай жалғасатын 600 километрдей құбыр салынбақшы. Алайда аталған газ құбыры жобасына халықаралық қаржы қорлары қолдау көрсете қойған жоқ. Оған себеп-Иранның ядролық бағдарламасына байланысты әлемдік ұстаным. Халықаралық даму банкі сияқты қаржы қоры болса, аталған газ құбырына бақталас боп отырған Түркменстан-Ауғанстан-Пәкістан-Үндістан газ жобасын қолдап отыр. Дей тұрғанмен бұл қос жобаға да ортақ бір қиындық бар. Ол-аталған құбырлардың Балужистан арқылы өтетіндігі. Пәкістандағы осы Балужистан аймағының ұлтшылдары қазірдің өзінде бірнеше құбырларды жарып үлгерді. Олар Балужистанның ресми Исламабадтан тәуелсіз болуы жолында күресіп келеді. Қос президент те бұл келісімге қол қойылуын қызу қуаттай келіп, аталған бейбітшілік құбырын салуға уәделесті. Пәкістанның мұнай мен табиғи ресурстар бойынша кеңесшісі Асим Хусайнның айтуынша, Пәкістан мен Иран ресми келісімшартқа 15 күн ішінде, үшінші елде қол қоятын болады. Дей тұрғанмен ол үшінші ел Үндістан болуы мүмкін. Мұның өзі аталған құбыр жобасы тағдырын одан арі шырғалаңға салатын сыңайлы. Себебі Нью-Дели мен Исламабад арасындағы қарым-қатынастар проблемасы бұл жобаға әсер етпекші. Тіпті Үндістан бұл жобадан шыққысы келген жағдайда да, Иранмен арасында газ құбырын салатынын Пәкістан айқын мәлімдеді. Иран және Пәкістан ресмилерінің айтуынша, жаңа құбыр жобасы алдағы үш немесе төрт жыл ішінде басталып, бес жылдан кейін аяқталуы мүмкін.
Үндістанға Қазақстаннан экспорттың негізгі бөлімдері (2007-2008):
- Энерготасымалдаушылар – 68,5 %,
- Қара металдар – 27, 9 %,
- Органикалық емес химиялық өнімдер: құнды металдың органикалық немесе органикалық емес қосылуы, жер бетінде сирек кездесетін металдар, радиоактивті элемент немесе изотоп – 2,5 %,
- Басқалары
Үндістанға Қазақстаннан экспорттың негізгі бөлімдері (2007-2008):
- Фармацевтік өнім – 39,7 млн. АҚШ долл.
- Кофе, шай, мате немесе парагвайский чай және тәттілер – 32,1 млн.АҚШ долл.
- Ядролық реакторлар, механикалық құрылымдар мен жабдықтар, қазандықтар; олардың бөліктері – 16,9 млн. АҚШ долл,
- Алюминий және одан жасалатын бұйымдар – 13,1 млн. долл. АҚШ,
Сарапшылардың пікірінше, қазір 1 миллиард 100 миллионнан астам халқы бар Үндістан таяу болашақта әлемдегі дамыған әрі қуатты мемлекеттердің біріне айналмақ. Біздің ойымызша, сарапшылар сәл кешіккен сияқты. Себебі, Үндістан қазірдің өзінде өндіріс көлемі жағынан әлемдік көшбасшылар қатарына қосылды. Сатып алу сұранысының мүмкіндігімен есептегенде, бұл ел ІЖӨ өсімі бойынша кәрі құрлықтың Италия, Ұлыбритания, Германия сияқты мемлекеттерін басып озып, тек АҚШ, Қытай және Жапонияға ғана жол беріп келеді. Қазір Үндістан Республикасы ІЖӨ-сінің көлемі 1 триллион 100 миллиард долларды құрайды. Елдің алтын-волюта қоры 300 миллиард доллардан асты. Үндістанның стратегиялық даму жоспары бойынша 2025 жылдары ол өнеркәсібі дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылуы тиіс[8].
Бүкіл әлем әлі күнге дейін Үндістанды өткен ғасырлардың көне дәстүрлерімен өмір сүретін жұмбақ та патриархалды мемлекет санайды. Бірақ бүгінгі Үндістан мүлде басқа. Елдің экономикасы жедел дамып, ғылыми-техникалық жетістіктері таңқалдырады. Өткен жылы Үндістан алғаш рет Айға адамсыз басқарылатын ғарыш кемесін ұшырды. Бүгінде үндістандықтар АҚШ пен Жапония үлгілеріне ғана үстемдік беретін қуатты компьютерлер шығарады. Елдің білім беру сапасы да жақсы өркендеген.
Ағылшын тілін білетін білікті ғылыми-техникалық кадрлар даярлаудан әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленеді. Үндістан жыл сайын ғылыми ізденіс және сапалы білім беру бағдарламаларына мемлекеттік бюджеттің 70 пайызына жуығын жұмсайды.
Қазіргі таңда Үндістан үкіметі Орталық Азияда өз мүдделерін белсенді жүргізу мақсатын алға қойып отыр. Бұл ретте олар Қазақстан-Үндістан байланысын нығайтуға ерекше қызығушылық танытып келеді. Үндістан Республикасы Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған елдердің бірі. Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылдың ақпан айында орнаған. Сол жылғы ақпанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үндістанда арнайы сапармен болды. Сапар барысында Мемлекетаралық қатынастардың негізгі қағидаттары мен бағыттары жөніндегі декларацияға және Дипломатиялық қатынастарды орнықтыру жөніндегі хаттамаға қол қойылды. 1996 жылғы желтоқсанда Елбасы екінші рет бұл елге ресми сапармен келді. Бұл жолы мемлекеттер басшылары Екі жақты салық салмау туралы конвенцияға, Өзара инвестицияларды қолдау және қорғау жөніндегі келісімге қол қойды. Ал Қазақстан басшысының 2002 жылы ақпанда болған кезекті сапары барысында Қазақстан-Үндістан біріккен декларациясына қол қойылды. Сол жылы Үндістанның Премьер-министрі А.Б.Ваджпай Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген АӨСШК-нің бірінші саммитіне қатысу үшін Қазақстанға арнайы сапармен келді.
Әлемдік қоғамдастықта беделді де ықпалды Азия алыбы осыдан тура 17 жыл бұрын Қазақстанға достық пейілін танытса, содан бергі өткен кезеңде Үндістан Қазақстан басшысының халықаралық дәрежедегі барлық игі бастамаларына қолдау көрсетіп келеді. Екі ел арасындағы байланыс барған сайын нығайып, уақыт өткен сайын берік тұғырлар биігінен көрінуде. Қазақстан-Үндістан мемлекеттері арасындағы тауар айналымының өткен жылдың 11 айында 308 миллион доллардан асып түсуі де соның айғағы. Екі ел арасында энергетика, мұнай-химия, фармацевтика, ақпараттық технология, туризм, ғылыми-техникалық және білім салалары бойынша жасалатын байланыстарға басымдық берілген[9].
Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және мәдени байланыстар жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссия аясында ақпараттық технология, мұнай-газ, тоқыма-өндіріс, әскери-техникалық ынтымақтастық, халықаралық терроризмге қарсы күрес жөніндегі бірлескен жұмыс тобы құрылған. Сол сияқты Ғылыми-техникалық байланыстар жөніндегі қосымша комитет жұмыс істейді. Үндістанмен техникалық-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде бұл елдің белгілі жоғары оқу орындарында қазақстандық жастар дәріс алады және мамандарымыз кәсіби шеберлігін жетілдіру курстарынан өтеді. Мәдениет саласында екіжақты байланыстар нығайып келеді. Үнді кинематографистері Алматыда өтетін халықаралық “Еуразия” кинофестиваліне тұрақты түрде қатысады. Туризм саласындағы байланыстар да соңғы жылдары өркен жайды. 2006 жылдан бері еліміздің елшілігі жыл сайын “Іndіa-KazakhstanTourusm Faіr” атты Қазақстан-Үндістан жәрмеңкесін тұрақты өткізіп келеді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндістан Республикасында басталған төртінші мемлекеттік сапары барысында Үндістан Президентімен, Вице-президентімен және Үндістан Парламенті жоғарғы палатасының төрағасы Х.Ансаримен, сондай-ақ Үндістан Премьер-министрімен келіссөздер жүргізіледі деп күтілуде. Осы жолғы сапарда Елбасымен Үндістанға 100-ден астам қазақстандық бизнес өкілдері келген болатын. Сапар барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің іскер топтарының бизнес форумына қатысады. Сонымен бірге, екі ел арасында атом энергетикасы, ғарышты бейбіт мақсатта игеру, мұнай және газ, ғылыми технология, білім беру және басқа сапалар бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізілмек
Үндістан кәсіпкерлері Қазақстан экономикасына инвестиция салуға дайын
Бұл туралы бүгін Алматыда ашылған «Үндістан ЭКСПО-2009» халықаралық көрмесінде осы елдің сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдері мәлімдеді. Үш күнге созылатын Алматыдағы көрме аясында екі ел кәсіпкерлері бизнесті бірігіп дамытуға уағдаласады деген үміт бар. Үнді елінің Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанда тұңғыш көрме ұйымдастыруына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қаңтар айында Үндістанға жасаған сапары себеп болды. Естеріңізде болса, сол жолғы сапарда мемлекеттік деңгейде бірқатар келісімдерге қол қойылған болатын. Үш күнге созылатын Алматыдағы көрме аясында да екі ел кәсіпкерлері бизнесті бірігіп дамытуға уағдаласады деген үміт бар. Үнді мәдениеті қазақстандықтар үшін таңсық емес. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін Митхун Чакробортидің фильмдерін әлі күнге асқан қызығушылықпен тамашалайды. Бұдан жақсы хабардар үнділер енді өздерін қазақ жұртына жаңа қырынан көрсетуді көздеп отыр. Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанда тұңғыш көрме ұйымдастырудың мақсаты да сол. Кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту.
Раджан Мадху, Үндістан-ТМД Сауда-өндірістік палатасының президенті
Біз осы кезге дейін шетелдерде 34 көрме ұйымдастырғанбыз. Бірақ, Қазақстандағы көрмеге қатысқысы келгендер көп болды. Өкінішке орай, біз солардың арасынан тек 70 компания өкілдерін ғана алып келдік. Барлығы дерлік, жергілікті компаниялармен әріптестік орнатқысы келеді. Қазақстан минералды ресурстарға бай мемлекет. Экономикасы да қарқынды дамып келе жатыр. Сондықтан біздің бір-бірімізге береріміз бен аларымыз да көп. Қазақ елінің дәмі бұйырып, көрмеге қатысу бақытына ие болғандардың дені-Үндістанның тоқыма өнеркәсібі, машинажасау, ауылшаруашылығы, ақпараттық технология және медицина салалары бойынша ең үздік деген кәсіпорын өкілдері. Олар көрмеге қойған көздің жауын алатын әшекей бұйымдар мен жібектен тігілген киім-кешектер қыз-келіншектердің назарынан тыс қалмады. Мұхит асып әкелінген үнді шәйінің дәмін татып, сатып алуға көпшілік тіпті кезекке тұрды. Жылына Қазақстанға 1,5 мың тонна шәй жеткізіп отырған үнді кәсіпкерлері осы көрмеден соң сұраныстың арта түсетінінен үмітті.
Амитош Сингх Чаухан, Үндістандық кәсіпкер
Қазақстан халқы, әсірісе қазақтар шәйді жақсы таңдай біледі. Сондықтан біз де 11 жылдан бері қазақстандықтарды сапалы шәймен қамтамасыз етуге тырысып келеміз. Мұндай көрмелердің біз үшін маңызы зор. Өйткені мұнда көпшіліктің сұранысын біліп, талғамынан шығу үшін, тағы қандай шәйдің сорттарын сатуға болатынын анықтайсың. Іскерлік қарым-қатынас орнататын серіктес табасың. Серіктес демекші, жалпы Қазақстан мен Үндістан арасындағы алыс-беріс жаман емес. 2007 жылы 196 миллион болған екі ел арасындағы тауарайналымы былтыр 88 пайызға өсіп, 368 миллион долларды құрады. Үндістан мен Қазақстан кәсіпкерлерінің қарым-қатынасы бұған дейін негізінен мұнай және газ, ядролық энергетика салаларында дамып келді. Тараптар бұдан былай ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен инновациялық жобаларды бірігіп жүзеге асырмақ ниетте. Сондай-ақ үнді кәсіпкерлері Қазақстанда фармацевтикалық зауыт ашуды жоспарлап отыр. Нақты келісімдерге үш күнге созылатын көрмеден кейін қол қойылады[10].
Үндістан мен Қазақстанның ядролық энергетика саласындағы әріптестігі туралы
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндістанға ресми сапары шеңберінде Үндістанның Nuclear Power Corporation of India Limited (NPCIL) ядролық-энергетикалық корпорациясы мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Дели каласында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. NPCIL Басқарма төрағасы және Басқарушы директоры Шреянс Кумар Джайн мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Президенті Мұхтар Жәкішев аталған құжатқа қол қойып, оны ресми түрде бекітті. Меморандум екі компанияның жан-жақты ауқымды мәселелер төңірегінде бірлесіп ынтымақтасу ықыласын растайды, соның ішінде табиғи уран өндіру және жеткізіп тұру, отандық уран өнімін отын таблеткалары және Үндістан атом энергетикасына арналған отын құрамалары түрінде жеткізу, қызметкерлерді оқытып, біліктілігін арттыру сияқты екі жаққа да тиімді, өзекті мәселелер. Сондай-ақ, құжатта Казақстан аумағында үнділік дизайндағы (PHWR) реакторлар негізінде атом энергетикасы нысандарының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау мүмкіндігі қозғалған. Шреянс Кумар Джайн атап өткендей, «Меморандум екі елдің ұзақ мерзімді әріптестік бойынша маңызды пікірталас жүргізу ықыласының жемісі болып табылады». М.Жәкішев, өз тарапынан, «қол қойылған құжат дер кезінде, екіжақты тиімді етіп жасалды және ол қос елдің іскерлік және саяси байланыстар өрісін айтарлықтай кеңейтуді көздеген ниеттерін көрсетеді», - деп атап өтті. Үндістанның ядролық-энергетикалық корпорациясы Үндістан үкіметінің Атом энергетикасы департаментінің әкімшілік басқармасына бағынышты мемлекеттік кәсіпорын болып табылады. Компания 1987 жылдың қыркүйек айында құрылып, тіркелген және оның мақсаты атом электрстансаларын басқару және Үндістанның үкіметтік бағдарламаларына сәйкес электр энергиясын өндіру үшін атом энергетикалық жобаларды іске енгізу. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, сирек металдар металлургиясы және конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 25 мыңнан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының алғашқы үштігіне кіреді[11].
Қорытынды
Үндістан Азиядағы ірі мемкекеттердің бірі. Менің курстық жұмыс іздену жұмысымда Үндістан мемлекетінің физикалық және экономикалық географиялық тұрғыдан сипаттама толық берілді. Сонымен қатар «мемлекет», «экономика», «демография», «интеграция», «туризм» терминдеріне осы курстық жұмыста толық сипаттама жазылды. Сонымен қатар Үндістан халқының тұрмыс салты, мәдениеті, өмір сүру деңгейі қазіргі кездегі жағдайы сипатталды. Сарапшылардың пікірінше, қазір 1 миллиард 100 миллионнан астам халқы бар Үндістан таяу болашақта әлемдегі дамыған әрі қуатты мемлекеттердің біріне айналмақ. Біздің ойымызша, сарапшылар сәл кешіккен сияқты. Себебі, Үндістан қазірдің өзінде өндіріс көлемі жағынан әлемдік көшбасшылар қатарына қосылды. Сатып алу сұранысының мүмкіндігімен есептегенде, бұл ел ІЖӨ өсімі бойынша кәрі құрлықтың Италия, Ұлыбритания, Германия сияқты мемлекеттерін басып озып, тек АҚШ, Қытай және Жапонияға ғана жол беріп келеді. Қазір Үндістан Республикасы ІЖӨ-сінің көлемі 1 триллион 100 миллиард долларды құрайды. Елдің алтын-волюта қоры 300 миллиард доллардан асты. Үндістанның стратегиялық даму жоспары бойынша 2025 жылдары ол өнеркәсібі дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылуы тиіс. Бүкіл әлем әлі күнге дейін Үндістанды өткен ғасырлардың көне дәстүрлерімен өмір сүретін жұмбақ та патриархалды мемлекет санайды. Бірақ бүгінгі Үндістан мүлде басқа. Елдің экономикасы жедел дамып, ғылыми-техникалық жетістіктері таңқалдырады. Өткен жылы Үндістан алғаш рет Айға адамсыз басқарылатын ғарыш кемесін ұшырды. Бүгінде үндістандықтар АҚШ пен Жапония үлгілеріне ғана үстемдік беретін қуатты компьютерлер шығарады. Елдің білім беру сапасы да жақсы өркендеген. Ағылшын тілін білетін білікті ғылыми-техникалық кадрлар даярлаудан әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленеді. Үндістан жыл сайын ғылыми ізденіс және сапалы білім беру бағдарламаларына мемлекеттік бюджеттің 70 пайызына жуығын жұмсайды. Қазіргі таңда Үндістан үкіметі Орталық Азияда өз мүдделерін белсенді жүргізу мақсатын алға қойып отыр. Бұл ретте олар Қазақстан-Үндістан байланысын нығайтуға ерекше қызығушылық танытып келеді. Үндістан Республикасы Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған елдердің бірі. Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылдың ақпан айында орнаған. Сол жылғы ақпанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үндістанда арнайы сапармен болды. Сапар барысында Мемлекетаралық қатынастардың негізгі қағидаттары мен бағыттары жөніндегі декларацияға және Дипломатиялық қатынастарды орнықтыру жөніндегі хаттамаға қол қойылды. 1996 жылғы желтоқсанда Елбасы екінші рет бұл елге ресми сапармен келді. Бұл жолы мемлекеттер басшылары Екі жақты салық салмау туралы конвенцияға, Өзара инвестицияларды қолдау және қорғау жөніндегі келісімге қол қойды. Ал Қазақстан басшысының 2002 жылы ақпанда болған кезекті сапары барысында Қазақстан-Үндістан біріккен декларациясына қол қойылды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Б.Тасболат,Р.Н.Кенжебаева «География» Шымкент 2005,24-28 беттер
- В.П.Максаковский «География» Алматы 1997,157-162 беттер.
- «Энциклопедия для детей» Алматы 1997,3-5 беттер
- «География және табиғат» 2006,№6
- Ә.Бейсенова, К.Каймулдинова «География» Алматы 2007, 124 беттер
- Ермаков В.А. Казахстан в современном мире (экономико-географический очерк) Алматы, 1998
- Кунхожаев Н.Р. Экономика современного Казахстана: состояние и развитие. Алматы, 1998
- Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаев «Экология» Алматы, 2002
- Ж. Ж. Жатқанбаев «Экология негіздері» Алматы, 2002
- Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т. Есполов, Ж. Шілдебаев «Экология және табиғатты тиімді пайдалану» Алматы, 2000
- Ұ.Б.Асқарова «Экология және қоршаған ортаны қорғау» Алматы, 2005
- Экологиялық білім бағдарламасы – Алматы, 2007
- А. Т. Райымбекова «Экология- экономикалық дамуға ықпалы»
- Ғ.С. Гарапова, Н.М. Жақанбаева «География» Алматы, 2007
- Ғ. Нысанбаев «Мың құпиялы металдар» Алматы, 1998
- Д.Ұ. Смағұлов «Металлография» Алматы, 1997
- «Энциклопедия для детей» Алматы 1997,3-5 беттер
- Егеменді Қазақстан 2005, №1235 05.24
- Егеменді Қазақстан 2006, №4377 12.06.28
- Атлас СССР. М., ГУГК. – 1983
- Лаппо Г.М: География городов. М., Владос. – 1997
- Қазақ Ұлттық энциклопедиясы